400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Интеллектуалды ойын "Зерде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі жоғарғы сынып оқушыларының жан-жақты ізденісін,шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі







ЗЕРДЕ












Интеллектуалды

ойын

8 сыныптар

Пән мұғалімі: Ж.Бекбаева











2017-2018 оқу жылы.

«Зерде» интеллектуалды ойыны

(Сыныптан тыс жұмыс)

Күні: 31.01.2018жыл

Сыныбы: 8 сыныптар

Пән мұғалімі: Ж.Бекбаева

Сайыстың мақсаты: Мектептегі жоғарғы сынып оқушыларының жан-жақты ізденісін,шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Міндеттері: а) Отансүйгіштікке,елінің тарихын білуге тәрбиелеу,жан-жақты шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ғылыми-негіздегі пәндерді игеруге қызығушылығын арттыру;

б)Рухани адамгершілігі мол азамат болып өсуге талпындыру, білімге,ізденуге ұмтылысын дамыту.

в) Шапшаңдыққа, ойын тиянақты жинақтауға дағдыландыру, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренеді.

Күтілетін нәтиже: Пәндер бойынша білімдері молайып, оқушылар жан-жақты ізденеді, ізденімпаздық әлеуеті артады.

«Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік, білікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік»-деп данагөй көшбасшы Абылай хан атап өткендей, бабаларымыздың қанымен, жанымен қорғаған ұлан-байтақ жерінде орын тепкен Тәуелсіз Қазақстан бүгінде қарыштап даму кезеңін басынан өткеруде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады»,-деді. Сондықтан еліміздегі жас жеткіншектеріміздің алдында алған білімдерін қажетінше керегіне жарата алатын, бәсекеге қабілетті, ел тізгінін ұстар келешегі кемел де жарқын Қазақстанның азаматтары болу міндеті тұр. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында мектебіміздің алдыңғы қатардан көрініп жүрген білімді шәкірттеріміздің білім додасында бақ сынасқан сәттерін тамашалайтын боламыз.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-

Ендеше ортамызға ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр да талапшыл оқушыларымызды шақырайық!

Оралханов Н.,Тилегенова М., Жакаева Л., Сабытай А.

Асыл-тастан, өнер-жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса-қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,

-дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:

1.Шанышбаева А.

2.Ибраева К.

3.Ахметова А.

Білім деген биік шың,бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың,қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «БӘЙГЕ» кезеңін бастаймыз.Шарты:

1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 15 сұрақ беріледі

2. Әр сұрақтың 4 жауап нұсқасы бар.

3. ”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.









Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!





«Білекті-бірді жығар, білімді-мыңды жығар» деп дана халқымыз айтқандай, қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз.

Сайысымыздың келесі бөлімі: «ДОДА» кезеңінің шарттарымен таныс болыңыздар:

1.Бұл сайыста 4 ойыншыға мына экрандағы тақырыпты таңдау ұсынылады.

2. Ойыншылар кезегімен тақырып таңдайды.





Сайысымыздың келесі бөлімі: «ЖОРҒА» кезеңінің шарттарымен таныс болыңыздар:

1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 жұмбақ беріледі. Жауабын үш тілде айтады.


1) Жіпке ілдім мен өзім,



Кіп кішкентай күн көзін (электршамы,лампочка,...................



2) Жұқа тақтай бөлшегі



Ұзындықтың өлшемі (сызғыш,ленейка,........................



3) Төрт қырлы өзі аппақ,



Тақтадағы ізі аппақ (бор,мел,.................................



4) Үй ішін аралап, түнде көп жортады,



Қаптарды жарып, мысықтан қорқады (тышқан,мышка,маус)

Сайысымыздың келесі бөлімі: «Тапқыр» кезеңінің шарттарымен таныс болыңыздар:

Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3) 
Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады) 
Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4) 
1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин) 
Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4) 

Міне, біз «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушыларымызды да анықтайтын кезге жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазыларға берейік.(Жеңімпаздарды анықтайды)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23.01.2019
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі