Материалдар / интеллектуалды сайыс 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

интеллектуалды сайыс 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ой мен ойын интелектуалды сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2024
249
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ой мен ойын

Мақсаты:

  • Білімділік:Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

  • Дамытушылық:Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

  • Тәрбиелік: Тапқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,топпен жұмыс пікірлесу,талдау,ынталандыру.

Көрнекілік: жұмбақтар, үзінділер, презентация.

Сабақ түрі: интеллектуалдық ойын-сайыс.


Сайыстын барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.Сәлеметсіздерме,оқушылар. Ойынымызды бастамастан бұрын сендермен тренинг өткізгім келеді.Тренинг барысы:
«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны

  • сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен келсеңіздер;

  • командаға қолдау көрсетемін десеңдер;

  • қызықты ойын көремін десеңдер;

Ойынның тақырыбы мен мақсатымен(слайд)таныстыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

2 жүргізуші: Сәлеметсіндерме оқушылар бүгінгі біздің « ой мен сана» атты интелектуалды сайысымызға қош келдіңідер. Ең алдымен сіздерді әділ қазы алқасымен таныстырайық.

1.

2.

3.

Әділ қазы алқасы әр топқа әр кезеңде ұпай сының беріп отырады. Сайыс сонында әр команда ұпай саны есептеліп , орындар беріледі.

1 жүргізуші:

Біздің сайыс 4 кезеңнен тұрады.

1. “ Таныстыру ”

2. «Жалғасын тап»

3. «Логикалық сұрақтар»

4. «капитан мен боламын»


1 - кезең “ Таныстыру ”Ортаға 5 сынып оқушыларын шақырамыз:

2 - кезең: «Жалғасын тап»
Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолын оқушы жалғастырады.
1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Дені саудың, жаны сау
2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала
3. Үлкенге – құрмет, кішіге ізет
Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын
4. Ақыл – тозбайтын тон,, білім - таусылмайтын кен.
Ырыс алды - ынтымақ
5. Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Білім қымбат, білу қиын.
7. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
8. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті
Ердің көркі елімен, отан көркі жерімен.
9. Бірлік болмай, тірлік болмас
Ақыл - дос, ашу дұшпан.
10. Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы.
Оқу инемен құдық қазғандай.


3 - кезең: келесі кезекте бізде «Логикалық сұрақтар» бөлімі тұр. Әр көманда ұяшық таңдап сол сұраққа жауап беру қажет. Әр сұраққа 1 минут беріледі.

1.Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..?

Айгерім

2.Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?

150 минут = 2 сағат 30 мин

3.Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі?

Дұрыс

4.Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады?

Сіздің есіміңіз

5.1 бұқа 5 литр сүт беретін болса, 5 бұқа қанша литр сүт береді?

Бұқа сүт бермейді

6.Жабық көзбен нені көруге болады?

Түсті

7.Тауық өзін құспын деп айта ала ма?

Жоқ, ол сөйлей алмайды

8.Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе?

Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар.

9.Аш қарынға неше стақан айран ішуге болады?

Бір стақан

10.Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр?

1

11.Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды?

6

12.Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді?

15

13.Термометр 15 градусты көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр нешен градусты көрсетеді?

15

14. Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды?

Тақырбас адамның

15.Сиыр неге жерге жатады.

Өйткені, отыра алмайды.


Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

Жауабы: 4 мысық







Біздің капитандар сайысып жатқанның тосып болғанша бір ойын өткізсек қалай қарайсындар. Көрермендер сіздерде сыйлық алғыларыңыз келедіме.

Онда ойын шарты былай: сіздерге жұмбақ айтылады , сол жұмбақтың жауабын үш тілде айтып беру керек.

1. Жеті қазынаның бірі
Адамды қорғап жүретін досы. /ит , собака, dog/
2. Футболшының алаңдағы ойын заты. /доп, ball, мячь /
3. Тұмсығымен қозғалар
Соңынан аппақ із қалар /бор, chalk, мель /
4. Үсті толы ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды түйме. /Кірпі, hedgehog, ежик/
5. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. /Жел, wind, /
6. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде /қалам, pen /
7. Сағат сайын соғылады
Мектептен табылады. /қоңырау , bell /
8. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен /Пияз,
onion /
9. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама /кітап, book /
10. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады /есік, door /

11.Шыңдары шырқау,

Көшіп жүр бір тау. (Түйе, camel)

12.Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді. (Қар, snow)

13.Желден желігеді

Судан шегінеді. (От, fire)

14.Жылт-жылт етеді

Жылғадан өтеді. (су, water)

15.Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз, eye)









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!