Материалдар / Интеллектуалды сайыс "Дарындылар додасы" 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалды сайыс "Дарындылар додасы" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал математика пәні бойынша жазылған. Интеллектуалды сайысты 3 сынып оқушылары арасында өткізуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2018
5240
29 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ДАРЫНДЫЛАР ДОДАСЫ» интеллектуалды сайысы

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тереңдету.Оқушылардың ынтасын, зейінін арттыру,

2. Дамытушылық: Оқушыларды оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ақпараттық технологияны қолданып, слайдтар арқылы арқылы өткізу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі 3 сыныптар арасында өтетін «Дарындылар додасы»атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі «Дарындылар додасы» интелектуалды сайысына қатысушы 3 сынып оқушыларының ұшқыр ойлыларынан құралған “Жүйріктер” және ”Қырандар” топтарына қошемет көрсетіп қояйық.

Мұғалім:Бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне әділ баға беретін әділ қазылар алқасынымен таныстыра кетейін.

Мұғалім:

Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар-дегендей бүгінгі сайысқа қатысатын “Жүйріктер” тобымен таныстырып өтейін.

Топ лидері – Бақбергенұлы Шыңғыс

Мүшелері: Тоқтарғазы Нұрай, Кадиржанова Нурай, Нұрқасым Дінмұхамед, Амергалиева Инкар.

Сонымен сөз кезегін сәлемдесу рәсімі бойынша “Жүйріктер ” тобына береміз.

Біздің топ: Жүйріктер

Біздің ұран:Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесу: 1. Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым

Келесі кезекте мен сіздерді “Қырандар ” тобымен таныстырып өтейін.

Топ лидері – Керімбаев Бекнұр

Мүшелері: Селсовет Ерсін, Құсайынова Гүлім, Сапаров Рухитдин, Серікханова Аймара.

- Сонымен сөз кезегін сәлемдесу дәстүрі бойынша “Қырандар” тобына ұсынамын.

Біздің топ: Қырандар

Біздің ұран: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста, алғырлықпен аламыз,

Сәлемдесу: 1. Қиындықтан сірә біз де қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Ал енді топтар дайын болса сайыстың жүру кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1-кезең. “Бәйге” сұрақ – жауап.

2-кезең. “Ойлан,тап!” математикалық жұмбақ есептер .

3-кезең. “Полиглот" жұмбақ шешу

4-кезең-“Дұрыс па, әлде бұрыс па?”

5-кезең- “Кім тапқыр? топ басшылар сайысы

Мұғалім:Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,

Есептердің нақ шешімін беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,

-дей келе біздің сайысымыздың алғашқы кезеңі – «Бәйге» кезеңін бастайық.Өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысуға даяр болсаңыздар, сайысымызды бастайық. Бастар алдында оның өту тәртібімен таныстырып өтейік.

1-кезең. “Бәйге” – Сұрақ – жауап.Бұл кезеңде 20 сұрақ беріледі, 2 минут ішінде сол сұрақтарға жылдам жауап беру қажет. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 10 ұпай .

«Жүйріктер» тобына:

1.Ең кіші үш таңбалы сан.(Жүз)

2.Қабырғаларының ұзындықтары бір-біріне тең тік төртбұрыш.(Шаршы )

3.4 ондықтан құралған сан.( Қырық )

4.Сұйықтықтың өлшем бірлігі. ( литр)

5.Кеміту амалы.( Азайту )

6.Екі нүкте арасын қосқанда қандай пішін шығады? (кесінді)

7.Жеңіс күні қашан тойланады ? (9 мамыр)

8.Ең үздік баға(5)

9.Бастауышта неше жыл оқисыңдар? (4)

10.1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

11. 1 жылда неше ай бар? (12 ай)

12.1м-де неше см бар? (100см)

13.Қосу амалының компоненттерін ата.(қосылғыш, қосылғыш, қосынды)

14. Жүзде неше нөл бар?(2)

15.Тік бұрыштан кем бұрыш қалай аталады? (сүйір)

16. Кез келген санға 1-ді қосқанда қандай сан шығады? ( содан кейінгі сан)

17.Үстелдің беті төрт бұрыш. Оның бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш қалады? ( 5)

18. 1 см- де неше мм бар?(10 мм)

19. Санға нөлді қосқанда неше болады?( сол санның өзі шығады?)

20.Ең кіші ұзындық өлшем бірлігі (мм)



«Қырандар» тобына:

1.Ең үлкен екі таңбалы сан ( 99)

2.Қарама-қарсы қабырғалары бір-біріне тең геометриялық фигура.(тік төртбұрыш )

3.8 ондықтан құралған сан. (80 )

4.Ұзындық тың өлшем бірліктерін ата (мм, см ,дм, м )

5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз.(Шеңбер)

6. Бір нүктеден шыққан түзулер? (сәуле)

7.Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)

8. Ең нашар баға. (2)

9.Сабақтың ұзақтығы неше минут?( 40 мин)

10. 1 тәулікте неше сағат бар? (24)

11 Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.Үйде неше адам отыр? . (3 )

12. 1сағ неше минут бар? (60 мин)

13.Азайту амалының компонеттерін ата. (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

16.Кез- келген саннан 1-ді азайтқанда қандай саншығады? (сол санның алдындағы сан)

17. Ең үлкен бір таңбалы сан( 9)

18. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады? (3кг)

19.Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен.... қосындының мәні өзгермейді)

20. 1дм-де қанша сантиметр бар?(10см)

Мұғалім:Жүйріктер мен Қырандар,

Бар өнерін салады.

Білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады-деп келесі сайысымызға өтейік.

2-кезең. “Ойлан, тап!” – Математикалық жұмбақ есептерді шешу. 2 мин


Әр топқа екі есептен беріледі. Бір минут ішінде жауабын беру қажет. Жауап дайын болмаған жағдайда келесі топ жауап береді.



«Жүйріктер» тобына:

1)Аулада 60 үйрек ,

Қорада 20 үйрек.

10 үйрек тығылды,

10 үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек?(60)

2) 11 түйе, бес жылқы,

2 сиыр, бір ешкі.

2 қоян, үш түлкі

Болды сонда нешеуі? (24)



«Қырандар» тобына:

1)Табақта 55 алма, 2)Көлден ұшты 50 қаз ,

Қолымда 5 алма.  Қайтып қонды 20 қаз.

Барлығын қосқанда Қонбады оның нешеуі,

Болады неше алма? Қәне кім тез шешеді?(30)

5-еуін бердім апама,

5-еуін бердім атама

Қалды өзімде нешеуі? (50)

Мұғалім:

Жұмбақ-сұрақ тез шешіп,

Тек жауабын беріңдер.

Дұрыс тауып жауапты

Ұпай жинап көріңдер,-деп мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешесіңдер. Шешуін 3 тілде айту керек:, қазақша орысша және ағылшын тілінде.

3-кезең «Полиглот» 2 мин

Бұл кезеңде тапқырлық пен қанша тілді жетік білетіндерің шыңдалады.

1.Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай,

Тіліңді алмайды тетігін бұрамай. (сағат-часы-clock (клок))

2. Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян-заяц-hare (хея))

3. Мұрны насос, кран да

Таң қаламын бұл аңға (піл-слон- elephant(элифант))

4. Қоймасын қыс ақтарып

Жерді жапты ақ мамық (қар-снег-snow(сноу))

5. Ауаға шықса ауырады

Су ішінде сауығады (балық-рыба-fish(фиш))

6. Жолбарыстан аумайды

Пеш түбінде аунайды (мысық-кошка-сat (кәт))

Мұғалім:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,-дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып,сайысымыздың келесі кезеңі

4-кезең. “Дұрыс па, әлде бұрыс па? Бұл кезеңде қойылған сұрақтардың дұрыс немесе бұрыс екенін айтады. Дұрыс десеңдер жасыл түсті, бұрыс десеңдер қызыл түсті көтересіңдер.

Топтағы барлық баланың жауабы дұрыс болса ғана ұпай беріледі.


  1. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш шаршы. Дұрыс па, әлде бұрыс па?

  2. 2 метрде 100 сантиметр бар. Дұрыс па, әлде бұрыс па?

1. Санды сол санға бөлгенде ,сол санның өзі шығады.Дұрыс па, әлде бұрыс па?

2. Кез-келген санды нөлге көбейткенде нөл шығады. Дұрыс па, әлде бұрыс па?

1. 4+5 бұл әріпті өрнек. Дұрыс па, әлде бұрыс па?

2. Периметр дегеніміз барлық қабырғаларының қосындысы. Дұрыс па, әлде бұрыс па?


5-кезең- «Кім тапқыр?» 
Топ басшылар сайысы 5 мин

Сурет бойынша есеп құрастыру, қорғау(шарты, шешуі, жауабы).

Қорытынды:

Мұғалім:

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та,

Біреу озық келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады қапылыста- деп интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз. Енді сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

Ұпай сандарын анықтап, марапаттау.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!