400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Интеллектуалды сайыс "Химия білгірлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен оқытушылар мен ұстаздарға сабақтан тыс іс шара ретінде өткізуге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі




Интеллектуалды сайыс


Shape1



Химия-физика пәні оқытушысы: Буршакбаева С.Б.



Алматы, 2020 ж.





Қатысатын топтар: «Металдар» және «Бейметалдар»


Жоспары:

  1. № 1сайыс «Таныстыру», эмблема

  2. № 2 сайыс «Білгенге маржан!»

  3. Химиялық тәжірибе: «Вулкан»

  4. Химиялық тәжірибе: «Жанбайтын орамал»

  5. №3 сайыс «Химия тұрмыста»

  6. № 4 сайыс «Жарнама»

  7. Химиялық тәжірибе: «Стакандағы қырау»

  8. № 5 сайыс «Сөздер сөйлейді»

  9. Химиялық тәжірибе: «Ауырмайтын ота»

  10. № 6 сайыс «Топбасшылар сайысы»

  11. № 7 cайыс «Мықты болсан тауып көр»

  12. Химиялық тәжірибе: «Сәлем беру»

  13. Жанкүйерлермен ойын: 1-«Тормен су әкелу»

  1. Қорытынды сөз әділқазыларға сөз беріледі(марапаттау)


Сыныптан тыс жұмыс барысы:

(Шығуға арналған музыка ойналады)

Кіріспе бөлім:

  1. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен студенттер және қонақтар!

Бүгінгі химия пәнінен өтіліп жатқан «Химия білгірлері» атты интеллектуалды сайысқа қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайыстың ұстанымы – «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деп аталады. Ақыл – жастан екендігін осы сайысқа қатысушылар дәлелдейді деп сенеміз.

Көруге химия кешін жиылғандар,

Менделеевке құдайындай сиынғандар.

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты,

Тамашалау бақыты бұйырғандар



2-жүргізуші:

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста

Ойын толқын жатқандай асып - тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып


1-Жүргізуші

Уа, жараңдар, жараңдар,

Мына бізге қараңдар,

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк,

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз,

Ал ендеше келіңдер, сайысымызды бастаймыз


2-Жүргізуші

Жылдан - жылға оқу салған ой - арнаң,

Талапкердің толқынымен тулайды,

Сусындалып ғылым шыңның басында

Сұңқар болып білімпаздар шулайды.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәдік шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты - дей отырып әділқазылар мүшесімен таныс болайық.

1.

2.

3.

4.

2-Жүргізуші:

Онда кешті бастайық

Екеуміз асып, саспайық,

Сөз кезегін келесі

Қатысушыларға тастайық

Кеште өздеріне арналған

Топтар тұрсын қасқайып -деп ойынға қатысушы топтармен танысыңыздар: «Металдар» және «Бейметалдар»(әр топ тұрып таныстырады)



1 cайыс: «Таныстыру», эмблема -5 ұпай, (металдар және бейметалдар тобы)

1-Жүргізуші:

Көңілді тапқырлар,білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді,көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

2 сайыс: «Білгенге маржан!» (ойын ережесімен таныстырады) әр дұрыс жауапқа 1ұпай.

Мақал-мәтел, жұмбақтар сайысы жауапты қазақша және орысша айту

1-топ

1... көрсе періште жолдан таяды (Алтын, золото)

2. Көп сөз көмір, аз сөз ... (Алтын, золото)

3. ..., ... тас екен, арпа бидай ас екен. (алтын – золото, күміс - серебро)

4. Мылтықтың ... айтпа тиісін айт (күміс, серебро)

5.Тонның жылуы терісінен емес, ...(жүн, шерст)


2-топ

1. Аспанда әкім ай болса, жердегі әкім ... (күміс, серебро)

2.Жылтырағанның бәрі ... емес. (Алтын, золото)

3. ... - халық, тұзсыз тағам болмайды (темір, железо)

4. Жақсы кісінің ашуы, шай орамал ...(кепкенше, высыхать)

5. ... еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер. (Алтын, золото)


1- жүргізуші: Жұмбақтар-металдар тобына беріледі

. Екі элементтен тұрады,

Жыра, шұңқыр тұрағы.

Ол болмаса әлемде,

Барша тірлік қурайды (Су)


Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдықты береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға келеді (күш)


Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ татпайсың (Ас тұзы)


Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланам күн сайын жарық үшін (электр тогы)


Ақ металл айналады тыным таппай,

Жүргендей су бетінен орын жақпай.

Аздан соң суға сіңіп, жоқ болады,

Оқушым, ал ойланғын, қойма таппай. (сілтілік металдардың сумен әрекеттесуі)



2- жүргізуші:

Жай көзге көрінбейді,

Қозғалуға ерінбейді (молекула, атом)


Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады (Сутек)


Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланады өздігінен үйде тұрса,

Көрсететін жылуды, суықты анық,

Қандай құрал жасалар соны құйып (сынап)


Өзім газбын, менімен демаласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (Оттек)


Өзі жылтыр күмістей

Жұмсақтығы тағы бар

Жеңілдігін ескерсең,

Пайдаланар жері табылар(аллюминий)


1-Жүргізуші:

Химия – ырыс бұлағы,

Шалқыған байлық, мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда,

Болашағымыз – нұр сәулет

Аялдама, алға ұмтыл,

Құдіретті біздің ой!

Сенде байлық, сенде ырыс

Сенімен өмір сәнді ғой,

Ортаға сиқыршыны шақырамыз!!!

Химиялық тәжірибе «Вулкан»

1-жүргізуші:

Химияның әлемі – қызықты әрі тартымды,

Өз сырымен химия қызықтырар әркімді.

Оқысаңдар ғылымға көз ашып,

Танисыңдар табиғаттын ғажабын.

2-Жүргізуші:

Жарқырап күн көзінде болашағы,

Химия қиындықпен таласады.

Химия – ырыс - құты көкке шырқай,

Ертеңгі болашаққа жол ашады


3 сайыс. «Химия тұрмыста» -5ұпай

1 топ сурағы: «Майлы дақ»

2 топ сұрағы: «Үтік дағы»

Майлы дақ. Киімге тиген май дағын авиациялық таза бензинмен немесе ацетонмен жақсылап сүртіп кептіруге болады. Ол дақтың үстінен де, астынанда сорғыш қағазды 2-3 рет салып сорғызады немесе қағаздың үстінен үтіктейді. Сонда үтіктің қызуынан буланған майдың біразын қағаз бойына тартып алады. Бұдан соң оның бензинге немесе ацетонға майланған шүберекпен, я болмаса, мақтамен ысқылап сүртеді. Біраздан кейін оның астына тағы да сорғыш қағаз төсеп қайтадан сүртеді. Қайтадан үтіктейді.


Үтік дағы. Жүн және мақта – матадан жасалған киімге түскен үтік дағын кетіру үшін жарты стакан суға бір шай қасық сутегі асқын тотығын және мүсәтір спиртінің бірнеше тамшысын тамызады да, мақтаны немесе матаны малып алып, дағы бар жерді ысқылайды. Сонан соң сумен жуады. Ал вискоза маталарындағы дақты шарап спиртімен кетіруге болады.


Химиялық тәжірибе «Жанбайтын орамал»

1-Жүргізуші:

Күш пен қуат ақылың мен білекте,

Ұмтылыстан шыңдалады жігерің.

Сенім, үміт нұр құяды жүрекке,

Мекендейсің сонда рахат түбегін!

2-Жүргізуші:

Химияны оқиық біз көңілмен,

Кездесер ол күнделікті өмірден.

Ақылымыз – химияны біліңдер!

Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.


4 сайыс. «Жарнама» - әр команда жазылған сөздерді таңдайды, сол шыққан сөзге 5 минут ішінде жарнама дайындайды.

Ең жоғарғы ұпай – 5 ұпай.

1- сөз: Ас тұзы

2-сөз: Марганцовка


Химиялық тәжірибе: «Стакандағы қырау»-

1-Жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен


5 сайыс «Сөздер сөйлейді» (команда мүшелеріне тұспалдап тұсіндіреді)

Химиялық тәжірибе: «Ауырмайтын ота»


2-Жүргізуші:

Адамнан ғылым айла асырмаған 
Құпиясын құлыптап жасырмаған 
Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп 
Бір жұмбағын ашайық ашылмаған



1-Жүргізуші:

Қиын болар химияның құпиясы,
Ізденсең, талаптансаң жол ашады
Көп оқып біліміңді шыңдай бергін,
Химияның қыр - сырын танып білгін

6-сайыс. «Топбасшылар сайысы» - әр команданың топбасшыларына конверт беріледі. Ол конвертте жасырын сөздің сипаттамасы берілген. (Егер топбасшы өзі дұрыс жауап берсе – 5 ұпай, ал топтан көмек сұраса – 3 ұпай, жанкүйерлерден көмек сұраса – 2 ұпай алады).


1-конверт сұрағы: Бұл күрделі затты ертеде өмір мен өлім иесі деп атаған. Оны құдайларға құрбандыққа беріп, ал кейде тіпті құдай ретінде табынған. Киев княздарының думан-тойларында ақсүйектер отырған үстелге ғана оны алтын ыдысқа салып қоятын болған. Ол байлықтың, құдіреттіліктің, биліктің көрсеткіші, жастық пен сұлулықты сақтаушы болып есептелген. Сенімдер бойынша, ол адамның барлық істеріне көмектеседі, бәле-жәледен сақтайды екен. Әр күн басталғанда, оның бір кристалын жұтсаң – күнің сәтті өтеді. Таныс емес үйге кіргенде, бір шөкімін отқа тастасаң «көз тиюден» сақтайды-мыс. Сапарға шығар алдында орамалға түйіп, кеудеңе іліп қойсаң – жолың болады. Бұл зат суда пайда болып, сол суда жойылады. Бұл қандай зат? (Тұз)


2-конверт сұрағы: Бұл күрделі заттың физикалық қасиеттері таңғажайып келеді. Молекулалық массасы аз болғанымен, оның қайнау температурасы жоғары келеді. Электролиз нәтижесінде бұл зат 2:1 көлемдік қатынаста екі газға ыдырайды. Бірінші газды түзетін атомдар элементі – ғарышта, ал екінші газды түзетін атомдар элементі – Жер шарында ең көп тараған. Бұл зат тірі ағзаларда жүретін реакцияларға міндетті түрде қатысады. Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери бұл зат туралы: «...Сен өмірге қажетсің деп айтуға болмайды. Сен - өмірдің өзісің!» - деп сипаттаған. Бұл зат не? (Су)


2-Жүргізуші:

Қызық думан - өміріміз ғаламат!

Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ!

Қыруар істің қайсысында болса да,

Құдіретті химия мен физика жүр аралап


1-Жүргізуші:

Ойла ойла тереңнен,

Жпқсы емес көп бөгелген.

Формуланы білмесең

Өте алмайсын көпірден.

7-сайыс: «Мықты болсан тауып көр» әр дұрыс жауап 1ұпай

NaCI- ас тұзы,

NaHCO3- сода,

H2O2- сутегінің асқын тотығы

KMnO4 -марганцовка,

CuSO4- мыс сульфаты,

H2SO4 -күкірт қышқылы


Химияда болады көп ертегі,

Салт – дәстүрмен келе жатқан ертелі.

Химия – біздің жас кеме ғой,

Болашаққа бағытталған желкені.


Химиялық тәжірибе: «Сәлем беру»


2-Жүргізуші:

Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер.

(әділқазылар қорытындысы дайын болғанша)

Жанкүйерлермен ойын: «Тормен су әкелу»



1-жүргізуші:

Химия – жыр, әніміз шаттанамыз,

Табысымен физиканың мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы – Қазақстан

Қойнауы алтын - күміс, жатқан аңыз- дей отыра

Ойынның қорытындысы шығарылca… әділқазылар алкасына сөз беріледі

МАРАПАТТАУ КЕЗЕҢІ !!!


2-Жүргізуші:

Күшейтеміз химияның сапасын!

Берер бізге болашақ ақ батасын.

Ғылымдардың негізгі бір саласы

Химия мәңгі – бақи жасасын!








Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Алексинский В.Н. Занимательные опыты по химии. М.: Просвещение, 1980

  2. Блукет Н.А. Ботаника с основами физиологии растений. Москва. 1975

  3. Брейгер Л.М., Глинская П.В. Предметные недели в школе. Химия. Физика. Волгоград: Учитель, 2001

  4. Кульневич С.В. Воспитательная работа в современной школе. Москва – Ростов-на-Дону: Учитель, 2000

  5. Лопатин И.К. Биология для умных. Минск 2009

  6. Ненашева И.Г. Химический дивертисмент. Химия (ИД “Первое сентября”), 2006, № 10

  7. Ширшина Н.В. Химия для гуманитариев. Элективный курс. Волгоград: Учитель, 2006.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 мамыр
1472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі