400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Интеллектуалды сайыс: "Қызықты - математика" 5-7 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
зияткерлік ойын. оқушылардың дүние танымын кеңейту, қызығушылықтарын арттыру мен логикасын дамытады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА» САЙЫСЫ.



Мүсілім Есенжан, математика пәні мұғалімі

Сарыоба орта мектебі, Аршалы ауданы, Ақмола облысы.

Сынып: 5-7

Тақырыбы: қызықты математика

Мақсаты:

-оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;

- шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ізденімпаздыққа баулу; -интеллектуалдық танымын дамыту, ұжымдық қасиеттерін қалыптастыра отырып, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Сыныптан тыс ұйымдастыру шарасы, ойын, ақыл-ой шабуылы, көңіл көтеру элементтері.

Сабақтың көрнекілігі:

интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар, бағалау парақтары. Маркер және кеспе қағаздар, плакаттар.

Сабақ басындағы мотивация: «Мен адамға өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді! ...», «Ойнай білген адам, ойлай да біледі»!



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды топтарға бөліп орындарына отырғызу. Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1-Топ. 5 «А» сынып; 2-топ. 6 «А» сынып; 3-топ. 7 «А» сынып.



Кіріспе сөз.

Мен бүгінгі «қызықты математика» атты сайысымызды ұлы орыс физигі К.Э. Циолковскийдің сөзімен бастағым келеді, «Мен адамға өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!...» Ал құрметті қонақтар, сүйікті оқушылар және әріптестер бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер. Сайыс бірнеше белестерден тұрады. Сайыс соңында топтардың қатынасуына байланысты қорытынды шығарылады. Сайыс соңында әр топтарға атақтар беріледі.

Әр тапсырма ұпаймен бағаланып отырады.



Ұйымдастыру кезеңі

I. «кім тапқыр».

ІІ. «ойлы болсаң, озып көр»

ІІІ. «мықты болсаң, тауып көр»

ІV. «тапқыр болсаң – талас жоқ»

V. «қорытынды бөлім»

I. «кім тапқыр» деп аталады.

Әр топтан үш оқушы қатыса алады. Тапсырма тақтада шыққан сөздерді пайдаланып басқа кез – келген мағынасы бар сөздер жазу керек. Әрбір дұрыс жазылған сөзге 1 ұпай беріледі. Уақыт бір минут.

  1. Оқушыларға берілген сөз: БӨЛШЕКТЕР.

  2. Оқушыларға берілген сөз: тоғызқұмалақ

3- Оқушыларға берілген сөз: ТӨРТБҰРЫШТАР


ІІ. «ойлы болсаң, озып көр»

Әр топ экранда көрсетілген ұяшықтан кезекпен таңдай отырып жасырылған сұраққа жауап береді, дұрыс жауап берсе ұяшықта жазылған ұпайды иеленеді. Егер жауап бере алмаса келесі топтар жауап береді.

Ойынға әр топтың топтың үш қана ойыншысы қатыса алады.





Ұяшықтарға сәйкес тапсырмалар.

1. Есепте.

10. 42 санының жетіден бес бөлігі қанша. Жауабы. 30

20. Машинаның жылдамдығы 60 км/сағ Ол 240 км жолды неше сағатта

Жүреді? Жауабы: 4 сағат.

30. Екі таңбалы ең кіші жай сан мен ең үлкен жай санның қосындысы қанша?

Жауабы: 108

40. 10 құралды жасауға 15 кг металл керек. Осындай 8 құралды жасауға қанша кг металл қажет?. жауабы: 12 кг





2. Сандар сыры

10. Жоқты білдіретін сан.. жауабы: 0

20. Халқымыз жеті санын киелі тұтатыны белгілі. жеті саны туралы не білесіңдер?

30. Үш арсызды атаңдар. Жауабы: тамақ, ұйқы, күлкі.

40. Үш бәйтерек деп кімдерді айтамыз? Жауабы: Сәкен, Ілияс, Бейімбет

3. Логика әлемі

10. Заңдылықты тап. Қатарды жалғастыр: 1,4,9,16,... жауабы: 25

20. Арман, Аян, Абзал ағайынды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім? Жауабы: Аян, Абзал, Арман.

30. Жүзге келген қарт туған күнін тек 25 рет атап өтуге мәжбүр болған. Бұл қалай? Жауабы: ақпанның 29 – нда туған.

40. Бір аймақта 10 қала бар. Әрбір екі қала тас жолмен қосылған. Барлық тас жолдар қанша? Жауабы 45

4. Жұмбақтар.

10. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. Жауабы: кітап.

20. Жаңылмастан жетеуі, Кезек қызымет етеді. Жауабы. Аптаның жеті күні

30. Жүз мүйізі бар, Үстінде киізі бар. Жауабы: киіз үй.

40. Біз санбыз ....сызықпыз бөлінген. Математиканы ұқпас адамға. Құбыжық болып көрінген., дұрыс, бұрыс, аралас, ондық болып бөлінген. Жауабы. Бөлшек сан.



ІІІ. «мықты болсаң, тауып көр»

Экранда берілген трек сөздердің біреуін берілген сан есімді қатыстырып мақал-мәтел құрастыруы керек. Бірінші болып ортадағы допты алған топ жауап бере алады, қате болған жағдайда келесі топ жауап бере алады. Әрбір дұрыс жауап бес ұпаймен бағаланады.

Ойынға әр топтың үш қана ойыншысы қатыса алады.





Тапсырмалар.

1

2

3

4

5

6

7

8

ІV. «тапқыр болсаң – талас жоқ»

Әріптер сөйлейді деп аталады. Ойынға әр топтың үш қана ойыншысы қатыса алады. Оқушылар столдағы қазақ альфавитіндегі кез - келген әріпті таңдайды. Әріп таңдалған соң белгілі бір тақырып айтылады, оқушылар кезекпен сол тақырыпқа сай қолындағы әріппен басталатын жауап айтуы тиіс. Жауап бере алмаған оқушы ойыннан шығады, дұрыс жауап берсе келесі әріпті таңдай отырып ойын жалғасады. Ойын әріп біткенше немесе бір топтың жеңісі анықталғанша жалғасады. Ойын соңында қай топта көп оқушы қалса сол топқа 20 ұпай беріледі.

Тақырыптар:

  1. мектеп құралдарының атауы.

  2. Өсімдіктер атауы

  3. Мемлекеттер атауы.

  4. Жануарлар аты.

  5. Спорт түрлері

  6. Ертегі кейіпкерлері

  7. Ақын – жазушылар.

  8. Тағамдар атауы.

V. «қорытынды бөлім»

Қорытындылау. Әр топтың ұпай санын есептеу, марапаттау.

3-орын. «Жас математиктер»

2-орын. « Шебер математиктер».

1-орын. «Дарынды математиктер».

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
33 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
6723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі