400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Интеллектуалды сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, ой ұшқырлығын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Интеллектуалды ойын "Ұшқыр ой мен шешен тіл"


Сабақтың тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын - сайыс

Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын 5 айналымнан тұрады.

Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
І топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл - қызымыз
Көркейтеміз елді біз.

Енді ойынымыздың І - айналымын бастаймыз.
І - айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 5 оқушы 1 сұраққа жауап береді.

«Сұңқар» тобына:
1. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
2. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
3. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
4. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
5. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
4. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
5. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
3. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
4. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
5. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1 - топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2 - топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3 - топ: Бірін - бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос - жаран. (әріп – буква)
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын - жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)
1. Қартқожа жазық далада. Көйлекшең, жалаңбас. Көк шөпке бауырын төсеп, күнге қарап, қошқыл маңдайынан тері шып-шып шығып,кітабын оқып жатыр.

(«Кітап оқу» Ж.Айфмауытов)
2. –Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа! Әдепті бала сөйтеді,-дейді.

( «Ұяда не көрсең...» Б.Момышұлы)
3. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А. Құнанбаев)

4. Ата қартайып, күші кеміді: нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ-қолы кәріліктен қолтыраушы еді...

( «Атасы мен немересі» С.Көбеев)
5. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы. Алтынсарин)

6. Нүсіпбек мұндай шатаққа қаламын деп ойламаған еді. Жап-жаңа маңайында тірі жан жоқ болатын. Енді, міне, өзін төрт-бес баланың қалай қоршап алғанын білмей де қалды. Ішіндегі үлкендеуі келе сала Нүсіпбектің зақпысын жұлып алды...

(«Көк кептер» М.Гумеров)

2. Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,


IV айналымды бастаймыз
«Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)


1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып - жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)



Ойынымыздың соңғы айналымы
«Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.




1.... өріп тараған,
... қараған.
Құрт пен майын жинаған,
... сыйлаған.

2.... қошақан,
... қалмайды.
Сүп - сүйкімді момақан,
... аумайды.

3.... бала әрқашан,
Қуантады....
Құлыным деп анасы,
... баласын.



Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу.
Ән. «Ертегілер»
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.


Марапаттау.

Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1072
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі