(
Интеллектуалдық сайыс )
Сабақтың
мақсаты:1.Оқушылардың
сабақтан алған білімдерін пысықтау;
2.Оқушылардың
өз білімдерін жеткізе білу,ойлау,есте
сақтау қабілеттерін дамыту;
3.Ортада
өзін ұстауға ,сабырлылыққа, ұстамдылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті
оқушылар мен ұстаздар бүгінгі 5 сынып
оқушылары арасындағы «Жас тарихшы»
атты интеллектуалдық сайысымызға қош
келдіңіздер! Сайысқа барлығы 2 топ
қатысады. Олар: 1 топ – «Алғыр» 2- топ –
«Тапқыр».Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
1.Біліміңді
сына(сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру;әр
сұраққа 1 балл)
2.Сәтті
кезең(топ сайысы/әр топқа 6 сұрақтан;
әрбір сұраққа 3 балл)
3.Тарихқа
саяхат(тарихи хронологиямен жұмыс;әрбір
сұраққа 5 балл)
Сайысымызды
бастамас бұрын әділқазылар алқасымен
таныс болыңыздар. Олар.Бану Мұратқызы;Шынар
Асқатқызы.
Мұғалімнің
сөзі: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар
білім шыңына
Ұқыптылық
пен зеректік
Жеткізер
сіздей өренді
Білімнің
нәрлі сырына- дей отырып сайысымызды
бастаймыз:
Сайыстың
1-кезеңі: Біліміңді сына (Сұрақтарға
жауап беру):
1.Өзіміздің
рәміздерді ата және олардың
авторлары:/ту,елтаңба,гимн/
Жауабы:Елтаңба:
Шотаман Уәлиханов. Жандарбек Мәлібеков
Ту:
Шәкен Ниязбеков
Гимн:Жүмекен
Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші
Қалдаяқов
2.Тарих
сөзі қандай мағына береді:
Жауабы:Зерттеу,өткен
оқиғалар жайлы әңгіме
3.Қазақстан
тархы неше кезеңге бөлінеді:4
Ежелгі
қ/тар; Орта ғасырлардағы қ/тар; Жаңа
замандағы қ/тар;
Қазіргі
замандағы қ/тарихы.
4.Тарихта
ең ұзаққа созылған кезең:Ежелгі
тас дәуірі палеолит б.з.б. 206 млн жылдан
б.з.б. 12 мың жыл аралығын қамтиды.
5.Ғалымдар
алғашқы адамды қалай атады:Епті
адам/ Африкада Кения Олдувай шатқалынан
осыдан 1 млн 750 жыл пайда болған.
6.Қазақстан
аумағында алғашқы адамдар шамамен
қашан пайда болды:1
млндай жыл бұрын.
7.Сақтар
нешеге бөлінеді:тиграхауда,парадарайа,хаумаварга
8.Ежелгі
сақтардың ел билеген атақты әйел
патшаларының бірі: Тұмар.Томирис
САЙЫСТЫҢ
2-БӨЛІМІ:
1-топқа
«Алғыр» тобына 6 сұрақ:
1.І
ғасырда неше жыл бар?
Жауабы:100
2.Қазақтың
киелі саны:
Жауабы:7
3.Қазақ
хандығының неше жылдығы тойланды?
Жауабы:550
4.Қожа
Ахмет Йасауийдің «Даналық кітабы» қай
тілде жазылған:
Жауабы:араб
5.Грек
тарихшысы Герадот сақтарды қалай
атаған:
Жауабы:
масаггеттер
6.Қазақстанның
астанасы қай қала:
Жауабы:
Нұр-Сұлтан
2-топқа
«Тапқыр» тобына 6 сұрақ:
1.Қазақстан
Республикасының рәміздері қабылданған
жыл:
Жауабы:1992ж.
2.Астананың
тұсаукесері қай жылы өтті:
Жауабы:1998
ж. 10 маусымда
3.Бүкілхалықтық
Президент сайлауы қай жылы өтті:
Жауабы:1991
ж. 1 желтоқсан
4.Тұңғыш
қазақ даласынан ғарышқа ұшқан кім және
қай жылы:
Жауабы:Тоқтар
Әубәкіров 1991ж. 2 қазан
5.Жер
ұйықты іздеген адам кім:
Жауабы:
Асан-Қайғы
6.Қазақтың
төбе биі кім:
Жауабы:Төле
би
САЙЫСТЫҢ
3-БӨЛІМІ:
1.Ежелгі
тас дәуірі(палеолит) уақытын ата:б.з.б.
2 млн 600-12 мың жыл
2.
Орта тас ғасыры (мезолит):б.з.б.
12-5 мың жыл бұрын
3.Жаңа
тас ғасыры (неолит):б.з.б.5-3
мың жыл бұрын
4.Мыс-тас
ғасыры (энеолит):б.з.б.
3 мың-1800 жыл
5.Қола
дәуірінің уақыты:б.з.б.
2-мың жыл 8 ғасыр
6.Ерте
темір дәуірі:
б.з.б. 8 ғасырмен б.з. 5 ғасыры
7.ҚР
ұлттық валютасы қай жылы енгізілді:1993
жыл 15 қарашада
8.ҚР
Конституциясы қашан қабылданды:1995
ж.30 тамызда
9.Алматыдағы
желтоқсан көтерілісі қай жылы болды:1986
ж. 16-17 желтоқсанда
10.Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңы қашан
қабылданды:
1999
жылы 7- маусымда қабылданды
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің
жауаптары кәміл шықты
Білім
мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске
жетер дейміз нағыз мықты- дей келе,
сөз
кезегін әділқазылар алқасына бере
отырып , жеңімпаздарымызды
анықтайық!