Тақырып бойынша 11 материал табылды

интеллектуалды сайыс «Ұшқыр ойлы , белсенді, тапқыр болайық.» балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін бекіту ,жетілдіру. Сөйлеу мәдениетін сөздік қорларын, сөйлеу белсенділігін дамыту. Сайыста өздерін еркін ұстауға, ойын ашық айта білуге, озық болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: тапсырмалар, логикалық жұмбақтар, ертегі суреттері, гүлдің суреттері. Қажетті құралдар: губка, сүрме, қақпақ , субояқтар. Билингвалдық компонент: тас-камень- stone , асқабақ- тыква- pumpin , күн-солнце- sunnу , бағдаршам- светафор – traffic light , көз –глаз- еуе , сабын- мыло, soap . Құрметті ата-аналар ,қонақтар! Ересек тобының «ұшқыр ойлы, белсенді, тапқыр болайық» атты интелектуалдық сайысына қош келдіңіздер! Балаларды шаттық шеңберіне шақырайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұшқыр ойлы , белсенді, тапқыр болайық.

(интелектуалдық ойын) ересек топ

Білім беру саласы: «таным», «қатынас», «шығармашылық»

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін бекіту ,жетілдіру. Сөйлеу мәдениетін сөздік қорларын, сөйлеу белсенділігін дамыту. Сайыста өздерін еркін ұстауға, ойын ашық айта білуге, озық болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тапсырмалар, логикалық жұмбақтар, ертегі суреттері, гүлдің суреттері.

Қажетті құралдар: губка, сүрме, қақпақ , субояқтар.

Билингвалдық компонент: тас-камень- stone , асқабақ- тыква- pumpin , күн-солнце- sunnу , бағдаршам- светафор – traffic light , көз –глаз- еуе , сабын- мыло, soap .

Құрметті ата-аналар ,қонақтар! Ересек тобының «ұшқыр ойлы, белсенді, тапқыр болайық» атты интелектуалдық сайысына қош келдіңіздер! Балаларды шаттық шеңберіне шақырайық.

Шаттық шеңбері.

Аспанда күн ыстық

Ал жерде кім ыстық?

Әке мен шешеміз

Бәрінен тым ыстық

Жасасын туыстық

Достық пен тыныштық.

Балалар үш топқа бөлініп орындарына отырады. Бүгінгі іс әрекетіміз ерекше өтпек сондықтан мен сіздерге сәттілік тілей отырып, сіздердің ұшқыр ойлы, белсенді ,тапқыр боғандарыңды қалаймын.

Енді біздің ойынымыз әділ болу үшін бізге баға беретін әділ қазыларды сайлайық. Әр ойынның өз тәртібі ережесі болады. Кім ойын тапсырмасын бірінші орындаса сылдырмақты сылдырлатады.

1 сайыс: «Ойна да ойлан» (логикалық сұрақтар )

1. Алаңда емен ағашы өсіп тұр .Еменде барлығы неше алма өсіп тұр? (алма еменде өспейді)

2. Төрт балапанның үш балапаны алысқа жүгіріп кетті ,неше балапан қалды? (1балапан қалды)

3. Ұяға торғай тез ұшып келе ме, әлде жұлдызқұрт па?

1. Орманда аңдар арасында жүгіруден жарыс өткізілді. Жүгіруге қоян , балық, түлкі дайындалыпты. Осы жарыста балық нешінші болып келді? (балық суда жүзеді ,жүгіре алмайды)

2. Тауықтың үш ақ балапаны және бір сары балапаны бар. Оларды қосқанда барлығы неше балапан болады? (төрт балапан).

3. Таңертең таңғы ас , кеште кешкі ас, ал түсте?

1. Не ауыр 1кг мақта ма, әлде 1кг темір ме?

2. Аспанда үш үйрек ұшып барады, аңшы біреуін атып алды, нешеуі қалды? (біреуі)

3. Тігіншіге қандай заттар қажет?(жіп ,қайшы,ине)

2 сайыс: математика бойынша «көршісін тап» деп аталады.

1. 4 санының көршісін тап? (3,5)

6 санының көршісін тап? (5,7)

2. 7 санының көршісін тап? (6,8)

2 санының көршісін тап? (1,3)

3. 1 санының көршісін тап? (0,2)

9 санының көршісін тап? (8,10)

«Қосу және азайту» деп аталады.

  1. әр жіпте жеті- жетіден болатын етіп сонша моншақтың суретін аяқтап сал. 7 саны қалай пайда болды?

2. әр қатарда сегізден болатын етіп сонша моншақтың суретін аяқтап сал. 8 саны қалай пайда болды?

3. әр қатарда тоғыздан болатын етіп сонша моншақтың суретін аяқтап сал. 9 саны қалай пайда болды?

Picture 6

Көркем әдебиет бойынша «Суреттегі қай ертегі» деп аталады. Слайдттан ертегілер суреттері шығады балалар қай ертегі екенін айтады.

Сауат ашу бойынша «сөз ойла,тез ойла»

1.«Қ» дыбысына байланысты сөздер ойла.

«І» дыбысына байланысты сөздер ойла.

А әріпі қандай дыбыс? (дауысты, жуан)

  1. «Т» дыбысына байланысты сөздер ойла.

«А» дыбысына байланысты сөздер ойла.

Алфавитте неше әріп бар? (42)

  1. «Р» дыбысына сөздер ойла.

«Ә» дыбысына сөздер ойла.

Қарлығаш сөзінде неше буын? (3)

2.Әрбір заттың атауындағы бірінші дыбысты анықта. Затты сәйкес әріппен сызық арқылы қос.

3. Сурет бойынша сөздерге талдау жасау.

Тіл дамыту бойынша «Тез ойла»

  1. үш тиым сөз айт.

  2. үш мақал – мәтел айт.

  3. үш жаңылтпаш айт.

«жеті жұрттың тілін біл» деп аталады. Жұмбақтың шешуін үш тілде айт.

1.Су астында жұмыртқа ағарар,

Ұсақ мейлі,ірі мейлі

Мәңгілік шірімейді. (Тас, камень, stone )

Бақшаның алып жемісі,

Қайнамай піспес келісі

Қоңыр күзге сақтайды,

Сары майдай ел іші. (асқабақ- тыква- pumpin)

2. таңмен көзін ашады

әлемге нұрын шашады (күн-солнце- sunnу)

Көгі «жүр »дейді

қызылы «тұр» дейді (бағдаршам- светафор – traffic light)

  1. Көреді бәрін өзгенің

Көре алмайды өздерін (көз –глаз- еуе)

Дымқылдатып күнде сен

қолыңа сүйкесең

кетіп кір ласың

тап-таза боласың (сабын- мыло, soap)

Қоршаған орта бойынша «кім жылдам »деп аталады.

  1. Қазақстанның астанасы қай қала?

Сурет салу бойынша. «Алаңқайға саяхат»

Балалар бірдеңе сыбдырлайтын сияқты .

Тосын сый . музыка ойналады көбелек ұшып келіп табиғат бұрышына қайта кетеді. Балалар көбелек неге ұшып келіп кері кетті . Себебі гүлдер жоқ болған соң . біздер қандай гүлдердің түрлерін білеміз? Біз гүлді қай кезде жұламыз? Гүлдің сабағы ,тамыры, жапырағы болады. Олай болса көбелекке көмектесеміз бе? алдарымыздағы құралдармен өзімізге ұнаған гүлді салайық . (дәстүрден тыс әдістермен салады) суреттерін табиғат бұрышына қояды. Бейне таспадан гүлдердің билегенін тамашалайық.

Музыка ойналады. Көбелек келеді. Рахмет балалар маған әдемі гүл сыйладыңдар. Өнерлі , шебер екенсіңдер. Меніңде сіздерге ала келген сыйлығым бар. Көбелек шығып кетеді. Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? Ұнаса өз көңіл күйлеріңді тақтаға ілейік.

Күтілетін нәтиже.

Нені біледі: Тапсырмаларды орындап есептей біледі.

Қандай түсініктерді игереді: Тәуліктегі мезгілдерді ажырата білу.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері. Сұрақтарға толық жауап беру іскерлігін , ойын шарттарын, тапсырмаларды тыңдай отырып, дұрыс орындауды меңгереді.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
5623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12