(интеллектуалды-танымдық ойын)
Мақсаты Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге,
Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді
де жан - жақты дамыған, саяси
саналы, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар
тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын
тануға шақыру;
Көрнекілігі:
Елбасы Н. А. Назарбаевтың суреті, еліміздің
рәміздері, Елбасымызға арналған кітап көрмесі,
сөзжұмбақ плакаттар, қазақ халқының тарихи тұлғаларының,
мәдениет және әдебиет өнері қайраткерлерінің суреттері, слайд -
шоу, конверттер.
Қолданылған құрал -
жабдықтар: «Бейнематериал» компьютер, дискілер, нөмірленген асықтар,
дорба, бағалау парағы, сағат; марапаттау қағаздары; суреттер
салынған конверттер.
Ойынның
барысы:
Мұғалім: - Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары,
ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан
Республикасының тұңғыш президент күніне
арналған «Елбасы өмірі мен
хроникасы» атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош
келіпсіздер!
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің,
елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім,
Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз
табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен
басталады.
Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ
бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған
жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз
Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер
қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны
анық.
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық
«Елбасы өмірі мен
хроникасы» атты тақырыбы да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер
сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық
жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ойынға қатысушы
топтарды таныстырып
өтейік.
1 топ: «Алаш» тобы
2
топ: «Асар» топ мүшелері шығады,
орындарына жайғасады.
Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы
жазылған кесте көрсетіледі
Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар,
бүгінгі ойында сіздерге үлкен сәттілік тілейміз.
Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып
өтуге рұқсат етіңіздер.
Әділ қазы алқасының мүшелерімен
таныстыру.
1. __________________________________
2. ______________________________________
3. ______________________________________
Ойын үш кезеңнен
тұрады:
І
кезең «Түрлі-түрлі сұрақтар... ой
түртеді»,
ІІ
кезең «Суреттер сыр
шертеді».
ІII
кезең "Бейне сұрақтар"
Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, ойынның
барлық ережелерімен таныстық, іске
сәт.
Бар әлемге шын танылдық міне,
біз,
Елін
сүйген Елбасы деп
білеміз.
Тең аталып Қазақстан -
Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр
егіз.
– дей отырып ойынымыздың
І кезеңін бастайық.
І кезең: «Түрлі-түрлі сұрақтар ой түртеді...». Құрметті ойыншылар,
бұл кезеңде сіздерге отанымыз бен елбасымызға арналған сұрақтардан
10 сұрақ қойылады, ал сіздер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте
жауап берулеріңіз қажет.( Әр нақты дұрыс жауап 1
ұпай)
Бірінші болып қай топ
жаңылмай, мына сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ ойынды
бастайды.
Лимонның жартысы неге
ұқсайды?
- Рахмет, Ал, « ----------» тобына іске сәт делік.
1. Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің толық аты -
жөні?
(Н. Ә.
Назарбаев)
2. Еліміздің оңтүстігінің астанасы
(Алматы)
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі (Қазақ
тілі)
4. ерте темір дәуіріндегі қазақ жеріндегі тайпалық
бірлестіктер (сақ, ғұн,
үйсін)
5. Елбасының ата - анасын атаңыз
(Әбіш және
Әлжан)
7. Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Шамалған ауданында қай жылы
дүниеге келді? (6 шілде 1940
жыл)
8. Алтын адам табылған жер?
/Есік
қорғаны/
9. Астана қаласының бейресми символына айналған
ғимарат? Бәйтерек
10. ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі қай мемлекетте
өткізілді? (Қазақстан)

1. 2018 жылы ҚР тәуелсіздігіне
неше жыл толады? (26
жыл)
2. Астана қаласының туған күні қашан
тойланады (6
шілде)
3. Нұрсұлтан Назарбаев неше жасында ҚР президенті болып
сайланды? (51
жаста)
4. Ата заңымыз тойланатын күн
(30
тамыз)
5. Верный атауы қазіргі қай қала
(Алматы)
6. "Бөбек" қайырымдылық қорын кім ашты
(Сара
Алпысқызы)
7. 2017 жылы қолға алынған Елбасымыздың тікелей
бағдарламасы (Болашаққа бағдар Рухани
жаңғыру)
8. Елбасымыздың кітапарын атаңыз
(Тарих толқынында, Ғасырлар
тоғысында)
9. Елбасымыздың өмірі мен қызметіне арналған филмді
атаңыз (Балалық шағымның
аспаны)
10. Лидер - сөзінің мағынасы
(көшбасшы)
- Рахмет, құрметті сайыскерлер, құрметті көрермендер, мінекей, І -
кезеңіміз аяқталды. Осындай ет қыздыру жаттығудан кейін, ойларыңыз
оянып, ой - өріс көкжиектеріңіз кеңейіп қалды, сұрақтар әр саладан
болғандықтан бірнеше тарапқа барып та қайттық, сіздер келесі
кезеңдерде де осындай жылдамдық пен тапқырлықтарыңызды көрсете
аларсыздар деймін. Ал, сөз кезегін ойынның сарапшыларына, әділ -
қазы алқасына береміз. Сараптамаларыңыздың соңында ұпай санын айта
өтсеңіздер. (Бірден топтардың ұтыстарын айта өту керек)
- Рахмет, әділқазы алқасына.
Сонымен, ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.
ІІ кезең:
«Суреттер сыр шертеді тереңінен» атты бұл кезеңде сіздер мына
дорбадан нөмірленген асық аласыздар және сол нөмір түбіндегі
конвертті ашып суретке қол жеткізесіздер. Конверт ішінде қазақ
халқының өнер, мәдениет қайраткерлері мен тарихи тұлғаларының
суреттері. Сіздердің негізгі әрекеттеріңіз суретке мұқият қарап,
менің беретін ақпаратыма құлақ асу. Әр суреттегі тұлғалардың
өмірбаяны мен Отан үшін, еліміздің тәуелсіздігі үшін атқарған
қызметі жайлы, өз заманында әлемдік үлкен сахнаға шығып қазақты
танытқан өнері, ерліктері жайлы айтамын, ал сіздер өз
кезектеріңізде тұлғаның аты - жөнін айту керексіздер. сұрақ жауабын
білмеген жағдайда менің пәрменімнен кейін келесі топ мүшелері
айтуға болады.
(әр дұрыс жауап 1 ұпайға тең)
Ойынды І - кезеңде басым ұпайға ие болған топ бастаса болады. Ал, іске сәт.
№1. Дінмұхамед
Қонаев. Қазақтың біртуар ұлы, аса көрнекті мемлекет
және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР
Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет
ел ордендері мен медалдарының иегері. Алматы қаласында,
қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Мәскеудің түсті металл
алтын институтын тәмамдаған. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын
күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге
түседі. Ол 1955 — 60 және 1962 — 64 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
төрағасы, 1960 — 62 және 1964 — 86 жж. Қазақстан коммунистік
партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол
Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің
білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай
жұмсай білді. Ол 1986 ж. Қызмет орнынан
босатылды.
№2. Қасым
Аманжолов. Соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына
айтарлықтай үлес қосқан, ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті
қайраткерлерінің бірі. Ақын, журналист, драматург, сазгер,
аудармашы және пародист. 1911 жылы 10 қазанда Қарағанды облысының
Қарқаралы ауданында туған. Семей мал дәрігерлік техникумын (1930)
бітірген, Орал педагогикалық институтында (1931) және Ленинградтың
орман шаруашылығы институтында (1932) оқыған. Оның ең мықты
туындылары, майдангер ақынның қасіретіне толы. Көптеген өлеңдері
соғыстың ауыр жылдарында жазылған («Елге хат», «Қоштасу», «Май
майданда», «Ағайға» т. с. с.). Арнайы музыкалық білім алмағанымен,
ол суырып салма дарынына ие сазгер болған, ол домбырамен сүймеледей
отырып, тамаша әндер
жазатын.
№3 Қалқаман ұлы Бұқар
жырау 1693 - 1781. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының
рухани мәдениетінің көрнекті өкілінің бірі, әдебиетімізде аты
әйгілі, ірі тұлға.. Ол - ХҮІІІ ғасыр поэзиясының көрнекті өкілі. Ол
қазақ халқының басын қосып ел болу, сыртқы жаулардан қорғану
мәселелерін өз жырларында тірек еткен. Ол ел тарихында «Ақ табан
шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған қатерлі заманда, халық көсемі
Абылайдың қасында болды. Қиын сәттерде ақыл - кеңес беретін
қабырғалы биі аталған. Ол жұртты татулық - бірлікке, адамгершілікке
үндеген - насихаттық жырлары да сан
алуан.
№4. Қашаубаев
Әміре (1888 - 1934). Қазақтың атақты әншісі, актер
әрі музыканты. Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты
Дегелең тауының алабында туған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі
Тарақты руы. Ол есейе келе 1921 - 1924 жылдары Семейде құрылған
қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік
өнерін шыңдай түседі. Бүгінгі күні, ол кісінің атымен Семей
қаласындағы облыстық филармония аталады. 1925 ж Халық Ағарту
комиссары Луначарскийдің шақыруымен Парижде болатын дүниежүзілік
көрмеде қойылатын концертке қатысады. Онда ол «Ағаш аяқ», «Дудар»,
«Екі жирен» т. б. әндерін айтып, өзінің ерекше дауысымен Париж
халқын таң қалдырып, қазақ деген халықтың атын әлемге паш
етеді.
№5. Бағланова
Роза.
Қазақстан мен ССРО - ның халық артисі. 1922
жылы Қызылорда облысында туған. 1941ж. Қызылорда педагогикалық
институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары
басталды. 1947 - 1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік
академиялық опера және балет театрында 1949 - 1960 жж. Жамбыл
атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан
Қазақконцерт солисі. Ол сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін
шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, ССРО - ның бұрынғы
республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық,
адам мен табиғат туралы әндерді
шырқаған.
№6. Шерхан
Мұртаза. 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы
Талапты ауылында туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1955 жылы
Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлекеттік университетті бітірген.
1975 - 1994 жылдары республикалық «қазақ әдебиеті», «Социалистік
Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, теледидар және радио
мемлекеттік комитеті торағасы. 1994 - 1995 жылдар Қазақстан
Республикасы жоғары кеңесінің депутаты. Қазір Қазақстан
Республикасы Парламент Мәжілісіне депутат. Ол Абай атындағы
мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, орден, медальдармен марапатталған,
«Қазақстан халық жазушысы» атағы берілді. Ол «Табылған теңіз»,
«Белгісіз солдаттың баласы», «Қырық бірінші жылғы келіншек» әңгіме
повестерінің авторы. Жазушының көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар
Рұсқұловтың өмір жолына арналған «Қызыл жебе» романы бар.
-
№ 7. Әлихан Бөкейханұлы Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының ұрпағы.
Оны әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.
Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.
1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1917 жылғы Алаш партиясының көшбасшысы.
№ 8. Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссарионович (9.12.1879, Гори қаласы, қазіргі Грузия Республикасы – 5.3.1953, Мәскеу қаласы) – саяси қайраткер, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы (1922 – 53), Кеңес Одағының маршалы (1943), Кеңес Одағының генералиссимусы (1945). 1894 жылы Тбилисидегі православиялық діни семинарияға оқуға түскен. 1937 - 1938 жылдардағы қуғын - сүргінді ұйымдастырушы.
Жарайсыңдар, тамаша ойын көрсете білдіңіздер. Ой - өріс көкжиегінің биіктігі осы кезеңде керемет байқалды десем артық емес шығар. Әділқазы ұпай санын айта өтсін. Құрметті сарапшыларға рахмет, міне құрметті көрермендер ойынға қатысушы оқушылардың жан - жақтылығы
Көрермендермен жұмыс.
Олай болса, келесі кезеңге көшпес бұрын сіздердің де жанкүйерлер ретінде осы ойыншылардың қоржынына үлес қосуларыңызға мүмкіндік берелік. Ол үшін мен сіздерге 3 минут уақыт беремін және мына алдарыңыздағы шатаспа кестесінен Тәуелсіз Қазақстанымыздың Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәдени - саяси байланыс орнатқан мемлекеттер мен елдердің астаналары жасырылған. соларды тауып аттарын т айтуыңызды сұраймын. Қай топ жанкүйерлері көбірек мемлекеттерді атаса сол топтың қоржынына ұпай қосылады. Шатаспа кестесі тақтаға ілінеді. (әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі)
1. Өзбекстан (Ташкент)
2. Вашингтон (АҚШ)
3. Алжир (Ажир)
4. Рим (Италия)
1. НАТСКЕБЗӨ
2. НТНШВАИГО
3. ЛИАЖР
4. ИМР
1. Монғолия (Улан - Батор)
2. Париж (Франция)
3. Бразилия (Бразилиа)
4. Беларуссия (Минск)
1. ЯИЛОҒНОМ
2. ЖРПАИ
3. ЯЛИИАЗБР
4. РУСЕБЛАРЯСИ
- Тамаша, жанкүйерлерге де
үлкен рахметімізді айтамыз.
(әдіқазылар алқасын тыңдап
өтсек.)
- Рахмет сіздерге, құрметті әділқазы алқасы.
ІІІ кезең.
Енді кезеңіне шақырамын. Ол кезеңде әр топқа үш - үштен бейне сұрақ
қойылады. Егер де топ өзіне тиісті сұраққа дұрыс жауап берсе 2 ұпай
иеленеді. егер де дұрыс болмаған жағдайда менің пәрменімнен кейін
келесі топ мүшелері жауап беруге болады. Ендеше, бірінші болып
сұраққа жауап беретін алда келе жатқан топтан бастауымызға
болады..
1 топ: 1 БЕЙНЕСҰРАҚ:
Балалар сұрақты тыңдап өз жауаптары айтады -
Ал, енді сұрақ авторының өз нұсқасын тыңдайық. Компьютерден автордың жауабы тыңдалады
2 топ: 1 БЕЙНЕСҰРАҚ:
1 топ: 2 БЕЙНЕСҰРАҚ:
2 топ: 2 БЕЙНЕСҰРАҚ:
1 топ: 3 БЕЙНЕСҰРАҚ:
2 топ: 3 БЕЙНЕСҰРАҚ:
Сөз сарапшыларда.Сарапшылар өз
ойларын ортаға салады, ұпай санын айтады
- Рахмет, міне бүгінгі ойынымыздың соңғы кезеңі де аяқталып, оның
нәтижесімен де таныстық. Ендеше,
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалындатып биік шыңда жүрерін – дей отырып, бүгінгі білім додасын
аяқтамас бұрын, әділқазы алқасына сөз берейік, жеңімпазды
атасын.
Сарапшылар ойынға сараптама жасап, жеңімпазды
атайды.
Әділқазы алқасының -----------
жеңімпаз топты атап марапаттайды
Қорытынды: - Осымен бүгінгі білім додасын
аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын,
жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тұңғыш президент күні құтты босын,
жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да
білімді болсын, ағайын!
Минск орта мектебі
"Тұңғыш Президент күніне"
арналған іс - шара
ЕСЕБІ
2017 - 2018 оқу жылы
05.12.2017 жылы Минск орта мектебінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне аналған "Елбасы өмірі мен хроникасы" интеллектуалдық - танымдық сайыс іс- шарасы өткізілді.
Іс - шараның мақсаты: Елбасының өмірі мен қызметі туралы оқушыларға ақпарат беру, сонымен қатар оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, ел көшбасшысын ұлықтау.
Сабақ барысы: Оқушылар 2 топқа бөлінді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Елбасымыздың өміріне қызметіне қатысты сұрақтар қойылды. Оқушыларға слайдтар, бейнематериалдар, бейнесұрақтар қойылып тұшымды жауаптар алынды. Сайыс соңында Елбасы туралы оқушылар арасында "Үздік постер" қорғалып, жеңімпаз топтар анықталды.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
интеллектуалды-танымдық ойын

шағым қалдыра аласыз