“ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ" жобасы аясында құрылған «Білім ринг» атты сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ" жобасы аясында құрылған «Білім ринг» атты сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
“ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ" жобасы аясында құрылған «Білім ринг» атты сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы


1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті жиналған қауым

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жыр шашылсын, күмбірлеп күй

Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.

2-жүргізуші

Балғындарға баянды,

Сырын төккен-ұстазсың!

Шәкіртіне аяулы,

Нұрын сепкен-ұстазсың!

Бәрімізді бей-жай қылған тақырып,

Сырласайық ой-теңізін сапырып.

Батыл болсын,анық болсын пікірлер,

Сөз маржаны шықсын тыңнан атылып. -дей келе, “ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ" жобасы аясында құрылған «Білім ринг» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Т. Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназия бастауыш сынып мұғалімдері актерлік шеберлікті пайдаланып, әрі шығармашылық пен білімді ұштастастыра, аса құлшыныспен жеңіске жетудің жолдарын көрсетеді.

ІІ жүргізуші: Олар ойын барысында қиындыққа да, күлкілі жәйтке де тап болады. Сіздер бұның барлығын тамашалай аласыздар.


І жүргізуші: Ойын 5 бөлімнен тұрады және шарт бойынша 2 командада 5 адамнан болады.

Бірге: Басты мақсат ойнай отырып ойлау.


ІІ -жүргізуші

Кімдер жүйрік , өнерпаз білейікші

Мықтысы деп мектептің жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті

Ал аруларға сәттілік тілейікші

1-жүргізіші

Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық

Бірінші команданы ортаға шақырайық


1-топ «Достық» 5 қатысушы

 

 


ІІ-жүргізуші 2- топ «Бірлік» 5- қатысушы






І-жүргізуші

Шалқытып сайыстарға қатысайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Әділдікпен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық

1.

2.

3.

4.

5.


ІІ-жүргізуші

Ендеше сайымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар

1 кезең « Бетпе-бет»

  1. кезең «Суреттер сөйлейді»

3. кезең «Ән салшы-жаным»

4. кезең «Білім ринг»

5 кезең «Педагогикалық жағдаят»

1-жүргізуші

1 сайыс « Бетпе-бет»

Бұл капитандар сайысы . Капитандар ортаға шақырылады . Команданың өзге ойыншылары жасырынғаy бір сөзді кезектесе отырып өз капитандарына түсіндіреді. Қай капитан бірінші болып тапса, соның тобына ұпай беріледі. Дұрыс жауап 1 ұпайға тең .



Достық тобы


Бірлік тобы

1

Оқушы


Папка

2

Ноутбук


Мұғалім

3

Бор


Қаламсап/ручка

4

кітап


дәптер

5

парта


орындық

6

мектеп


кітапхана

7

доп


Тінтуір(мышка)

8

асхана


терезе


2-жүргізуші

2 сайыс «Суреттер сөйлейді»

Ойыншылар қағазда жасырынған мақалдарды өз ойыншыларына сурет арқылы жасырады.Оны командалары табуы керек.

Берілген уақыт 1 минут кетеді. (құмсағат керек)

Әрбір берілген дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.


Достық тобы


Бірлік тобы

1

Оқу - инемен құдық қазғандай

1

Көз қорқақ, қол батыр

2

Жеті рет өлшеп, бір рет кес

2

100 - теңгең болғанша, 100 - досың болсын


3

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады

3

Оқу білім бұлағы

Білім өмір шырағы

4

Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

4

Өнер алды қызыл тіл

5

Өз үйім өлең төсегім

5

Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі

1-жүргізуші

  1. сайыс «Ән салшы-жаным»

Түрлі дыбыстағы сөздер беріледі.

Мысалы: мияу-мияу, тық-тық, шақ-шақ , осы сөздерді қолданыпғ жасырынған өлеңді өз командасына сол сөздерді қолданып музыканы жеткізу. Ал командасы оны табу керек.

Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі

1 команда

  1. Абай. Желсіз түнде жарық ай тита-тита

  2. Беу, айдай на-на-на

  3. Дедім-ай, ау Халық әні

  4. Сыр сұлу. Ш. Қалдаяқов шоқ-шоқ

  5. Атамекен тай-тай-тай


2 команда

  1. Абай. Көзімнің қарасы тара-тара

  2. «Жүгіріп шықтым белеске» Халық әні дари-дари-дай

  3. Жолыққан қандай жақсы.Қырғыз әні қа-қа-қа

  4. Ш. Қалдаяқов «Кешікпей келем деп ең» Тық-тық

  5. «Мен қазақпын» дай-дай


2 жүргізуші:

  1. кезең «Білім ринг» бұл кезеңнен мұғалімдер арасында ұстаз шеберлігін көре аласыздар.


1-жүргізуші:

  1. кезең «Педагогикалық жағдаят, ситуациялық сұрақтар» қатысушылар өз актерлік шеберліктерін көрсете отырып, жағдаяттан шығу жолдарын қарастырады.

1.Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір оқушы сізге сабақ түсіндіруге мұрша бермейді. Сіз оқушыға тыныш отыр дедіңіз , оқушы тыңдамады. Не істеу керек?

2. «Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтектелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай доспары да жоқ,ешқіммен араласпай өз бетімен жүреді Сіздің іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?

3.Мұғалім оқушыларға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей жыртық кітапты апайға қайтарып берді. Сіздің іс-әрекетіңіз?

2-жүргізуші

Дүбірлі той бүгін сенде мектебім

Жарқырап тұрар бүгінің мен өткенің

Бастауыштың бүгінгі өткізген

Білім сайыстары аяқталып

Ең озаттары саны бүгін өскені

Бұлда бастауыштың бір белеске жеткені!


Командаларға сыйлықтар беру, марапаттау, мадақтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.10.2025
52
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі