Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Интеллектуалды, зияткерлік ойын "Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Атырау облысы білім беру басқармасы
«Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК-ы
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім- кең байтақ жерім»
Дайындаған: әлеуметтік педагог Г. Сайфолла
Сағыз селосы
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім- кең байтақ жерім»
Түрі: Интеллектуалды, зияткерлік ойын
Мақсаты: 1) Студенттердің әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау.
2) Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
3) Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекі құралдар: суреттер, интерактивті тақта, түрлі-түсті таяқшалар, жоспар, сұрақтар компьютер арқылы көрсетіледі.
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап
Іс-шараның барысы
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Тәуелсіз елім- кең байтақ жерім» тақырыбындағы апталықтың жоспарына сәйкес, әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен өткелі жатырған зияткерлік, интеллектуалды IQ додаға қош келдіңіздер. Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтай отырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш, еңсесі биік, іргесі берік болсын деп тілек білдіремін. Тәуелсіз тұғырымыз мәңгілік болсын.
Бүгінгі күн терең біліммен қаруланған, білімді де алғыр, ойы озық жастар үшін ерекше күн болғалы отыр. Интеллектуалды ойынды бастамас бұрын қатысушыларды қошеметпен ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Ойын толқын айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауысты.
Біреу озып, келеді қатарынан,
Біреу қалып жатқанда асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді, ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз. Сондықтан да сайысқа келіп отырған студенттерімізге ақ жол, жүлделі орыннан көрінсін деген тілек білдіреміз.
Сайысымызды бастамас бұрын қатысушыларымызға қара қылды қақ жарып, әділ төрелігін айтатын әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
Бүгінгі өтетін IQ додамыз мынадай 5 кезеңнен тұрады:
1 кезең: IQ (мектеп бағдарламасынан және т.б. саладан әр қатысушыға 10 сұрақ)
2 кезең: ¾ (экрандағы суреттерге қарап мақал және тұрақты сөз тіркесін табу, мағынасын түсіндіру)
3 кезең: Кім білгір? (ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру)
4 кезең: Ойлы болсаң... (Экранда көрсетілген суретке қарап, есептің шешімін табу)
Дайын болсақ, зияткерлік ойынымызды бастайық. Алғашқы кезең айтып өткендей IQ деп аталады. Әр қайсыңызға әр түрлі саладан алынған 10 сұрақтан беріледі. Сол сұрақтарға бар-жоғы 1 минуттың ішінде жауап беріп үлгерулеріңіз қажет. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай қоржындарыңызға түсетін болады. Сұрақтар қатты қиын емес, сондықтан тез әрі нақты жауап беруге тырысайық.
1 қатысушы:
-
Желтоқсан батырлары, тәуелсіздік құрбандарын ата. (Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова)
-
«Ертарғын» ертегідегі басты қаһарманның әкесінің аты кім? (Ерназар)
-
Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)
-
Ешқашан қиылыспайтын түзулер / параллель/
-
46 сөзден тұратын Абайдың нақыл сөздері не деп аталады? (қара сөз)
-
Республикалық «Айгөлек» балалардың журналының авторы кім ? (Қымбат Әбділдақызы)
-
Тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)
-
Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жатады? (у)
-
Абайдың азан шақырып қойған аты(Ибраһим)
-
Торғай даласында алғаш қоңырау соққан ұлы ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин)
2 қатысушы:
-
ҚР тәуелсіздік алған күні (16.12.1991)
-
Қазақстанның атақты сүретшісі (Әбілхан Қастеев)
-
Үш бәйтеректі ата (Сәкен, Бейімбет, Ілияс)
-
Елтаңбаның авторлары кім? (Ш.Уалиханов, Ш. Мәлібеков)
-
Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Т.Әубакіров)
-
Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада орналасқан? (Түркістан)
-
Жүз жылдық мерзімді қамтитын уақыт өлшемі (ғасыр)
-
Картада тау қандай түспен бейнеленеді? (қоңыр)
-
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар (КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК)
-
Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен не өзгермейді? (қосындының мәні)
3 қатысушы:
-
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Ойнап босқа күлуге…. өлеңінің авторы кім? (Абай)
-
Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі қашан енгізілді? (1993.12 қараша)
-
Сидней олимпмадасында жеңіске жеткен атақты боксшы кім? (Бекзат Саттарханов)
-
Дүние жүзіндегі терең көл (Байкал көлі)
-
Желмая мініп, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен кім? (Асан қайғы)
-
Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады? (бір – бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер)
-
Оксфорд университеті қай қалада орналасқан? (Ұлыбритания, Лондон)
-
Жердің ішкі орталық бөлігі (ядро)
-
Шығармадағы табиғат көрінісін не деп атаймыз? (пейзаж)
-
Қарлығаш би атанған ұлы тұлға (Төле би)
Осы тұста қызықты мәліметпен бөлісе кетсем: Аңыз бойынша, елге жоңғарлар шауып, ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан.
Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті. Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді. Ел үдере көшкенде, өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кісі жібереді. Жұртпен бірге бас сауғалап, үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен: "Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандарын шырылдатқым келмеді. Сендердің де үйлеріңді ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса, өздеріңе жақсы болар ма еді?"
Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып, әскеріне би шаңырағына да, ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады. Содан бері Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен.
4 қатысушы:
-
«Әке мен бала» әңгімесінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
-
Ереуіл атқа ер салмай,
-
Егеулі найза қолға алмай …. (Махамбет)
-
Апорт алмасының отаны (Алматы)
-
Ұлы Отан Соғысына қатысқан батыр қазақ қыздары. (Әлия, Маншук)
-
Көкжиектің неше тұсі бар? (4 – оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
-
Абайдың әжесі (Зере)
-
1 сағат 20 минутта неше минут бар? (80)
-
Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
-
Киіз үйдің ағаштары (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық.)
5 қатысушы:
-
Әбу Нәсір әл Фараби қай қалада дүниеге келген? (Отырар Фараб)
-
Ертеден келе жатқан ұлттық сазды аспапты ата. (қобыз)
-
Қазақтың тұңғыш ғылым академигі. (Қ. Сәтпаев)
-
Ұлы Отан Соғысы болған уақыт аралығы? (1941 – 1945)
-
Еліміздегі тарихи ескерткіштер (Ахмет Яссауи, Алтын адам, Айша Бибі кесенесі)
-
Ата заңымыз қашан қабылданған? (1995 30 тамыз)
-
1992 жыл 2 наурызда Қазақстан қай ұйымға мүше болды – (БҰҰ)
-
«Менің атым Қожа» повестінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)
-
Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал (компас)
-
Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша (жұрнақ)
6 қатысушы:
-
«Мона Лиза» туындысының авторы (Леонардо Да Винчи)
-
Екі адамның сөйлесуі (диалог)
-
Францияның астанасы (Париж)
-
Тарихтың атасы (Геродот)
-
12 ай неге тең (1 жылға)
-
Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем)
-
«Ақмаржан» аталатын дәнді дақыл? (күріш)
-
Дүние жүзіндегі халқы ең көп мемлекет (Қытай)
-
Қан беруші адам (донор)
-
Әлемнің бірінші ұстазы кім? (Аристотель)
Осымен бүгінгі зияткерлік ойынымыздың алғашқы кезеңіде аяқталды. Белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Алда әлі 4 кезең бар. Келесі кезеңде сіздерге өте мұқият әрі шапшаңдылық танытуға тура келеді. Келесі айналым бізде ¾ деп аталады. Ойынның шарты мынадай: экранға сіздерге әр түрлі суреттерден құралған картина шығарылатын болады. Сол суреттерден құрастырып сіздер алдымен мақал немесе мәтелді, кейін тұрақты сөз тіркесімен оның мағынасын ашып берулеріңіз қажет. Қатысушы өз тапсырмасын шеше алмаса, қарсыластары қол көтеру арқылы жауап бере алады. Дайын болсақ, алғашқы қатысушымыздан бастайық.
-
Бір тал кессең,
Мың тал ек.
-
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
-
Өнер алды қызыл тіл.
-
Көп сөз күміс
Аз сөз алтын
-
Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды. -
Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
-
Ала ауыз (бірлігі жоқ)
-
Екі көзі төрт болды. (сағынып күту)
-
Көз байлау (алдау)
-
Жұмған аузын ашпау (сөйлемеу)
-
Ағынан жарылды (ештеңені жасырмады, бар сырын ақтарды)
-
Ине шаншар жер жоқ (толық, тығыз)
Бәрекелді! Әділ қазылар алқасы қатысушылардың дұрыс жауаптарына бір баллдан қосып отырайық. Келесі кезеңге көшейік, «Кім білгір?» деп аталады. Кімнің білгір екенін бірге көрейік. Бұл ойында сіздерге 6 тақырып беріледі. Тақырыптың әр қайсысында 4 ұяшықтан болады. Таңдауыңызға қарай 10 оңай, 40 қиын, 20 мен 30 орташа деңгейдегі сұрақтар. Әділ қазылар қатысушының таңдаған ұяшығындағы баллды қосып, есептейтін болады.
Үш тіл патшалығы
-
Жұмбақтың жауабын тауып, үш тілде айтыңыз
Тұрады ылғи сөреде
Іші толған өнеге (кітап, книга, Воок)
20 Ребусты шешіңіз (тіл қылыштан өткір)
30 Тіл туралы 5 мақал айтып беріңіз
40 Өлеңді жалғастырыңыз және авторын атаңыз
Ең бірінші бақытым – Халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын
кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор
болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым
менің.
Ал екінші бақытым – Тілім
менің,
Тас жүректі тіліммен
тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем
де,
Қасиетті тілімнен
түңілмедім.
Тәуелсіздік тарландары
10.Қазақ хандығы қай ғасырларда, қай өңірде және кімнің ықпалымен құрылды?
(1465-1466 жылдары, Қозыбасы өңірінде Талас пен Шу өзендерінің бойында керей мен Жәнібек Қазақ хандығының іргесін қалады.)
20 «Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар ,
Алам десең, алыңдар!» (Қайрат Рысқұлбеков)
видео көрсетілім
30 1941 - 1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жанын қиған қазақ батырлары фашизммен күресіп, ерекше ерлік көрсетті. 100 - ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ берілді. Кеңес одағы батырлары атағын 1944 жылы алған қазақтың қайсар қыздарының есімін атаңыз. (Ә. Молдағұлова, М. Маметова, )
40 Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, 1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің І хатшысы қызметін атқарушы, еліміздің іргесін нықтап, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан? (Д.А.Қонаев)
Тігіншілік- қол мен қиялдың еңбегі
10 Ең алғашқы тігін машинасының жобасын ұсынған, ХҮ ғасырларда өмір сүрген ғалым (Леонардо Да Винчи)
20 Жең құрылымына байланысты киім пішіндерін атаңыз (қондырма жеңді,аралас, реглан, тұтас пішілген)
30 Латын тілінен аударғанда мәнер, сипат, ерекшелік деген мағынаны білдіреді. Әрбір кезеңнің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын сипаттайтын ұғым. (Стиль)
40 Кішкентай қара көйлекті үлкен жаңалыққа айналдырды. Әйелдер аксессуарларына байланысты бұл кішкентай қара көйлекті кешке де, күндіз де кие бастады. 1926 жылы американдық Vogue журналы кішкентай қара көйлекті, оның тиімділігіне және танымалдығына байланысты, оны "Ford" автомобиліне теңеді. Әңгіме қай сәнгер жайлы айтылып тұр? (Коко Шанель)
Аспаздар әлемі
10 Халықаралық аспаздар күні қашан тойланады? (Жыл сайын 20 қазан күні бүкіл әлем аспаздары өздерінің кәсіптік мерекесін тойлайды. Бұл арнайы мейрам ретінде 2004 жылы Бүкіләлемдік аспаздар қоғамдары ассоциациясы ықпалымен бекітілген болатын. Ұйым құрамында дүние жүзі бойынша аспаздық өнерін меңгерген 8 миллион маман бар. Әлем бойынша ас пісіру өнерін меңгерген жандар соншалықты көп болғандықтан олардың өз мерекесі болуы таң қаларлық емес)
20 Жұмбақты шешіңіз:
Қалпағы бар
дөңгелек,
Сары гүлмен
қоршалған.
Қарай - қарай күнге
ерек,
770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз