Апуова Арайлым
Бактыгуловна
«Лабай жалпы орта мектебі»
КММ-нің математика мұғалімі
«Алғыр математиктер»
интеллектуалды ойыны Мақсаты:
1. Оқушылардың математикаға
деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту, топ үшін жауапкершіліктерін
нығайту
2.Оқушыларды тапқырлыққа,
жылдамдыққа, дәлдікке, сауатты сөйлеу мәдениетіне баулу. Түрі:
Сайыс Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап», жеке, жұптық жұмыстар Қажетті
құрал жабдықтармен көрнекіліктер: мультипроектор, дербес компьютер,
шарлар, түрлі түсті қағаздар, маркер. Жоспар: 1.Ұйымдастыру 2.
Таныстыру 3.«Белес» 4. «Өткел» 5. «Асу» 6. «Супер ойын» 7.
Қорытындылау Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті
ата-аналар,ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Алғыр математиктер»
сайысын ашық деп жариялаймыз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
«Болашаққа біліммен қадам басып,лайықты қол таңбамызды
қалдырайық!»-деген екен.
Мен шәкіртпін ұлылардан
жақсылықты теретін, Ой маржанын көпке ұсынып беретін Барлығынан
ардақтысы өмірдің, Әлемдегі жақсылыққа еретін.-деп біздің
мектебіміздің мақтаныштарын ортаға
шақырайық.
I.Ұйымдастыру.
Психологиялық ахуал туғызу а) «Амандасу» тренинг Оқушылар
шаттық шеңбер құрады.
Салем дос ! /қолдарымен
амандасу/,Сен қалайсың? /арқасынан қағады/. Сен қайда болдың?
/бір-бірінің құлақтарынан тартады /. Мен сағындым. /Қолдарын
жүректеріне апарады/. Сен келдің. / қолдарын жан-жаққа сермейді /
Келгенің тамаша болды! / Құшақтасады /. ә) Шарлар арқылы топқа
бөлу. Қазақстан қалаларын жазып, оларды солтүстік, оңтүстік, батыс,
шығысқа топтау немесе жұптау
II.
Таныстыру. а) Аты-жөні,сыныбы,жасы ә)
Болашақта кім болғың келеді? б) Сенің қандай өнерің
бар?
в) Қандай пәнді жақсы көресің?
г) Бос уақытты қалай өткізесің? ғ) Спорттың қай түрін ұнатасың? д)
Арманың, мақсатың қандай?
Бүгінгі күн сайыста , Сен
ешкімнен қалыспа . Біліміңді көрсетер, Сұрақтарға жауап
бер. III. 1-кезең
«Белес»
Ережелер,тұжырымдар беріледі.
Дұрыс-бұрыс екенін анықтау Дұрыс жауап
10-ұпай
1.Сағаттың төрттен бір бөлігі
30-минут. /15-минут/ 2. Футболда жалпы 23-адам ойнайды . /22-адам/
3. Заттарды санауда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады.
4. ЕКОЕ Ең үлкен ортақ бөлгіш. /Ең кіші ортақ еселік/ 5. a²-b²=
(a-b)(a+b) 6. D=b²-4ac өрнегі квадраттық теңдеудің дискриминанты
деп аталады. 7. ax²+bx+c =o толымсыз квадрат теңдеу. 8.
гипотенуза²= катет²+ катет² 9. III ширектің таңбасы( -;-) 10. tgx=
қарсы катет/ іргелес катет 11. an=a1+(q-1)n арифметикалық
прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.
/an=a1+(n-1)d / 12. y=x² функциясының
графигі кубтық парабола /парабола/
lV. Математикалық
фокус Көрермендермен
№1 «Қандай сан
ойладың?»
1-ден 20 дейінгі бір санды
ойлаңыз, оған 5-ті қосыңыз, нәтижесін маған айтсаңыз, қандай сан
ойлағаныңызды тауып бере аламын!!!
V
Жұп
сан
Тақ
сан
. 2-кезең «Өткел»
Екі санат және бірнеше жауап нұсқалары
беріледі. Жауаптың қай санатқа жататынын анықтау керек. Дұрыс жауап
10-ұпай 1-тапсырма
1.Т+Т= 2. Т-Т= 3.Ж+Ж= 4. Ж-Ж=
5.Ж+Т=
6.Ж-Т=
7.Т*Т= 8.
Ж*Ж= 9.
Т*Ж=
2-тапсырма
Төртбұрыштар
Көпжақтар
1.Параллелограмм 2. Пирамида
3. Трапеция 4. Ромб
5.Тетраэдр 6. S=abSinβ
7.Октаэдр 8. Ρ=2(a+b)
9. Тік бұрышты параллелепипед
10. S=a²
VI. Математикалық
фокус
№2 «Мен қалай табамын ?» (Сенің
тұратын үйдің нөмерін және жасыңды
анықтау)
Өзің тұратын үйдің нөмерін
4-ке көбейтіп, нәтижеге 7 санын қосыңыз. Шыққан санды 25-ке
көбейтіп, оған өзіңнің жасыңды және 125-ті қосыңыз. Қандай сан
пайда болды?
VII. 3-кезең
«Асу»
Бір-біріне қатысты сөздерді
табу керек.
1. Тік бұрышты
үшбұрыш
А. Пифагор теоремасы Ә.Фалес
теоремасы 2. Биквадрат теңдеу
А.|x-7|=2x+3 Ә. x -3x² - 4=0
3. Векторлық шама
А. Уақыт, аудан, көлем, масса
Ә. Күш, жылдамдық 4.Арифметикалық прогрессияның
айырымы
А. d = a2- a1 Ә. q= b2 / b1
5. Үшбұрыштың элементтері
А. Төбесі, қабырғасы, бұрышы,
периметрі, диагоналі
Ә. Тең бүйірлі ,тең
қабырғалы,тік бұрышты үшбұрыштар 6.
Стереометрия
А. Үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш,
жазықтықтағы декарттық координаталар
Ә. Айқас түзулер,көпжақтар,
айналу денелері 7. Тригонометриялық өрнек
А. CosxSin³x+SinxCos³x /
SinxCosx
Ә.
(2Sinx1)(2Cosx√5)>0
Cайыскерлерден 3-кезеңнен кейін
2-ші мүшесі өз ұпайларын сақтап қалатынын немесе 1-ші ойыншының
ұпайына ауыстыратынын шешімдерін айтады. Қай топтың ұпайы көп болса
, сол топ супер ойын ойнайды.
VIII. Супер
ойын
Шарты: Топтың оқшау тұрған
ойыншысы сұраққа бірінші болып жауап береді. Сұрақтың екі жауап
нұсқасы беріледі. Ойыншы жауап берген соң, топтағы 2-ші ойыншыдан
берілген жауапқа келісетінін немесе келіспейтіні сұралады. Топтың
жеңілуі мен жеңуі 2-ші ойыншының жауабына байланысты. Дұрыс жауап
1-саты алға , қате жауап 2-саты төмен.
1.Қосуға кері амал /азайту,
бөлу/ 2.Жұп функция / Sinx ,Cosx/ 3.Сандар тізбегі неше тәсілмен
беріледі? /4, 3/ 4. x²+px+q=0 Қандай теңдеу? / Биквадрат теңдеу,
келтірілген квадрат теңдеу. 5. « Мен математикаға кездейсоқ келген
адаммын» деген сөзді қай математик айтқан? /Жұмаділдаев А.С.,
Жаутіков О. А./
6. Асқар Жұмаділдаевтың анасы
кім? / Мариям Жұмаділдаева ; Күлшат Үсенқызы / 7. Sin(90º+φ)=? /
Cosφ; - Sinφ /
8. Тік бұрыш жасап қиылысатын
екі түзу /паралель ,перпендикуляр/ 9. 9-сынып Алгебра оқулығының
авторлары: /Әбілқасымова, Корчевский, Жұмағұлова ; Шыныбеков
,Гусьев, Бекбоев/ 10. F(x)=2x²+3x функциясының туындысы неге тең? /
4x+3; 4x²+3 / 11. Бірнеше бірмүшелердің қосындысы қалай аталады? /
Бірмүше, көпмүше / 12. Отырып-ақ жүре беретін кім ? /шахматшы,
шаңғышы/ 13. 135º радианға айналдыр / ;
/ 14. Отырардан
шыққан ұлы ойшыл? /Әл- Фараби ; Аристотель / 15. Бірінші себетте 48
алма бар, ал екінші себеттегі алма оның 5/8-індей. Екі себетте неше
алма бар? /78; 88/ 17.АВСD трапецияның FN орта сызығын табу
формуласы қалай жазылады? / FN=BC+AD/2 ; FN=BC²+AD²/2 / 18.
Sin45º+Cos45º мәні неге тең? /1;√2/
VII. Қорытындылау .
Марапаттау.
Ұстаз үшін нәтижеге жету
шәкіртінің білімді болу ғана емес, білімді өздігінен алуы және
алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Күтілетін
нәтиже:
1.Оқушылардың пәнге деген
қызығушылығы артады.
2. Логикалық ойлау, танымдық
қабілеті, тапқырлығы дамиды.
3.Өз білімі мен күшіне сенемді
болады.
4.Математикалық сайыс
оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге
үйретеді.