жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Интеллектуалдық ойын "Бағыңды сына" 7-сынып
«Ақпәтер орта жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Бағыңды сына!»
(интеллектуалдық ойын)
Өткізген: Л.А.Даулетқалиева
2020 – 2021 оқу жылы.
Мақсаты: Танымдық қабілеттерді дамыту, ой өрісті кеңейту, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдердің мағынасын ашу, табиғатын тану.
Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, суреттер
Бұл – көне сөз, астарлы ұғым, мақал-мәтелді бір кісідей білетін сенімді жандар сайысқа түсетін бағдарлама. Қатысушылар үшін мақсат – жеңу, ана тіліміз үшін — өсіп-өну.
«Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды сауатты, мәдениетті деуге болмайды» .
М. Әуезов
Сабақ ұстанымы:
Білекке сенген заманда,
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенген заманда,
Қапы қалып жүрмелік!
Тіл жаттықтыру: «Әріптер сөйлейді».
Сұраққа әр оқушы қолындағы әріптен басталатын сөздермен ғана жауап береді. Ұпай саналмайды. Қолымыздағы әріптерден басталатын сөздермен ғана жауап береміз.
Атың кім?
Қай мектепте оқисың?
Досыңыздың аты кім?
Бос уақытында не істейсің?
Қонақтарға тілек айтыңыз.
Қай жерде тудыңыз?
Мерекеде анаңызға не сыйлайсыз?
Қандай мамандық иесі болғыңыз келеді?
Сәттілік тілейміз!
Сайыстың бөлімдері:
«Мың бір мақал...»
Мақал-мәтелдерді жалғастыру
«Қазақшамыз қалай?» (Берілген суреттерді басқаларға түсіндір)
Тұрақты тіркестер
«Мықты болсаң, тауып көр»
«Ұшқыр ой»
«Ойлан тап»
«Сиқырлы сандық»
Сайыстың барысы:
«Мың бір мақал»
Құрамында төмендегідей сөздері бар мақал -мәтелдерді айта білу керек.
Мысалы: Аға, білім, ана, жақсы, ұстаз, тіл, ұят,алтын т.б. яғни осы сөздермен мақал – мәтелдер айтамыз.
Мақал – мәтелдерді жалғастыру
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
(Алтау ала болса, ауыздағы кетеді)
Жақсының аты өлмейді,
(Ғалымның хаты өлмейді).
Досы көпті жау алмайды,
(Ақылы көпті дау алмайды).
Күйеу жүз жылдық...
(Құда мың жылдық ).
Киіміне қарап қарсы алады,
(Ақылына қарап шығарып салады).
Қайта шапқан жау жаман,
(Қайтып келген қыз жаман).
Сөз сүйектен өтеді,
(Таяқ еттен өтеді).
Мал аласы сыртында,
(Адам аласы ішінде).
Жаңбырменен жер көгерер,
(Батаменен ел көгерер).
Жаяудың шаңы шықпас,
(Жалғыздың үні шықпас).
«Қазақшамыз қалай?» Суреттерді түсіндір
«Тұрақты тіркестер» .
Сайыс шарты:
Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын бір ауыз сөзбен айта біліңіз. Мысалы: Инемен құдық қазғандай –
«Қиын», «ауыр» деген мағынаны білдіреді.
Ана сүті аузынан кетпеген ............ жас
Тақиясын көкке лақтыру .................. қуану
Мұрнын шүйірді .............................. менсінбеді
Иығы түсіп кетті ............................... көңілсіз, үнжырғасы түсіп кету
Жағасын ұстады ............................. таң қалды
Шөп басын сындырмау .......... түк істемеу
Ауызға үріп салғандай ............... өте әдемі
Тонның ішкі бауындай ........... тату достар
Ішкен асы бойына дарымау ....... алаңдау, қайғыру
«Мықты болсаң тауып көр»
Ит |
Жер
|
жауабы: ит өлген жер мағ: Алыс, ұзақ қашық |
Мысық |
||
Қасқыр |
||
Түлкі |
2.
Туысқан |
Қоңыр қаз |
жауабы: Ағайынды қоңыр қаз. мағ: қатар — құрбы замандас адамдар туралы айтылады |
Ағайынды |
||
Немере |
||
Көрші |
3.
Бас |
Суытты
|
жауабы: аяқ суытты. мағ: біраз демалды, тынықты |
Қол |
||
Аяқ |
||
Мойын |
5.
Аспан |
Қаптырды |
жауабы: жер қаптырды мағ: алдап соқты «қап» дегізді. |
Өзен |
||
Жер |
||
Тау |
6.
Сауысқан |
Адым |
жауабы: қарға адым мағ: халықтық өлшем өте жақын деген мағынада |
Торғай |
||
Шымшық |
||
Қарға |
7
Қырық |
шілде
|
жауабы: қырық күн шілде мағ: сарша тамыз. жаздың нағыз ыстық кезі. |
Отыз |
||
Елу |
||
Жиырма |
6. «Ұшқыр
ой»
Қазақ
тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез,
жылдам, нақты жауап беру керек.
1.
Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы
бөлігі. (түбір)
2.
Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас
әріппен)
3.
Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4.
«Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап
береді? (нешінші?)
5.
Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата.
(сұлу, көркем)
6.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
қалай аталады? (жалғау)
7.
Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?
(2: жуан, жіңішке)
8.
Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін
сөз табы қалай аталады? (етістік)
9.
Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша
қалай аталады? (жұрнақ)
10.
Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер,
қаһарман)
11.
Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші
әріппен)
12.
Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата.
(биік)
7. «Ойлан,
тап»
Тапсырмалар
1.
Сөз ойла, тез ойла!
Қалай
қарай оқыса да, бірдей мағына сөздер
жазуларың тиіс.
Мысалы:
қазақ, қырық, шыбыш, қалақ, шалаш, ана,
ата, ала,ауа т. б.
2.
Қос сөздердің құрамындағы әріптердің
орнын өзгерту арқылы басқа қос сөз
құрастырып жаз.
Сарт
- сұрт, сып - сып, ылп – ылп, қыт – қыт,
сыр – сыр, қарш - құрш.
(тарс
– тұрс, пыс - пыс, лып - лып, тық - тық, ырс
- ырс, шарқ - шұрқ)
8.«Сиқырлы
сандық»
«Естімеген
елде көп» логикалық тапсырмалар
1.
Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды?
(бос)
2.
Жұмылған көзбен не көруге болады?
(түс)
3.
Шайды қай қолмен араластырған дұрыс?
(қасықпен)
4.
Боранда тауық болады ма? (тау ық болады)
5.
Бірін – бірі көрмейтін көрегендер не?
(көз)
6.
Еститін, бірақ көрмейтін не? (құлақ)
7.
Иісшіл егіздер не? (мұрын)
8.
Қандай тілдер болады?
(ҚАЗАҚ
ТІЛІ, САҒАТ ТІЛІ, ӨТКІР ТІЛ, АНА ТІЛІ,
ШЕТ ТІЛІ, АЩЫ ТІЛ, КӨРКЕМ ТІЛ, БАЛА ТІЛІ,
БУЫНСЫЗ ТІЛ)
9.
Көздің тілімізде кездесетін бірнеше
түрі бар. Осы көз түрлерін тауып
жаз
(күннің
көзі, су көзі, ақпарат көзі, білім көзі
т. б)
Сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген