Интеллектуалдық ойын "Болашақ дизайнер маманы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интеллектуалдық ойын "Болашақ дизайнер маманы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дизайн мамандығы студенттерімен "Болашақ дизайнер маманы" тақырыбында интеллектуалдық ойын өттік. Ойында киімді ұлттық дресс код арқылы модельдеп, болашақ дизайн мамандарының бойында бәсекеге қабілеттілікті арттыру көзделді. Осылайша студенттердің бойында рухани мәдениетті интеллектуалды ойын арқылы жаңғырту мақсаты орындалды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шымкент қалалық білім басқармасы

М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі




Бекітемін

Директордың оқу-әдістемелік

ісі жөніндегі орынбасары

_________ Қ.И.Сындаркулова

«____»_______ 2021 ж.





Интеллектуалдық ойын


Тақырыбы: «Болашақ дизайнер маманы»






Мамандығы: 0402000 «Дизайн (Киім дизайны

Біліктілігі: 040201 3 «Дизайнер (Киім дизайны

Курс: 2

Тобы: ДК 20-1


Оқытушы: Баймурза А.А.













Шымкент 2021 ж.

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН

«Болашақ дизайнер маманы»


Мақсаты: 

1. Ұлттық дресс код арқылы болашақ дизайн мамандарының бәсекеге қабілетін арттыру.

2. Студенттердің білімдерін кеңейту, білім деңгейін,

шығармашылық ізденісін байқау.

3.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.


Көрнекі құралдар: интерактиві тақта, суреттер, эскиздер, құрал-саймандар.

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.


Іс-шараның барысы.

 Ойынға қатысушылармен танысу.

—  Құрметті мұғалімдер, студенттер! Бұл ойын «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан!» атты апталығына арналған іс-шара болып табылады. Студенттер өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетеді деген үмітпен, байқауымызға қош келіпсіздер! Біздің колледж студенттері арасында «Болашақ дизайнер маманы» деген интеллектуалдық ойынды өткізуге рұқсат етіңіздер.

—  Ең алдымен, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік. Дизайн мамандығының ДК 20-1 тобы студенттері

1-ші қатысушы – Қалдыбай Арай

2-ші қатысушы – Азимбек Амина

3-ші қатысушы – Абдумажит Аяулым

4-ші қатысушы – Тасболат Ақару

5-ші қатысушы – Еркін Жаңылсын

6-шы қатысушы – Усайын Шынар

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

1. Колледж директоры – Алтыбаева Маржан Мутталбековна

2. Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Сындаркулова Карлыгаш Ергебаевна

3. Техникалық гуманитарлық бөлімі меңгерушісі – Абдиханова Акзерек Аширалиевна

4. Арнайы пәндер ПЦК төрайымы – Алибаева Жайна Советбековна

5. Тігін мамандығының арнайы пәндер оқытушысы – Сансызбай Әсем Ерланқызы

Сонымен қатар, біздің ойында студенттерге ұпайларды беру үшін, әділ қазыларға бақылау парағын ұсынамыз.

Әділ қазылар қатысушыларға ұпай санын бағалау парағына әр кезеңде қойып отырасыздар.


Қосымша №1

Кіріспе сөз.


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: білім беру мекемелеріндегі болашақ мамандардың «Халықаралық деңгейде бәскегеге қабіттілігін», «Ұлттық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін», қалыптастыру мәселесі көзделген . Осыған орай білікті маман даярлау барысында студенттердің бойында бәсекеге қабілетін қалыптастыру бірнеше пәндерді игеру арқылы жүзеге асады. Яғни бүгінгі біздің ойынымыздың әр кезеңі студенттердің колледжде игеріп жатқан пәндері болып табылады. Бұл интеллектуалдық ойында студенттердің білім деңгейін айқындап, олардың бойында ұлттық мәдениетті жаңғырту міндеті тұр.


Бүгінгі біздің интеллектуалды ойын 3 кезеңнен тұрады:

I кезең – «Костюм композициясы»

II кезең – «Ұлттық киім тарихы»

III кезең – «Сәндік сурет»

1 кезең Костюм композициясында студенттерге тізбек бойынша жалпы 18 сұрақ қойылады, таяқшаны бірінші көтерген студент сұраққа бірінші жауап береді. Жауап бере алмаса, таяқшаны екінші көтерген студент жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан есептеледі. Осылайша кім жүйрік, сол қатысушы өзіне көп ұпай ала алады.

2 кезең «Ұлттық киім тарихы» кезеңінде студенттерге ұлттық киімдердің суреттері көрсетіледі. Студент берілген сурет бойынша ұлттық киімді сипаттап беруі қажет. Әр толық жауапқа 10 ұпай. Қосымша №2.

3 кезең «Сәндік сурет» студенттерге өтілген кезеңдер бойынша білімдерін шоғырландырып, ұлттық дресс код орнаменттерін қолдана отыра заманауи талапқа сай, сұранысқа ие бола алатын киім моделін үлгілейді. Модельді үлгілеу және оны қорғап беру 15 пен 25 ұпай аралығында бағаланады.


Ал енді, бірінші кезеңді бастайық.

I кезең – «Костюм композициясы»


Сұрақтар.

1. «Композиция» сөзінің мағынасы?

2. Композицияның негізгі заңының қағидаларын айтып бер.

3. Қарама қайшылық дегеніміз не?

4. Нюанс дегеніміз не?

5. Көркемдік пішін дегеніміз не?

6. Симметрия дегеніміз не?

7. Асимметрия дегеніміз не?

8. Пропорция дегеніміз не?

9. Түстердің түрлері

10. Жылы және суық түстерді атап бер.

11. Силуэт дегеніміз не?

12. Дөнес силуэтті сипаттап бер

13. Тік силуэтті сипаттап бер

14. Костюм пішінін жобалау жағдайларын атап бер

15. Тепе теңдік дегеніміз не?

16. Ырғақ дегеніміз не?

17. Сәндік безендіру түрлерін атап бер

18. Костюм пішінінің қасиеттерін ата.


II кезең – «Ұлттық киім тарихы»

Осы кезеңде, сіздердің назарларыңызға ұлттық киімдердің суреттері көрсетіледі. Студент берілген үлгіге сипаттама жасауы қажет. Әр толық жауапқа 10 ұпай


Келесі кезеңіміз III – «Сәндік сурет»

Сонымен, қатысушылар, өтілген кезеңдер бойынша білімдеріңізді шоғырландырып, ұлттық дресс код орнаменттерін қолдана отыра заманауи талапқа сай, сұранысқа ие бола алатын киім моделін үлгілеп көрсетесіздер. Сіздерге берілетін уақыт 20 минут. Модельді үлгілеу және оны қорғап беру 15 пен 25 ұпай аралығында бағаланады.

 —————————————— 


Рефлексия. Студенттермен кері байланыс жасау. Әр кезеңге байланысты сұрақтар қойып пікір алмасу.



Қорытынды. Сөз әділқазы алқасына беріледі. Әділ қазылар бір шешімге келіп, өз ұпайларын студенттерге тағайындайды.


«Арнайы пәндер» ПЦК

мәжілісінде қаралды.

___ хаттама «___» _______ 2021 ж.

ПЦК төрайымы:

__________ Алибаева Ж.С.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2022
965
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі