400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интеллектуалдық ойын-сабақ «Мектепландияға саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге, жаңа тәсілдермен ашық сабақты мұғалімдерге көрсетіп өткізуге болады, сабақ қызықты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Интеллектуалдық ойын-сабақ

«Мектепландияға саяхат»


Тәрбиеші: Турсынова К.К.


Міндеттері:

1. Сауат ашу, көркем әдебиет, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұ.о.і.ә. алған білімдерін бекіту. Логика-математикалық білімдерін тиянақтау (геометриялық пішіндер, логикалық тапсырмалар, есептік тапсырмалар, қағаз бен карта бетіндегі кеңістікті бағдарлау)

2. Қызығушылық пен белсенділіктерін дамыту, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Балалардың оқуға деген мотивациясын, ынталарын арттыру. Өзара көмек сезімін, жауапкершілік сезіміне тәбиелеу.

Атрибуттар: Географиялық карта, дүрбі, компас, штурвал, жалаушалар.

Сөздік жұмыс: ұымдарды бекіту «дыбыс», «әріп», «буын», «сөз», «сөйлем», «сан», «математикалық таңбалар», «геометриялық пішіндер».

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: дауысты және дауыссыз дыбыстармен таныстыру, сөздерді буынға бөлу, сөйлеммен жұмыс, сөзге дыбыстық талдау жасау, берілген дыбысқа сөз ойлап табу, сандармен, математикалық таңбалармен, геометриялық пішіндермен таныстыру, кеңістікте бағдарлау.


Сабақтың барысы:

ТӘРБИЕШІ:

  • Балалар мен бүгін қызықты хат тауып алдым, ол хат сендерге арналған екен. Ішінде не жазғанын білгілерің келе ме?

  • «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз осы аралдың тұрғындарымыз, сендердің мектепке барғалы жатыр дегендеріңді естіп, осыған орай сендерді құттықтап әрі түрлі тапсырмалары бар аралдарымызды аралап көріп, өздеріңді нағыз оқушы екендеріңді сезініп, білімдеріңді көрсетсеңдер деген оймен шақырып отырмыз».

ТӘРБИЕШІ: «Ержүрек» деген мақтан тұтарлық атауы бар кемемен білім теңізіне аттанамыз. Капитан, саяхат даярлығы туралы баяндауды сұраймын.

КАПИТАН: біздің команда саяхатқа дайын!

ТӘРБИЕШІ: енді біздің жорықтың маршрутымен таныс болайық (картаға жақындайды). Біз балабақша жағалауында тұрмыз. Біз мына Мектепландия жағалауына жетуіміз керек. Осы картаның маршруты бойынша аралдарды түгел аралап, арал тұрғындарының бізге дайындап қойған тапсырмаларын орындауға тырысамыз.

Картаның сипаттамасы:

Бірінші төменгі жағалау – Мектепке дейінгі балалық шақ елі.

Оң жақ жағалау – Мектепландия. Олардың арасында білім теңізі бар. Теңізде көптеген аралдар бар.

Саяхат бізден жинақылық пен тәртіпті талап етеді. Мен теңізшілерден сұрағым келіп тұрғаны, мүмкін, біреулеріңіз күштерңе сенбей күмандарың бар шығар, жағалауда қалғыларың келе ме? Әліде кеш емес.

КОМАНДА: біз дайынбыз!

ТӘРБИЕШІ: жүзуге шығамыз!

  1. Біз «ӘРІПТЕР» аралына жеттік. Бұл аралдың тұрғындары әріптерді өте қатты жақсы көреді екен. Менің қолымда мынандай конверт бар. Бұл конверттің іші толы тапсырма. Тапсырманы жақсы орындасақ аралдан шыға аламыз, егер де дұрыс орындамасақ артқа қайтуға тура келеді. Сондықтан тапсырманы мұқият тыңдап, қойылған сұраққа толық жауап береміз. Тыныштық сақтап, тәртіпті боламыз.

Қызықты тапсырмалар:

  • Әріп дегеніміз не?

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Алфавитте неше әріп бар?

  • Неше дыбысқа бөлінеді?

  • Неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай айтылады?

  • Неше дауыссыз дыбыс бар? Олар қалай айтылады?

  • Неше әріп дыбыс білдірмейді және қандай?

  • «Жарқыра күн, жарқыра» жаңбыр тамшылары мен бұлттарда жазылған әріптерді дұрыс атап, оларды тақтадан алып тастау керек.

  • «Адасқан әріп» ойыны. Берілген әріптер қатарынан артығын сызып таста.

А Қ Л Ц Ж Х

О Ю У З А Э

Б У В Т Ь І Ә

Балаларды мадақтау.

ТӘРБИЕШІ:

  1. «ЦИФРИКУС» аралы. Бұл аралдың тұрғындары цифрлар мен есеп шығарғанды жақсы көреді екен. Осы аралдың тұрғындары мынандай тапсырмалар дайындап қойыпты.

  • 1-10 тура санау (қазақша, орысша, ағылшынша)

  • 10-1 кері санау

  • Сандардың көршілерін атап жазу.

  • +; - тапсырмасын орындау орындарында.

  • Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырма. Геометриялық фигураларды қайталау. (ұя шығады)

  • Есеп шығару орындарында.

Логикалық ойын

1.Табақта 3 алма,

Қолымда 2 алма.

Қосқанда барлығын

Болады неше алма? 5

2.Тал басында тізіліп,

10 жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті 1-еуі. 9

3.Пісіп тұрған 6 алмұрт,

Қызығатын көрген жұрт.

3 алмұртты бұтақтан,

Алып жеді Мұратхан. 3

Қанша қалды алмұрттан?

4.Алма ағашта 5 алма,

Қандай жақсы жесе алма

Бесеуін де жеп қойсақ,

Қалды неше алма? 0

  1. «СӨЗБҰРШАҚ» аралы. Бұл арал өте ерекше арал. Өйткені бұл аралда сөздерден тұратын әр түрлі көптеген гүлдер өседі екен. Енді бұл аралдың тұрғындары сендерге мынандай тапсырмалар дайындап қойыпты.

  • Сөз неден тұрады?

  • Сөйлем неден тұрады?

  • Сөйлемнің неше түрі бар? Қандай?

Тіл ұстарту жаттығуы:

Са – са – са ызылдайды маса

Сы – сы – сы ауырды әжемнің басы

Қа – қа – қа тапты тауық жұмыртқа

Оқ – оқ – оқ кел допты соқ

Ек – ек – ек гүлге қонды көбелек

  • Тақтада берілген буындарға сөз құрау.

Ал .....

Қа ......

Ас ......

Мек ....

Кі .....

Ша ....

  • Сөздерді буынға бөліп оқу.

А – та, ба – ла, мек –теп, сүт, кі – тап, са – на, ал – ма, Ас – та – на, он.....

  • Мектеп сөзіне 3 түрлі сөйлем құрау, схемасын сызып жазу.

Хабарлы, сұраулы, лепті.

  1. «ҮНСІЗДІК» аралы. Балалар бұл аралда тек үндемей бір дыбысымызды шығармай өтуіміз керек екен. Егер де дыбысымыз шығып қалса тұрғындар ұстап алып жібермейқояды, сондықтан бәріміз көзімізді жұмып жақсы әуен тыңдап өтейік.

Балалар,сендер жақсы жұмыс жасадыңдар, шаршаған боларсыңдар, ендігі шамалап демалып бойымызды жазып алайық!

Сергіту сәті: қимылды би ТСО.


  1. «ЕРТЕГІЛЕР» аралы. Бұл аралға кіргенде бір ертегі әлемінде жүргендей боласың. Бұл аралдардың тұрғындары сондай меірімді жандар.

  • «Бауырсақ»

  • «Мақта қыз бен мысық»

  • «Жеті лақ»

  • «Қызыл телпек»

  • Осы ертегілердің кейіпкерлерін тауып қою.


  1. «АҚЫЛДЫЛАР» аралы. Бұл аралдың тұрғындары өте ақылды. Олардың қойған сұрағына тез ойланып жауап беру керек.

  • Логикалық сұрақтар

  • Үйге кіргенде не ашылады?

  • Бәйшешек қай мезгілде гүлдейді?

  • Ұйықтаған кезде не көреміз?

  • Аспанда неше ай бар?

  • Бір қолда неше саусақ?

  • Екі қолда неше саусақ?

  • Адамда мұрын нешеу?

  • Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

  • Дөңгелектің неше бұрышы бар?

  • 1 аптада неше күн бар?

  • Қоян жүйрік пе,әлде тасбақа жүйрік пе?

  • Доп ауыр ма, мақта ауыр ма?

  • Уақытты немен өлшейді?

  • Неше жыл мезгілі бар?

  • Керіктің бойы биік пе,кірпінің бойы биік пе?

  1. «ЖАНДЫ ӘЛЕМ» аралы. Бұл аралдың әлемі өзгеше. Бұл аралда жансыз зат жоқ.

  • Үй жануарларының төлдерін сәйкестендіру.

  • Жыл мезгілдерінің суреттерін құрау, атау.


  1. «СИҚЫРЛЫ ЕСІК» жабық. Оны ашу үшін тақпақ айту керек. Өздерің білетін тақпақты әдемі мәнерлеп айтып берсеңдер, есік өзі ашылады.

  • Тақпақтар айту.


Жарайсыңдар, барлық аралдың тапсырмаларын жақсы орындап, міне Мектепландия жағасына да жеттік.


Қорытындылау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі