С. Лапин атындағы
№261 орта мектеп
Интеллектуалдық
ойын
Тақырыбы: «Тапқыр
информатик»
Сыныбы:
5
Пән
мұғалімдері:Шобдарова Күлайша
Қуандықова
Айгерім
Қызылорда, 2018
жыл
«Тапқыр информатик»
сайысы
Мақсаты:
1. Оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен
салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста
көрсете білуге үйрету.
2. Оқушылардың тез
ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
3. Оқушыларды өзін
еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді
жұмсауға баулу.
Сабақтың
түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс
сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта, Activ
Inspire тапсырмалары.
Қатысушылар: 5 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті
ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Тапқыр
информатик» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.
Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды
қошеметпен ортаға шақырайық. Оқушыларды екі тоқа
бөлу. 1-топ «Интернет», 2-топ
«Ақпарат».
Бүгінгі сайысымыз 7 кезеннең тұрады. Сайыс барысымен
таныстырамыз (Слайд шоу)
Сайыс
кезеңдері.
1-кезең.
“Таныстыру”
2-кезең.
“Бәйге!”
3-кезең.
“Полиглот”
4-кезең. “Адасқан
әріптер”
5-кезең. “Ойлан,
тап!”
6-кезең. “Ғажайып
сурет”
7-кезең.
“Байқағыштығыңды байқат!”
Көрермен жиналған бұл тамашаға ,
Құр қарап жай отыру
жараса ма?
Туыс, досқа,
сыныптас, танысқа емес
Соқ қолынды,
білімді жас талантқа,-дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» кезенің
бастаймыз.
I-кезең.
Таныстыру (5 ұпай)
Әр топ басшысы өз
тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы
қояды.
2 - кезең.
”Бәйге” . Бұл кезеңде әр топқа 12 сұрақ және 2 минут уақыт
беріледі. Әр топ өз сұрақтарына жауап береді. Әр сұрақтың бағалануы
– 5 ұпай.
«Интернет» тобының сұрақтары
-
1 байт неше биттен
тұрады? 8
-
Ақпараттық
процестер? сақтау, алмасу, өңдеу
-
Компьютердің ең
негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта,
монитор
-
Егер бұл пернені
бір рет басса бас әріптер
енгізіледі Caps Lock
-
Ақпаратты қағазға
басып шығаратын құрылғы принтер
-
Бірінші электронды
есептеуіш машина қай жылы жасалды 1946
жылы
-
Процессорды басқа
құрылғылармен жалғастыратын кабель шина
-
Ақпаратты белгілі
бір алфавит арқылы құпиялап жазу кодтау
-
Жыпылықтап
тұратын тік сызықша меңзер
-
Адам немесе құрылғы
ақпарат қабылдайтын физикалық
процесс сигнал
-
Windows - тің
негізгі экраны жұмыс үстелі
-
Деректерді сақтауға
арналған құрылғы жады
«Ақпарат»
тобының сұрақтары:
-
Экранның төменгі
жағындағы жіңішке жолақ қалып күй
жолы
-
Windows сөзінің
қазақша аудармасы терезе
-
Экранда
жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ терезе
-
Нақты бір файлды
көрсететін арнайы белгішелер таңбашалар
-
Жою
пернесі Delete
-
Компьютерден
өшірілген құжаттар сақталады корзина
-
Ауқымды желіге
қосылу үшін қажет құрылғы модем
-
Принтер
құрылғысының түрлері лазерлік, матрицалық,
бүріккіш
-
Компьютер жанына
қойылатын өсімдік кактус
-
Компьютердің барлық
мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар
жүйесі операциялық жүйе
-
Алғашқы есептеу
құрылғысы /саусақ/
-
Бүкіл әлемдік
желі /интернет/
3-кезең.
Полиглот . Бұл кезеңде оқушыларға сұрақ қойылады.
Оқушылар сұрақтың жауабын 3 тілде жауап беру қажет (қазақша,
орысша, ағылшынша). (5,10,15 ұпай)
1-топ.
Интернет
1) ...кеме
білім теңіз?/мектеп, школа, school/
2) Өнер алды
қызыл .../тіл, язык, landuade/
3) Жақтаулармен
шектелген төрт бұрышты аймақ?/терезе, окно,
Windows/
4) Қандай
команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін
аламыз?/көшіру, копировать,copy/
2-топ.
Ақпарат
1) Графиктік
курсорды басқаруды жеңілдетін құрылғы?/тышқан, мышка,
mouse/
2) Әр түрлі
обьектілер орналасқан Windows
экраны? /жұмыс үстелі, рабочий область, Work
table/
3) Сурет салу
қаламы?/қарындаш, карандаш, pencil/
4) Батырманы енгізу
құрылғысы?/пернетақта, клавиатура,
keyboard/
4-кезең «Адасқан
әріптер». Бұл кезеңде әріптерді өз орнына қою керек.(5
ұпай)
Мәңгі бақи есте
қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.
5-кезең «Ойлан,
тап!» Төменде тапсырмалар берілген. Әр топқа 9 сұрақтан
беріледі. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске,
жауаптарың қате болса қызыл түске боялады. (әр дұрыс жауапқа 5
ұпайдан).
Айналайын алға
ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
6-кезең.
“Ғажайып сурет”. Бұл кезеңде компьютер құрылғыларының суреттері
көрсетіледі, құрылғылардың атауын және атқаратын қызметін айту
қажет. (5,10 ұпай).
7-кезең.
“Байқағыштығыңды байқат!”.Бұл кезеңде берілген
суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың
айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең
жоғарғы баға – 10 ұпай.
Жетпесіне
жеткізген,
Қызықты уақыт
өткізген.
Бар ғылымды
сыйдырып,
Білетіні көп
бізден
Жаңалықтың
жаршысы
Жұртты елең
еткізген
Информатикаға-мың
алғыс-деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.
Қорытындылау!
Жүрекке адалдықтың
ескен гүлін
Ғажайып келешектің
төккен үнін
Ардақты ұстаздарға
шын көңілден
Жолдаймыз біз алғыс
бүгін
Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау
болыңыздар!!!