Интеллектуалдық сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интеллектуалдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
іс-тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кім білгір» зияткерлік сайысы

Тақырыбы: «Ұшқыр ой мен шешен тіл»

Мақсаты:  Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте

сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа

даярлаған үстел, интерактивті тақта.                                                                    

Түрі: топтық аралас                                                                                                                 

Қатысатын сыныбы: 2,3,4 сынып

Сабақтың әдісі: сайысу, топпен жұмыс, дәлелдеу, ойлау, жапсырмалау, жүйелі сөйлеу.


Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)

Мақсатымыз:

Топпен шешім таба білу;

Жауабымызды әрі толық, дұрыс нақты шешендікпен дәлелдеу.

Шапшаң ойлап, тез жауап беру.

Түрлі тапсырмаларды түсініп, ереже бойынша орындау;

Логикалық тапсырмаларды тереңнен ойлау;

Бір-бірімізге сыйластықпен қарау;

Топтың ұйымшылдығын көрсету;

Бәріміз де қатысуға тырысу;


2.Кіріспе бөлім.                                                                                                                     

Армысыздар, егеменді елдің ерікті ұл-қыздары мен шәкірті үшін жаны бөлек, арманы бір ұстаздар және қадірлі қонақтар!                                              

Ал келіңдер, келіңдер,                                                                                                            

Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады - дей отырып, «
Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар – 

  1. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі: Түсіпбаева Сәлия Жөгібайқызы.

  2. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Мұқанова Райхан Тұрарқызы

  3. Орыс тілі пәні мұғалімі: Бердибекова Мира Серіқызы

Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.   Оқушылар 3 топқа бөлінеді. 

Олай болса,

Нұр жаусын, таудай болса талаптарың,

Білсемде талай кітап парақтарың.

Сынайтын қиын сұрақ қойылса да,

Дәл және айқын болсын жауаптарың, деп сіздерді сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интелектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді.

Ойынға 3топ қатысады. Ойын 8 айналымнан тұрады.




1 айналым - Таныстыру

2 айналым -"Сұрақ бізден-жауап сізден» әдебиеттік оқу пәнінен

3 айналым -«Қанатты сөз қазына»

4 айналым -"Айшықты сөздер"                                                                                                                  

5 айналым -"Ойлан тап "

6 айналым -“Артығын тап” ойыны

7 айналым- «Құпия сандық»


Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың

1 - бөлімін бастаймыз.


І – айналым: Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранын, сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 7 оқушыдан қатысады)

1-топ:  «Сұңқар» тобы

Ұраны:  «Сұңқарлар» алға                                                                                         

Қарсыластан қалма                                                                                                      

Батылдыққа баста                                                                                                  

Жарыстардан қашпа

2-топ: «Тұлпар» тобы

Ұраны:  Асау тұлпар желдей ескен арыңды

Оқу менен еңбекке сал барыңды.


3-топ: « Болашақ» тобы

Ұраны: Болашақтың ұл-қызымыз

Көркейтеміз елді біз.

ІІ – айналым: «Сұрақ бізден- жауап сізден»

Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік,

Сөз кезегін қазақ тілі,әдебиетке берелік

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жауаптарын көрелік

Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.



1-топ  «Сұңқар » тобына                                                                                      

1. Ұлыстыңұлы күні қай күн? (22 наурыз)                                                                           

2. Төрт жыл мезгілдеріне байланысты өлең жазған ақын? (Абай)                                 

3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

4. Төрт түлікті ата                                                    

5. Сын есім дегеніміз не?

6. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?



2-топ  «Тұлпар» тобына

1. Ұлы жүздің биі кім? (Төле би)                                                                         

2. Әлемге әйгілі қазақтың палуанының есімі кім?( Қажымұқан Мұңайтпасов)

3. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

4. Ыбырай Алтынсариннің қандай өлеңін білесіңдер?

5. Зат есім дегеніміз не?

6. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

3-топ «Болашақ» тобына

1.«Үш бақытым» авторы кім?

2.Тәуелсіздік күні қашан тойланады

3. Рәміздерді ата? (ту,елтаңба,ән ұран)

4. Тұнғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынов)

5. Сөйлем дегеніміз не?

6.Дауысты дыбыстарды ата?


Әділқазылардың берген ұпай саны.


3 айналым -«Қанатты сөз қазына»                                                                                                 

Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай.

Білімдіден шыққан кез,                                                                                              

Талаптыға болсын тез.                                                                                                    

Нұрын, сырын білуге,                                                                                                      

Көкірегінде болсын көз-дей келе келесі бөлімге кезек берсек. Топ басшылары келіп мына қағаздан  мақал тақырыптарын таңдайды.Таңдаған тақырыптарына байланысты 4 мақал айтады.                                                                

Еңбек туралы 4 мақал.                                                                                                      

Отан, туған жер туралы 4 мақал.                                                                                          

Оқу, білім туралы 4 мақал.                                                                                                     

Әділқазылардың берген ұпай саны.


4 айналым «Айшықты сөздер» бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сіздер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларыныз керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады..

Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

1-топ. 

Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды. (мысық, кошка, cat)


Әттен, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап, книга, book)


2-топ. 

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл. «ұстаз, учитель, teacher)
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі
. (қарындаш, карандаш, pansl)

3-топ

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы
. (мектеп, школа, скулл)

Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік, дверь.)

Әділқазылардың берген ұпай саны.


5 айналым -"Ойлан тап»  Бұл кезенде ұлы ақын-жазушыларымыздың өлеңдерінен үзінді беріледі.

Әр топ берілген үзіндіні оқып , өлеңің атын, авторын табады.   

Әрбір дұрыс жауап  5 ұпай.

1-топ.   

Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған. (Ы.Алтынсарин «Кел балалар оқылық»)
                                     

2-топ.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң -
қыс келіп, әлек салды. (А.Құнанбаев «Қыс»


3-топ.

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды
. (Ы.Алтынсарин «Өнер- білім бар жұрттар»)

  1. айналым –«Артығын тап» ойыны

1-топ


2-топ


3-топ


Әр топтан  2 оқушы жаттаған өлеңдерін мәнерлеп  айтады.  Әрбір мәнерлеп айтылған өлеңге 5 ұпай беріледі.

Әділқазылардың берген ұпай саны.


7-айналым- «Тапқыр топ » бұл айналымда үш топ сөздерге тиісті әріптерді қойып шығады.


1-топ Күр....ктер, Талдық.....рған, қауынд....р, қобызш...., бал....лар, к....гершін, т...йе, қ....дық, ө....ік, қ....с, қыр....ан, ж.....мыс, к.....кек, ой...ншық, т....сбақа, С....рыарқа.


2-топ Күр....ктер, Талдық.....рған, қауынд....р, қобызш...., бал....лар, к....гершін, т...йе, қ....дық, ө....ік, қ....с, қыр....ан, ж.....мыс, к.....кек, ой...ншық, т....сбақа, С....рыарқа.


3-топ топ Күр....ктер, Талдық.....рған, қауынд....р, қобызш...., бал....лар, к....гершін, т...йе, қ....дық, ө....ік, қ....с, қыр....ан, ж.....мыс, к.....кек, ой...ншық, т....сбақа, С....рыарқа.


Әділқазылардың берген ұпай саны.

Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. –
деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
Жеңімпаздарға марапаттау айтылады.










































































Тиісті әріптерді қой

1-топ Күр....ктер, Талдық.....рған, қауынд....р, қобызш...., бал....лар, к....гершін, т...йе, қ....дық, ө....ік, қ....с, қыр....ан, ж.....мыс, к.....кек, ой...ншық, т....сбақа, С....рыарқа.


Тиісті әріптерді қой

2-топ Күр....ктер, Талдық.....рған, қауынд....р, қобызш...., бал....лар, к....гершін, т...йе, қ....дық, ө....ік, қ....с, қыр....ан, ж.....мыс, к.....кек, ой...ншық, т....сбақа, С....рыарқа.


Тиісті әріптерді қой

3-топ топ Күр....ктер, Талдық.....рған, қауынд....р, қобызш...., бал....лар, к....гершін, т...йе, қ....дық, ө....ік, қ....с, қыр....ан, ж.....мыс, к.....кек, ой...ншық, т....сбақа, С....рыарқа.












































Еңбек туралы 4 мақал.



Отан, туған жер туралы 4 мақал.



Оқу, білім туралы 4 мақал.



1-топ. 

Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.


Әттен, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп.



2-топ. 

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.

Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі
.



3-топ

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы
.

Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.









































1-топ  «Сұңқар » тобына                                                                                      

1. Ұлыстыңұлы күні қай күн? (22 наурыз)                                                                           

2. Төрт жыл мезгілдеріне байланысты өлең жазған ақын? (Абай)                                 

3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

4. Төрт түлікті ата                                                    

5. Сын есім дегеніміз не?

6. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?





2-топ  «Тұлпар» тобына

1. Ұлы жүздің биі кім? (Төле би)                                                                         

2. Әлемге әйгілі қазақтың палуанының есімі кім?( Қажымұқан Мұңайтпасов)

3. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

4. Ыбырай Алтынсариннің қандай өлеңін білесіңдер?

5. Зат есім дегеніміз не?

6. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?





3-топ «Болашақ» тобына

1.«Үш бақытым» авторы кім?

2.Тәуелсіздік күні қашан тойланады

3. Рәміздерді ата? (ту,елтаңба,ән ұран)

4. Тұнғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынов)

5. Сөйлем дегеніміз не?

6.Дауысты дыбыстарды ата?









































1-топ. Топтың аты- «Сұнқар»

Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.





2-топ. Топтың аты-«Тұлпар»

Ұранымыз:Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.




3-топ: Топтың аты- « Болашақ»

Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз,

Көркейтеміз елді біз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2019
1223
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі