15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Интеллектуалдық сайыс "Білім биржасы"
«Бекітілді»
колледж директорының оқу
ісі жөніндегі орынбасары
___________Г.З.Абилхайрова
«____»______________2017 ж.
«Ақыл-ой империясы» интеллектуалдық сайысына
Мақсаты:
Білімділік студенттердің алған білімдерін, игерген қабілеттерін қолдана отырып қорытындылау.
Тәрбиелік таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын ояту, эмоцияларын басқаруға, тұлға ретінде өзін өзі дамытуға тәрбиелеу.
Дамытушылық студенттердің шығармашылық, экономикалық ойлау қабілеттрін дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой жинақтау, танымдық ойлау
Сабақ түрі: сайыс сабағы
Пәнаралық байланыс: Экономикалық теория негіздері, АҚН (ақша, қаржы, несие), дене шынықтыру және спорт, құқықтану
Көрнекілік: интерактивті тақта,
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
II Негізгі бөлім
Мұғалім: Қайырлы күн құрметті әріптестер, студенттер және ойынға қатысушылар! «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.Сондықтан да бүгінгі мамандықтар арасында өтіп жатқан
«Ақыл-ой
империясы» интеллектуалдық сайысына
қош келіпсіздер!
Сайыскерлерді
ортаға шақырайық
І топ ________________
тобы
ІІ топ ________________ тобы
III
топ ________________ тобы
Баға берер топтарға
,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға
.
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді
таңдап бүгін алуға.
Бүгін білім
сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын
таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. _____________________________________
2. _____________________________________
3. _____________________________________
Сайыс бірінен соң бірі турлар бойынша жүргізіліп отырылады.
Сайыскерлер өз империясының намысын мынадай шарттар бойынша қорғауға тырысады:
І тур . Сәлемдесу
Төрешілердің бағалауы (10 балл )
II тур – «Мамандық тарихы» (ЕжА, ДТжС, Құқықтану) (5 балл)
Бұл турда әр топқа 3сұрақ қойылады, команда жауап бере алмаған жағдайда кезек қарсыластарға беріледі. Егерде қарсыластардан да дұрыс жауап алынбаған жағдайда ұпай өз еңшімізде қалады.
III тур – «Полиглот» (5 балл)
Топқа бірінен соң бірі жұмбақ пен мақал - мәтелдер жасырылады. Жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілінде беру керек.
IV тур – «Білгірлер» (5 балл)
Бұл турда әр топқа 5 тапсырма беріледі, экранда бейнеленген фотобейнелерді табу керек
V тур – «Капитандар сайысы» (1 балл)
Бұл турда әр топ капитанына 1 минут ішінде 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Мұғалім:
Сайысқа келіп отырған студенттерімізге
сәттілік тілеп, әр топ жүлделі орыннан
көрінсін деген тілекпен, сайысымызды
бастауға рұқсат етіңіздер.
Мұғалім:
І
тур . Сәлемдесу.
«Сәлем
– сөздің анасы» демекші таныстыру
кезеңі.
Әр
топ өз командасының атымен девизімен
таныстырады. Төрешілердің бағалауы
(10 балл )
Мұғалім: Келесі кезекте сайысымыздың II туры – «Мамандық тарихы» (ЕжА, ДТжС, Құқықтану) (5 балл). Бұл турда әр топқа 3 сұрақ қойылады, команда жауап бере алмаған жағдайда кезек қарсыластарға беріледі. Егерде қарсыластардан да дұрыс жауап алынбаған жағдайда ұпай өз еңшімізде қалады.
ДТжС |
ЕжА |
Құқықтану |
1. Жүгіру, диск лақтыру, крокет пен поло ойындары қай елде ойлап табылған? Ежелгі Грекия |
1. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол неше тарау, бөлім, баптан тұрады? Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. |
1. Алғашқы сауда операцияларында балауыз кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент (май мен ылғал өткізбейтін жылтыр қағаз), папирус қолданғандар? Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим |
2. Ең алғаш бухгалтер атағын алған кім? Христофор Штехер |
2. Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.? Жақсылық Үшкемпіров |
2.Латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы? Конституция, Ата Заң |
3. Өз биліктері тұсында мемлекетті нығайтатын ірі-ірі заңдар қабылдаған ұлы тұлғалар? |
3.
Ең
алғаш «Экономика» терминін еңгізген
философ? |
өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.? Бекзат Саттарханов |
Мұғалім:
Жарайсыңдар
Осымен ІI тур аяқталды
Келді кезек
«Полиглот» шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде.
Қазақ, орыс, ағылшынды
білсеңіз,
Жақсы
баға шәкірт саған несібе.
III тур – «Полиглот» (5 балл). Топқа бірінен соң бірі жұмбақ пен мақал мәтелдер жасырылады. Жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілінде беру керек.
ДТжС |
ЕжА |
Құқықтану |
1.
Табанға
қанжар байладым, Коньки – сырғанақ - skates |
1.
Тепсең-ақ
секіріп, Доп – мяч - ball |
1. Менделеев кемеңгерім Өз орнымды белгілепті. Мені қымбат демеңдер тым, Заттың нарқын ел біледі Алтын – Золото - Gold |
2. Ұрлық түбі – қорлық Ұрлық – воровство - theft
|
2. Сегіз оннан құралған сексен сегіз, Арасында төрт-төрттен екі сегіз. Кейде жиып кетеді,кейде тосып,
Шешесіз
ақылға сап тексерсеңіз. |
2. Денсаулық – зор байлық. Денсаулық – здоровье - health |
3. Түсі қара, сұйық зат Тереңде жатады. Қазсаң атқылайды Жақсаң жанады Пайдаға жарайды Мұнай – нефть - oil |
3. Әділ істің арты – игі. Әділ – справедливость - justice
|
3. Кейде қатты тас тілген болаттан да, Кейде жұмсақ қолға алсаң қалады таңба. Барма элемент табиғатта, Аташы тағы ойланып, ұзақ таңға? Алмаз - diamond |
4. Спорт – деңсаулық кепілі Спорт – спорт - sport
|
4. Әлемнің тынысы Байлықтың белгісі Валюта - currency
|
4. Қайқы тұмсық қос табан, Қос таяқпен ұштаған. Итерсең алға заулайды, Шойын жолдан аумайды. Шаңғы - лыжи – skiing |
5. Әділ би – алтын таразы. Таразы – весы - scales |
5.
Тазалық
-
саулық негізі, Тазалық – чистота - purity |
5.
Адамды
алдау — Қылмыс – преступление - crime |
Мұғалім: Көрермен
жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас,танысқа
емес,
Соқ қолыңды
білгірлер мен талаптыға
IV тур – «Білгірлер» (5 балл). Бұл турда әр топқа 5 тапсырма беріледі, экранда бейнеленген фотобейнелерді табу керек. Команда жауап бере алмаған жағдайда, мұғалімнің қарсыластар деген сөзінен кейін, қарсыластар жауап бере алады.
ДТжС |
ЕжА |
Құқықтану |
1. Ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен американдық кәсіби боксшы. Жыл боксшысы атағына 5 рет ие болған бүгінге дейінгі жалғыз спортшы болып табылады. Мұхаммед Әли |
|
1.
«Есім ханның ескі
жолын» жетілдіріп, «Жеті жарғы» заңдар
жинағын жарыққа шығарған қазақ ханы
|
2. Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы.Алматы қаласының орталық стадионы клубтың базасы болып табылады Қайрат |
|
2. Көзін таңғышпен таңып (алаламаушылық белгісі), бір қолына таразы, екінші қолына семсер ұстап суреттелген әділ соттың құдай анасы. Фемида |
3. Рио-де-Жанейро қаласындағы дүниежүзіндегі ең үлкен муниципалдық футбол стадионы. 1950 жылы әлем чемпионатын өткізу үшін әдейі салынған. Сыйымдылығы 155000 адамдық орын. Маракана |
|
3. Жер және табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін құқықтық институтар мен нормаларды қамтитын заңнама саласы Жер заңнамасы |
4. Беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын Геннадий Головкин |
|
4. Қазақстан Республикасының Ата Заңы өз күшіне енген күн 5 қыркүйек
|
5. Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою. Шахмат |
|
5. Абсолюттық монархиялық ел? Ватикан |
Шешуші сайысымыз V тур – «Капитандар сайысы» (1 балл)
Бұл турда әр топ капитанына 1 минут ішінде 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
ДШжС
Ең алғаш «Экономика» терминін еңгізген философ? Ежелгі грек философы Аристотель. Бұл термин гректін екі сөзінен құралған «ойкос» - үй, «номос» - ғылым
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы неше бағыттан тұрады және оны атыңыз?
Бірінші. Көліктік-логистикалық
инфрақұрылымдарды дамыту.
Екінші. Индустриялық
инфрақұрылымдарды
дамыту.
Үшінші. Энергетикалық
инфрақұрылымдарды
дамыту.
Төртінші. Тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және
жылумен қамтамасыз ету желілері
инфрақұрылымдарын жаңғырту.
Бесінші. Тұрғын
үй инфрақұрылымдарын нығайту.
Алтыншы. Әлеуметтік
инфрақұрылымдарды дамыту.
Жетінші. Шағын
және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті
қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.
Орталық Азия мемлекеттерін атаңыз? Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан.
Халықаралық мұнай өлшем бірлігі? /баррель/
Рио олимпиадасынан бокстан Қазақстандық алтын медаль иегері? /Данияр Елеусинов/
Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш рет қабылдаған шетелдік мемлекет? /Түркия/
Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері? /Тоқтар Әубәкіров/
АҚШ – тың ұлттық валютасында орналасқан дипломат? /Бенджамин Франклин/
Әлемдегі ең көп мұнай қоры орналасқан мемлекет? /БАӘ/
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының соңғы президенті? /Михаил Сергеевич Горбачев/
ЕжА
Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде нешінші орынды иеленді.? 51
2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтетін дүниежүзілік көрмені атап, қай қалада өтетінін және басты тақырыбын атаңыз? Экспо 2017 —Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатынХалықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.
Қазақстанның ең биік шыңы? /Пик Хан Тәңірі, 6995/
640 саны 5 - ке бөлінеді ме? /иә/
1 км неше метр бар? /1000/
Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан? /әл - Хорезми/
Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы. /принтер/
Қазақстанда қанша мұнай өндеу зауыты бар және оны атыңыз. /Павлодар, Шымкент, Атырау/
Экспорт дегеніміз не? /тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтардысыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету./
Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы /сканер/
Құқықтану
Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. /Ніл/
Натурал сандар нешеден басталды? /1 - ден/3.
Қазақстан валютасының еңгізілген күні? /15 қараша, 1993 жыл/
Импорт дегеніміз не? / ішкі рынокта өткізу үшін елге шет елдерден тауарлар, технологиялар әкелу.
Алғаш Ресей Федерациясының президенті? /Борис Николаевич Ельцин/
Қазақстанның «Щвейцариясы»? /Бурабай/
Ыстық су мен бу атқылап тұратын бұлақ? /гейзер/
Айда компас қолдануға болады ма? /Жоқ, өйткені онда магнит өрісі болмайды/
Қай елдің халық саны 1 млрд 300 млн адам? /Қытай/
Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам кім? /Р.Декарт/
Мұғалім: Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).
Мұғалім: Құрметті студенттер мен оқытушылар осымен біздің«Ақыл-ой империясы» интеллектуалды сайысымыз аяқталды. Қатысып, өз бақтарыңызды сынағандарыңызға көп рахмет. Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер. Ендеше М.Әуезов атамыз: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болу керектігін осы бастан ой-зерделеріңде сақтаңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген