Материалдар / Интеллектуалдық сайыс "Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық даму жетістіктері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалдық сайыс "Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық даму жетістіктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұнда Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихи даму жетістіктері туралы айтылған. Сценарий бар. Жас мамандарға арналған сайыс. Сайыс 2 кезеңнен тұрады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2021
693
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Д.Қонаев атындағы орта мектеп» КММ







Ел тәуелсіздігінің

30 жылдық тарихи даму жетістіктері





Жас мамандар арасындағы интеллектуалдық сайыс







Өткізгендер: Тұрлыбаева Н.

Есиркегенова Ж.









Түрген ауылы

Сайыс сценарийі

Тақырыбы: Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихи даму жетістіктері

Күні: 10.12.2021

Түрі: Интеллектуалдық сайыс

Мақсаты: Егеменді ел болғалы бері 30 жыл уақыт ішіндегі атаулы жылдарды, айтулы күндерді, ел үшін маңызды оқиғаларды ,Тәуелсіздік тарихы мен Қазақстанның жетістіктерін және еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы тұлғалардың ерлігін үлгі етіп көрсету арқылы жас мамандардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Таныстыру
2. «Тарихи-әдеби-мәдени тұлғалар»бөлімі
3. «Квест ойыны»бөлімі
ІІІ. Қорытынды.Марапаттау.

Өтілу барысы

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар! 2021 жыл еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жыл. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды! Бүгінгі біздің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Тәуелсіздіктің 30 жылдық даму жетістіктері» атты жас мамандар арасындағы білім сайысына қош келдіңіздер! «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарланба жарқыра.

Тарихымда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата баба рухына,-деп , бүгінгі сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі білім бәйгесінің ережелерімен таныстырып өтейін. Сайыс негізгі

2 кезеңнен құралады. Алдымен қатысушылар өз топтарын таныстырады, атауын және ұранын айтады.

1-кезең «Тарихи-әдеби тұлғалар» деп аталады. Бұл кехеңде қатысаушылар экранда берілген ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға 30 секунд ішінде жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Дұрыс жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топтың жауап беруіне тыйым салынады.

Әділқазылар алқасы 1-кезең соңында әр топтың ұпай сандарын көрсетеді.

2-кезең «Квест ойыны» деп аталады. Бұл кезеңде конвертке салынған тапсырмалар болады. Сол тапсырмаларды орындау арқылы қатысушылар ұпайларға ие болады. Әр топтан 1 қатысушы ғана конвертті алып, тапсырмаларды орындауға құқылы. Бұл кезең тапқырлықпен қоса, жылдамдықты да талап етеді. Бірінші орындаған топ 50 ұпай, қалған топтар 40,30,20,10 қпайға ие болады.

1-кезеңнің сұрақтары:

1.Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өз өкілеттігін қай жылы тоқтатты? (2019 жылы,19 наурызда)

2. 1964-1986 жылдар аралығында Қазақстан КП Орталық комитетінің 1 хатшысы болған, Тәуелсіздік алу жолында аянбай еңбек сіңірген ұлы тұлға кім? (Д.А.Қонаев)

3.Қазақстан тарихында 3-ғарышкер Асқар Айымбетов қай жылы ғарышқа ұшты?

4. «Оқу құралы», «Тіл-құрал» атты еңбектерді жазған,қазақ әліпбиінің негізін қалауда елеулі үлес қосқан алаш зиялысын атаңыз (А.Байтұрсынұлы)

5. Күйші,домбырашы Д.Нүрпеисованың ұстазы кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы

6. Қазақстанның бас қаласында әлемдік деңгейде көрме өткізілген болатын. Ол қандай атаумен және қай жылы? (Експо-2017 )

7. Қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицистғалымаудармашы кім? (Әлихан Бөкейханов)

8. Ұлттық салт - дәстүрімізді, көркем шығармаға мазмұндап берген этнографиялық сарында жазылған  «Ұшқан ұя» еңбегінің авторы кім? (Б.Момышұлы)

9. «Жеңгелері «Телғара» деп ат қойған қазақ әдебиетіндегі ұлы ақын кім? (Абай Құнанбайұлы)

10.Бағып-қағуда көп мағына бар деп, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген балалар әдебиетінің атасы кім? (Ы.Алтынсарин)





2-кезеңнің тапсырмасы. 1-конверттегі тапсырма «Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттік деңгейде атап өтілген жылды бір-біріне қосып, сол санды 2-ге бөліңіз. Шыққан қатардан барып, келесі тапсырманы алыңыз»

2015\ 2+0+1+5=8:2 =4

2-конверттегі тапсырма.

Нақыл сөздер

  1. Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден жалықпау, үйреуден аянбау. (Д.Қонаев)

  2. Біздің арғы бергі тарихымызда біз ұялатын еш нәрсе жоқ. Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ. Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. (Н.Назарбаев)

  3. Сыртқы тәртіпсіздік-адамның ішкі кемшілігі.Батыр батыр емес, батырларды бастаған батыр. (Б.Момышұлы)

  4. Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз. Қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.Кімде-кім ана тілін,әдебиетін сыйламаса , бағаламаса ,оны сауатты , мәдениетті адам деп санауға болмайды. (М.Әуезов).

  5. Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын - мұғалімдікі.(М.Жұмабаев)

Берілген қанатты сөздердің авторын анықтап, сол қазынаны сахнаға алып келіңіз.

Жүргізуші: -Құрметті әділ қазылар алқасы, сіздер топтар бойынша өз бағаларыңызды берсеңіздер! (топтар бағаланады).

Сөз кезегін мектеп директоры Ахметова Римма Ауесхановнаға береміз. Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Топтардың жалпы ұпай сандары айтылып, қорытынды шығарылады. Жеңімпаз топ марапатталады.

Жүргізуші: -Осымен біздің бүгінгі білім сайысымыз аяқталды. Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Бұдан кейін де түрлі сайыстарға қатысып, жеңімпаз атаныңыздар. Шәкірттеріңіз мықты, білімді, өздеріңізден озған мықты тұлғалар болады деген сенімдеміз. Келесі кездескенше аман-сау сау болыңыздар!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!