жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Интеллектуалдық сайыс "Үздік информатик"
Бекітемін:_______ Келісемін:_______
Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі
Е.Б. Канапьянов. А.К. Манханова
Үздік информатик
(интеллектуалды сайыс)
Өткізген: М.Б Калиев
Мақсаты :
1) Информатика пәні бойынша білімдерін анықтау.
2) Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыны анықтау.
Әдісі: ойын – оқыту әдісі
Көрнекілігі: дк құралдары, презентация, интерактивті тақта, видео проектор.
Жоспары:
-
Дайындық кезеңі
-
Ойын кезеңі
-
Қортындысын шығару кезеңі
Жүргізілу барысы:
Армысыздар ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! «Үздік информатик » атты интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер! Олай болса бүгінгі сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайысымызға кеп тұрған
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
5 «А»-сынып оқушысы: Назкенова Зейнеп
5 «Ә»-сынып оқушысы:Четбаев Айбек
6 -сынып оқушысы: Қашыбаева Ақтоты
6-сынып оқушысы: Советова Салида
7-сынып оқушысы: Оразбек Ақнұр
7-сынып оқушысы: Оразғазы Жомарт
8 «А»- сынып оқушысы: Абкенова Арайлым
8 «Ә»- сынып оқушысы: Меғали Томерис
Ал енді сайысымызға төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
-
Мектеп директоры: Канапьянов Ерзат Бияхметұлы
-
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ағыбаева Ғалия Қанатовна
-
Информатика пәнінің мұғалімі: Оразалина Гулим Бакытбековна
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен
таныстырып өтейін
-
сайыс «Бәйге»
-
сайыс «Ғажайып сегіздік»
-
сайыс «Бәрін білгім келеді»
-
сайыс «Кім жылдам»
-
сайыс «Кім жүйрік»
Ойын толқып жатқанда асып – тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отырып, «Бәйге» сайысын бастаймыз. Сайыстың шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. Қойылған сұрақтың жауабын қолдарыңыздағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты белгілеп тұрасыздар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайларын әділқазылар есептейді.
Бәйге сұрақтары:
-
Ақпараттың өлшем бірлігі
-
Байт*
-
Символ
-
Файл
-
Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б заттар қоюға болмайды ?
-
Өте ауыр
-
Ауа алмасу бұзылады*
-
Экран жабылып қалады
-
Көзден экранға дейінгі ара қашықтық
-
10-15 см
-
40-50 см
-
55-65 см*
-
Егер компьютер сіздердің сұраныстараыңызға жауап бермесе не істейсіздер?
-
Ақауды өз бетіммен жоямын
-
Мұғалімді шақырамын*
-
Электр желісін өшіремін
-
Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз
-
Кітап
-
Плакат
-
Радио*
-
Ақпаратты сақтау үшін ерте заманда адамдар нені пайдаланған
-
Суды
-
Қыймылды
-
Суреттерді*
-
Бір байт – ол:
-
8 бит*
-
16 бит
-
21 бит
-
Enter пернесі не үшін керек?
-
Енгізу*
-
Курсорды жылжыту
-
Бас әріп режиміне ауысу
-
Винчестер дегеніміз не ?
-
Лазерлік диск
-
Қатты диск*
-
Флешка
-
Экранның сағатты көруге болатын аймағы
-
Есептер тақтасы*
-
Бас мәзір
-
Жұмыс үстелі
Келесі сайыс – «Ғажайып сегіздік». «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.
Сайыстың шарты: жұмбақтардың жауабын тауып, 3 тілде айтуларыныңыз керек. Үш тілде толық жауап - 15 ұпай.
Жұмбақтар
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (тышқан – мышка – mouse)
Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген (пернетақта – клавиатура – keyboard)
Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді. (басып шығарғыш – принтер – printer )
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер – курсор – mouse pointer)
Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер – компьютер – computer)
Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген (мәтіналғы – сканер – scanner)
Бар құрылғыны басқаратын,
Кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок – системный блок – processor )
Биологияда паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер. (бит – бит – bit)
Енді 2 сайыс қортындысы бойынша 3 оқушымен қоштасамыз.
-
ойында жеңілсендер де өмірде жеңілмендер!!!
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылықпен пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына, - деп келесі «Бәрін білгім келеді» сайысына көшейік. Әрбір ойыншы экрандагы ұяшықтарды таңдап, жауап беруі қажет.
Ақпарат әлемі
10.Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады (есту мен көру)
20. Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды не деп атайды (ақпарат жеткізу арнасы деп атайды)
30.Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз не?( бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны)
40. Ақпараттық үдеріс дегеніміз не?( қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс әрекет)
Дербес компьютер
10 Дербес компьютердің негізгі бөліктері (монитор, жүйелік блок, пернетақта)
20. Жедел жады дегеніміз не?(компьютерде деректерді уақытша сақтау жады)
30. Компьютердің атасы кім ( Чарлз Беббидж)
40. Қазіргі кезде компьютердің неше кезеңі бар?(4)
Windows операциялық жүйелер
10. Операциялық жүйе дегеніміз не?( компьютер жүмысын басқаратын басты программа.)
20.Жарлық дегеніміз не ?( нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші)
30. Дарайвер деген не ?( компьютерге қосылатын түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қолданылатын программа.
40. Windows- тың алмасу буфері дегеніміз не?( компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы)
Ал енді ұпайы аз екі оқушымен осы арада қоштасамыз
-
Ойында жеңілсеңіздерде өмірде жегілмеңіздер-, дейміз
3-сайыс. « Кім жылдам ? »
Сайыстың шарты: берілген торкөздердегі әріптерден көрсетілген жасырын сөздерді табу керек? Аз сөз тапқан оқушымен келесі сайысқа өте алмайды
-
-
-
М
Т
П
Л
О
Т
Т
Н
О
М
И
Ы
П
Р
Р
Т
Е
И
Д
Е
К
Ш
Н
И
Е
Е
Р
О
М
М
Р
Қ
А
Н
Т
Р
Н
Н
И
Т
О
Н
Т
С
Ө
З
Е
Т
Р
О
П
А
И
Б
А
Й
Т
Т
Е
З
Р
М
В
П
И
К
М
Е
Р
Е
О
Ә
И
А
Р
С
О
Ұ
А
Ф
Ц
Т
Р
И
Х
Е
Д
Я
Й
Л
Е
І
У
В
Ж
Л
И
Я
И
Ц
С
Н
С
Д
А
Ь
Ф
И
К
А
С
О
Р
А
Б
О
Н
Е
Н
Т
-
-
Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор,
Осы сайыс қортындысы бойынша ұпайы аз бір сайыскермен қоштасамыз.
Ең соңғы сайысымыз « Кім жүйрік деп аталады»
Сайыстың шарты:
-
Екі сайскерге жеке-жеке сұрақтар қойылады
-
Көп сұраққа жауап берген сайыскер жеңімпаз атанады.
1-оқушыға:
1. Компьютер жанындағы өсімдік (кактус).
2. Баспаға шығару құрылғысы (принтер).
3. Жалпы желіге қосылу үшін не керек? (модем).
4. Калькулятордың неше түрі бар? (2).
5. Ақпарат (информация) қай тілден шыққан? (латын).
6. Вирусқа қарсы программа (антивурус).
7. Дыбыс шығару құрылғысы (колонка).
8. Бос орын қалтыру пернесі (пробел)
2-оқушыға:
1. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон).
2. Вирус деген не? (комп бүлд. арн.программа).
3. Ақапаратты компьютерға енгізу құрылғысы (пернетақта).
4. Архиваторлық программаларды ата (Winzip, winrar ).
5. Бос орын қалтыру пернесі (пробел).
6. Монитор, пернетақта, жүйелік блок қандай құрылғылар? (негізгі)
7. Адамның денсаулыққа зиянды компьютер құрылғысы (монитор)
8. Өшірілген файлдар қай папкада сақталады ? (корзинада)
- Әділқазы алқалары қорытынды бағасын шығарып болғанша көрермендермен ойын ойнайық. Компьютерге қатысты құрастырылған мақал мәтелдер окимын, осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
(Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады
(Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім
(Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада
(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада)
6. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы
(Бір ақылдан, екі ақыл артық)
7. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды
(Досы күштіні - жау алмайды)
8. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады
(Айдағаны бес ешкі, ысқырғы жер жарады)
Қорытындылау кезеңі
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген
Бар ғылымды сыйдырып
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз біз алғыс бүгін.
Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Үздік информатик» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушыларға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген