Материалдар / интелллектуалды шоу 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

интелллектуалды шоу 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
: Келешек ұрпаққа қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу. Өнер туындылары арқылы ұлттық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, ұлттық сезімін ояту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
333
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Өнерлі болсаң, озып көр

Мақсаты:

Келешек ұрпаққа қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу. Өнер туындылары арқылы ұлттық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, ұлттық сезімін ояту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Интеллектуалды шоу

Пәнаралық байланыс: География, математика, сурет, әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, бірнеше сұрақтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Негізгі бөлім.

Бұл жарыс бес бөлімнен тұрады. Әрбір бөлімнің өзіндік ерекшелігі бар. Жарыс мақсатында көрсетіледі.

І. «Бәйге»

ІІ. «Тіл өнері»

ІІІ. «Ғажайып пәндер»

ІҮ. «Тікелей сұрақтар»

Ү. «Атамұра – асыл қазына»

ҮІ. «Егер де мен...»

ҮІІ. «Бейнет түбі - зейнет» (қорытындылау)

ҮІІІ. «Ізденген жетер мұратқа» кезеңі.


Сіздердің білімдеріңізді бағалау парағы арқылы әділқазылар алқасы бағалайды.

І. «Бәйге»

Бұл бөлімде сөзжұмбақты шешу арқылы қазақтың ұлттық бұйымдарын, киімін еске түсіреді. Сөзжұмбақ дұрыс шешілсе ұлттықбір бұйым аты шығады.

  1. Жүннен тоқылған төсеніш

  2. Ұлттық бас киім

  3. Жүннен басылып жасалған төсеніш

  4. Киіз үйге ілінетін бау

  5. Кесе салатын ертедегі бұйым

  6. Құралып тігілетін бұйым

ІІ. «Тіл өнері» бөлімі бойынша оқушыларды тапқырлыққа, тез ойлауға үйрете отырып, өздерінің орыс тілі, шет тілдері пәнінен білім дәрежесі қандай екендіктерін көрсетеді.

  1. Шебердің несі ортақ? (Қолы-рука-hand)

  2. Не етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей? (еңбек-труд-work)

  3. Шебердің қолы қандай? (алтын-золото-gold)

  4. Не алды қызыл тіл? (өнер-искуство-art)

  5. Не тіксең зерлеп, мұның аты еңбек? (кесте-вышивка-embroidery)

  6. Бүгінгі нені ертеңге қалдырма? (іс-дело-affair)

  7. Еңбек ненің ажары? (өмір-жизнь-life)

  8. Еңбексіз өмір – сөнген не? (көмір-уголь-coal)

  9. Еңбегі ештің несі сор? (тұзы- соль-sold)

  10. Еңбегі ештің несі кеш? (күн-день- day)


ІІІ. «Ғажайып пәндер» бұл бөлім бойынша пәнаралық байланыс жүзеге асады. Сұрақтар арқылы басқа пәндерді технология сабағына байланыстыру. Мысалы: География, математика, тарих, сурет, әдебиет, биология





1.Тарих

Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай қалаларына өткен (Тараз, Сығанақ, Отырар, Түркістан)

2.География

Мақта Қазақстанның қай өңірінде өсіріледі?

(Оңтүстік Қазақстанда)

3. Математика. Геометрия пәнінде, түрлендірудің қай түрі ою-өрнек жасауда қолданылады?

(Симметрия)

4.Әдебиет

Абай атамыздың шеберлікке байланысты өлеңін ата

5.Биология.

Жануарлардан алынатын таза талшық түрлері (жүн, жібек)

6.Сурет

Геометриялық үлгідегі ою-өрнек (Тұмарша)


ІҮ. «Тікелей сұрақтар» сұрақтарға жауап беру.

  1. Киізден шашақтап, әшекейлеп жасалған ыдыс-аяқ салатын дорба. (Аяққап)

  2. Қойдың жазғытұрымғы ұйысқан салалы жүні (жабағы)

  3. Ас пісіретін қазанды оттан көтеріп күйдірмеу, күйе жұқтырмау үшін жасалған екі қолғап қалай аталады? (Тұтқыш)

  4. Қалыңдықтың бас киімі (Сәукеле)

  5. Киізден ойып жасалатын төсеніш (Сырмақ)

  6. Табиғи талшық түрлері (Жібек)


Ү. «Атамұра – асыл қазына»

1. Жеті атаны атап шық .

Ж: Бала, әке, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

2. Жеті қазынаны атап бер.

Ж: Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, жүйрік тазы, қыран бүркіт, берен мылтық.

3. “Тұсау кесер” салты жайлы әңгіме, өлеңі.

Ж:

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң, мәз болам

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.
Жүгіре қойшы құлыным,

Желбіресін тұлымың,

Елгезек бол ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе

4. “Шарғы” деген не?

Ж: Ұзатылған қыз өзіне кейінгі сіңілсіне, басына таққан орамалын береді. Бұл “ендігі кезек сенікі” деген сөз.

5. “Ит көйлек” және қырқынан шығарудың салт-дәстүрінің мағынасын түсіндір.

Ж: “Иткөйлек” ырымшыл халқымызда баланы қырқынан шығарғаннан кейін оның көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп мойнындағы иткөйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады. Иткөйлектің шығуы ит мойнына байлағандығында емес, оны жеті қазынаның бірі деп әрі баламыз көп болсын деген ырыммен астасып жатыр.

6. Өнерге, шеберлікке байланысты өлең немесе өсиет терме орындап бер.


ҮІ. «Егер де мен...»

Түрлі түсті қағаздан ою түрлерін қию.


ҮІІ. «Бейнет түбі - зейнет» (қорытындылау)


Әділқазылардың шешімі бойынша, озық ойлы оқушыны анықтау, марапаттау.


ҮІІІ. «Ізденген жетер мұратқа» кезеңі. Үйге тапсырма:

Эссе «Бүгінгі сабақтан менің алған әсерім...»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!