Тақырып бойынша 11 материал табылды

ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру үрдісі – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға, белсенділігін арттыруға, сыни тұрғыда ойлай алуына мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Осы мақсатта жаңаша қырда қолданылатын көптеген технологияларды пән мұғалімдері өз тәжірибелерінде тиімді пайдалануда
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ 711.75


ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ


Аяндина Айман Серикбаевна

информатика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші

жаратылыстану магистрі,

«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің

1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі» КММ

Тайкешева Балауса Наушабековна

«қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші

Әулиекөл ауданы білім бөлімінің

1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі» КММ



Мұғалімнің жеке тәжірибесіндегі жан-жақ­ты іздену, жұмысын түрленді­ріп отыру, сабақты қызықты өткізуінің нәти­же­сінде оқушылардың пәнге деген үлге­рімі жақсаратыны сөзсіз. Әрине бар­­лығы мұғалімнің шеберлігі мен оқу­шының қызығушылығына байланысты.

Қазіргі кезде халыққа білім бе­ру жүйесінде үлгерімі төмен оқу­шыларға үлкен көңіл бөлініп отыр. Денсаулығы дұрыс кез келген оқушы мектеп бағдарламасын толық игеруі керек. Үлгерімі төмен оқушылардың басым көпшілігі оқу бағдарламасын қиындықпен, тіпті кейбірінің не­гізгі пәндерден ұзақ уақыт бойы үлгер­меуіне байланысты жүргізілетін жұмыстар да жолға қойылған.

Мақсаты:

Алған білімдерін кеңейтіп, білім, білік дағды іскерлік қабілеттерін қалыптастыру, оқушылардың пәнді ұғынып, шығармашылық ойын дамытуға тәрбиелеу .

Үлгерімі төмен оқушы кім? Ол оқушының негізгі қиындықтары неде?

Сонымен үлгерімі төмен оқушының белгісі:

  • Мақсатты іс-әрекетін ұйымдастыру дағдысы нашар қалыптасқан;

  • Тапсырма шартын, тапсырмаға нұсқауды толық түсінбейді;

  • Тапсырманы мұқият орындай алмайды, зейін белсенділігі төмен;

  • Оқуға қызығушылығы тұрақсыз;

  • Үнемі үлкендердің көмегін қажет етеді;

  • Баяу есте сақтайды, тапсырма күрделенгенде есте сақтау көлемі азаяды.

  • Жазуда, оқуда, қателер пайда болады;

  • Жазбаша жұмыстар жиі аяқталмаған күйде қалады;

Мектебімізде ұстаздар «Үлгерімі төмен оқушылармен қандай жұмыс ұйымдастыруға болады?» деген сұрақ қоя отырып, жоспар құрады.

Оқу жылында үлгерімі төмен оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс кестесін құру;

Оқушыға жеке папка арнау;

Қосымша сабақтарға арналған дәптерлер бастату;

Білім кетіктерін жоюға арналған тапсырмалар (карточка, тірек –үлгілер, ребус, сөзжұмбақтар);

Ата-анасымен үнемі байланыста болу, бірігіп жол іздеу;

Психолог, дәрігерлер, логопедтердің кеңесіне жүгінуге ата анасына кеңес беру.

Осы жоспар негізінде үлгерімі төмен оқушыларды табысты оқыту үшін арнайы оқыту әдістерімен бірге, барлық оқушыларға сәйкес келетін стратегияларды қолданамыз. Алдымен, білім алушымен қандай жұмыс түрлерін жасайтынымызды, ол баланың жағдайын, белсенді оқыту әдістерін анықтап аламыз. Кестеге назар аударайық.

Жұмыс түрлері

Білім алушыға қандай жағдай жасаймын?

Белсенді оқыту әдістері

Оқу тапсырмаларының көлемін қысқарту, жеңілдету. Жұмыстың қарқынын өзгерту

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының саны азаяды. Жұмысты орындауға қосымша уақыт беріледі.

талқылауларға қатысуға мүмкіндік беру.

жазбаша/ ауызша жауап беру

бос орындарды толтыру қысқа әңгімелер, сурет салуға мүмкіндік беру.

Жұпта және топта жұмыс істеу

Қабілетті оқушы оқуда деңгейі төмен оқушыға үйретеді

сұрақ қою;

еске түсіру;

позитивті кері байланыс беру

қателерді түзету

сабақтың жазбасын жүргізуге үйрету

Тапсырмаларды түсінуді жеңілдету үшін суреттер, үлгілер мен көрнекі құралдарды қолдану

Тапсырманы орындаудың ауызша/жазбаша түрін таңдайды. Көрнекті және басқа тірек материалдармен жұмыс жасайды.

PowerPointкодоскоп

диаграммалар

шағын карталар, графиктер

таныстырылымдар

Техникалық құралдардың қажеттілігі

Сыныпта планшет, компьютер, смартфонды қолдану

слайд

АКТ қолдану

Мақтау және ойын формасындағы тапсырмалар арқылы ынталандыру


Адасқан әріптер

Сәйкестендіру

Сыңарын тап


Үлгерімі төмен және үлгерімі жоғары білім алушылар арасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында ойын формасындағы тапсырмалар мен онлайн оқыту платформаларындағы белсенді әдістер баланың сабаққа соның ішінде үлгерімі төмен оқушылардың ынтасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Үлгерімі төмен оқушының танымдық қабілетін дамыту үшін мынадай алгоритмді қолданамыз:

Shape1























Берілген алгоритм бойынша сабақта қолданылған тапсырмалардың бірнешеуіне тоқталып кетейік.

Воллд ворд платформасы. Жауабын тап! Әдісі

Тапсырма: Мәтінді оқыңыз. Ақпаратты ретімен орналастырыңыз. Оқушы жабық тапсырманы планшет арқылы орындайды. Бұл жерде тапсырмаларының саны аз. Жұмысты орындауға көп уақыт кетпейді. Сұрақ:

Қазақ тілі бай тіл ме? Білім алушы 1 нұсқаны таңдайды.

2-тапсырма. Learningapps.org платформасы. Қазақтың салт дәстүрі, ұлттық құндылығын суреттермен сәйкестендір.





3-





тапсырма. Бос орынға қажетті сөзді қой. Оқушы Learningapps.org платформасында жартылай ашық тапсырманы жазады.





4-тапсырма. Learningapps.org платформасында «Адасқан әріптер» әдісі

Тор көзден адасқан әріптердің ішінен тақырыпқа қатысты сөздерді сызып көрсет. Шыққан сөздерге дыбысық талдау жаса.

1-тапсырма. Мәтінмен түсініп оқы. Карточкалық жүйеде орналасқан сұрактарға







жауап бер. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?

Тапсырмалар қиын емес,лексикалық,грамматикалық тақырыптарға бағытталған.Бұл тапсырма оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.










2-тапсырма

Вордволл платформасында жасалған “бос қорапша”.

Бос орындарға мақал-мәтелдің жалғасын тауып толтыр.

Қазақ халқының рухани байлығы-тілге байланысты мақал-мәтелдерден құрастырылған тапсырма.











3-тапсырма

Вордволл платфорома. Сәйкестендіру арқылы бос орындарды толтыр.

Қазақ тілі бай тіл ме?”, “Tіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?”- деген сұрақтарға жауап береді .


4-тапсырма

Оқушылар Куизиз сайтындағы тест сұрақтарына жауап береді.

Бұл сұрақтар оқушылардың қазақ тілінің грамматикасын қаншалықты деңгейді білетіндігін анықтау үшін бағытталған,оқушы жауап бергеннен кейін,дұрыс жауабы жасыл түске боялады.









1-тапсырма

Оқушылар Куизиз сайтындағы тест тапсырмаларына жауап береді.

Бұл сұрақтар шығарманың мазмұнына негізделген,бұл тест тапсырмалары оқушылардың қаншалықты деңгейде мұқият болғандығын анықтайды.



3-тасырма

Анаграмма”.Оқушы берілген сөзді белгілі бір уақыт ішінде табуы керек.









Қазіргі таңда мұғалімдер сабақта «Балық қаңқасы», «Ойлан-жұптас-бөліс» т.бәдіс-тәсілдерді жиі қолданады. Бұл әдісті пайдаланып тапсырманы орындау барысында топтағы белсенді оқушылардың жетелеуімен үлгерімі төмен оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Үлгерімі төмен оқушылардың өзіне, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру керек. Сабақ барысында болсын, сыныптан тыс уақытта болсын оқушыларға жеке тапсырма түрлерін ұсынған кезде қарапайым түсініктен бастау керек. Үлгерімі төмен оқушы мәтінде кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылауды, бағалауды түсінбеуі мүмкін, бірақ жабық тапсырманы қызығып орындайтынына куә болып жүрміз. Сондықтан бұл тапсырмаларды орындар алдында нақты уақытты көрсету қажет. Белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауды мұғалімнің көмегімен орындайды.

Қорыта келе, әр мұғалім білім беру тәжірибесінде оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мұғалім арнайы даярлаған жеке оқу- дидактикалық материалдарын кеңінен қолданады. Мысалы, есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтары бар бала үшін (сөйлеуді түсіну) әртүрлі көрнекіліктерді кеңінен қолдана отырып, жеке дидактикалық материал дайындау қажет. Мысалы: оқу материалын түсінуді жеңілдететін және оқушыны сабаққа қосуға мүмкіндік беретін суреттер, схемалар, алгоритмдер. Үлгерімі төмен оқушының танымдық қабілетін дамыту үшін кешенді жұмыс жүргізілуі керек. Алдымен мұғалім оқушыға тақырып бойынша аудио, бейнежазбаны тыңдатып немесе мәтінді оқытып мазмұнына сәйкес тапсырмалар береді.Білім алушы мәтінде кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойыншаанықтап,ақпараттықорытындылайды, бағалаудытүсінеді.Белгілібіртақырыптамәтінніңтүрлерін,жанрын,стилінсалыстырып,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауды мұғалімнің көмегіменорындайды.Оқыған,тыңдағанжәнеаудиовизуалдыматериалдарбойыншажоспар құрып тірек сөздердің көмегімен тапсырманы орындайды. Ойлаудың жоғары деңгейі болғандықтан эссе жазу қиындықтуғызуы мүмкін,бірақсуретпенберілгенәңгімелердімұғалімніңкөмегіменорындайды.Жазба жұмысын орындамас үшін онлайн оқыту платформаларында жабық тапсырмаларды орындайды.

Интерактивті оқыту әдістерінің көмегімен баланың мынадай танымдық қабілеттері дамиды:

  • орындалатын тапсырманың мақсатына назар аударады;

  • тапсырманы орындау кезеңдерін есіне сақтайды;

  • өзінің жетістіктерін бағалай алады;

  • сабаққа деген қызығушылығы артады.

  • оқушыға ұсынатын тапсырмалар саны азаяды.


Әдебиеттер тізімі:

  1. «Білім айнасы» газеті 29.11. 2017 ж

  2. «Егемен Қазақстан» газеті 09.10.2020 ж

  3. «Білім taims» журналы 12.09. 2019 ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2024
146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12