Материалдар / Интерактивті оқытудағы жаңа қадам-TopIQ

Интерактивті оқытудағы жаңа қадам-TopIQ

Материал туралы қысқаша түсінік
TopIQ электронды оқулықтар платформасының артықшылықтары
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қостанай қаласы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы №20жалпы білім беретін мектебі» КММ

Кенжибаева Аида Базарбаевна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі



"Интерактивті оқытудағы жаңа қадам – TopIQ"

TopIQ платформасы Қазақстанда жасалған электрондық оқулықтар платформасы, «Алматыкітап баспасы» баспасының цифрлық бастамасы. Ол 1‑11 сынып оқушыларына арналған мультимедиялық және интерактивті контент ұсынады. Қағаз оқулықтардың PDF‑нұсқасы емес, әртүрлі тапсырмалар, анимациялар, видео, аудио арқылы оқуды байытатын құрал болып табылады. TopIQ платформасында 1-11 сынып оқушыларына арналған мектеп базасында қолданылатын оқулықтар жинағы бар.

Оқушылар үшін осы платформаны қолданудың артықшылықтары көп:

  • Оқушылар интерактивті тапсырмалар орындау барысында барлық аудио және видео материалдарды тыңдай алады;

  • Берілген тақырыпты меңгеріп, тапсырмаларда қате кетсе, тапсырмаларды қайта орындауға мүмкіндік бар;

  • Платформа тегін сонымен қатар барлығына қолжетімді;

  • Оқушылар ауыр кітаптарды тасып әуре болмайды, электронды оқулықты күнделікті қолданатын телефон арқылы ашып орындауға болады.

Мұғалімдер үшін де көптеген мүмкіндіктер бар:

  • оқушыларға тапсырмаларды онлайн және офлайн тағайындап, тексеруге болады;

  • мұғалім әр оқушының күнделікті орындаған тапсырмаларына, қателіктеріне мониторинг жасап,оқушының жұмысына комментарий жазып, бағалай алады.

Мен 4 «Ә» сыныбына ағылшын тілі пәнінен сабақ беремін, сабақтарымда TopIQ платформасы арқылы Pupil’s book электронды оқулығын қолданамын. Платформаның интерфейс түсінікті, қолдануға ыңғайлы. Суреттер мен бейнежазбалар тақырыпқа сай, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай жасалған, ал тапсырмалары мазмұнды әрі әртүрлілігімен ерекше. Оқушылар сабақ барысында электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындап, қателермен жұмыс жасайды. Сонымен қатар егер кейбір сұрақтарда қате жіберсе, қайта орындап, қатеменжұмыс жасайды. Тапсырмалар әртүрлі болып келеді: ашық сұрақтар, жабық сұрақтар, тест, сөздердің дұрыс жалғауын жалғау, сәйкестендіру, әріптерді рет-ретімен орналастыру және т.б.

Тапсырмалардың әртүрлілігі оқушылардың орфографиялық сауаттылығын, олардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгеру деңгейін, грамматикалық білімін,оны қолдану дағдыларын дамытуға көмектеседі. Қорытындылай келе, TopIQ – оқушыға да, мұғалімге де тиімді құрал. Ол білім беру процесін жеңілдетіп қана қоймай, оны қызықты әрі нәтижелі етеді.

17 Маусым 2025
40
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі