жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Интерактивті психологиялық сабақ "Мамандыққа жол табу"
Тақырыбы: «Мамандыққа жол табу»
Мақсаты: Оқушыларды оқу процесінде кәсіби бағытқа
психологиялық тұрғыдан дайындау. Оларға интерактивті психологиялық сабақ арқылы мамандық,арнайы мамандық,лауазым деген ұғымдармен кеңінен таныстыру. Мамандықтың типтерін қарастыру.
Міндеті: Мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға,өзін-өзі
дұрыс бағалау және қабілеттерін анықтау.
Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі -түсті қағаздар, мамандықтар жазылған карточкалар: қызыл,жасыл,сары; үнтаспа, ватман,қалам, скотч.
сынып немесе басқа дәрісхана, орындықтар,
Сабақтың түрі: Интерактивті психологиялық сабақ.
Қатысушылар:
Өту уақыты 40-45 минут.
Өту барысы:
1. «Белгі» танысу.
2. «5 типті анықтау»
3. «Мамандық,арн.мамандық,лауазым»
4. «Сұрақ-жауап»
5. «Ойын»
6. «Рефлексия»
Құрметті оқушылар!
Бүгін біз сіздермен интерактивті психологиялық сабақ өткізгелі отырмыз.
Сабағымыздың тақырыбы: «Мамандыққа жол табу».
Бұл сабақтың мақсаты: Оқушыларды оқу процесінде кәсіби бағытқа
психологиялық тұрғыдан дайындау.
Міндеттері: Мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі дұрыс
бағалауға және қабілеттеріңді анықтап, мамандыққа деген
сүйіспеншіліктеріңізді ояту.
І. «Белгі». /танысу тренингі/
Жүргізуші: Бүгін біз сіздермен мамандық әлеміне саяхат жасаймыз. Ол үшін, бір механизмді қолданамыз. Жайғасып отырыңыздар, қолдарыңызды тізелеріңізге қойыңыздар. Дайынсыздар ма? Әрқайсыларыңыз іштеріңізден, өздеріңізге бір тілек айтыңыздар да, оңнан солға қарай қолдарыңмен иықтарыңа белгі бересіңдер.
ІІ. Енді біз мамандық әлеміндеміз, алдарыңызда жатқан әдемі гүлдердің біреуін таңдап, соған аттарыңды жазып тағып алыңдар.
Бүгін мамандыққа жол табуға сендердің жетекшілерің мен боламын. Енді бізге мамандықтың кілтін табу керек. Бірақ, ол үшін атымызбен бойыңдағы қабілеттеріңді айтып, шығуларың керек.
Қабілетті тек қана оқуға, білімге ғана деп қарастырмау керек. Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижесі болып орындалуында.
Қандай да болмасын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін, яғни қабілетсіз адам болмайды.
Ал, енді сендер өз қабілеттеріңді айтып шығыңдар.
Енді мамандыққа есік ашуға кілттеріміз жеткілікті.
Өмірде мамандықтардың сан алуан түрі бар. Бірақ олардың кейбіреулері пайда болып жатса, кейбіреулері ескіріп жатады (мысал келтіріңдер; қазіргі заманға сай мамандықтарды атаңдар).
III. Мамандықты 5 типке бөледі.
Қазір біз соларды қарастырамыз.
Олар: «Адам – Табиғат», «Адам – Техника», «Адам – Адам», «Адам – белгілеу жүйесі», «Адам – көркем бейне».
А) «А - Табиғат» мұнда тірі ағзалар, өсімдіктер, жануарлар мен биологиялық үрдістер еңбек объектісі болады (Агроном, фермер, ихтиология, тамақ өнеркәсібі технологы, кондитер, дигустатор).
Б) «А-Техника» мұнда техникалық жүйелер, машиналар, аппараттар мен қондырғылар, материалдар мен энергия еңбек (қуат) объектісі болады (радиотехник, связист, электромеханик, токарь).
В) «А - Адам» адамдар, топтар, ұжымдар еңбек объектісі болады (дәрігерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, журналист, кітапханашы, сатушы, тігінші, шаштараз, визажист, социолог, гид, бармен, менеджер, фотосуретші т.б.).
Г) «А-белгілеу жүйесі». Олардың еңбек объектісі: шартты белгілер, шифрлар, кодтар, кестелер (экономист, переводчик, статистик, маркетинг, коммерция, бухгалтер, қаржы агенті, биржа агенті, таможенник, натариус).
Д) «Адам-көркем бейне». Бұл адамдар еңбек объектісі көркемдік бейнелер жасау, олардың рөлі, элементтері мен ерекшеліктері (музыкатану, аспапта орындаушылық, режисер, хореография, сценография, композиция, операторлық өнер, кескіндеме, графика, мүсін өнері, операторлық өнер, өнертану, дизайн, эстрада өнері).
Қазір сіздерге тапсырма: Мен қазір мамандықты айтамын, сендер қай типке жататынын айтасыздар. (кинолог (А-Табиғат), летчик (А-Т), овощевод (А-Табиғат), эколог (А-Табиғат), шаштараз (А-А), дизайн (А-к.б.), натариус (А-б.ж.), режисер (А-А).
Жауап бергенде қандай қиыншылықтар болды?
IV.Енді кезек ойынға келді, орталарыңнан бөлініп-бөлініп, (им-ишара және жесттер) арқылы бір мамандықты көрсету керек. Оқушы оның қай мамандық екенін тауып айту керек. (Сөйтіп 1 оқушы шығады)
Біз сіздермен мамандықты таңдау туралы кішкене әңгімелесейік. Маған келесі сұрақтарға жауап беріңіздер. Әр адам өмірде өз орнын табу керек. Мамандық таңдау бұл процесс өте күрделі.
Мамандық дегеніміз не? (профессия) (еңбек іс-әрекетінің бір түрі, бақшадағы жұмыс – ол да жұмыс);
Ең алдымен мамандық алу үшін не қажет? (білім);
Мамандық пен басқа еңбек іс әрекеттен айырмашылығы неде?
Президент, еден жуушы – бұлар мамандық па? (жоқ, өйткені оларды ешқайда оқытпайды, бірақ еңбек іс-әрекетіне жатады);
Мамандықты алар кезде, не нәрсеге сенесіңдер? (Бізге қуаныш әкеледі, материалды жағынан қанағаттандырады);
Арнайы мамандық дегеніміз не? (специальность); (Бұл бір ғана мамандықтың төңірегіндегі іс-әрекет). Мысалы, дәрігермамандарының ішінен аранайы мамандарды білесіңдер? (кардиолог, окулист, терапевт, т.с.с.); Ал, Инженерден (инженер-механик, инженер-строитель т.с.с.);
Қандай әскери мамандықтарды білесіңдер? (әскери летчик);
Лауазым деген не? (должность); (бір адамға жүктелген міндет).
Тапсырма: Сіздер қазір мамандық, лауазым, арнайы мамандыққа мысал келтіріңіздер: Бухгелтер – бас бухгалтер; бас инженер – инженер – инженер-техник; мұғалім – бастауыш сынып мұғалімі – завуч; Сатушы – бөлім меңгерушісі – тамақ өнімдерін сататын сатушы.
Енді сіздерден мен сауалнама аламын: алдарыңызда жатқан түрлі – түсті қағаздарды қолданасыздар.
Егер сұраққа «иә» деп жауап берсеңдер, онда жасыл карточканы, егер күмәнданатын болсаңыздар (сомнение) онда сары карточканы, егер «жоқ» десеңдер, онда қызыл карточканы көтеріңіздер.
Болашақ мамандықтарыңызды таңдадыңыздар ма?
Егер таңдасаңыздар, жанұяларыңыздағы дәстүрлеріңізге байланысты ма?
Таңдаған мамандықтарың қазіргі замандағы қажет ететін мамандық па? (престиж)
Таңдауларың өзіңді қоршаған ортаға байланысты ма?
Бұл туралы ата-аналарыңызбен сөйлесесіздер ме?
Қай сабақтан емтихан (экзамен) тапсыру керек екенін білесіздер ме?
Мамандықты таңдауда өз қабілеттеріңіз ескерілді ме?
Таңдалған мамандықтың жұмысы туралы мағлұмат бар ма?
Ол мамандық туралы көп оқып, көп білгің келе ме?
Рахмет!
Осымен біздің бүгінгі интерактивті психологиялық сабағымыз аяқталып қалды. Біз мамандық саяхатынан оралу үшін солдан оңға қарай белгі жібереміз.
Қорытынды
Құрметті оқушылар осы сабаққа белсенді қатысқандарың үшін үлкен рахметімді айтамын. Өзедерің қалаған мамандық иелері болуларыңа шын
жүректен тілектеспін.
Рефлексия. Ал, енді балалар өз
ой-пікірлеріңізбен бөлісіңіздер;
Естеріңде не қалды?
Өздерің қандай қорытынды жасадыңыздар?
Не қиын болды?
Өздеріңе не аласыңдар?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген