жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімді жолдаоы
Интерактивті тақтаны пайдаланудың ерекшеліктері
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті,
№70 Жанқожа батыр атындағы мектеп
Бақтыберлина Айнұр – жетекші
Ерекеш Ақылбек - оқушысы
Ақпараттық – коммуникациялық технология
электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында
компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды,
интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге,
компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық
әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.Ақпараттық –
коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім
алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол
ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер
пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану
үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә.
Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы –
Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап
көрсетті.
ХХІ
ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,
айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне
мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу –
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын
жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр
–ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да
ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі
қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық –
коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі
міндеттерінің біріне айналды.Қазақстан Республикасының Білім туралы
заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім
беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп
көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында
дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан
кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту
құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта
ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу
бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық –
техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып
табылады.Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық
білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін
дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық
қоғамға бейімдеу.Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге
айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың
шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы
қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі
болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір
жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің
материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының
мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру
қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім
деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының
ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына
тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында
интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың
көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол
ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі-
inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ
барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес,
бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын
ұйымдастыратын оқыту барысы. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті
беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны
құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі.
Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі
флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір
мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан
шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға
болады.
«Активті
экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және
оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе
болып табылады.
«Активті
экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта
пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен
кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл
құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде
жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология
құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете
алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік
тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде
мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын
тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға
болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып,
бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және
Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны
іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау,
белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу
және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай
алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше
мәселелерді шешуге көмектеседі
:
-
Пән бойынша базалық білімді меңгеру
;
- Алған
білімді жүйелеу ;
- Өзін -
өзі бақылау дағдыларын
қалыптастыру;
- Жалпы оқуға
деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу
материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек
беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және
оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру
жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен
қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға
болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және
көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты
бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін
арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында
мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі
жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен
жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы
оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы »
жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша
ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы
үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен
іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс.
Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде
пайдалану әр түрлі сипатқа
ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда
компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен
енуде.
Сабақта
уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында
интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш
режимінде де жұмыс жасауға
болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ
тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және
тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу
үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон
ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті,
мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ
жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық
аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет
болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік
бар.
Екінші
режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық
жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық
жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің
құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы ,
Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды
қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды
қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс
тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу
панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет
кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет.
Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады.
Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға
болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей
жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға
жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс
жауаптарымен салыстыра алады ( « тік төртбұрыш » объектісін жылжыту
немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде
келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға
болады.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі
жұмысы.
Сабақтарды жүргізуде өткен материалды
қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме
жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы
Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік
редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған
файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға
мүмкіншілік береді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген