400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интербелсенді әдісті сабақта қолдану Аңқау арыстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша жасақталған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Инетебелсенді оқыту технологиясын сабақта қолдану
Сабақтың тақырыбы: Аңқау арыстан

Сабақтың мақсаты:

1. Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекетіне мінездеме беру, ертегідегі негізгі ойды ашып, қорытынды жасау;
2. Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой - пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу, сөз байлықтарын дамыту;
3. «анық - қанығына бармай іс істеме, асықпа» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, алдау арбау жаман қасиет екенін түсіндіру, адалдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: жаңа сабақ, «жұппен жұмыс», «ауыспалы үштіктер», «миға шабуыл» әдістері, жұмбақтар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер видиоролик, слайд.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық

II Үйге берілген тапсырманы тексеру

III. Жаңа сабақ

  1. Қызығушылықты ояту

- Балалар, біз бүгін әдебиеттік оқу пәніміздің келесі тарауы «Атадан қалған тұяқ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.
Өткен бөлімде де ұлы ақын аталарымыздан қалған асыл мұралар, яғни нақыл сөздерге бай шығармаларымен таныссақ, бүгінгі бөлімде халықтың ауыздан - ауызға жеткен ертегі, аңыздарымен т. б. шығармаларымен танысамыз.
- Қазақ халқының ауыз әдебиетінде көп кездесетін, «Ерте, ерте, ертеде...» деп басталатын қандай шығарма?

Ертегі әр түрлі бағытқа құрылады.

МShape1 Shape2 ына сызбаға назар аударайық
Ертегілер

Shape3


Қиял-ғажайып Жан-жануарлар Шыншыл


Ертегі - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.
- жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)
- қиял - ғажайып ертегілер
- шыншыл ертегілер
Ертегіден халқымыздың тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял - ғажайып оқиға аралас келіп отырады.

2. Адамдардың мінез - құлықтары да әр түрлі болады. Ақын - жазушылар адамдардың мінезін мысалға алып, қу адамды түлкіге, қорқақ адамды қоянға, ашқарақ, аңқау адамды қасқырға, ақылды адамдарды жақсы кейіпкерлерге, батыл, өжет адамдарды арыстанға, бүркітке т. б. теңеп көптеген ертегілер жазған екен. біздің бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкерлерін табу үшін мына жұмбақтарды алдымен шешіп алайық: 1. Өзі ширақ өзі қу, Жүрген жері айқай - шу (Түлкі)
Түлкі – ит тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Орманда, өзен - көл жағалауларында, тау баурайларында мекендейді. Ол тауық, балық, тышқан және құстармен қоректенеді.

Түлкі – қу, айлакер.
3. Бір аң бар қайраты көп болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі (Арыстан)
Аңдардың патшасы – арыстан. Арыстан – айбатты, жыртқыш аң. Көбінесе шөлді жерлерде кездеседі. 30 - 35 жыл өмір сүреді. Хайуанаттар бағында кездеседі.
4. Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)
Оқулықпен жұмыс:
а)Есек – жылқы туысына жататын сүтқоректі жануар. Түсі қоңыр, күңгірт азық талғамайтын, құрғақшылыққа төзімді көлік малы. Есек 18 – 20 жыл тіршілік етеді.
- Міне, біз бүгін «Аңқау арыстан» деген ертегісін өтеміз

Рисунок 4
(Ертегіні дауыс ырғағын келтіре оқушыларға оқып беру, сөздік жұмыс жүргізу) талдау жасау:
- Ертегі не жөнінде екен?

Түлкі арыстанға неге келді деп ойлайсыңдар?

Есектің адам өмірінде қандай пайдасы бар?

Арыстан қандай аң екен?

Есектің миы қайда кетті деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп – теріп салайық,
Қалтамызға салайық.

Шығармашылық жұмыс

I топ жұппен жұмыс (топтық тапсырманы бірігіп орындайды)

II топ он сұрақ (бір оқушы шығады мұғалім оған стикерге бір сөз жазады). оқушы басқа оқушыларға он сұрақ қояды олар иә немесе жоқ деп жауап беруі тиіс).
III топ
миға шабуыл (тақырыптың негізігі түпкі мағнасын ашу барысында басқа балаларға сұрақ дайындайды).

IV Бағалаушы топ (I, II, III, топ оқушыларын бағалау бетшесі арқылы бағалайды).

V. Дәптермен дұмыс

«Қай қатар тез» ойыны.

Балалар дәптеріне түсніксіз сөздерді жазып алып оған өз түсніктерін жазуы керек.

VI. Сабақты бекіту

VII. Қорытындылау   

«Бестармақ» тәсілі. Бұл тәсілде оқушылар өз ойын қортындылау үшін тек 11 сөзді қолданады. Бестармақ бес жолдан тұрады. Мұнда жазбаша келесі сұрақтарға жауап беру керек.:   

1.«Не?» – 1 сөз.

2. «Қандай?» -2 сөз.

3. «Не істейді?» -3 сөз.

4. «Оның маңызы қандай?» – 4 сөз.

5. «Оны басқаша қалай атауға болады?» - 1 сөз

VIII. Үйге тапсырма

IX. Бағалау.


ЖШС Каспий өңірі «Болашақ колледжі»

IV курс студенті
Пиримбетова Сандуғаш



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 тамыз
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі