ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ЗАКИ АХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ №16 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ
Қатысушылар:
Қызметі:
Педагогикалық қызмет өтілі:
Эл. мекен жайы: sara2489@mail.ru
Телефоны: 87057048750 (WhatsApp)
Өскемен, 2023
1.Жобаның авторы: Нургалиева Салтанат Кайратовна
Байланыс телефоны: 87057048750 (WhatsApp)
Электрондық почта: sara2489@mail.ru
2.Жобаның өзектілігі мен түпнұсқалығы:
Бүгінде оқушыларға әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру ғаламдық мәні бар мәселеге айналып отыр. Жаһандану дәуірінде цифрлық технологияның қарыштап дамып, әлемдегі ақпараттық шекаралар ысырылып, оқушыларымыз гаджеттер мен интернет ойындарына тәуелді болып жатқан қоғамда, мектеп оқушыларына ұлтымызға тән ұлттық құндылығымызды дамытудың маңызы зор. Ұлы ойшыл әл-Фараби айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Оқыту барысында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тәсілі қолданылады. «Толық адам» ұлттық тәрбие моделі іске асырылады. Оқушыларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, – деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы біліетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек» делінген.[1,12 бет] Қазір әлемдік жаһандану үдерісі ерекше екпін алған шақ. Мұндай аумалы-төкпелі, сындарлы кезеңде, ең бастысы, ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалуға тиіспіз. Ал ұлтжандылық, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттер адам бойына, сайып келгенде, этнопедагогика арқылы сіңетіні ақиқат. Олай болса, білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуді, шынымен, мықтап қолға алу керек деп ойлаймын.
3. Мақсаты: Интербелсенді тәсілдер арқылы оқушылардың ұлттық рухани құндылықтарын дамыту жолдарын анықтау.
Міндеттері:
-
Ұлттық рухани құндылықтардың теориялық негіздерін талдау;
-
Ұлттық рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған интербелсенді әдіс- тәсілдерін саралау;
-
Ұлттық рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған сайыстарға қатысу.
4. Зерттеу нысаны: Оқушылардың ұлттық рухани құндылықтарының даму үдерісі
5. Зерттеу пәні: Ұлттық рухани құндылықтар
6. Гипотеза: Егер интербелсенді әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланатын болсақ, оқушылардың бойындағы ұлттық құндылықтар дамиды.
7. Критерийлер мен индикаторлар:
1-кесте- Жобаның критерийлері мен индикаторлары
|
|
Критерий |
Индикатор |
|
1 |
Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделе алады және өз іс әрекетіне сенімділігін көрсете алады; |
Жоғары Орташа Төмен |
|
2 |
Ұлттық құндылықтарымызды бағалайтын тұлға дамиды:
|
Жоғары Орташа Төмен |
|
3 |
Шығармашылық сайыстарға қатысады, нәтиже көрсете алады; |
Жоғары(9-10б рес) Орташа(6-8б обл) Төмен(5 б қала) |
8.Теориялық бөлімі: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің дана сөзінің маңыздылығы күннен күнге артып келеді. Өйткені әрбір білім алушы өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын да білуге тиіс. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқылығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы делінген. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар, яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Жалпы құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды деген. [3, 25 бет] Ұлттық құндылық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын маңызды фактор болып табылады. Жеке тұлға өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне отырып, өз халқының тарихын, ұлттық құндылықтарды (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениет пен тағы басқа жетістіктері), ұлттық менталитет, халықтың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін бағалап, оның дамуына ықпал етеді. Сондықтан да ғалымдардың зерттеулеріне сүйене келе, біздің пайымдауымызша, оқушы бойына ұлттық рухани құндылықтарды қалыптастыру үшін тәрбие беру процесін түрлендіру маңызды. Осы ретте интербелсенді оқыту басты назарды шәкірттердің «қалай» және «қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне» аударады. «Интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру [1, 25 бет]. Сол себепті біз тәрбие процесінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдануымыз қажет. Өз іс-тәжірибемде ұлттық тәрбиені білім негіздерімен ұштастыру, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақ кезеңдерінде интербелсенді тәсілдерді әр түрлі лингвистикалық ойындар, рөлдік ойындар, пікірталас, саяхат сабақ және интеллектуалды сайыс түрінде («Көкпар», «Атажұрт», «Алтын сақа», «Алтын қақпа», «Сөзмерген» т.с.с.) жүргізу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатындығы байқалды.
9. Тәжірибелік бөлімі: Жобаны әске асырудағы іс-шаралар
|
№ |
Өткізілетін іс-шаралар |
Интербелсенді әдіс- тәсілдер |
Мерзімі |
Қатысушы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
«Ұлттық құндылықтарға көзқарасты анықтау» сауалнама Жоба тақырыбы бойынша ұйымдастырушы жетекші топ құру. Жоспар құру. |
Тренинг, сауалнама Сұхбаттасу әдісі |
Қыркүйек |
Сынып оқушылары |
Оқушылардың құндылық қатынастары зерттеледі. Жобаны жүзеге асыру құралдары , жоспары нақтыланады. |
|
2 |
«Атажұрт» интеллектуалды сайыс
|
«Он сұрақ!»
әдісі. |
Қазан |
Ұйымдастырушы жетекші топ, оқушылар |
Оқушы бойында қазақстандық патриотизм сезімін дамыту |
|
3 |
«Сөзмерген» лингвистикалық сайыс |
«Лездеме!»
әдісі.
|
Қараша |
Ұйымдастырушы жетекші топ, сынып жетекші, оқушылар |
Оқушы бойында жалпы және құқықтық мәдениет қалыптастыру; Туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдері ұялаған, ұлттық рухы дамыған;
|
|
4 |
«Алтын қақпа» Пікірталас клубы. Топтық жұмыс |
«9 - ромб»
әдісі |
Желтоқсан |
Ата аналар, оқушылар, сынып жетекші |
Пікірталастарға қатысып, өз ойымен пікірін дәлелдеу; Дүниетанымы кеңейеді; толеранттылық (басқаның пікірімен көзқарасын қабылдау,оларды сыйлау, олармен санасу, төзімділік пен шыдамдылық; |
|
5 |
«Жаяу көкпар» |
«Құпия
зат» |
Ақпан |
Ұйымдастырушы жетекші топ, сынып жетекші, ұл балалар |
Өзіндік тұрғыдан ойлау,пікір және көзқарас қалыптастыру,позиция (сенім,құндылықтар)таңдау т. |
|
6 |
«Қара шаңырақ» атадан қалған ұлы сөз. |
«Стоп кадр» әдісі. Алдымен белгілі бір шығармада орын алған оқиға суреттер беріледі. Сол суреттерден кинокадр құрастыру керек. Құрастырып болғаннан кейін ғибратты өсиет әңгіме оқылады да кинофильмнің дұрыс құралғандығы тексеріледі. |
Наурыз |

Оқушылардыңшығармашылық қабілеттерін жүзеге асырады; Ғибратты әңгімелерді шынайы өмірмен байланыстырып үлгі-өнеге алады; |
|
7 |
«Дау-дамайсыз» Рөлдік ойындар. |
Жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары |
Сәуір |

Жоба аясында даму сатыларының көрінісі күтіледі
|
|
8 |
«Не білемін?» сауалнама
|
Сауалнама әдісі |
Мамыр |
Сынып жетекші, оқушылар |
Оқушылардың құндылық қатынастары зерттеледі.(нәтиже) |
|
Жобаның нәтижесі |
|||||||
|
|
Сайыс атауы |
Нәтижесі |
Оқушы саны |
Үлесі |
|||
|
қала |
обл |
респуб |
халықар |
Сыныптағы оқушы саны -26 Қатысқан оқушы:25 оқушы Қала-5 оқушы Облыс-11 оқушы Респуб 9оқушы Халықаралық-9 оқушы |
92%
|
||
|
1 |
«Бақытты отбасы» сайысы |
1-орын |
|
|
|
||
|
2 |
«Жаяу көкпар» көрме сайысы |
3-орын мектеп |
|
|
|
||
|
3 |
«ALASH» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық«Абай жәнеМұқағали оқулары |
|
|
Бас жүлде |
|||
|
4 |
«Таңғажайып әлем» фото сайыс |
2-орын |
|
|
|
||
|
5 |
Интернет жүйесіндегі шығармашылық сайыстар |
|
10оқушы 1-орын-5 2- орын-2 3- орын- 3 |
8оқушы 1-орын-4 2- орын-3 3- орын- 1 |
8 оқушы 1-орын-2 2- орын-3 3- орын-3 |
||
|
6 |
«Адам және табиғи орта» атты конкурсы |
|
3-орын |
|
|
||
|
7 |
Қалалық «Абай оқулары» байқауы Қалалық «Абай әндері» байқауы |
3-орын 1-орын |
|
|
|
||
Мониторинг нәтижесі: Сынып оқушыларының рухани-адамгершілік мінез-құлық компонентін диагностикалау үшін Н.П. Капустиннің «Тәрбие деңгейін зерттеу жүргізілді. Сынып оқушыларының патриоттық сезім деңгейлерін анықтау мақсатында диагностика жүргізілді. Диагностикада бала бойындағы 5 жеке қасиеттерді бағалауды қамтиды./3-кесте/
Мақсаты: 9 «А» сынып оқушыларының ұлттық құндылықтарының даму деңгейін анықтау.
Зерттеу барысы: Диагностика жүргізу мақсатында оқушыларға кесте берілді. (қосымша)
Әрбір құндылыққа оқушы шартты белгі қояды. Қасиеттерді 1-ден 3-ке дейінгі шкала бойынша бағалайды. Өз қөзқарасы бойынша құндылықтарды шартты белгілермен бағалап, соңында баллдарын қосады. Жоба басындағы көрсеткішпен нәтижесін салыстырады.
3-кесте. 9 «А» сынып оқушыларының ұлттық құндылықтарының даму деңгейі.
|
№ |
Қасиеттер |
уақыт |
динамика |
||||
|
Баст. Көрс. |
Соңғы көрс. |
|
|||||
|
саны |
% |
саны |
% |
саны |
% |
||
|
|
Ана тілін құрметтеу /Мен және мектеп/ |
17 |
65 |
21 |
81 |
+4 |
+16 |
|
|
Ұлт тарихы /Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау/ |
12 |
46 |
15 |
58 |
+3 |
+12 |
|
|
Ұлт әдебиеті /қызығушылығы/ |
10 |
38 |
14 |
54 |
+3 |
+16 |
|
|
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар / Еңбекқорлық/ |
11 |
42 |
12 |
46 |
+1 |
+4 |
|
|
Ұлт өркениеті/ Менің өмірімдегі әдемілік / |
15 |
57 |
17 |
65 |
+2 |
+8 |
3-кесте бойынша мониторинг нәтижесі: 9 «А» сынып оқушыларының құндылықтар деңгейі.

Жүргізілген әдістеменің қорытындысы: Оқушылардың ұлттық құндылықтарының қасиеттерінің даму дәрежесін анықтау мақсатында алынған диагностика нәтижесінде, 26 оқушының 17/65% жоғары, 10/38% орташа құндылық көрсеткішіне ие екендігі анықталды. Демек, сынып оқушыларының көпшілігінде ана тілге құрмет құндылығы қалыптасқан. Зерттеу нәтижесінде тәрбие деңгейі төмен балалар анықталған жоқ. Ұлт тарихын білу жоба соңында +12 өсу динамикасын көрсетті. Осыдан, жоба аясында интерберсенді тәсілдерді қолданып ұйымдастырылған шаралар өз мақсатына жетті деп сеніммен айтуға болады.
Қорытынды: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деп Джон Дьюид айтқандай, қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Интербелсенді әдістерді қолданудағы басты міндетім – ұлт тарихы, ұлт әдебиетімен сабақтастыра отырып, оқушындың бойында ұлттық руханы құндылықтарды дамыту үшін шығарма мазмұны арқылы, ондағы көтерілген негізгі жағдаяттармен оқушының сана-сезіміне қозғау салу арқылы жетуге болады. Жоба аясында оқушылардың интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы ұлттық рухани құндылықтарын дамыту жолдарын анықтадық:
-
сынып оқушыларының ұлттық рухани құндылықтарын анықтау мақсатында диагностика жүргізу үшін сауалнама, Н.П.Капустиннің «Тәрбие деңгейін зерттеу»әдістемесін қолдану тиімді;
-
диагностика нәтижесіне сай жүргізілетін жұмысты жоспарлау, әр оқушының жеке ерекшелігіне назар аудару;
-
«Он сұрақ» , «Лездеме», «9 ромб» , «Iearning apps» сәйкестендіру, «Plictrs» бағдарламаларын қолдану сабақтың нәтижелілігін арттырады;
-
«Көкпар», «Атажұрт», «Алтын сақа», «Алтын қақпа», «Сөзмерген» ойындары, рөлдік ойындар, пікірталас, саяхат сабақ және интеллектуалды сайыс түрінде өткізілген сабақтар оқушылардың қызығушылығын арттырады:.
Жоғарыдағы аталған іс-әрекеттерімізді жүйелі жүргізетін болсақ, оқушыларымыздағы ұлттық рухани құндылығын дамытып, көзіміздің қарашығындай сақтап, келешекке жеткіземіз деген мақсатпен ел болып бірлесе жұмыстар жүргізу керек деп есептейміз. Тіліміз бен ұлттық құндылығымызды кіршіксіз күйінде болашаққа мирас етіп қалдыру үшін әрқайсысымыз тамшыдай болса да үлес қосуымыз керек деп ойлаймыз.
ӘДЕБИЕТ
-
Қ.Бөлеев Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау//Алматы, 2014.-33-35 бет.
-
Ж.Ж. Ізбасарова. Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту//
-
Тараз, - 15-16 бет.
-
Н.Бижанова Ұлттық құндылық қасиеттер//Алматы, Қазақстан мектебі// -2021.- № 3,
-
С.Ғ.Тәжібаева. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру тұжырымдамасы. Алматы, Қазақстан мектебі//- № 3, -2022.
-
С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. Ұлттық тәрбие - құндылығы мол дүние// - 2008.
-
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/34833/ [электрондық ресурс]
-
https://www.tarbie.kz/27203[электрондық ресурс]
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Интербелсенді тәсілдер арқылы оқушылардың ұлттық рухани құндылықтарын дамыту

шағым қалдыра аласыз