Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Интерьер және экстерьердің суретін салу
Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіптік білім саласындағы инженер педагогтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
11 Қаңтар 2018
3502
21 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мамандығы:1418000 «Сәулет өнері»«Бекітемін»Сабақ өткізілетін күніДиректордың оөу өндірістік«21» желтоқсан 2017 жыл жұмыстары жөніндегі орынбасарыӨндірістік оқыту шебері______________Қ. ОмароваГ. Ахметова
Панорамалық сабақ жоспарыСабақтың тақырыбы: Интерьер және экстерьердің суретін салуМақсаты: Оқытушыларға, өндірістік оқыту шеберіне сабақтың әдіс тәсілін көрсете отырып, тиімділігіне көз жеткізу. Тәжірибе алмасу, бөлісу, ой пікірлерін білу, теориялық сабақпен өндірістік сабақты ұштастыра отырып, интерьер мен экстерьердің суретін салу жұмыстарын көрсету, әдіс-тәсілдерін көрсету.Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Жас мамандардың ізденңмпаздығын арттыру және маман иесі ретінде жауапкершілік қабілеттерін шыңдай отырып, кәсіби маман иесі болуға тәрбиелеуСабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың кәсіби шеберліктерің арттыру.Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Интерактивті тақтаны слайд көрсету барысында және плакаттар , сызбалар, бейне баяндама, тақта, таратпа көрсетілімдері, оқулық, технологиялық нұсқау карта, А3 форматы, қарындаш түрлері, сызғыш түрлері. Пән аралық байланыс: геометрия, сызба геометриясы, физикаСабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:1.Жас мамандардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.2.Арнаулы киімдерін тексеру.ІІ. Кіріспе нұсқау кезеңі:1.Жас мамандарға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және түсіну.2. Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру.1.Натюрморт деген термин нені білдіреді?2.Натюрмортты салудың жүйелі кезеңдерін атаңыз?3.Суреттегі «конструкция термині нені білдіреді?4.Натуралық қойылымдарды құрастыру кезіндегі қандай негізгі талаптарды білесіңдер?5.Натюрморттың суретін салудағы жұмыстың әдістемелік жүйесі қандай болуы керек?6. Қауіпсіздік ерекшеліктері.Үй тапсырмасын сұрақ жауап арқылы қорытындыладым.
Білім алушыларға жаңа сабаққа нұсқау беру:1.Интерьер және экстерьер туралы мағлұмат беру.2.Интерьерлік дизайн және стильдері3.Бөлме интерьерін құру және түстердің үйлесімділігі
Экстерьер деп –ғимараттың сыртқы келбетін айтамыз.Ғимаратты жобалау барысында бельгілі рольде жарнама жинақтары атқарады. Ғимаратт немесе комплекс қоршаған ортаға сай орналасуы және қала немесе ауыл ландштафына сай орналасуы тиіс.. Табиғат климаттарын , ауа температурасын, ауа дымұылдығын, жауын шашын мөлшерәін, жел бағытын ескерген жөн.Ғимараттың архитектуралық, құрылымдық жоспарлы шешңмң шектен тыс қымбат болмауы тиіс. Ғимарат жоспары эксплуатацияны үнемі пайдалануы тиіс.2 Интерьерлік дизайн және стильдеріИнтерьерлік дизайн – ғимарат ішіндегі элементтер өзара гармониямен орналасуының ыңғайлығы, түстік сәйкестік пен эстетикалық тұрғыдан көркемдік сыйлау мақсатында әзірленетін дизайн саласы. Салдарынан адамдарға жайлылық, әсемдік, көркемдік, тамаша көңіл күй немесе белгілі бір күйге енуіне жағдай жасайды.Дизайн түрлері романс (классика), модерн (жаңа заманғы стиль) және хай-тек (технологиялық) бағыттары бойынша кез келген объекттерге қолданылады. Мысалы, үй, пәтер, бөлме, мекеме, офис, өнеркәсіптік, өндірістік, тамақтану орындары (кафе, ресторан), дүкен, залл (холл) т.с.с. тақырыптық интерьерлер дизайндары көпшілікке таныс екен.Романс(Классикалық стиль)
Модерн стилі (фр. moderne – ең жаңа, қазіргі) – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Еуропа және Америка елдері өнерінде орын алған стильдік ағым.Модерн Бельгия, Ұлыбритания мен АҚШ-та – “жаңа өнер”, Германияда – “югенд-стиль”, Австрияда – “сецессион стилі”, Италияда “либерти стилі”, Испанияда – “модернизм” деген атпен белгілі.Ол символизм мен эстетизм идеяларын, Ф.Ницшенің “өмір философиясын” дамытты.Модерн өкілдерінің (У. Морристің социалдық утопиясына сүйенген бельгиялық археологиялық әрі дизайнер Х.К. ван де Велде) пікірлеріне қарағанда ол қоғам құруға ықпал жасарлық жаңа өмір стилі, адам баласына эстетикалық ләззат алар орта мен тұрмыс жағдайын туғызу, байырғы дәстүрден бөлек, қазіргі конструкцияларды пайдалану арқылы өнерге жаңа жол салу болып табылады.
Хай тек технологиясыХай тек технологиясы-жоғарғы технологияларды пайдалана отырып, адамның өмір сүруіне жайлылық сыйлайды. Оның негізгі ерекшелігі:-ғимарат салуда жоғарғы технологияны пайдаланады;-шыны, металл, пластик материалдарын кеңінен пайдалану;-функционалды элементтерді қолдану(лифт, баспалдақ, ауа желдеткіш құралдары)-металды кеңінен пайдалану; 4.Бөлме интерьерін құру және түстердің үйлесімділігі Бөлме интерьерін құруда бөлменің ауданы, ұзындығы , биіктігі, жарыұ түсу бұрыштары, бөлме түрі, бөлмедегі элементтер мен обьектілер және олардың түсімен тапсырыс беруші қалаған түстерді ескере отырып, тақырыптық дизайн негізінде бөлмеге кірген адамның эмоциясына әсер ететіндей етіп орналастыру мен түстік комбинаторика заңдылықтарын қолдана отырып, аздаған иллюзиялық көріністерге жағдай жасайды.Түс интерьер дизайнының ең күрделі элементі және осыған қоса онда қолданылатын ең қуатты құралдардың бірі болар. Түсті кемшіліктерді жасырып және оның ерекшеліктерін бөліп көрсетіп, бөлмеге эмоционалдық қалып бере отырып, бөлменің сыртқы түрін өзгерту үшін қолдануға болады. Егер бөлінген қаражат шектеулі болса, түсті сәтті қолдану көп ақша құртпастан, бөлмені тиімді бояп шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар түстердің адам баласының, әсіресе балалардың физиологиялық және психологиялық ішкі сезімдеріне қатты әсер ететіні әсте естен шығаруға болмайды. Интерьер құрылымының қарапайым болғаны дұрыс, ол адамдардың өздерін еркін де, әрі жеңіл сезінулеріне зор ықпал жасайды. Бұл жерде бөлме мен оның ішіндегі жиһаздардың да түстерінің үйлесімді болғаны мақұл.Түс – бізді қоршаған орта мен тұрмысыздағы басты құбылыстың бірі. Ал үй тұрмысында немесе тұтыну заттарында оны қалауынша өзгерту адамдардың өздерінің қолында.Ол біздің тұрғын үйлерімізді әрлеу барысында, әсіресе интерьерді көркемдеп безедіруде үлкен роль атқарады, сондай-ақ ол адамдарды ішкі жан сезімімен мінез құлықтарына да орасан зор әсер етеді. Мысалы жасыл түс - адамның көңіл-күйіне жағымды әсер етеді. Яғни мұндай бөлмеде бірқалыпты (ырғақты) жұмыс жасауға болады. Көк түс -суықтық пен салқындықтын нышаны іспеттес.Қызыл түс кей адамдардың әсіресе қызынуына әсер етеді, ол балалардың көзімен қарағанда бұған керісінше ұнамды болып келеді.Қызыл сары түс - бұл жоғарыда айтқандай балалар бөлмесін әрлегенде пайдалануға болады.Сары түс - күн сәулесі сияқтанғанмен адам жанын жаншитын кездері де болады. Ашық түстер негізінен адам жанына мінез-құлқына оң әсерін тигізеді.Егер бөлме тарлық жасап, оны ішкі сезімімізбен кеңіткіңіз келсе қабырғаға жабыстыратын қағаздың көгілдір немесе сұрлау түсін таңдағаныңыз дұрыс. Сонда арқа-басыңыз кеңіп қалғандай әсерде боласыз. Негізі бөлме ішіндегі барлық түстер бір-бірімен түстік гаммалар арқылы байланыста болуы қажет. Мысалы қабырға түсі үй жиһазымен, есік-терезе перделері еден түсімен деген сияқты. Мүмкіндігінше қарама-қарсы түстерден аулақ болған жөн.
CLIL технологиясы(үштілділікті) пайдалана отырып,осы тақырыптағы термин сөздердің аудармасын көрсеттім.Кіріспе нұсқауды пысықтау: Білім алушыларға А3 форматтары таратылады. Онда бөлме кеңістігі (қонақ бөлмесі, балалар бөлмесі, жатын бөлме, ас бөлмесі ) берілген және интерьер элементтері беріледі. Білім алушылар бөлмеге интерьер элементтерін бір-бірімен үйлесімді етіп орналастырады. Және А3 форматының артында (интерьер, экстерьер, интерьер дизайнның стилдері, түстер үйлесімділігі) деген сөздер жазылады Мысалы:Білім алушылар осы тапсырманы орындап, әр топтан бір баладан шығып, бөлмені қалай безендіргенін айтып, сұраққа жауап береді. Білім алушылар барлық бөлменің интерьерімен толық танысып, бір бірімен пікір алмасады.Мен бұл сабақта: Жаңа педагогикалық технологиялар
(Технологиялық нұсқау карта тараттым.)
ІV. Ағымдық нұсқау: )Білім алушының жаттығу жұмыстары)
V. Қорытынды нұсқау:1. Сабақты қорытындылау2.Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып білім алушылардың жақсы жұмыстарын атап өту, бағалау.3.Үйге тапсырма беру: Экстерьердің суретін салу
Өндірістік оқыту щебері: Ахметова Г

- Интерьер және экстерьер туралы мағлұмат беру.

- Педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны қалыптастыру технологиясы;
- Ынтымақтастық педагогикасы (жұппен, топпен жұмыс);
- Білім берудегі ізгілендіру(ынталандыру);
- Оқушылардың іс-әрекеттік белсендіру және күшейту негізінде педагогикалық технологиялар;
- Модульдік оқыту технологиясы;
- CLIL технологиясы(үш тілділік) технологияларын пайдаландым.
(Технологиялық нұсқау карта тараттым.)
ІV. Ағымдық нұсқау: )Білім алушының жаттығу жұмыстары)
- Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу.
- Тексеру мақсатында білім алушылардың жұмыс орындарын аралау.
- Білім алушылардың жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картамен жұмыс жасауларын ұйымдастыру;
V. Қорытынды нұсқау:1. Сабақты қорытындылау2.Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып білім алушылардың жақсы жұмыстарын атап өту, бағалау.3.Үйге тапсырма беру: Экстерьердің суретін салу
Өндірістік оқыту щебері: Ахметова Г
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)