|
Басталуы
5
минут
|
Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды
түгелдеу, құрал-жабдықтарды тексеру. Назарларын сабққа
аудару
Психологиялық ахуал
қалыптастыр
Оқушылар бір – біріне жақсы
көңіл – күй мен сәттілік тілейді.
Оқушыларды жұпқа және топқа
флиппити платформасы арқылы бөлу.
Миға шабуыл
стратегиясы:
Ұсынылған интерьердің сәнді
заттарын дайындау үшін қандай материалдар
қолданылған?
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады. Бір-біріне
сәттілік тілейді. Орындарына жайғасады. Барлық оқушылардың назары
тақтада болады. Оқушылар топқа және жұпқа бөлінеді
Оқушылар сқрақтарға
тиімді жауап беруге тырысады
|
Қалыптастырушы бағалау: мадақтау.
Жарайсыңдар!
|
Оқулық, презентация, альбомдар
мен бояулар. Оқулық
|
|
Ортасы
35 минут
|
Жаңа білімді
меңгерту.
Материалдар мен оларды өңдеу
тәсілдерінің алуан түрлілігі шығармашылық ізденіс мүмкіндігін
арттыра түседі.
Интерьерді сәндеуге арналған
затты қағаз, ағаш, металл, полимер саз, әйнек сияқты материал-
дардан жасауға болады.
Өңделген шикізатты (компакт-
диск, винил пластинкасы, пластик құты, консерві т. б.) материал
ретінде пайдалану арқылы кез келген интерьердің сәнін кіргізетін
ерекше бұйымдар жасауға болады.
Интерьердің сәнді затын
дайындау үшін сәндік-қолданбалы өнердің құю, күйдіру, шекіме,
мүсіндеу, соғу, бедерлеу, кесу, өру, перфорация, аралау, мозаика,
декупаж, граттаж сияқты түрлі техникаларын қолдануға
болады.
Қауіпсіздік
ережесі
-
Құралды (ара, балға,
бұрауыш т.б.) тек мақсатына сай пайдалан.
-
Өткір және ауыр заттарды
мұқият ұста, ойнама.
-
Жұмыс орнын таза ұста,
артық заттарды жина.
-
Қайшыны, пышақты өзіңе
немесе досыңа бағыттама.
-
Электр құралдарын
мұғалімнің рұқсатынсыз қоспа.
-
Жұмыс соңында құралдарды
жинап, орнына қой.
-
Қолды жуып, тазалық
сақта.
Тапсырма:
1. Электрондық қосымша-
материалды пайдала- нып, түрлі техникада жасалған интерьердің сәнді
заттарын қарап шығыңдар.
2. Өздерің білетін техникалар
мен әдіс-тәсілдерді атаңдар.
Бұйым жасалатын материалды таңдау оның
интерьердегі қызметінің ерекшелігіне, сәндеуде алатын орнына
тікелей байланысты. Тәсілдер таңдап алынған материал мен техникаға
негізделеді.
Тапсырма:
Интерьердің бір сәнді затының (қалауларыңша)
жасалу техникасын қарастырыңдар.
1. Осы техникамен дайындалған заттарды даярлауда
қандай материал, құрал-жабдық, аспап қолданылатынын
айтыңдар.
2. Мұнда қандай әдістер қолданылатынын
анықтаңдар.
3. Жұмыс нәтижесін кестеге түсіріп, сыныпта
талқылаңдар.
Техника
Материалдар
Құрал-жабдық Әдістер
Материалдардың табиғи қасиеттерін пайдалана білу
интерьер заттарын тиімді құрылымдап, сәндеуге мүмкіндік
береді.
Жана
технологиялардың дамуы бұйым жасау өндірісіне айтарлықтай
өзгерістер әкелуде, десек те оның негізі бұйым жасаудың дәстүрлі
техникасынан бастау алған.
|
Оқушылар мұғалімнің ақпаратын тыңдайды. Сабаққа белсенді
қатысып ойларымен бөліседі.
1. Электрондық қосымша-
материалды пайдаланып, түрлі техникада жасалған интерьердің сәнді
заттарын қарап шығады.
2. Өздері білетін техникалар
мен әдіс-тәсілдерді атайды.
Интерьердің бір сәнді затының (қалауларыңша)
жасалу техникасын қарастырады.
1. Осы техникамен дайындалған заттарды даярлауда
қандай материал, құрал-жабдық, аспап қолданылатынын
айтады.
2. Мұнда қандай әдістер қолданылатынын
анықтайды.
3. Жұмыс нәтижесін кестеге түсіріп, сыныпта
талқылайды.
|
Дескрипторлар:
1.Электрондық материалдағы интерьер сәндік заттарын мұқият
қарап, әртүрлі техникамен жасалғанын ажырата
алады.
2.
Интерьер бұйымдарын жасауға қолданылатын техника мен
әдіс-тәсілдерді дұрыс атайды (мысалы: мозаика, батик, тоқыма,
жапсыру, бедерлеу, т.б.).
Дескрипторлар:
Таңдалған
интерьер бұйымының жасалу техникасын сипаттап, қажетті материалдар
мен құрал-жабдықтарды атайды.
Жұмыс
барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді (мысалы: кесу, жапсыру,
бояу, өрнектеу) дұрыс анықтайды.
Жұмыс
нәтижесін кестеге түсіріп, сыныпта түсінікті түрде талдай
алады.
|


|
|
Аяқталуы
5
минут
|
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу
Рефлексия:
Сабақта саған не қызық болды?
– Қай тапсырма немесе жұмыс түрі сені ерекше қызықтырды?
– Неліктен бұл сені тартты деп ойлайсың?
Сабақта не қиын болды?
– Қай кезеңде қиналдың?
– Бұл қиындықты қалай шештің немесе келесі жолы не істер
едің?
Сен
үшін бүгінгі сабақтан қандай жаңалық болды?
– Бұрын білмеген қандай мәліметті немесе тәсілді
меңгердің?
Қорытынды.
1.
Сендердің ойларыңша, бүгінгі таңда интерьердегі сәнді заттарды
жасауда қандай техника жиі қолданылады?
2.
Үйлеріңнің ішінде (интерьерінде) қандай сәнді заттар бар? Олар
туралы айтып беріңдер.
|
Үй
тапсырмасын белгілеп алады
Сұрақтарға жауап береді.
Бүгінгі таңда интерьердегі сәнді заттарды
жасауда макраме, эпоксид шайырымен
құю, тоқыма (қолмен тоқу), декупаж және 3D принтер арқылы жасау
техникасы жиі қолданылады. Бұл әдістер заманауи әрі әдемі бұйымдар
жасауға мүмкіндік береді.
Біздің үйіміздің ішінде сәнді жастықтар, қолмен тоқылған кілемше, қабырғаға ілінген
сурет пен сағат бар. Ас бөлмеде сәндік ыдыс-аяқ пен гүл қойғыштар
бар. Олардың барлығы бөлмені әдемі әрі жайлы етіп
көрсетеді.
|
|
|