400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интернат тәрбиеленушілеріне тренинг сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас тәрбиешілерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Интернат тәрбиеленушілеріне тренинг сабақ


Мақсаты: Қарым-қатынасқа деген қажеттілікті және топтағы қарым-қатынас деңгейін, өзара түсіністікті анықтау.Топта біріккен іс-әрекет машығын қалыптастыра отырып, оларды басқалармен эмоция негізінде жақсы қарым-қатынас орната білуіне үйрету.

1.Сәлемдесу

- Сәлеметсіздер ме!Қазір барлығымыз шеңберге тұрамыз.Содан соң әр қатысушы топпен қалай сәлемдескісі келетінін сөзбен немесе қимыл-қозғалыспен көрсетеді.Қандай сәлемдесу тәсілін қолданса да өз еркі.Ал қалғандары сол ойыншының сәлемдесу түрін бірлесе қайталайды.

2. «Үндемейтін және сөйлейтін айна» жаттығуы

Нұсқау: қазір айнаға қарағысы келетін өз еркімен бір адам ортаға шықсын.

- Сенің міндетің «айнадағы» бейне арқылы, топ мүшелерінің ішінен кімнің сенің артында тұрғанын анықтау.Бұл екі айна жаны бар болып табылады және олар сенің тобыңнан таңдалатын адамдар болып табылады.Оның біреуі сөйлемейтін болады, яғни ол сенің артында тұрған адамды мимика және жест көмегімен түсіндіреді.Екінші «айна» сол адамды сөз арқылы жеткізуге тырысады,бірақ ол адамның есімін айтуына болмайды.Ал қазір саған топ ішінен сөйлейтін және сөйлемейтін «айналарды» таңдап алу еркі беріледі.

Негізгі ойыншы екі айнаның алдына қарап тұруы қажет.Топтың қалған мүшелері ойыншының артына дауыстарын шығармай, бір-бірлеп келіп тұрады.Ең алдымен үндемейтін «айна» қызмет етеді.Егер ойыншы артындағы адамның кім екенін таба алмаса, кезек сөйлейтін «айнаға» келеді.Ойыншының міндеті- артындағы адамды тез арада табу.

3. «Кез келген сан»

Нұсқау: Мен қазір кез келген ойыншыны атымен атаймын, ал ол сол сәтте 1-ден бастап топтағы адамдар санына байланысты кез келген санды айтады.Содан кейін менің «баста » деген белгімнен кейін біруақытта манағы айтылған сан бойынша ойыншылар орындарынан тұруы қажет.Сан айтқан адам өзі орнынан тұруына да, отыра беруіне де болады.

4. «Штирлец»

Нұсқау: кез келген біреуіңіз жетекші болыңыз.Қалған ойыншылар әртүрлі позада қозғалмай, қатып қалуы керек.Жүргізуші ойыншылардың позасы мен киімдерін жаттап алуы қажет.Содан соң ол бөлмеден шығып кетеді.Ойыншылар өздерінің позалары мен киімдерінде 3 өзгеріс жасауы қажет.Ойыншы бөлмеге келгеннен кейін, әр қатысушының позасы мен киіміндегі өзгерген 3 элементті тауып алады.

5. «Ұжымдық сурет».

Нұсқау: қазір сіздер өз ойларыңызда жүрген немесе өзіңіз салғыңыз келетін қиялыңыздағы суретті ойлаңыз және оның бір бөлігін ғана қағаз бетіне түсіріңіз.Осыдан кейін оны оң жақтағы көршіңізге бересіз.Оң жақтағы көршіңіз суретіңізге зейін аудара отырып, белгілі бір элемент қосып,оны ары қарай жалғастырады.Сурет қолдан қолға жылжи отырып, өз авторына қайта оралады.Ол суретті аяқтайды.Осыдан кейін автордан басқаларына суретке тақырып қою ұсынылады. Автордың ойы мен ұжымның фантазиясы салыстырыла отырып, топтағы өзара түсіністік деңгейі анықталады.

6. Қоштасу.

Тренингке қатысушылар бір-біріне комплимент айта отырып, алдағы өмірлеріне жылы тілектерін жолдайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі