жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
INTERNET АУҚЫМДЫ ЖЕЛІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
INTERNET АУҚЫМДЫ ЖЕЛІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Холшураева А.Ж,Шонгалова К.С
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Аркалық қаласы
Интернет осыдан 25 жыл бұрын АҚШ-ң қорғаныс министрлігінің ARPаnet тармағын радио және спутникалық жүйелермен байланыстырудың нәтижесінде пайда болған. ARPаnet (Advanced Research Projects Agency net) эксперименталды жүйе болған. Ол әртүрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған. Ғалымдар, оқытушылар және басқа мамандар Іnternet-ке кіре отырып, оның лайықты мүмкіндіктерін бағалады. Нәтижесінде тораптарға сұраныс бірден өсті. Стандарттаудың халықаралық ұйымы есептеуіш тораптарға байланысты көп жылдар бойы жұмыс істеді. Іnternet программасын шығарушылары, яғни АҚШ, Ұлыбритания ғалымдары ІP программасымен қамтамасыз етіп отырды. Бұл әртүрлі фирмалар шығаратын компьютерлерге дұрыс шешім болды. Бұл тұтынушылардың өзіне қолайлы компьютер алуға тиімді болды.
ІNTERNET (бас әріппен жазылса) – кез-келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратан Дүниежүзілік Торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет торабы көмегімен электрондық пошта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
Интернетті пайдаланатындардың барлығы - тек бір нәрсені ғана іздейді. Ол – ақпарат. Оның негізгі қайнар көздері адам және машина. Интернет арқылы өзің сияқты адамдармен танысуға болады.
Интернет тораптарын потенциальды пайдаланатындар деп:
-
ғылым және оқу жобаларын іске асыратын оқытушы;
-
құқық мамандарымен өз қолындағы ісін талқылауға арнаған заңгер;
-
ата-аналары нағыз музыканы түсінбейтін 8-сынып оқушысы өз құрбыларын іздеу үстінде, тағы сол сияқтыны айтады.
Сонымен қатар есептеуіш қорларына кіруіне қамтамасыз етеді. Оқытушы компьютермен НАСА арқылы космос программасынан ақпарат алуға болады, және де өткенді, қазіргіні, болашақтағы космос төңірегіндегі ғылымнан толық ақпарат береді [1, 23 б.].
TCP/ІP – Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

Интернет торабына қосылған компьютерлер
ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін торапаралық хаттама.
TCP (Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол тораптағы ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Интернет торабын пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
Интернет (кіші әріппен жазылса) - TCP/ІP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.
Интернетте жақсы жұмыс істеу үшін, оның құрылысын білу онша қажет болмайды. Бірақ интернет жұмысы және пайдаланылатын терминдер туралы біршама білу керек. Бұл жағдай интернетті тезірек меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Іnternet-те қызмет көрсету провайдері – ІSP (Іnternet Servіce Provіder), Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға [2, 53 б.].
Айтылып кеткендей интернетке қосылу үшін өзіңіздің қалаңызда немесе аймақтарыңызда жұмыс істейтін провайдерлердің біреуімен келісімге отыру керек. Келісімге отырып провайдер қойған бағамен ақшасын төлегеннен кейін, сіз өзіңізге керекті деректі аласыз: қолданушының аты, құпия сөз, телефон номері, файл – сценарий және т.б. Сонымен қатар провайдер торабына қосылудың инструкциясын аласыз. Осыдан кейін барып модемді қойып, оның жұмысының параметрін баптайсыз. Модемді орнатқаннан кейін міндетті түрде интернеттің шеттетілген қатынауына бағдарламаның орнатылғанын тексеру керек. Қажетті жағдайда провайдерден алған деректерге сәйкестендіріп баптап орнату керек. Осыдан кейін интернеттің жұмысына керекті желілік ТСР/ІР хаттамасының компьютерде орнатылғанын тексеру қажет.Барлық баптау орындалып біткеннен кейін қажет номерді теріп шеттетілген қатынау сервері арқылы жаңа бірігуді тексеру керек.
Компьютерлік тораптың екі түрі бар: бөлінген серверлі торап немесе көпрангілік және біррангілік тораптар.
Көпрангілік торапта бір немесе бірнеше компьютерлер болады, олар сервер деп аталады. Тораптық операциялық жүйе басқаруымен жұмыс істейді және өзінің үлкен дисклерінде ондаған мың файлдарды сақтайды. Сонымен қатар, оларға принтерлер қосылған. Торапта компьютерлер жұмыс істейтін станцияны клиент деп атайды. Олардың әрқайсысы серверлерге жолы ашық және программа мен мәліметтерді пайдалануға тораптық принтерлерде басып шығару мүмкіндікткері болады. Тораптардың осындай түрі үлкен көлемдегі ақпарат сақталатын ірі организациялар мен фирмаларда қолданылады.
Біррангілік торапта әр компьютерде жұмыс станциясы да, сервер де болып жұмыс істей алады. Осындай тораптағы әр компьютер осы тораптың басқа компьютерлеріне кіре алады. Оның дискеттерінде файлдарды сақтайды және оқиды. Ал жерде орналасқан программаларды іске қосуға, қосылған принтерде басуға мүмкіндік бар. Біррангілік тораптар кішігірім мекемелер мен офистерде қолданылады.Компьютерлік тораптар бір мекемеде немесе бір организацияда орналасқан компьютерлерді байланыстырады.
Бүкіл әлемнің елдерін қамтыған ең ірі ауқымды торап интернет болып табылады. Ол 1988 жылы АҚШ-та пайда болып, алғашқыда ғылыми орталықтар мен университеттердің тораптарын байланыстырады. Қазіргі уақытта интернет бүкіл әлемнің миллиондаған компьютерлерін біріктіретін ең танымал торап болып келеді. Интернетке қосылып сіз мысалы, АҚШ конгресінің кітапханасының, Токио, Нью-Йорк университеттерінің және т.б. елдердегі ЖОО-ның анықтамалық ақпаратына шолу жасауыңызға болады.
Интернетке қосылған әр компьютер торабының түйіні деп аталып, оның міндеті болады. Үнемі торапқа қосылып тұратын компьютер сервер деп аталады. Жалпы сервер - өте кең түсінік және функциялардың айқын жиынтығы бар бөлек компьютерді білдіреді.Торапқа үнемі қосылып тұрмайтын компьютер клиент немесе абонент деп аталады. Қашықтау қамсыз ету серверіне қосылып, клиент интернетке кіруіне мүмкіндігі туады.
Қандай компьютер торапқа қосылғанда өзінің қолайлы ІР – адресі болады. Көптеген машиналар үшін, тораптың домендік атаулары жолдық латын символдарымен және бөлшектенген нүктелермен жазылады. Бірінші бөлігінде - әдетте компьютердің аттары, келесісінде домен компанияларының аттары және соңғы бөлігіне елдегі доменнің немесе мекемелердегі қызметтің профильдігін білдіретін арнайы домендердің аттары жатады.
Мысалы:
сom - компаниялық ұйымдастыру;
gov - әкімшілік ұйымдастыру;
edu - білім құру;
mіl - әскери ұйымдастыру;
net - ұйымдастыру, желіні басқару және желінің құрылысына кіру;
org - қалғандарын ұйымдастыру.
Әрбір елде екі әріптік бірегей белгілер берілген: kz – Қазақстан, uk - Ұлыбритания, jp - Жапония, de - Германия, ru - Россия, ua - Украина. Алайда кейбір республикаларда su - белгісін сақтап қалды. Атауларды бөлудегі белгілі бір ережелеріне шыға отырып Mіcrosoft корпорациясының домендік атауы mіcrosoft.com болып, ал web – серверкорпорациясы – www. mіcrosoft.com болып белгіленді [3, 62 б.].
Абонент торабына электрлік почта арқылы қатынау үшін әдетте толық немесе қысқартылған атаулар қолданылады. Бұл атаулар домендік атаулардан оқшау @ символымен белгіленеді. Мысалы, Mіcrosoft корпорациясының электрондық почтадағы адресі былай болуы мүмкін: bіled@ mіcrosoft.com.
Әдебиеттер:
-
1. Очкин А.И. Методика обучения информационному поиску. ИнфО.-2006. N 2.
-
Бочкин А.И. Методика преподования информатики. Учебное пособие. Минск: Вышэйшая школа, 2003 г.
-
Информатикадан Мемлекеттік білім беру стандарты. 7-11 класс. Алматы, 2018 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген