400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интернет және білім беру: мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Интернет қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды, әсіресе білім беру саласында оның ықпалы ерекше. Әлемдік деңгейде білім алудың жаңа формалары мен әдістерін дамытып, миллиондаған адамға қолжетімділік сыйлаған интернеттің артықшылықтары мол. Онлайн оқу жүйелері мен платформалары білім алуды оңтайландырып, түрлі мамандықтарды меңгеруге жол ашты. Қашықтықтан оқыту, электронды кітапханалар мен курстар — барлығы да қазіргі заманның сұранысына сай жасалған бастамалар. Айтжан Сержан Бауыржанұлы Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика факультеті Юнеско кафедрасы Аға-оқытушысы Мұхамедиева Назым Бейсембаевна
Материалдың қысқаша нұсқасы

Интернет және білім беру: мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер

Интернет бүгінгі күні бар саланың тірегі айналды. Интернетті ақылға салып пайдалану, оның ақ қарасын ажырату адам қолында тұрған дүние.

Сол салалардың бірі әрі бірегейі білім беру,оқыту тұрғысынан қаралмақ. Қазіргі күні интернет білім беру саласында түрлі өзгерістерге ұшырап, миллиондаған адамның керегіне жараған жайы бар.

Біріншіден, интернет білім беру бойынша көптеген ақпарат пен материалдарға еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді. Интернеттің арқасында жарыққа бірнеше онлайн әрі кибер мамандықтар шықты. Электронды кітапхана, онлайн мақалалар,дереккөздер мен желілер, оқырман мен тыңдарман үшін оңай әрі қолжетімділікке ие болды. Бұл білім алуды біршама оңтайландырды және көпшілікке жол ашылды.

Екіншіден, интернетте білім алу біршама білім беру платформаларын өзгеріске ұшыратты. Қашықтықтан оқыту, біліктілік арттыру қосымшалар пен осы салаға тіклей байланысты дүниелерді қарыштап дамытты. Оқушылардың журналы, студенттердің жоғары оқу орындағы білім беру платформалары қалыптасты. Білім алмасу қазіргі өмірдің барлық саласына кірісті. Бизнес пен экономика, филология мен әдебиет барлығы дерлік жаңа реңктер мен аспектілерге ие болды. Келесі, бұл бізде сіздің белгілі бір ұстаз арқылы емес өз бетіңізші жаңа қабілеттер мен жаңа білімге қол жеткізгеніңіз. Басқа елдердегі адамдармен ақпарат алмасу білгеніңізбен бөлісіп, білмегеніңізден хабардар юолу коммуникацияның жаңа бағыттарын қалыптастыружа жақсы роль атқарады. Қазіргі заманның дамыған әрі дамушы тұсында қай саланың болмасын, жеке өркендеуіне әкеледі. Қазіргі таңда алып қарасақ сізге жоғарғы оқу орнын бітірудің қажеті жоқ . Себебі, кез келген мамандықтың қысқартылған бір айлық немесе жарты жылдық курстары бар. Сізді басқару керек десеңіз ментор, өзім би өзім қожа болам десеңіз оған да жақсы жағдай қарастырылған. Мекеніңз бен уақытыңызға қарамастан, білім нәрімен сусындай аласыз.

Кез келген заттың озығы мен тозығы бар дегенде келесі кезекте осал тұстары жайлы айтатын боламыз:

1.Интернет қолжетімді болмай қалуы мүмкін. Шалғай ауылдарда желінің қауқары жетпейтін жерлерде интернет тіпті атымен жоқ. Қазіргі таңда барлық жерде қарапайым білім алудың өзі қиын. Ал олардың заманауи технологиялармен жұмыс жасауы тіптен қиынға соғуы ойландырады.

2. Әлеуметтік теңсіздік әсері. Бүгінгі күні баласына тамақ тауып беруге қиналатын ата ана гаджеттерді ойласа тіпті бірнеше жерде жұмыс жасауы да жеткіліксіз. Сондықтан бұл тақырыптың да көлеңке тұстары жетерлік.

3. Білім беретін курстары саны көп, алайда сапалысы аз. Қаншалықтя таңдау саны көп болса да сіздің деңгейі төмен курстарға жолығып қалу ықтималдығыңыз 45пайызды құрайды.

4. Жеке ақпараттың құпиялылығы. Сіздің жеке деректеріңізге мүмкіншілік алған жағдайжа оның тарап кетпеуі алаяқьардың басқа мақсатта қолдану қаупі де жоғары.

Соңғы статистикаға сүйенсек әлемдік қаржының 6триллион доллары онлайн оқу саласына жұмсалған екен. Ал оны ішін басым бөлігі шетелдік Едтех команиясына тиесілі. Қазіргі таңда ақша айналымы 100млрдтан асса алдағы экономистер бесжылдықта ақша екі еселенеді деп болжап отыр. Онлайн оқу жүйесі бойынша алғашқы бестік тобында АҚШ,Қытай, Ұлыбритания,Канада, Үндістан елдері екен . Көш басындағы құрама штаттар 4жылда қазынаны 100млодтан 250млрдқа асыру көздеп отыр. Басты платформалар олар Курсер,Майкрософт,Алфабет және тағы да басқа юілім беру сайттары. Әлемдік нарықтың 60пайызы және алғашқы орында университет сегментіндегі оқу бөлімдері 120млрд доллар табыспен, екінші орында жоғары да атап өткен едтех компания өнімдері 398млн доллар ақша қоры бар. Әлемдік оқу платформаларының 12-і Америка Құрама Штаттарына тиесілі және негізгі басқару жүйесі сол елден қаралады. Байжас интернет стартабы қазіргі таңда жоғары бағаланған бастамалар тізімінді яғни қазақ теңгесіне шаққанда 110млрд ты құраған.

Онлайн білім берудің жас ерекшелігі мен саласына қарай тоқталсақ. 2022жылғы Топранкинг статистикасына сүйенсек қосымша білім беру , балалар, бизнес салалары өсу ретімен жазылған. Интернет білім берудегі айтулы инвестицияларға көңіл бөлсек, жыл сайын артқан қаржы қазіргі таңда 14млрд долларды құрап отыр. Тек әлемдік емес өз елімізде де онлайн оқу жүйесі қарқынды дамуда, Камалладин, Кыран, Поток сынды өз ісінің майталмандары бүгінде жемісті жұмыс атқарып жүрген жайы бар.

Сонымен қатар, интернет арқылы білім алудың кемшіліктері де бар. Әлеуметтік теңсіздік, интернетке қолжетімділіктің шектеулігі, сапасыз курстардың таралуы және жеке мәліметтердің құпиялылығына байланысты қауіптер осы саланың өзекті мәселелеріне жатады. Әлемдік деңгейдегі қаржы айналымының көп бөлігі дамыған елдерге тиесілі болғанымен, бұл үрдістің игілігін қазақстандық қоғам да көруде.

Қорытындылай келе, интернетті білім беру саласында тиімді пайдалану үшін оның мүмкіндіктерін барынша арттырып, кемшіліктерін азайту қажет. Бұл бағыттағы жүйелі шаралар білім сапасын жақсартып, келешек ұрпаққа заманауи білім алу мүмкіндіктерін кеңінен ұсынуға жол ашады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
371
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі