400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интернет пен агенттің студент өміріндегі рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушылары мен студенттеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Интернет пен агенттің студент өміріндегі рөлі

Мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;

Дамытушылық: Студенттерде интернет туралы толық ой қалыптастыру, студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Студенттер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Дебат (пікір-талас)

Сабақтың технологиясы: Ақпараттық технология

Сабақтың құрал-жабдығы:Интерактивті тақта, слайдтар, бейнероликтер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап (ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру)

Сабақтың жүрісі:


Жүргізуші:

ҚPicture 3 азіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» -деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім студенттер және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы- жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой- пікірімізбен таразыға салып көрейік.


Қатысушылар «Парасат» тобы «Болашақ» тобы

Picture 1 Жақтаушы Даттаушы

Picture 2







Сайысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.


Сайысымыздың бөлімдері:

І. Кіріспе

1. Екі фракцияда үш спикерден болады.

2. Екі фракцияның спикерлері өздерін, (кейсін, резолюциясын, дефинициясын, критерийін, аргументтерімен) (дәлелдерін) таныстырады.





ІІ. Негізгі бөлім

1. Негізгі кезең бұнда спикерлер аргументпен (дәлелдемелермен) мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.

2. Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары.

3. Екі фракция бір- біріне сұрақ қояды.


ІІІ. Қорытынды

1. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады.

Төрешілер екі фракцияның сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.

2. Қорытынды.


Сайысымыздың ережесі:

1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу

2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болма

3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.

4. Қарма- қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.

5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.


Сайысымыздың сарапшыларымен төрешілерін сайлап алып, таныстырайық:

– «Парасат» тобының сарапшылары: Атағазы Нұрсәуле, Нұрсұлтанова Анар

- «Болашақ» тобының сарапшысы: Төленова Мерей, Тасбулатова Шаттық

Төрешіміз: Колледжіміздің әдіскері Қозыбақова Алтын Панзабековна


Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай фракцияның бірінші бастайтыны белгілі болады. Әңгімемізге арқау болу үшін біз алдымен «Агент және студент» көрінісіне кезек берейік.

Мұғалім

Студент мына жастардың,

Келешегін ойланам.

Зенді алғыр жастар аз

Білімге терең бойлаған

Интернетпен агент тұр

Бар әлемді жайлаған

Алыстатып білімнен

Жастардың жолын байлаған

Оқып білім алмаған

Дей ме екен жастар «қой бағам»

Тосқауыл қойып агентке

Ден қою керек білімге

Өмірге керек қорегің

Ойлаңдар жастар білімде

Көп оқыңдар кітапты

Өзіңнің ана тіліңде

Агентке алданып

Тегіс жерде сүрін бе

Кітаптан алсаң білімді

Жарқырап сенің тұрады

Аспандағы күніңде



Студент

Керекшіні өмірге

Агентен аламыз

Мұхитың өзен теңізің

Ішінде барлық қаламыз

Іздегеннің барлығын

Агенттен табамыз

Оқыңдар дейді кітапты

Мұғалім ата-анамыз

Кітапты оқый күндіз түн

Қатардан қалай қаламыз

Агентке біздердің

Уланып қалған санамыз


Ата-ана

Интернет агент бұл күнде

Жаулайды жастар санасын

Кітаптан емес керегін

Агентен болды табатын

Қатаймайды қанатың

Ой санаңды аздырып

Жастарым қайда боласың

Ұстаздан білім алмасаң

Робот болып қаласың

Жасалу керек бір жагдай

Агентке жоқтау салатын.


Жүргізуші:

Көріністі көріп тамашаладыңыздар. Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік. Таныстыру.

Уақыттарыңыз-1- минут

Жақтаушы жақтың спикерлері: Нәбиева Ұлдай, Чапай Анар, Күбікова Шапағат

Қарсы жақтың спикерлері: Бұсұрманова Мөлдір, Жұмасатова Самал, Жұмабекова Балхис


Жүргізуші:

Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Студенттер бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен- кезек сөйлейді.

Уақыттарыңыз шектеулі -2 минут. «Парасат» жақтаушы фракциясы тобы сөз кезегі сіздерде.

Picture 5

Біздің резолюциямыз (яғни қарарымыз): «Қазақстанға интернетті дамытуымыз қажет және агенттің өз алар орны бар»

Дефинициямыз (яғни анықтауымыз бойынша): Интернетегі сайт беттерін жабуға болмайды. Қайта білім алу үшін жаңа заман талабына сай көтеру керек.

Критерийіміз (яғни дұрыс белгісі): Білімдерініңізді толықтырмаған әр күн сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз.



Жүргізуші: Дәлелдеңіз.

Дәлелдейтін болсақ:

1. Интернеттің әр сайты тың жаңалықтарға толы, агент ешқашан құнын жоймайды.

2. Интернетке кіру мәдениеттіліктің негізі. Сайт беттерін жаңарту керек, агент алыс-жақын адамдардың бір-бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден-бір жаңа технология.

3. Интернетпен байланысын тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады.


ЖPicture 4 үргізуші: Қарсы жақ –даттаушы фракция мүшелері кезек сіздерде.

Қарсы- даттаушы «Болашақ» тобының фракциясы;

Біздің резалюциямыз (яғни қарарымыз): «Студенттерға интернетпен байланыс жасауға белгілі бір уақыт беру керек, агент қажет емес»

Дефинициямыз (яғни анықтауымыз бойынша): Қазір білім алатын ақпарат көздері көп. Мысалы: бұрынға ата-бабаларымыз кітап және кітапханаменде жаңалық ашып, ғылым көкжиегін кеңейткен.

Критерийіміз (яғни дұрыс белгісі): Қазақстанда интернеттегі сайт беттерін азайтып, басқа да жаңа технологияның негіздері арқылы білімді молайтуға болады.


Жүргізуіш: Дәлелдеңіз.

Біз дәлелді үш түрде қарастырамыз:

1. Интернет пен агент студенттердың санасын улап, ойлау қабілеттерін тоқырауға ұшыратады.

2. Интернетте жаманды жақсы ақпараттардың көзі көп, соларды ретімен орналастыру керек.

3. Агент қазіргі жас өспірім студенттердың санасын улап, ойлау қабілеттерін жоғалтып, қайғылы да қасіретті жағдайларға душар болып отыр.


Жүргізуші: Екі фракция спикерлері өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы «Болашақ» тобы ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз -3 минут


ҚPicture 6 арсы жақ: «Болашақ» Ұсынысы-: Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік жүйке жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу – баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ, әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты.

Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді. Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады және де омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.”

Қазақия жұртына «Майл. ру агент», «Мобильді агент». «Мой мир» деген ұғымдар пайда болғалы біраз жылдың жүзі болды. Пайдасы қайсы, зияны қайсы ажырату қиын. Әсіресе, жасөспірімдер мобильді агент қосылған телефонын жастап ұйықтайтын болды. Қараңғыда тәспі санағандай сытырлатып әріп теріп жатады. Студенттер сабақ уағында партаның астында әлдебіреумен саусағы арқылы сөйлесіп отырады. Тіпті, үйінде отырып, майл-агент арқылы болашақ жарын да тауып алуға болады… Қойшы әйтеуір бәрі алақаныңда. Сөйлесем десең ернің де жыбырламайды, саусағыңды сайлай бер. Тыңдағандарыңызға рахмет


Жүргізуші: «Парасат» жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма? Жақтаушы жақ уақытыңыз – 3минут.

Picture 7 Жақтаушы жақ: Ұсыныс-: Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үиде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. «Білім туралы Заңның» 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. ХХІ ғасыр адамзаттың ақпараттық кезеңге өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты қажетті ақпаратты ала білу, оны өңдей білу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың және кез-келген маман иесінің қажетті шарты болып табылады. Сондықтан да қазіргі заман талабы болып саналатын электронды есептеуіш машиналар операторын жетік меңгеру керек. Себебі компьютерлік сауаттылық-екінші сауаттылыққа жатады.

Мail.ru Агент – онлайн жүйесінде қарым-қатынас жасауға арналған ресейлік танымал бағдарлама. Мобильді агент – сол майл ру агенттің телефонға қондырылған нұсқасы. Мail.ru компаниясының мәліметінше, Мail.ru агентті айына 11 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны 2 млн. адам қолданады екен. Әрине уақытымен, орынды қолданса қажетіне жаратқаны болар. Ал, мөлшерінен асырса – ауру. Осы дертке шалдыққандардың не ұйқысы қанбайды, не жұмысы өнбейді, айналасымен, кәдімгі ата-ана, туыс-туғандарымен қарым-қатынасы өзгешеленіп кетеді екен. Бұл мейілінше көп пайдалғандағы жағдайда.

Менің ойымша, бала-шағаның көшеде бейберекет жүріп, арақ, сыра ішіп, темекі шеккенінше, агентке шұқшиғаны әлдеқайда оң іс. Әлбетте, асыра сілтеп “манияға” ұрынбай, орнымен ұйықтап, орнымен адамдармен қарым-қатынас жасағаны ләзім. Бұл жағын ата-аналар қадағаласа, аса бір ойбайлайтын жөн жоқ. Назарларыңызға рахмет.


Жүргізуші: Енді қосымша айтарларыңыз бар ма? Қарсы- «Болашақ» даттаушы жақ

Қосымша айтар уақыты -2 минут.

Picture 9

Қарсы жақ: Қосымша - Егер сіз ғаламторды дұрыс мақсатта пайдалана білмесеңіз онда ол айықпас алапат дертке айналары даусыз. Қазіргі уақытта өте аз сандағы тектеп-тежеуден тысқары қалған жастар, әсіресе жасөспірімдер компьютер мен ғаламтордағы жасанды, ғажайып, қияли әлемге кіріп алып, мынау реал дүниеден мүлде қол үзіп, мәңгүрттенуге қарай бет бұруда. Осындай жасанды, қияли әлемдегі өмір өсер ұрпақтың дене тұлғасы мен ақылы, мұралдық жақтарынан ақаусыз өсіп жетілуіне кері әсерін тигізетін орасан зор құбыжық құбылысқа айналды. Агент арқылы танысқан қаракөз қыздарымыз бен жас жеткіншектеріміз қаншама келеңсіз оқиғаларға тап болды десеңші. Менің ойымша жас жеткіншектердің агентке кіруіне бірінші кезекте ата-ана жауапты. Ата-аналар тарапынан қатаң талаптар болса бала ешқандай жаманшылыққа бармайды. Баланы бағып –қағып өсіретін де, ертеңгі рахатында көретін ата-ана. Байланыс жасаудың қолайлы әрі тегін түрі болғасын адамдарды тез баурап алғаны анық. Бұл дерттен арылудың жолын іздеп қиналып жүрген талай қазақ баласын көрдік. Бұл да адамды өзіне тәуелді етіп алып ештеңе ойлауға зауқын соқтырмай миын айналдырып тастайтын көрінеді. Айналып кеп Агентіне қарап, айналып кеп электронды почтасын ашып, ана мен ыржаңдап, мынаумен қылжаңдап қысқа түнде қырық адаммен танысып отырып таңның қалай атқанын, білмей қап ұйпа-тұйпасы шығып жұмысқа жүгіретіндер де жетіп артылады екен. Отбасында ұрыс-керіс туылудың себептерінің біріне айналып та үлгеріпті. Сөйтіп, біраз жұрт агенттің әлегінен шыға алмай жүр. «Бұл адам санасын ойсыз бос кеңістікке тәрбиелеу деген сөз» дейді ғалымдар.

Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың... Бірақ ең демократияның орнаған саласы - осы ғаламтор екенін интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.

Ендігі бір мәселе - интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.


Жүргізуші: Келесі «Парасат» фракциясы қосымшаны хабарлайтын уақыты -2 минут:


ЖPicture 8 ақтаушы жақ: Қосымша - Армысыздар, құрметті көрермен! Менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет біздің өмірімізге керек». Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет – бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын оразан зор компьютерлік желі. Интернет ұғымы ХХ-ғасыр аяғында пайда болса да, жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Бұл күнде интернетті тұрақты пайдаланушылар саны 1,5млрд. адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады:

  1. Алысты жақындату

  2. Қоғамға байланысты мүмкіншіліктерді арттыру

  3. Сана-сезімді жоіарылату

  4. Ізденіс, талпынысқа, қашықтықтан оқыту бағдарламаларына сұранысты арттыру

  5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру

  6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу

  7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу

  8. Халықтарға түрлі жолмен көрсету

  9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдапалуға немесе керісінше жіберуге болады

  10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға:


Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше бірте-бірте құлдырай береміз. Одан да ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерге отыру денсаулыққа зиянды. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине, бұл орынды. Ол үшін алдымен әр бала компьютерде жұмыс жасап отырғанда техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса, денсаулыққа еш зиян тимейді. Әр 20-25 минут сайын көзге жаттығулар жасалады. Көзбен компьютердің арақашықтығы 60-70см болуы керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесінен сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелерді орындасақ, денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын, алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба,солардың бәрін кітапханаға барып, кітап ақтарып, уақыт шығындамай-ақ, үйден интернеттен іздеп таба аламыз.

ХХІ-ғасырда интернетсіз еш шаруа бітпейді, бұл қазіргі заман талабы. «Компьютер уақыт талабы». Біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.

«Асыл тастан, өнер жастан», - демекші осылай жас ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселелерін ашуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан, қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау, білімді, интернеттен бар керек мағлұмат жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге болсын өте қажет, оның пайдасы өте зор. Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!



Жүргізуші: Екі фракция мүшелері ойларын толық жеткізді деп ойлаймын.

Сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақтарыңыз бар болса, уақыттарыңыз 2 минут.


Жүргізуші: Екі фракцияда сұрақтарына жауаптарын алған сыңайлы, енді біз келесі кезеңдегі сараптама бөліміне келіп жеткен секілдіміз.


Олай болса Жақтаушы жақтың «Парасат» тобының сарапшысы өз ойыңызды ортаға салсаңыз, уақытыңыз –3 минут


Қарсы- даттаушы «Болашақ» жақтың тобының сарапшысы сөз кезегі өзіңізде, уақытыңыз –3 минут.


Жүргізуші: Ертеде Батыр бабаларымыз Әйтеке бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Төле бидің тоқсан ауыздың тобықтай түйінін шешер төрелік сөздерге тоқтаған, ендеше қорытынды бөлімде түйінді шешер төрелік сөзді төрешіміз Қозыбақова Алтын Панзабековнаға береміз.


Жүргізуші:

Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда бірегейі ғаламтор, яғни интернет пен агент техникасы. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мәдени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қыйын. Әлемді дүр сілкіндірген әлемилену үрдісінің өзі ақпарат технологиясы яғни ғаламтор арқылы жүріліп жатқан ықпалы күшті үлкен құбылыс.

«Интернет –бір күндік кітап-мәңгілік»- дегендей, кітаптан қол үзіп қалар шақта тұрған мына заман интернет пен агенттің заманы.

Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жаман- жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде бейнелеген.

Тау суындай гүрілдеп,

Айбынды алаш елім дер

Алтын арқа жерім дер

Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма сұңқарға

Талу бар ма тұлпарға

Иман күшті оларда

Мен жастарға сенемін!

Алаш айбынды ұраны,

Қасиетті құраны.

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін – дегендей ,

ХХІ ғасыр – жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі