жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Интернет қауіпсізідігі
№153 Ш.Есенов атындағы
мектеп-лицейінің
6 «А» сынып жетекшісі
Утегенова Табиғат Маратқызы
Интернеттің қаіпсіздігі
Интернет –бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыстың түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемді зор қарқынмен дамып келеді. Қазіргі заманда қажеттілік ті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық ересек адамдар мен жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Онын адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктермен отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады. VK, You Tube, Google, Instsgram, WhatsApp, Facebook, Telegram сынды санмың желілер алсты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде. Әрине техника дәуірінде жан-жақты болған жақсы ғой, бірақ әр нәрсенің өз уақыты, орны болуы керек емес пе?
Оқушының санасын улайтын түрлі қауіпті сайттардан қорғау мақсатында №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейімізде «Интернет қауіпсіздігі» атты ақпараттық науқаны ашылып, іс-шаралары жоспарланды. Науқан барысында мектебімізде «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет еліне саяхат», «Интернет пен денсаулық», тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Пайдалы қаіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз», «Интернеттің алдын алу – оқушылар тәуелділігі» тақырыптарында шығармалар мен эссе сайыстары және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Мектебімізде тіл мамандарымен, психологтардың, ата-аналардың қатысуымен кездесулер өтті.
Ғаламтор – күнделікті ішетін ас секілді санамызға еніп барады. Қазақстан интернеттен бас тарта алмайды. Егер біз ғаламтордан жапа шегеміз деп әлемдік өркениеттен, тез мағлұмат алу мен байланыс құралынан бас тартатын біртіндеп құлдырай бермекпіз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,-деп қазақ халқы айтпақшы, ауырмайтын жолдарды жасап, монитор алдында күлгін сәулелерден қорғайтын қауіпсіздік ережелерін сақталық.
Интернет – тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақтатлған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі озығы деуге де болар.
Себебі, бір өзіне сонша ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.
Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады.
1. Алысты жақындату.
2. Қоғамға байланысты мүмкіншіліктерді арттыру
3. Сана-сезімді жоғарылаты.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, фото, видео, аудио материалдарды қабылдап алуға немесе керісінше жіберуге болады.
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез-келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға мүмкіндігіміз бар.
Интернетпен жұмыс жасаудың ережелері
1. Таныс
емес сайттарға бас сұқпаңыз.
2. Сізге
пошта арқылы Word немесе Excel құжаты келсе
(таныс адамнан келсе-дағы), оны ашпас
бұрын, вирустардың бар-жоғына тексеріп
алыңыз.
3. Егер
таныс емес қосымша келер болса, оны іске
қоспаңыз, дұрысы – жойып, себетті босатып
қойыңыз.
4. Құпиясөзді еш уақытта
ешкімге бермеңіз.
5. Құпиясөзді
құрастырған кезде есте сақтап қалуға
қиын сандардың және әріптердің жиынтығымен
қолдануға тырысыңыз.
6. Интернет
арқылы қарым-қатынас орнатқан кезде
өзіңіздің жеке мәліметтеріңізбен
қолданбаңыз, керісінше лақап атпен
(никпен) қолданыңыз.
7. Үлкен адамдардың бақылауынсыз Интернетте танысқан адаммен кездесуге бармаңыз.
8. Егер
Интернетте тіркеуден өту қажет болса,
ол жерде жеке ақпаратыңыздың болмағанын
қадағалаңыз.
9. Интернетте орналасқан
ақпараттың барлығына бірдей сене
бермеңіз.
10. Экранда маңызды мәліметтері бар компьютерді қараусыз қалдырмаңыз.
11. Маңызды мәліметтерді көпшілікке қолжетімді компьютерде сақтамаңыз.
12. Балалардың қатысуымен Интернетке кіру ережелерінің тізімін құрастырып, оның орындалуын қадағалаңыз.
13. Балаңыздан компьютердің алдында жұмыс жасаудың мерзімді нормаларының сақталуын талап етіңіз.
14. Балаңызға бақылау жасап отырғаныңыз қалағаныңыздан емес, тек оның қауіпсіздігін уайымдағаныңыздан екендігін жеткізіп, оған әрдайым көмекке келетіндігіңізді айтып отырыңыз.
15.
Интернетке қосылған
компьютер ортақ бөлмеде ата-ананың
бақылауында болу керек.
16.
Ата-ананың бақылауына
қосымша қажет емес контентті бұғаттауға
арналған құрылғыларды қолданыңыз.
17.
Балалардың өз мекен
жайлары болмас үшін отбасылық электронды
мекен жайын жасап қойыңыз.
18.
Дербес бағдарламаның
көмегімен тегін пошта жәшігіне қолжетімді
сайттарды бұғаттаңыз.
19. Интернетте танысқан адаммен кездесуге баруға болмайтындығын ескертіп отырыңыз.
20. «Рұқсат етілген» тізімдегі сайттарға ғана кіруге болатындығын айтыңыз және ол тізімді балаңызбен бірге отырып құрастырыңыз.
21. Балалармен шынайы өмірдегі достары туралы әңгімелескендей, Интернеттегі достары туралы да әңгімелесіп отыруды ұмытпаңыз.
22. Электронды поштаның, чаттың, формалар мен профильдердің көмегімен түрлі конкурстарға тіркелу кезінде балаларыңыздыжеке мәліметтерді бермеуге үйретіңіз.
23. Сіздің рұқсатынсыз бағдарламаларды жүктеуге жол бермеңіз, Қажетсіз бағдарламалық қамтамасыз ету немесе вирустарды жүктеп алу қаупініңбар екендігін түсіндіріңіз.
24. Балаңызға компьютерде жұмыс жасаудың шектеулі есеп жазбасын құрастырып беріңіз.
25.
Балаңыздың Интернетке
қатысы бар кез келген қауіп, қорқыныш,
үрей туралы ашық айтып отыруын үйретіңіз.
Сабыр сақтаңыз, қауіп, қатер туралы
сізге айтқаннан соң олардың қауіпсіздікте
екендігін айтып отырыңыз. Мадақтап
отырыңыз және кез келген жағдайда сізге
жүгініп отыруыңызға кеңес беріңіз.
26.
Таныс емес адамдармен
хабарласып, тілдесіп отырмағандығына
көз жеткізу үшін өз электронды мекен
жайына қолжетімділікті қамтамасыз
етуін талап етіңіз.
27. Балаларыңызға интернетті бұзақылық үшін, өсек-аянды, қауіпті ақпаратты тарату үшін қолдануға болмайтындығын түсіндіріп айтыңыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген