жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар? 5-сынып
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Б.Жоланов
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Интернеттегі қауіпсіздік Күні: 18.ІХ.2018 жыл Сынып:5
|
Мектеп : №221 негізгі орта мектебі Мұғалім: Н.Садыбаева Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар? |
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.4.2.1. Бөгде адамның жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылау |
||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Бөгде адамның жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылай алады. Оқушылардың басым бөлігі: Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау жолдарын біледі Кейбір оқушылар: ақпаратты жүктеп, сайттарға өз мақала жұмыстарын жібере алады. |
||
Бағалау критерийі
|
1. Заңсыз көшірудің салдарын бағалайды |
||
Тілдік мақсаттар
|
Пән бойынша мақсаты: Бөгде адамның жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылауды термин сөздер арқылы түсіндіруге баулу. Терминология : автор, авторлық құқық, компьютерлік алаяқтық, браузер, электрондық пошта. Диалог құруға арналған сөздер: интернеттің ..................... тұстары да бар. Интернеттегі мәліметтер............................................. емес. Қандай жұмыстар ................... заңсыз болып табылады. |
||
Құндылықтарға баулу
|
- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; - қарым-қатынас жасау қабілеті; - өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; - жауапкершілік; - денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; |
||
Пәнаралық байланыс
|
Ағылшын, коммуникация және технология |
||
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Интернетпен жұмыс жасауды біледі |
||
Сабақ барысы |
||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі:
|
Оқушыларды сыныпта қарсы алу, сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сыныпқа кіргеннен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Сиқырлы қалпақ» әдісін қолдану. Шеңбердің ортасында жақсы қасиеттер жазылған қалпақша болады. Оқушылар бір-бірден алып, қағазда жазылған қасиетті сөзді кімге лайықты деп санаса, соған береді |
|
Үй тапсырмасын тексеру Миға шабуыл |
«Автобус аялдамасы» әдісімен үй тапсырмасын сұраймын. Сұрақ бойынша жауап береді.Оқушыларды «Мадақтау» әдісі бойынша бағалаймын. |
|
Жана тақырыпты ашу |
Оқушыларды браузердің суреттерімен мозайка құрастыру арқылы сыныпты 2 топқа бөлемін. 1-топ:Сhrome
2-топ: Opera 5-сыныптарға арналған онлайн режимінде электронды оқулықтан «Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. Жеке мәліметтерге вирус түсу қауіпі. Біреудің жұмысын көшіріп алу оның жеке авторлық құқығына нұқсан келтіру; Егер авторлық жұмыстар меншіктелген болса, заңмен қудаланылады. Бейнебаян көрсетіліп болған соң көрген бейнебаянды талқылау мақсатында «Серпілген сауал» әдісін қолданамын. |
content/lesson/16309- Білімланд
|
Сабақтың ортасы
|
Топпен жұмыс. Оқушыларға қосымша ақпараттық ресурс таратылады. «Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі арқылы косымша ресурстан оқыған мәліметтері бойынша постер қорғау 1-топқа Электрондық поштаның кәдімгі поштамен қандай ұқсастығы мен айырмашылығы барын талдау.
2-топқа Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау жолдарын талқылау
Әр топ бірін бірі асық беру арқылы бағалайды. |
|
|
«Жұптық жұмыс». Тәжірибелік сабақтардың мазмұны игерген білімін бекіту, меңгерген білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытуды қамтиды. Компьютерде орындаңдар:
Қарқыны жоғары оқушыларға арналған тапсырмалар: 1.Электрондық поштаның қандай тиімділігі бар? 2. Браузерлердің қандай түрлерін білесің? Гүл беру арқылы бағалаймын.
«Жеке жұмыс» Ойлау дағдысының деңгейі: талдау Бағалау критерийлері - Заңсыз көшірудің салдарын бағалайды. Тапсырма. Жағдаят берілген . «Өмірді өзгерткен жаңалық» тақырыбындағы жобалар байқауы жарияланды. Байқау шарты бойынша үлкен үш жаңалық туралы жоба дайындау қажет. Асқар интернеттен екі жаңалық туралы ақпарат алып өз жобасына қосты. Ал тағы бір жаңалық туралы ақпаратты рұқсат сұрамай-ақ сыныптасынан алып, оны да өз жобасына қосты. Дайын жобаны Асқар әділқазылар алқасына жіберді. Асқардың әрекетінің заңдылығын анықтаңыз. Асқар _______________________________, себебі____________________________
Дескрипторлар 1.Көшірудің заңсыздығын анықтайды; 2.Көшірудің заңсыздығына қорытынды жасайды.
Оқушылардың тапсырманы орындау нәтижесіне қарай тиімді ауызша кері байланыс беремін.
|
|
Сабақтың соңы Рефлекция |
Сабақтың соңында оқушыларды «Бес саусақ» әдісі саусақ ізін салады. Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады 1.Бас бармаққа-басты мәселе ең құнды не болды? 2. «Балан үйрек»-бірлесу,қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым? 3.«Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым? 4. «Шылдыр шүмек» шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 5. «Кішкентай бөбек» -көңіл күй ахуалы мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? |
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Оқушыларды мозайка тәсілі арқылы 2 топқа бөлемін. Топпен жұмыс кезінде қосымша ақпараттық ресурс таратамын. Топтық, жұптық, жеке жұмыс кезінде кейбір оқушыларға қажеттілігіне қарай бағыт бағдар беріп, қолдау көрсетемін. Оқушы үнемі бағаланып отырады. Әрбір оқушының жұмысын бақылап, сұрақ қою немесе бағыт бағдар беру арқылы диалог жүргіземін.Сабақ соңында әр оқушының тапсырмаларды орындауына қарай тиімді ауызша кері байланыс жүргіземін. Әрбір әрекет оқушылардың бүкіл тапсырманы орындауына қарай бағаланады. |
Сабақтың мақсатына жету жолында оқушыларға топтық, жұптық, жеке тапсырмаларды бере отырып, олардың бірін бірі, өзін-өзі, сын тұрғысынан бағалай алуға баулимын. Оқушыларды тапсырмаға байланысты дескрипторлар арқылы және әрбір әдістен кейін кері байланыс жүргізіліп бағаланып отырады.
|
Көзге арналған жаттығулар:
1
- 4 - ке дейiн санап көздi қатты жұмып,
сонан кейiн ашып, жайбарақат ұстап,
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген