«Үміт»
мектеп-интернаты
ТӘРБИЕ
САҒАТЫ
Тақырыбы:
Интернеттің пайдасы мен
зияны
Тәрбиеші:
О.Каражигитова
2020-2021 оқу
жылы
Күні:
23.10.2020ж
Сыныбы: 5
а
Тақырыбы: ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН
ЗИЯНЫ
Мақсаты:
Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушыларда толық ой
қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық,
ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар
өз ойларын тиянақты жете айта білуге,өздерін сабырлы әрі тәртіпті
болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже:
Оқушылар
интернет туралы толық мәлімет алады,интернеттің пайдасы мен зиянды
жақтарын толық түсінеді және онымен қолдану, компьютермен жұмыс
істеу ережелерін біледі.
Сабақтың
барысы:
Шаттық
шеңбері.
Бүгінгі күнге,
бір-біріне сәттілік тілеу.
«Миға шабуыл»
әдісі арқылы сұрақ-жауап:
-интернеттің пайдасы қандай?
-интернеттің зияны бар ма?
-интернет желісін сен пайдалана
аласың ба?
-интернеттен нені қарайсың, не
жөнінде ізденесің?
-балалар, қалай ойлайсыңдар,
бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
ІІ.Негізгі
бөлім.
1.Слайд арқылы
түсіндіру:
Дүниедегі
құбылыстың мәнін де,
Интернеттің,
жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз
түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,-
демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің
қыр сырын білгенге не жетсін.
Көптеген
тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар
екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер
шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру
мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және
соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық
орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды
қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де,
компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны
фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген
бейнежазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз. Жұмыс істеп
тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1, 5 м болатын
электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды
сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар
көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және
радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған
жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені
барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны
артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация
тәрізді бірте - бірте қосыла келе көбейіп отырады. Компьютер
алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер
етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте - бірте шаршау
сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы
айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге
деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі - жиі салқын тиіп,
тәбеті де нашарлайды.
2.Сұрақ-жауап:
-Кім интернетті
ойлап тапты ?
-Не
ұқтыңыз?
-Компьютер
сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?
-Компьютер алдында қанша уақыт
жұмыс істеуге болады?
-Білім алуымызға компьютердің және
интернеттің қаншалықты көмегі бар?
-Интернетпен жұмыс істегенде
қандай ережені сақтаған жөн?
-Интернет өмірімізге қажет па?
3.Интернеттің
пайдасы.
4.Интернеттің
зияны
5.Нені білу
керек ?
Компьютерге тәуелді болу
белгілері:
Тамақты, шайды компьютер алдында
ішесің.
Сабақты компьютердің алдында
орындайсың.
Компьютердің алдында түнімен
отырасың.
Сабаққа қатыспай компьютермен ойнағың кеп тұрады.
Бір сәтке компьютерің бұзылып
қалса көңілің түсіп, не іспен айналысарыңды білмей ашуланасың.
Компьютермен жұмыс істеуге тиым
салған адамға қарсы шығып, ренжіп ашуланасың.
Міне,
осындай белгілерді өз бойларыңнан байқасаңдар өзіңнің компьютерге
тәуелді болғаныңды байқауға болады.
6.
Сұрақ-жауап /оқушылардан жауап алу/
-Осындай
белгілер байқалса бойларыңнан не істеу керекпіз?
-Компьютерге тәуелді болмас үшін
не істеуіміз керек?
ІІІ.Қорытынды:
Бүгінгі тәрбие сабағымызда
«Интернеттіңі пайдасы мен зияны»туралы
көп мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста ғаламторды
дұрыс мақсатта қолдана білейік. Денсаулығымызға зиян келмейтіндей
ақыл кеңестерді тиімді пайдала біліңдер.
Интернет әлемі
Қызығы
мол әдемі.
Компьютердей құралды
Меңгердік ау біз енді.
Интернет құралғы
Үйретеді жаңаны.
Өркениетті ел болып
Жаңалықта табады . -деп тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз
Өмірімізге қажетті нәрселердің
зияны мен пайдасын біліп жүрейік. Деніміз сау болсын!