400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Интервалдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мектебі мұғалімдері үшін сольфеджио сабағынан ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақтың тақырыбы: « Интервалдар»

Пәні: Сольфеджио, 3 сынып ( Ұлт аспаптар бөлімі )

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.Білімділік:

  • Музыкалы мәдениетті, теориялық сауатты болуды игерту

  • Музыкалық дыбыстарды ажырату

2.Дамытушылық:

  • Өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуіне үйрету

  • Музыкалық қабылетін өсіру,іздену мен шығармашылық ойлауға жағдай туғызу

3.Тәрбиелік:

  • Оқылған материалдарды қайта жаңғырту әдісімен берік игертіп,оны қолдануды іске асыру

  • Өнерге деген талғамын қалыптастыру

Мақсаты:

Әуендік құбылыстар мен түсініктерді тану, жазба әуендерді көзбен оқу арқылы сараптама жасау

  • Сольфеджио нәтижесінде шығарманы аспапта сараптап шығару

Сабақтың типі:

Ізденіс сабағы

Сабақтын түрі:

Білімді бекіту және іскерлікті қалыптастыру.

Әдіс- тәсілдер:

Коммуникативті әдіс. Музыканы саралау сұрактарын қою.

Ұжымдық , топтық жұмыс

Дидадактикалық көрнекілік құралдары

  • Аудио аппаратуралары( слайд)

  • Репродукциялық(көрсетпе) карточкалар, жетондар

  • Ноталық материалдар

  • Буклет

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Музыкалық сәлем (психологиялық

  • Оқушыларды ұжымдық топпен орналастыру, түгендеу.

  1. Негізгі кезең:

  • Сабақ жүйесінен хабарлама

II.Үй жұмысын тексеру

  • Білім тексеру үшін үлестірмелі карточкалар тарату :

Музыкалық интервал (лат. intervallum - арасы,қашықтық,айырмашылық) - белгілі биіктікте орналасқан екі дыбыстың арасындағы арақатынасы .

Интервалдар әуендік және гармониялық болып екіге бөлінеді

Әуендік бірінен кейін бірінің әуенді, сазды биіктікте орналасуын айтамыз: Shape1

Гармониялық интервал деп тігінен жазылған екі дыбыстың бір уақытта үндесуін айтамыз:Shape3 Shape2

Интервалдың астыңғы дыбысын-интервалдың негізі деп, үстіңгі биіктіктегі дыбысын -интервалдың шыңы деп атайды

Жай интервалдар:

Октаваның ішінде құралған интервалдарды жай интервалдар дейміз. Іс жүзінде- сегіз жай интервал бар

Интервалдардың сандық және сапалық қасиеттері

Барлық музыкалық интервал сандық және сапалық сияқты екі қасиетпен өлшеніп, анықталады

Сандық деп интервалдың қанша дыбыстан құрылғанын көрсететін қасиетін айтады:

Прима - 1, бірінші

Секунда - 2, екінші
Терция - 3, үшінші
Кварта - 4, төртінші
Квинта - 5, бесінші
Секста - 6, алтыншы
Септима - 7, жетінші

Октава - 8, сегізінші

Интервалдар атауы


Қысқаша таңбалануы

Дыбыс қатарының аралығы

таза прима

Т.1

0 тон

кіші секунда

К.2

0.5 тон

үлкен секунда

Ү.2

1 тон

кіші терция

К.3

1,5 тон

үлкен терция

Ү.3

2 тон

таза кварта

Т.4

2,5тон

Ұлғайтылған кварта

Ұ.4

3 тон

азайтылған квинта

Аз.5

3 тон

таза квинта

Т.5

3,5 тон

кіші секста

К.6

4 тон

үлкен секста

Ү.6

4,5 тон

кіші септима

К.7

5 тон

үлкен септима

Ү.7

5,5 тон

таза октава

Т.8

6тон



V. Қорытындылау

Сабақты тиянақтау үшін - сөзжұмбақ арқылы сабақты қорытындылау (№1Сурет -ойынды қолдануға болады; оқушының жауабы бойынша,фишкларды жүргізіп отырады)

1.Екі дыбыстың үндестігі немесе екі дыбыстың аралық қашықтығы?

2.Бір дыбыстың екі рет қайталану аралығы қандай?

3. Егер интервал дыбыстарын бөлек алсақ қандай аралық?

4.Қатар тұрған үш дыбыстың аралығы дегеніміз не?

5.Қатар тұрған алты дыбыстың аралығы дегеніміз не?

6. Қатар тұрған төрт дыбыстың аралығы дегеніміз не?

7. Қатар тұрған бес дыбыстың аралығы дегеніміз не?

8. Қатар тұрған екі дыбыстың аралығы дегеніміз не?

9. Егер интервал дыбыстарын бір мезгілде алсақ қандай аралық?

V.Бағалау

Үйге тапсырма















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
4681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі