400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

И.Нүсіпбаевтың шығармашылығына арналған сазды концерт

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы ертеңгілік сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан мәдениет қайраткері, композитор - Ибрагим Нүсіпбаевтың шығармашылығына арналған «Дос болайық бәріміз!» атты сазды концертінің сценарийі

Қатысушылар: МАД, ересек, ортаңғы топ бүлдіршіндері

Жауапты: Педагог-ұйымдастырушы

Әуез жетекшілері

Өтетін орны: Әуез залы

Өтетін күні: 17.01.2020ж

Сағат: 10:00


Мақсаты: Эстетикалық тәрбие беру аясында композитордың асыл мұраларына тоқтала отырып, балаларды И.Нүсіпбаевтың өмірімен, өнерімен таныстыру, Ибрагим Нүсіпбаев сияқты бір-ақ рет өмірге келетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету. Ғажайып сазды, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырлы, балаларға арналған әндерімен ерекшеленетін шығармашылығын кейінгі ұрпақтарға таныту және кеңінен насихаттау.


Концертке дайындық: Дайындық барысында балаларға Нүсіпбаев туралы мәліметтерді таныстыру. Әндерін үйрету. Күнілгері композитордың өмірі және шығармашылығы туралы әртүрлі әдебиеттер мен ақпарат құралдарын жинақтай отырып, концерттің сценарийін әзірлеу және өнер көрсететін балаларды дайындау.

Жүргізілу бағдарламасы:


Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті әріптестер, болашақ үлкен өнер иелері, бүгінгі кішкене ғана бүлдіршіндер!

Қазақстан мәдениет қайраткері, композитор, көптеген балалар әндерінің авторы, белгілі талант иесі – Ибрагим Нүсіпбаевтың шығармашылығына арналған сазды концертіне қош келдіңіздер!

Музыка дегеніміз біздің өміріміздің бір бөлігі. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. 


Жүргізуші: ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылып отырған балалар музыкасының падишасына айналған, қайталанбас әндерімен тамсандырған Қазақстанның мәдениет қайраткері Ибрагим Нүсіпбаевтың шығармашылығының сазды концерті – Қазақстан Республикасының Ассамблеясының 25 жылдығына арналады.


Жүргізуші: Олай болса, осылай өнер әлеміне мәңгілік таза ән мұнарасын орнатқан сазгер – Ибрагим Нүсіпбаевтың әндерін назарларыңызға ұсынамыз.

1. Белгілі ақын, жазушы Нұрсұлтан Әлімқұловтың сөзіне жазылған «Гүлжазира Қазақстан» әні. орындайтын «Бәйтерек» МАД тобының хоры.

Жүргізуші:

Тілі басқа болғанмен тілегі бір,

Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір

«Қазақстаным-туған жерім» деп соғатын біздің елдегі өзге ұлт өкілдері ынтымақ пен достықтың туын жоғары ұстап, бір шаңырақ астында тату- тәтті өмір сүріп жатыр.

  1. «Достық әні» - «Балауса» ортаңғы тобының бүлдіршіндері. Диар мен Әсем. /дуэт/

Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім,шарықтай бер кемелден.

И.Нүсіпбаевтың достық тақырыбында жазылған әндері көп, солардың бірі кең тараған әні Хасенхан Талғаровтың сөзіне жазылған «Дос болайық бәріміз» әні

  1. «Дос болайық бәріміз» - «Құлыншақ» ересек топ бүлдіршіндерінің хоры

Ибрагим Нүсіпбаев - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. Екі жылдық музыкалық техникумды бітірген, Алматы консерваториясында оқыған. Республикамызда балалар әні, балалар хоры мен ансамбльдерінің негізін қалаушылардың бірі композитор И.Нүсіпбаев шығармашылығы жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүюге, еңбекке, білімге деген ынта-жігерге тәрбиелейді. 

  1. Осындай әндерінің бірі «Жас дәуірдің түлегіміз» - «Алпамыс» ересек тобының хоры.

Жүргізуші:

Әуенің толқынымен араласып,

Асқақтап әсерлі үн асып-тасып.

Әсем ән әркімді де аң-таң етіп,

Дүрсілін жүректердің кетер басып.

  1. «Айтыс» - «Қарлығаш» МАД топ бүлдіршіндері - Биназир және Нұрәли

  2. «Домбырасыз ән қайда?»- «Арай» МАД тобының хоры

  3. «Кір қуыршақ» әнімен - «Ақбота» ересек тобының бүлдіршіні Балнұрды қошеметтеп қарсы алайық!


Жүргізуші: Дарын елдің алдына жан салмаган,

Ұлт сезімін арқалаудан талмаған.

Бір қазақтың еңкеймеген рухын,

Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.

  1. «Ойыншықтар» әнімен - «Балдырған» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері / 6 бала/

  2. «Мұғалім ол біздің» - «Балбұлақ» ересек тобының хоры. /ямаха/


Жүргізуші:

Ән ағаның әндері,

Жүректерді тербеді.

Көңілдегі жақсы үміт,

Әнмен бірге жаңғырып,

Болашаққа беттеді

  1. «Біз осылай өсеміз» әнімен - «Балапан» тобының бүлдіршіндері Айсұлтан, Айша және Сұлтанды қарсы алайық!

  2. «Қыс қызығы»- «Жауқазын» ересек тобының хоры

Әбдрахман Асылбековтың сөзіне жазылған

  1. «Мен әдепті баламын» әнімен - «Ер төстік» ересек тобының бүлдіршіндері Ақниет, Адина, Айлан, Айдана және Көркем қыздарымызды қошеметтеп сахнаға шақырамыз.



  1. «Біздің ауыл» - «Ақжелкен» МАД тобының хоры

Сұрақтар: Қандай композиторлардың әндерін тыңдадыңдар?

И.Нүсіпбаевтың қандай әндері орындалды?

И.Нүсіпбаев қай халықтың композиторы?

И.Нүсіпбаевтың қандай мемлекеттік атағы бар?


Жүргізуші:

Қазақ жері достықтың гүлстаны,

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы.

Күрестерде, еңбекте, жеңістерде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Осымен Қазақстан халықтар ассамблеясының 25 жылдығына арналған, балаларға тәрбиелік мәнге толы, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының мақтанышы – И.Нүсіпбаевтың «Дос болайық бәріміз!» атты сазды концертін аяқтаймыз.

Баршаңызды құттықтау үшін сөз бөбекжай бақша меңгерушісі Ерназарова Зафура Шаршабекқызына беріледі.


Балаларды марапаттау.


Халықтар достығы жасасын! Мемлекетіміз өркендей берсін!

Бүгінгі шарада өнер көрсеткен бүлдіршіндерге балғын балалық шақ тілей отырып, баршаңызға алғыс айтамыз!



СОҢЫ









Қазақстан мәдениет қайраткері, композитор - Ибрагим Нүсіпбаевтың шығармашылығына арналған «Дос болайық бәріміз!» атты сазды концертінің бағдарламасы

Қатысушылар: МАД, ересек, ортаңғы топ бүлдіршіндері

Жауапты: Педагог-ұйымдастырушы

Әуез жетекшілері

Өтетін орны: Әуез залы

Өтетін күні: 17.01.2020ж

Сағат: 10:00


1. Белгілі ақын, жазушы Нұрсұлтан Әлімқұловтың сөзіне жазылған «Гүлжазира Қазақстан» әні. орындайтын «Бәйтерек» МАД тобының хоры.

  1. «Достық әні» - «Балауса» ортаңғы тобының бүлдіршіндері. Диар мен Әсем. /дуэт/

  2. «Дос болайық бәріміз» - «Құлыншақ» ересек топ бүлдіршіндерінің хоры

  3. «Жас дәуірдің түлегіміз» - «Алпамыс» ересек тобының хоры.

  4. «Айтыс» - «Қарлығаш» МАД топ бүлдіршіндері - Биназир және Нұрәли

  5. «Домбырасыз ән қайда?»- «Арай» МАД тобының хоры

  6. «Кір қуыршақ» әнімен - «Ақбота» ересек тобының бүлдіршіні Балнұр

  7. «Ойыншықтар» әнімен - «Балдырған» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері / 6 бала/

  8. «Мұғалім ол біздің» - «Балбұлақ» ересек тобының хоры. /ямаха/

  9. «Біз осылай өсеміз» әнімен - «Балапан» тобының бүлдіршіндері Айсұлтан, Айша және Сұлтанды қарсы алайық!

  10. «Қыс қызығы»- «Жауқазын» ересек тобының хоры

  11. «Мен әдепті баламын» әнімен - «Ер төстік» ересек тобының бүлдіршіндері Ақниет, Адина, Айлан, Айдана және Көркем

  12. «Біздің ауыл» - «Ақжелкен» МАД тобының хоры


Құттықтау сөз


Балаларды марапаттау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі