Иондардың қасиеттері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Иондардың қасиеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

                               7 –сабақ. Иондардың қасиеттері.

 

Сабақтың мақсаты: иондар туралы оқушылар білімін одан әрі тереңдету, «катиондар, аниондар» ұғымын түсіндіру, электролит ерітінділері қасиеттерінің ондағы иондар қасиетіне байланыстылығының себеп-салдарын ашу. Бейтарап атомдар мен иондардың құрылысы мен қасиеттеріндегі айырмашылықтар. Электр өрісіндегі иондардың қозғалысы. Cl, SO42-, Ba2+ және т.б. иондарға сапалық реакция.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: иондардың электр өрісінде қозғалысын демонстрациялауға арналған құрал (құрылғы), хлоры бар құты, сусыз мыс (II) сульфаты, мыс купоросы, хромат, дихромат, перманганат кристалдары, сілті ерітінділері, натрий металы; эксперимент есептерін шығаруға арналған реактивтер: крахмал, йод және калий йодиді ерітітнділері.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.  Сабақты қышқылдардың, негіздердің және тұздардың жалпы қасиеттерін қайталап, диссоциация теңдеулерін жазудан бастаймыз. Диссоциациялану дәрежесі, күшті және әлсіз электролиттер туралы мәліметтерді қайталаймыз. Үш оқушы тақтаға мынадай реакция теңдеулерін жазады:

а)қышқылдардың металмен, негіздік оксидпен, негізбен әрекеттесуі.

ә)сілтілердің қышқылмен, қышқылдық оксидпен әрекеттесуі.

б)қышқылдардың сілтілердің, тұздардағы диссоциациялану теңдеулері.

Басқа оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды.

Тапсырмалар. а) мына қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: бромсутек, азот, хлорлы HclOжәне марганец HМnO4 қышқылдары. Диссоциацияланғанда бірдей иондар түзетін электролиттердің астын сызыңдар;

ә)төмендегі тұздардың диссоциация теңдеуін жазыңдар: натрий карбонаты, натрий нитраты, мыс (II) сульфаты, калий сульфаты. Бұл тұздар диссоциацияланғанда қандай иондар түзіледі?

б) мына металл гидроксидтерінің иондарға диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: калий, кальций, барий, магний, цезий. Бұл электролиттер диссоциацияланғанда түзілетін иондардың астын сызыңдар.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Жаңа сабақтың тақырыбын айтып, міндетін түсіндіреміз. Орындалған тапсырмаларды талқылау барысында әртүрлі электролиттерден ерітіндіде түзілетін бірдей иондар бейорганикалық қосылыстардың бір класына жататын заттардың ұқсастығын анықтайтынына назар аударамыз.

Иондар мен атомдардың қасиеттеріндегі айырмашылық натрий хлоридінің атомдары мен иондары құрылысының сызбасын қарастырудан басталады. Атомнан, молекуладан және ионнан түзілетін заттардың қасиеттері әртүрлі болатынын көрсету үшін хлоры бар сынауық, металл натрий және натрий хлоридінің ерітіндісі көрнекі көрсетіледі.

Бұдан кейін иондардың электр өрісінде қозғалуын катод және анод ұғымдарын талқылаймыз. Осының негізінде оқушылар «катион» және «анион» ұғымына анықтама береді. Мұғалім сусыз мыс (II) сульфатының еруін көрнекі көрсете отырып, кристалдық тордағы иондар мен гидраттанған иондардың әртүрлілігі туралы ұғымды бекітеді.

Тапсырма. Мына ерітінділердің сапалық құрамын зерттеп салыстыру жолымен түрлі түсті қай ион беріп тұрғанын анықтаңдар: а) калий хроматы және калий сульфаты; ә) калий сульфаты және калий перманганаты.

Бұдан кейін никель, кобальт тұздарының кристалгидратын және ерітінді түрінде көрсетуге болады.

Иондар қасиеттерін оқытуды қорытындылай келе оқушыларға берілген кестені толтыру ұсынылады.

 

Ерітінділерге түс беретін

иондар

Ерітіндінің түсін өзгертпейтін

иондар

Катиондар: Cu2+ (көк), Fe3+  (сары), Ni2+(жасыл)

Аниондар: MnO4 (күлгін), Cr2O72-(қызыл сары),CrO42- (сары)

Катиондар: K+, H+, Na+, Zn2+, Ca2+, Ba2+, т.б.

Аниондар: Cl, OH, NO3,SO42-, CO32-,

Br, I  және т.б.

 

III. Алған білімді бекіту. Берілген сұрақтарды, жаттығуларды орындау арқылы сабақты бекітуге болады.

Үйге тапсырма. §5. 1-5- жаттығулар. Есептер мен жаттығулар жинағы.

 

 

 

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1098
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі