Иондардың түзілуі

Тақырып бойынша 23 материал табылды

Иондардың түзілуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Иондардың түзілуі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұғалімнің аты-жөні:

Таяуова С.Ж

Пән/Сынып:

Химия, 8 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

4-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

1 тарау. Атомдағы электрондардың қозғалысы

Сабақтың тақырыбы:

Иондардың түзілуі

Оқу мақсаты:

8.1.3.5 - атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну

Бағалау критериі:

  • атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар, яғни аниондар және катиондар түзілетінін түсінеді

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату.

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;

тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері



Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут

00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз: Иондардың түзілуі

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

  • атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну





Презентация Слайд 1-2










8 минут


03:00 – 11:00






























11:00-14:00

Жаңа сабақ

Электрондар атомдардан оңай бөлініп, басқа атомдарға қосыла алады. Атомның электрондарды беруі немесе қосып алуы нәтижесіндетүзілген зарядталған бөлшектер иондар деп аталады.


Иондар оң және теріс зарядты болады. Мұнда (1-суретте) атомның электронын беріп, оң зарядталған ионға, ал төменгі жағында электронды қосып алып, теріс зарядталған ионға айналуы көрсетілген.

Иондар заттарда жиі кездеседі, мысалы, олар металдардың барлық – қатты, сұйық немесе газ күйлерінде (сынаптың буы) болады.


Электрондарын берген де немесе қосып алғанда металдар мен бейметалдарда қандай өзгерістер болатынын қарастырайық.


Мысалы, натрий- сілтілік металл. Натрий сыртқы қабатындағы бір электронды оңай беріп жібереді де, оң зарядталған ионға (катионға) айналады. Натрий ионының түзілуінің бейнематериалына назар аударайық (1-видео):


Сонымен қатар, натрийдің металдық қасиеттері де өзгереді. Мысалы, натрий атомы қатты металл болса, ас тұзының құрамындағы натрий ион түрінде болады.

Сонымен, барлық металдар өздерінің электрондарын беріп жіберіп, катиондарға айналады. Әртүрті металдардың иондарға айналуын келесі бейнематериалдан қарауға болады(2-видео):



Ал, бейметалл атомдары, мысалы, фтор электронды қосып алып, теріс зарядты анионға айналады. Нәтижесінде фтордың да бейметалдық қасиеттері өзгереді. Бейметалл иондарының түзілуін келесі бейнематериалдан көруге болады (3-видео)

Элементтерде электрондық қабат аяқталғанда химиялық белсенділік жойылады.


Мысалы, сегізінші топтағы инертті газ неонның құрылысын келесі бейнематериалдан қарап көрейік (4-видео):


Яғни инертті газдар іс жүзінде химиялық қосылыс түзбейді екен. Ал жаңа электрондық қабаттың пайда болуына байланысты белсенділік қайта пайда болады. Бейметалл атомдары металл атомдарының электрондарын оңай қосып алады. Сол кезде әр атомның сыртқы электрондық қабаты аяқталады.


Хлор атомы бір электронды қосып алып, сыртқы қабатын аяқтап анионға, ал натрий атомы бір электронын беріп, сыртқы қабатын аяқтап катионға айналады. Натрий атомы неонның, ал хлор ионы аргонның атом күйіне көшеді. Сөйтіп, екі ион да инертті газдардың атом күйіне ауысып, тұрақты күйге енеді.

Ал алынған натрий және хлор иондары бір-біріне тартылып, ас тұзын түзеді.


Осылайша, электрондардың ауысуы нәтижесінде иондар түзіледі.

Жаңа тақырыпты меңгеру



Презентация



Слайд 3








Слайд 4

1-видео (00:20 мин)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12731/29.mp4

2-видео

(2:01мин)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12731/35.mp4


Слайд 5

3-видео (1:00 мин)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12731/51.mp4

4-видео (00:33 мин)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12731/25.mp4




10 минут


14:00-23:00



























Бекіту тапсырмасы


1-тапсырма. Берілген атомдардан электрондарды қабылдауы немесе жоғалтуы нәтижесінде иондардың түзілуін түсіндіріп, түзілген иондарды анықтаңыз

Атом

Ион

Жоғалтатын не беріп жіберетін электрон

K



S



Ba



N



O



Al









Жауабы:

Атом

Ион

Жоғалтатын не беріп жіберетін электрон

K

K+

-1ē

S

S2-

+2ē

Ba

Ba2+

-2ē

N

N3-

+3ē

O

O2-

+2ē

Al

Al3+

-3ē



2-тапсырма. Атомдар мен иондардың электрон, протон сандарын анықтап, электрондық құрылысы ұқсас иондарды анықтаңыз



Атом

Протон

Электрон

Ион

Протон

Электрон

K



K+



S



S2-



Ba



Ba2+



N



N3-



O



O2-



Al



Al3+



Жауабы:

Атом

Протон

Электрон

Ион

Протон

Электрон

K

19p

19ē

K+

19p

18ē

S

16p

16ē

S2-

16p

18ē

Сa

20p

20ē

Сa2+

20p

18ē

N

7p

N3-

7p

10ē

O

8p

O2-

8p

10ē

Al

13p

13ē

Al3+

13p

10ē



Ұқсас иондар:

18ē: калий ионы, күкірт ионы, кальций ионы

10ē: азот ионы, оттек ионы, алюминий ионы

Жаңа тақырыпты меңгеруге арналған


Атомдардан иондардың (катиондар мен аниондар) түзілуін

анықтау
























Атом мен ионның айырмашылығын анықтау



Дескриптор: Білім алушы

  • атомнан түзілетін сәйкес ионды анықтайды
































Дескриптор: Білім алушы

- атомдар мен иондардың протон, электрон сандарын анықтайды









Презентация Слайд 7




















Слайд 8

















Слайд 9





















Слайд 10


2 минут


23:00-25:00








Оқу тапсырмасы.

Бірнеше элементтің атомы мен ионының құрылыстарын салыстырыңыз.


Бүгінгі сабақта:

  • атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар, яғни аниондар және катиондар түзілетінін түсіндім


Тақырыпты меңгергенін анықтау



Презентация

Слайд 11












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.10.2025
52
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі