«IQ ЖӘНЕ ЛОГИКА»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«IQ ЖӘНЕ ЛОГИКА»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін (назар аудару,есте сақтау, қабылдау,байқағыштық,елестеу,ойлау) дамыту оқу процесінде маңызды орын алады. Оқытуда әрдайым жекелей зерделеу әдісі қолданылады. Оқушының қабілеті, қызығушылығын арттыратындай білім үрдісін ұйымдастыру мақсатталады. Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға,ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы оқу–ағарту министрлігі

Алматы облысы білім басқармасы

Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі

«Орта мектеп-гимназиясы» КММ










«IQ ЖӘНЕ ЛОГИКА»

/3 сынып оқушыларына арналған/









Айткожанова Асем Серикболовна

Кунанбаева Карлығаш Бекеновна

педагог-сарапшы

бастауыш сынып мұғалімдері











Қонаев қаласы, 2025 жыл


МАЗМҰНЫ


1. Түсінік хат

2. Тұрақтылау ( мазмұндық ) бөлімі

3. Нормативтік бөлім

4. Ақпараттық-әдістемелік бөлім

5. Бағалау критерийі

6. Қорытынды

7. Пайдаланған әдебиеттер
































ТҮСІНІК ХАТ


«Білім мазмұны - дара тұлғаның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыруға негіз болатын, мұғалімнің шеберлігін қажет ететін мәселелер бойынша жинақталған білімдер жүйесі»,- деп жазылған Қазақстан Республикасының Білім заңында.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін (назар аудару,есте сақтау, қабылдау,байқағыштық,елестеу,ойлау) дамыту оқу процесінде маңызды орын алады. Оқытуда әрдайым жекелей зерделеу әдісі қолданылады. Оқушының қабілеті, қызығушылығын арттыратындай білім үрдісін ұйымдастыру мақсатталады. Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға,ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.

«Білім көзі-бастауышта» демекші білімнің қайнар көзі бастауыш сатысынан басталады десек шатаспаған болар едік. Ендеше, осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға бағытталған, бастауыш сынып оқушыларына арналған «IQ және логика» авторлық бағдарламаны ұсынып отырмыз.

«IQ және логика» атты авторлық бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ның 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді.

Бағдарлама мазмұнына аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген.

Бастауыш сыныптың білім алушыларына сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған.

Мақсаты: Оқушылардың зияткерлік дамуын,логикалық ойлау,салыстыру,талдау,жинақтау дағдыларын қалыптастыру,есеп шығарудың тиімді тәсілдерін және өзін өзі бақылау дағдыларын дамыту.Оқушылардың игерген білімдерін күнделікті өмірде пайдалана отырып жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Міндеттері :

1.Бала тұлғасының дұрыс өcуіне, ақыл ойдың дамуына оқушылардың интеллектуалдық (ахуалдық), сезімталдық – еріктілік , белсенділік қалыптастыру;

2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;

3.Қоршаған ортаны танып білуге ықпал ететін ғылым екендігі туралы түсінік қалыптастыруға әсерін тигізу;

4.Математикаға деген ынтасын, қызығушылығын арттыру;

5. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу ;

6. Көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамыту ;

7.Оқушылардың өз бетімен шығаруға арналған жаттығулары арқылы шығармашылық ізденіске баулып,математикалық дарынын жетілдіру;

8. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға әсер ету;

Өзектілігі: Қазіргі заманда балалардың интеллектуалдық даму деңгейі тек академиялық біліммен шектелмей,логикалық ойлау мен шығармашылық қабілетпен тығыз байланысты.Бұл бағдарлама оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, стандартты емес ойлауға және мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ бұл бағдарлама отандық білім берудің сапасын жақсартуға, әдістемелік негізін өзгертуге қызмет етеді. Бастауыш сынып білім алушыларына тек білімді меңгерумен шектелмей, сол білімді өмірлік жағдайларға бейімдеп, қолдануды үйретеді.

Әдістемелік құралының құрылысы мен мазмұны математика курсының негізгі болып табылады. Мұнда тек қажетті дайындық деңгейі жетістіктерін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар логикалық - математикалық дайындықты күшейтетін терең, әрі жан - жақты математикалық білімді игеруді, математикалық нысандармен жұмыстағы нақты тәжірибені дифференциалдық тәсіл мүмкіндіктерін, оқу қызметінің маңызды элементтерін дамытуға жол ашады. Жаттығулар жинағында сабақтарды белгісіне қарай бөлуге және оларды орындауға, салыстыруға, жүйелеуге, логикалық сөздерді түсінуге және оларды дұрыс қолдануға, талдауға, ұғымды анықтауға, арналған тапсырмалар берілген.Оқушыларды талқылай білуге, алған білімдерін қолдана білуге, негізделген ауызша есептеудің қызықты тәсілдеріне арналған тапсырмалар енгізілген.Шығармашылық жаттығулар, геометриялық маңызды жаттығулар, логикалық тапсырмаларды шығару тәсілдерін үйретуді көздейді.

Жаңашылдығы: Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын арттыру олардың алған білімінің тиянақты болуын қамтамасыз ету.Өз пікірлерін логикалық жолмен дәлелдей білуге,алған білімдері бойынша тиісті қорытынды жасауға,өздері игерген есеп шығару дағдыларын іс жүзінде білуге жаттықтыру.

Педагогикалық жаңалығы: Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыруда материалды жоғары дәрежеде меңгеру, кестемен жұмыс жасау, маңызды мәліметтерді бөліп алу, ақпаратты жылдам табу және жаңа идеялар ұсынуға үйрету.

Психологиялық жаңалығы: Бастауыш сыныптардан бастап өз ойын жүйелі де түсінікті етіп жеткізу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру болғандықтан, қызықты сұрақтар, мақал - мәтел, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды талдатуға басты назар аударылaды. Сондай-ақ сөйлеудің ауызша және жазбаша түрі, олардың ерекшеліктерін қамтыған материалдар берілді.Тез ойлап ,тез шешім қабылау, салыстыру,ажырату қабілеттерін дамытады.Оқушылар тіліміздің грамматикалық құрылысы бойынша білімдерді толықтырылып, оларда білік, дағдылар қалыптастырылады.Оқушыға өз ойын еркін айтуына, ойын дамыта өзгертуіне шығармашылық жұмыстағы еркіндікке, кез келген мәселені шешуге, баға беруге, таңдау жасауға, оқығанын өмірмен байланыстыруына, өмірде қолдана алуына мүмкіндік береді.Оқушылар алдына өзекті міндеттерді қоя біледі, оларды шешеді, логикалық тапсырмаларды пайдаланып, салыстыру, топтау әдістерін қолданып, дәлелді тәуелділіктің шешуін табады, талдай білу дағдысын дамытады, тәуелділік байланысын орнатады және қорытынды жасауды үйренеді.Сонымен қатар логикалық ойлауға дағдыланады, логикалық сөйлеу және ойша елестеу қабілеті дамиды.Қоршаған ортаны танып, білу үрдісі баланың ойлануын дамытып қана қоймайды, оқушының қоршаған ортаға адамгершілік қарым - қатынасын қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Оқушылардың қоршаған дүние туралы алған білімін дұрыс қолданып, әлеуметтік және табиғи ортада өзінің жүріс тұрысын әділ бағалай білу қабілетін тәрбиелеу. Қоршаған ортаны танып білу сабақтарында алған білімі өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамытады.Таным теориясы адамға жинақталған ақпаратты зерттеп, ішінен маңыздысын таңдап, соның негізінде дұрыс өмірлік салтын ретке келтіру, дұрыс таңдау жасау қабілетіне ие болуға, яғни өзінің болмысы мен әрекетін бағалау дағдысын көрсете білуге мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтиже:

  • Бала тұлғасының дұрыс өcуіне, ақыл ойдың дамуына оқушылардың интеллектуалдық (ахуалдық), сезімталдық – еріктілік, белсенділік қалыптастырады;

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады;

  • Қоршаған ортаны танып білуге ықпал ететін ғылым екендігі туралы түсінік қалыптастыруға әсерін тигізеді;

  • Математикаға деген ынтасын, қызығушылығын арттырады;

  • Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелейді ;

  • Көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамытады ;

  • Оқушылардың өз бетімен шығаруға арналған жаттығулары арқылы шығармашылық ізденіске баулып,математикалық дарынын жетілдіреді;

  • Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға әсер етеді7

Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,өз бетімен жұмыстануға,дәлелдеуге, салыстыра отырып пікір айтуға,есте сақтауға,өз-өзіне сеніммен қарауға,жаңа шешімдерді іздей білетін тұлға қалыптастыру.

Сауатты оқуға,түсінуге,ажыратуға,салыстыруға алған білімін күнделікті өмірде қолдануға дағдыланады.

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегияларын қолдана отырып, сыни ойлауды, функционалдық сауаттылықты арттыруда табысқа қол жеткізу. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын білім алушы - сыни ойлау деңгейі жоғары оқушы. Бүгінгі күні білім алушыларды оқытуда бұрынғы таптауырынды әдіспен оқытудың ешбір жақсы нәтижеге жеткізбейтіні белгілі. Сол себепті таңдау пәні бойынша берілетін білімді тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қызықты да, тартымды формада беру қажет. СТО технологиясының «Өзіңді тексер!», «4 қадам»,

«3 таяқша» , «Бинго», «Бірге ойлаймыз», «Құпия зат», «Серпілген сауал» сияқты стратегияларын қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын оятып, функционалды сауаттылығын арттырамыз.

3 сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың зияткерлік дамуын,логикалық ойлауын дәріптеуде авторлық бағдарламаның маңызды тұстары көрінеді.

Жаңа білімді меңгерту мақсатында білім алушыны жан-жақты дамыту үшін, коммуникативтік құзыреттілігін көтеру үшін сабақты жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ұйымдастыру маңызды. Сондықтан да сабақтың құрылымын әдістемелік жағынан сауатты құрастырып, мазмұнын құндылықтарға бағыттап, идеясын өмірдің өзекті мәселелерін насихаттауға бағындыру мұғалімнің қасиетті міндеті деп есептеп, міндетті жүзеге асыруда барлық мүмкіндікті қолдануды алдыңғы кезекке қойған жөн.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, жаратылыстану,қазақ тілі,бейнелеу өнері пәндері бойынша берілетін біліммен байланыстыра отырып, таңдау пәні бойынша негізгі ұғымдарды терең таныстыру.

Өркениеті дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып, заманауи білім берудің талаптарын жүзеге асыру мақсатында біздің елімізде бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруды міндет етіп қойды. Осыған байланысты білім сапасын көтеру мәселесіне мемлекеттік деңгейде баса назар аударылып, бағдарламалар мен жобалар, қаулы, қарарлар бекітіліп отыр.

Мысалы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 85-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы  ұсынылып, жүзеге асырылып жатыр. «Білімді ұлт» жобасы бойынша білім беруге қатысты өзекті мәселелер талқыланып, атқарылатын жұмыстардың жүйелі жоспары жасалды. Осы жобаны жүзеге асыруда жасалып жатқан барлық шаралар жеке тұлғаның сапалы білім алуына бағытталған.






















БAҒДAРЛАМА МАЗМҰНЫ


«Cанды және әріпті өрнектер» (3 сағат) бөлімінде «Адамдар қалай санай бастады? Ондықтармен,бірліктермен санау», «Санды және әріпті өрнектер», «Салыстыру» атты тақырыптар қамтылып оқушыларға санау,салыстыру туралы білімдерін арттырады.

«Шамаларды өлшеу» (6 сағат) бөлімінде «Ауызша қосу және азайту»,« Масса өлшем бірліктер», «Уақыт және оның өлшем бірлігі» , «Ұзындық», «Көлем және оның өлшем бірлігі», «Тест» атты тақырыптарындағы тапсырмалар оқушыларды өлшем бірліктерді түрлендіруге септігін тигізеді.

«Жүздіктермен есептеулер жүргізу» атты (7 сағат) бөлімінде «Кестелік қосу және азайту», «Екі амалмен шығарылатын есеп» , «Қосу және азайту», «Қосудың қасиеттері», «Шаршы.Тік төртбұрыштың қасиеті», «Көпбұрыштың периметрі», «Тест» тақырыптарын қамтылған , бұл тақырыптары жүздіктермен есептер жүргізу, амалдар қолдану тапсырмалары жүзеге асырылады.

«Қызықты басқатырғыштар» атты ( 11 сағат) бөлімінде « Зерде», «Өлше, сыз, есепте!», «Қызықты есептер»,« Жазбаша қосу және азайту», «Логикалық есептер» , «Өзіндік жұмыc» , «Үшбұрышты, тік төртбұрышты бейнелеп көрсету», «Шaршы салу», «Бірдей қосылғыштарды қосу, aзайту», «Теңдеулерді шешу», «Тест» және

«Математика өмірімізде» бөліміндегі (7 сағат) «Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау», «Математикалық сөзжұмбақтар» , «Ребустар құрастыру» , «Матемаикалық шытырман», «Математикалық сайыс», «Жұмбақ есептер», «Бақылау» тақырыптары оқушылардың білім-біліктері толықтырылады, қолданылған дидактикалық тапсырмалар пәнге қызығушылығын арттырады.



















Тұрақталу бөлімі

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат

Сабақтың

тақырыптары

Сағат саны

Білім өнімі

І бөлім. Санды және әріпті өрнектер (3 сағат)

1

Адамдар қалай санай бастады? Ондықтармен, бірліктермен санау

1

Ондықтармен,бірліктермен санауды біледі

2

Санды және әріпті өрнектер


1

Санды және әріпті өрнектерді ажырата атады, мәндерін табады

3

Салыстыру

1

Салыстыра алады

ІІ бөлім. Шамаларды өлшеу(6 сағ)

4

Ауызша қосу және азайту.

1

Ауызша қосу және азайту амалдарын орындай алады

5

Масса өлшем бірліктер

1

Масса өлшем бірліктерін меңгереді

6

Уақыт және оның өлшем бірлігі.

1

Уақыт және оның өлшем бірлігін түрлендіре алады

7

Ұзындық

1

Ұзындық өлшем бірліктерін біледі

8

Көлем және оның өлшем бірлігі.

1

Көлем және оның өлшем бірлігіне берілген тапсырмаларды орындай алады

9

Тест

1

Тест орындайды

ІІІ бөлім. Жүздіктермен есептеулер жүргізу (7 сағат)

10

Кестелік қосу және азайту

1

Кестелік қосу және азайтуды орындайды

11

Екі амалмен шығарылатын

есеп

1

Екі амалмен шығарылатын есептерді шығара алады

12

Қосу және азайту

1

Қосу және aзайту амалын орындайды

13

Қосудың қасиеттері.

1

Қосудың қасиеттерін біледі, қолданады

14

Шаршы. Тік төртбұрыштың қасиеті

1

Шаршы.Тік төртбұрыштың қасиетін меңгереді

15

Көпбұрыштың периметрі.

1

Көпбұрыштың периметрін табуды біледі

16

Тест

1

Тест орындайды

ІV бөлім. Қызықты басқатырғыштар (11 сағат)

17

Зерде


1

Зерде сайысына қатысады

18

Өлше, сыз, есепте!

1

Геометриялық денелерді өлшейді, сызады, есептейді

19

Қызықты есептер

1

Қызықты есептерді шығарады

20

Жазбаша қосу және азайту

1

Жазбаша қосу және азайтуды орындайды

21

Логикалық есептер

1

Логикалық есептерді шығаруды біледі

22

Өзіндік жұмыс

1

Өзіндік баға береді

23

Үшбұрышты, тік төртбұрышты бейнелеп көрсету

1

Үшбұрышты, тік төртбұрышты бейнелеп көрсетуге тапсырмалар орындайды

24

Шаршы салу.

1

Шаршы салуды меңңгереді

25

Бірдей қосылғыштарды қосу, азайту

1

Бірдей қосылғыштарды қосу, азайту

26

Теңдеулерді шешу

1

Теңдеулерді шешу жолдарын біледі

27

Тест тапсырмалары

1

Тест тапсырмаларын орындайды

V бөлім. Математика өмірімізде (7 сағат)

28

Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау.

1

Жүздіктер мен, ондықтар мен, бірліктер мен санауды біледі.

29

Математикалық сөзжұмбақтар


1

Математикалық сөзжұмбақтарды шеше алады

30

Ребустар құрастыру

1

Ребустар құрастыра алады

31

Матемаикалық шытырман

1

Матемаикалық шытырманды шеше алады

32

Математикалық сайыс

1

Математикалық сайысқа қатысады

33

Жұмбақ есептер

1

Жұмбақ есептерді шығарады

34

Бақылау жұмысы

1

Есептерді орындайды





НОРМАТИВТІК БӨЛІМ

Барлығы - 34 сағат , аптасына 1 сағат

Р/с

Бөлім

Бөлімше

Тақырып




Оқy мақсаты

Сағат саны

Білім өнімі


Барлығы

Лекция /Теория/1

Практика /Пракика2

І бөлім. Санды және әріпті өрнектер

1

Адамдар қалай санай бастады? Ондықтармен, бірліктермен санау

Oндықтармен,бірліктермен санау дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру

1

1


Ондықтармен,

бірліктермен

санауды біледі

2

Санды және әріпті өрнектер.


Санды және әріпті өрнектер туралы білімдерін тереңдету


1


1

Санды және әріпті өрнектерді ажырата алады, мәндерін табады

3

Салыстыру

Сандардың қатардағы орнына және ретіне қарай салыстыру

1

1


Салыстыра алады

ІІ бөлім. Шамаларды өлшеу (6 сағ)

4

Ауызша қосу және азайту.

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

1


1

Ауызша қосу және азайту амалдарын орындай алады

5

Масса өлшем бірліктер

Массаның жаңа бірлігі-граммен таныстыру,шаралары есептеу дағдыларын қалыптастыру

1

1


Масса өлшем бірліктерін меңгереді

6

Уақыт және оның өлшем бірлігі.

уақыт (сағ, мин, тәулік, ай, жыл) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

1


1

Уақыт және оның өлшем бірлігін түрлендіре алады

7

Ұзындық

Километр, ұзындық өлшем бірліктері туралы біледі.

1


1

Ұзындық өлшем бірліктерін біледі

8

Көлем және оның өлшем бірлігі.

көлем ұғымдарымен туралы білімдерін кеңейту

1


1

Көлем және оның өлшем бірлігіне берілген тапсырмаларды орындай алады

9

Тест

Өткен білімдерін бекіту, бағалау

1


1

Тест орындайды

12

Кестелік қосу және азайту

Ондықтан аттап кестелік қосу және азайтудан білімін жалпылайды, бекітеді

1


1

Кестелік қосу және азайтуды орындайды

13

Екі амалмен шығарылатын

есеп

Екі амалмен шығарылатын есепті шығара білуге дағдыландыру

1


1

Екі амалмен шығарылатын есептерді шығара алады

14

Қосу және азайту

100 көлемінде бір таңбалы сандарды ондықтан аттап ауызша қосу жəне азайту, жүздіктерді азайту жəне қосу.

1


1

Қосу және aзайту амалын орындайды

15

Қосудың қасиеттері.

Тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиетін қолдану.

1


1

Қосудың қасиеттерін біледі, қолданады

16

Шаршы. Тік төртбұрыштың қасиеті

Шаршыжәні тік төртбұрыштың қасиеті туралы тақырып туралы білімдерін кеңейту




Шаршы.Тік төртбұрыштың қасиетін меңгереді

17

Көпбұрыштың периметрі.

Көпбұрыштың периметрі туралы білімдерін кеңейту




Көпбұрыштың периметрін табуды біледі

18

Тест

Өткен білімдерін қайталау, білімдерін бағалау

1


1

Тест орындайды


ІV бөлім. Қызықты басқатырғыштар (11 сағат)

20

Зерде


Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. 

1


1

Зерде сайысына қатысады


21

Өлше, сыз, есепте!

Геометриялық денелерді өлшеуге, сызуға, есептеуге берілген есептерді шығаруға дағдыландыру

1


1

Геометриялық денелерді өлшейді, сызады, есептейді

22

Қызықты есептер

Логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін  дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру

1


1

Қызықты есептерді шығарады

23

Жазбаша қосу және азайту

Жазбаша қосу және азайтуға берілген типтік тапсырмаларды орындауға машықтандыру

1


1

Жазбаша қосу және азайтуды орындайды

24

Логикалық есептер

Логикалық есептер есептерді шығару жолдарын меңгеру

1


1

Логикалық есептерді шығаруды біледі


Өзіндік жұмыс

Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, білімдерін бағалау

1


1

Өзіндік баға береді


Үшбұрышты, тік төртбұрышты бейнелеп көрсету

Үшбұрыш және тіктөртбұрыш элементтерін білуге , фигураларды өлшемін     анықтауға үйрету


1


1

Үшбұрышты, тік төртбұрышты бейнелеп көрсетуге тапсырмалар орындайды


Шаршы салу.


Шаршының элементтері туралы білімдерін кеңейту, шаршыны салуға машықтандыру

1


1

Шаршы салуды меңгереді



Бірдей қосылғыштарды қосу, азайту

Бірдей қосылғыштарды қосу, азайту туралы білімдерін кеңейу, пәнге қызығушылыған арттыру

1


1

Бірдей қосылғыштарды қосу, азайту


Теңдеулерді шешу

Теңдеулерді шешу дағдыларын дамыту


1


1

Теңдеулерді шешу жолдарын біледі


Тест тапсырмалары


Тест тапсырмаларын талдайды

1


1

Тест тапсырмаларын орындайды

V бөлім. Математика өмірімізде (7 сағат)

25

Жүздіктер

мен, ондықтар

мен, бірліктер

мен санау.


Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау тақырыбы туарыл білімдерін кеңейту, типтік есептер шығаруға машықтандыру

1


1

Жүздіктер мен, ондықтар мен, бірліктер мен санауды біледі.


26

Математикалық сөзжұмбақ

тар


Математикалық сөзжұмбақтарды білу, типтік есептер шығаруға машықтану

1


1

Математикалық сөзжұмбақтарды шеше алады


27

Ребустар құрастыру

Ребустарды құрастыруға машықтандыру

1


1

Ребустар құрастыра алады

28

Матемаика

лық шытырман

Математикалық шытырмандар туралы түсініктерін қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру

1


1

Матемаика лық шытырманды шеше алады

29

Математикалық сайыс

Математикалық штырмандар туралы түсініктерін қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру

1


1

Математикалық сайысқа қатысады

30

Жұмбақ есептер

Жұмбақ есептерді шешу жолдарын меңгеру

1


1

Жұмбақ есептерді шығарады

31

Бақылау жұмысы

Арифметикалық амалдарды орындау, сандарды салыстыру, теңдеуді шешу, мәтінді есепті шығару, кесінділер сызу, білім, білік, дағдыларын бағалау.

1


1

Есептерді орындайды



























АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ

3.1. Интеллектуалдық дағдыны қалыптастырудың маңыздылығы

Логикалық ойлаудың қисындылығы,олардың шындыққа сай келуінде.Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары,ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар тек логикалық жолымен ғана ашылады.Пікір алмасу,әсіресе математикалық ұғымдарды пайымдау,ойлау заңдылықтары мен сол сол заңдылықтар мен фориалары жөніндегі ғылым логиканың көмегімен бір тұжырымнан екінші тұжырым пайда болады.

Бастауыш сынып кезінде оқушыларда ғажайып өзгерістер болып жатады;ойдың күрделі қасиеттері қалыптасады және даму деңгейлері басқа кезеңге жетуге болмайтын жылдамдықпен дамиды.

Бастауыш сынып жасындағы оқушы әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады.Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арқылы оқушының қиялы іс әрекеттің басқа түрлеріне ауысады.

3.2. Функционалдық сауаттылық есептерін шығару арқылы

оқушылардың логикалық ойлау қабілетерін арттыру

Әлемдік білім беру кеңістігінде білім беруді дамыта отырып, оқыту мәселесі жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған. Өмір өзгерістеріне бейім жан-жақты тұлғаның дамуында басымдықтарды жүзеге асыру басты назарда болып отыр.

1.Функционалдық сауаттылықты арттыру - ұлттық деңгейде көтерілген мәселе.

Білім алушылардың зияткерлік білімін жоғары деңгейге көтеру үшін жан-жақты оқыту маңызды. Заманауи ұрпақ қандай? «Зумерлер» деп те ат қойып ерекшелеп жатамыз. Олар өзіне қажетті ақпаратты ғана алуға тырысады. Беріп жатқан біліміміздің пайдалы жағын көбірек қарастырады. Алған білімінің өмірдегі қажеттілігіне аса мән береді. Сондықтан да мұғалімдер қауымының мақсаты баланың қажеттілігін қанағаттандыру болуы керек деп ойлаймыз. Мектепке қажетті білім беру үдерісін оңтайлы ұйымдастыру үшін таратылып жатқан әдістемелік хат, әдістемелік нұсқаулықтарда, еңбектерде функционалдық сауаттылық мәселесі жиі көтеріліп, баса көңіл бөлінуде. Мұның өзі баланың алған білімін өмірде қажетіне жарата білсін деген ізгі ниеттен туған идея екендігі белгілі.

Тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға , кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Тұлға бойында осы аталған дағдылар дұрыс қалыптасуы үшін әрбір пән мұғалімінің дайын тапсырмаларды орындауда стандарттан тыс тәсілдерді іздену арқылы тұлғаны жаңалық ашуға бағыттау қажет.

Білім беру үдерісін қайта қарау үстінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспары қабылданды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Мұндай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктелді.

Жұмбақ есептер ақыл ойды жаттықтырудың негізгі жолы.Білімнің керек бір шеңберін есте сақтау шығармашыл пікірлеудің қажет құралдарынің бірі.Логиканы оқытудың негізгі мақсаты балаларға нақты көлемдегі білімді жіне практикалық білім беруге жету үшін бір көпір деп білеміз.Ой қозғауға арналған,яғни логикалық және математикалық сауаттылық есептері оқушылар білімін тереңдетеді де кеңейтеді.Олардың логикалық ойлау қабілеттері,тапқырлығы дамиды.





















































БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ


«9-10» балл – оқушы мәтіндегі ақпараттарды толық және дәл түсінеді, сұрақтарға еркін және нақты жауап береді.Есептердің негізгі идеясын және қосымша мәліметтерін дұрыс анықтап, ақпараттарды талдап, қорытынды жасай алады.

«7–8 » балл –логикалық есептерді шығаруда аздаған қателіктер жібереді. Жұмбақ есептерді,мәтін есептерді талдауда кейбір ойларын жеткізуде нақтылық жетіспейді. Жалпы мағынасын дұрыс түсінгенімен, кейбір бөлшектерін жіберіп алады.

«5-6 » балл –есепті түсіну және талдауда белсенділігі төмен. Ойларын жүйелеп жеткізуде қиындықтар байқалады. Негізгі идеяны анықтауда және мысалдар келтіруде қателіктер жібереді.

«3–4 » балл – мәтінді есептерді түсінуде айтарлықтай қиындықтарға тап болады. Сұрақтарға жауап беру кезінде белсенділік танытпайды. Қосымшы тапсырмаларды орында көп қателіктер жібереді. Есептеуде ауытқулар орын алып, негізгі ойды анықтай алмайды.

«1–2 » балл – мәтінді есептерді түсінуде және талдауда елеулі қиындықтар байқалады. Негізгі ақпараттарды мүлдем ажырата алмайды. Сұрақтарға жауапты өте әлсіз немесе мүлдем жоқ.
























ҚОРЫТЫНДЫ


Қорытындылай келе айтарымыз, оқушылар өз бетімен ізденуге,төзімді,жігерлі болуға машықтанады. Логикалық есептерді ойлап шығарудың әдіс тәсілдері оқушының ақыл ойын тәртіпке келтіреді. Логикалық есептерді шығарудың басты мақсаттарының бірі оқушының тереңнен ойлауын,жан жақты ізденуін дамытады және қазіргі халықаралық талаптар деңгейінде күнделікті өмірде математиканы еркін пайдалана алуға бастауыш сыныптан бастап үйренеді. Берлген тапсырмалардың міндеті оқушылардың ой өрісін, тілі мен сөйлеуін үш бағытта дамыту; логикалық, жаңашылдық, шығармашылық. Сонымен қатар логикалық тапсырмалар оқушылардың психологиялық мінез құлық ерекшеліктерін қалыптастырып, мектеп бағдарламасында алған білімдерін толықтырады. Оқушының білім сапасын көтеруді, математика пәніне сүйіспеншілігін арттыруды, халықтық есептеулер негізінде шығармашылықпен жұмыс істеуді жер материалдарын іздеуді және оларды түрлі есептеулерге қолдана білуді мақсат етеді.

Жазылған пікір, айтылған ой құр сөз күйінде қалмас үшін нәтижелі қорытынды жасайық.

Авторлық бағдарламаның басында жазылған күтілетін нәтижеге қайта оралайық

Күтілетін нәтиже:

  • Бала тұлғасының дұрыс өcуіне, ақыл ойдың дамуына оқушылардың интеллектуалдық (ахуалдық), сезімталдық – еріктілік, белсенділік қалыптастырады;

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады;

  • Қоршаған ортаны танып білуге ықпал ететін ғылым екендігі туралы түсінік қалыптастыруға әсерін тигізеді;

  • Математикаға деген ынтасын, қызығушылығын арттырады;

  • Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелейді;

  • Көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамытады;

  • Оқушылардың өз бетімен шығаруға арналған жаттығулары арқылы шығармашылық ізденіске баулып,математикалық дарынын жетілдіреді;

  • Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға әсер етеді;

Таңдау курсын оқыту барысында жұмыс дәптерімен қатар жұмыс жүргізілді. Дәптердегі тапсырмаларды қызыға орындап, білім алушылар жеке шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Білімділік пен қатар дамыту бағытындағы тапсырмаларды орындау кезінде креативті ойларын жазып, пікірлерін білдірді. Дәптердегі түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тапсырмаларды орындау – олардың жұмысты ауырсынбай, жылдам орындауға деген құлшынысын оятты. Әр сабақтың соңында кері байланыс беріп, қорытынды тұжырым жазып отырдық.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Мұғалімдер үшін:


1.Ақпаева Ә.Б., Лебедева Л.А., Буровова «Қызықты математика» Алматыкітап, 2018 ж.

2. Бисеков Ж. Жақсыбаева А Қойбарова Ж «Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал» Шымкент 2019ж

3. «Бастауыш мектеп» журналдары 2022ж 2023ж 2024 ж

4. «Геометриялық фигуралар» - Алматы, 2019

5. Джонни Болл «Бәрі де сандар туралы» Алматы кітап 2021ж

6. Дидактикалық материалдар 1-4 сынып

7. «Есептеп үйренейік» - Алматы, 2018

8. Нұрманова С. Оспанова С. «Математикалық логикалық есептер»

«Атамұра» 2010ж

9. Құрманалина Ш.Х. Өміртаева Р.Қ Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар Алматы «Атамұра» 2019ж


Оқушылар үшін:

1. Математикалық әдістемеліктер « Атамұра» баспасы 2019ж

2. «Математика» Әдістемелік құрал - Алматы, 2023

3. Математикадан бақылау жұмыстары Шымкент 2020

4.Математика тарихын оқыту-білімді ізгілендіру тәсілі. Г.Қ.Нұр.-Ақтау, 2018

5. Сәрсекеев А. С. «Қосымша есептер» Көкшетау 2011ж

6. Халықова Б.С «Қызықты математика» Атамұра, 2013 ж.

7. «Логика сұрақтары»журнал

8. Математикадан өзіндік бақылау жұмыстары Қ.Әубәкірқызы

9. С.Ерубаев «Қазақтың байырғы есептері

10. Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар

11. Б.Жұмақаева «Дене мүшелерінің атауларынан туындаған бірліктер»

Алматы 2022 ж








18


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2025
345
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі