Іс - шара жоспары "Жаратылыстану әлемінде"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс - шара жоспары "Жаратылыстану әлемінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану - математика бірлестік апталығының жабылуына арналған сыныптан тыс кеш жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

16 КОЛЛЕДЖ МКҚК







«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН

Директордың оқу ісі жөніндегі №16 колледж директоры

орынбасары ___________ Е.Билалов _________М. Тәшімбет

« ___» _________2023 ж «____» __________ 2023ж









ІС - ШАРА ЖОСПАРЫ

«Жаратылыстану әлемінде»




Жаратылыстану-математикалық пәндер әдістемелік бірлестігі











Дайындағандар: Беримова Жанна Елубаевна

Шолықбаева Алия Жұмабаевна









Шардара 2023 жыл


Тақырыбы: Жаратылыстану әлемінде
Мақсаты: Студенттердің жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ойлау  қабілеттерін  дамыту,  топ  үшін  жауапкершіліктерін  нығайту, өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанекей, кім шығады сайысуға.
Жүргізуші
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, студенттер!? Бүгінгі біздің топтар арасындағы «Жаратылыстану әлемінде» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Алға қойған мақсаты
Әрқашан да колледжде,
Шығып жүрген жақсы аты-деп ортаға
«Алғырлар» тобын қарсы алайық.
Жүргізуші

Барлық істі атқарып
Пайдасын колледжге тигізген
«Білгірлер» тобын қарсы алайық

Жүргізуші

Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар
«Тапқырлар» тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық

Жүргізуші
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады
Баға берер әділқазы ортамызға
Сіздерге құрметпен қол соғылады- дей отырып әділқазы алқаларымен таныс болайық.

Колледжіміздің орыс тілі және әдебиеті пән оқытушысы Маматкулова Наргиза Исаевна;

Колледж психологы Касимова Дариха;

Оқу меңгерушісі Рысбекова Айгул;

Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестік жетекшісі Тунгушбаева Марина Акылбековна


Жүргізуші: Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.
Жоспары

1. «Таныстыру»
2. «Блиц турнир» (әр топқа сұрақ-жауап қойылады)
3. «Мақал-мәтел жалғасын тап»

4. «Жұмбақтар» ( жұмбақтар)

5. «Көрермендер сайысы» «Ойлы болсаң, тауып көр»

6. «Қызықты ойын»

7. «Қисынды  ойлар».(Логикалық  есептер).

Жүргізуші
Ал, қанекей сайысты бастайық
Өзімізді таныстырып тастайық,- деп сөз кезегін әр топқа береміз

Әр топ өздерін таныстырады.

Жүргізуші. Келесі кезең «Блиц турнир» кезеңі.
Санның да саны бар ғой саналатын,
Әртүрлі білім сырын ұға алатын
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Саналып әр секундпен жүре алатын.

Студенттер жылдамдықпен сұрақтарға жауап береді


1 - топ:

  1. Ең алғашқы әйел математик (С. Ковалевская)

  2. Уақыт өтуіне қарай басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруі (мех.қозғалыс)

  3. Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған құрылғы – бұл … (монитор)

  4. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін ата (апта күндері)

  5. 2,5 таяқтың неше ұшы бар (6)

  6. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)

  7. Зат массасының сақталу заңын кім ашты және мағынасы қандай? (М.В.Ломоносов,химиялық әрекеттесуге түскен заттар мен  реакциядан кейінгі заттардың массасы тең болады)

  8. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)

  9. 9. Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама. (Операциялық жүйе)

  10. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым? (Ботаника )

2 топ

1. Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай)
2.
Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы. (кинетикалық, потенциялдық)
3.
Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)

4. Электронды есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (4 буынға)

5. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)

6. Жасушаны ашқан ғалым? (Роберт Гук)

7.Құрлықтың су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі (Түбек)

8. Антарктиданы ашқан саяхатшылар ( Ф. Беллинсгаузен, М. Лазарев)

9.Периодтық жүйеде қанша металл,қанша бейметалл бар? (22бей металл,88 металл)

10. Линзаның сындыру қасиетін сипаттайтын физикалық шама (сыну көрсеткіші)

3-топ

  1. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше рет жазылуы мүмкін (20)

  2. Өз сұйығымен динамикалық тепе – теңдікте болатын бу. (қаныққан бу)

  3. Word бағдарламасының құжатына дайын суреттер қандай әмірлер көмегімен кірістіріледі? (Кірістіру – Сурет – Файлдан – қажетті суретті екі рет шерту)

  4. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)

  5. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер (үндістер)

  6. Донорлы –акцепторлы механизм қай байланысқа   жатады және мәні қандай? (ковалентті байланыс, дайын жұп электрон бергені –донор, бос ұяшық бергені –акцептор)

  7. Жануар атымен аталатын құс – Түйеқұс

  8. Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем (азимут)

  9. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір ғана мұрағаттық файлда орналастыру мақсатында бір немесе бірнеше файлды нығыздау – бүл (Мұрағаттау)

  10. 4 әр түрлі оң сандардың көбейтіндісі 100. Олардың қосындысы негетең? (18)

Жүргізуші:

Келесі кезең «Мақал- мәтел жалғасын тап» кезеңі.

1 топ

  1. Ай жоғары әлемге Күн жоғары ..... төменге (жарық сәулесі)

  2. Қызға ..... (қырық үйден тию)

  3. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)

  4. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)

  5. «Дос егіз болса, дұшпан . . . . . . » сегіз

2 топ

  1. Аузы күйген, .... үрлеп ішер (Кебу)

  2. Ай мен күн ауысты Тәулікті .... тауысты (жердің өз осімен айналуы)

  3. Жеті жұрттың тілін біл, ... (жеті түрлі білім біл)

Жеті атасын білмеген .... (жетімдіктің белгісі)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  2. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)


3 топ

  1. Түйені жел қозғаса Ешкіні .... аспаннан ізде (қозғалыс, тербеліс)

  2. Жел соқпаса.... шөптің басы қозғалмайды (күш)

  3. Екі жақсы қас болмас

Екі жаман .... ( дос болмас)

  1. Алты жыл аш болсаңда, .... (атаңның салтын ұмытпа)

  2. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)


Жүргізуші: Келесі 4 кезең «Жұмбақ шешу» үш топқа ортақ жұмбақтар

1.Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы:
кемпірқосақ
2. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы:
(Көлеңке)
3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)

4 Қағазға тойматын  құрылғы (принтер)

5. Біз санбыз сызықпен бөлінген,
Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген
. (бөлшек сан)

6. сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

АФРИКА


7. Алды артымыз шексіз деп,
Жете алмайсың біздерге,
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де.
(түзу)
8.Табылса бұрын там - тұмнан
Қазір көп әрбір өлкеде,
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде.
(Алюминий)
9.Қымбат деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапты игілік одан халқым.
Апарып Айға елімнің туын тікті
Жемісін ақыл - ойдың елдің салтын.
(Темір)
10. Үлкен-үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп (Тау)

11 Аспанды жағып өтеді

Бірақ бізге жетпейді.       (Метеорит)

12. Мекені көкте екі ару

Бір-бірін көруге зәру. (күн мен ай)

13.Керегіңше әрқайсың

     Сіміресің қанбайсың.

    Онсыз жерде он минут,

     Өмір сүре алмайсың. (Ауа)



14. сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?

С.АМЕРИКА

15. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тінтуір)

1-жүргізуші: 5 кезең «Көрермендер сайысы» «Ойлы болсаң, тауып көр»

  1. Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама).

  2. Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)

  3. Өз атын өзі шақыратын құс? (Көкек )

  4. Сіз ұшақта отырсыз, Сіздің алдыңызда жылқы, артыңызда көлік тұр. Сіз қай жердесіз? (Әткеншекте)

  5. Жасыл адамды көрген жағдайда не істеу керек?  (Көшеден өту.)

  6. Бір көз, бір мүйіз, бірақ, мүйізтұмсық емес?  (Бұрыштан сығалап қараған сиыр.)

  7. Бір қолшатыр астында алты бала, екі ит, төрт ересек қайткен жағдайда су болмайды? (Егер жауын жаумаса)

  8. Үнемі дұрыс айтылмайтын сөз? ("Дұрыс емес" сөзі.)

  9. Шамды бұрау үшін қанша программист қажет?  (Бірде-біреуі қажетсіз. Бұл программистер шешпейтін аппаратты проблема)

  10. Көл үстінде түрлі-түсті таразы ілініп тұр... (Ақылдан алжасқандықтың белгісі)

Келесі 6 кезең «Қызықты ойыны»

Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды орыс тілінде айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер одиннадцать дейсіңдер, мен 5 десем сендер шесть дейсіңдер, т.с.с. Олай болса, қане бастайық

1 топқа: 13,21,54,212,10009

2 топқа: 11,25,45,313,11111

3 топқа: 18,32,65,345,10010,


Келесі ойын: «Қарандаш қай қалтамда».

Ойынның шарты: ойынға бес адам шығады. Бір адам карандашты алып қалтасына жасырады

  1. Карандаш алған адамның нөмірін 2-ге көбейтеді.

  2. Оған 3-ті қосады.

  3. Оны 5-ке көбейтеді.

  4. Карандаш оң қалтада болса 8-ді, сол қалтада болса 9-ды қосады.

  5. Шыққан санды айтады.

Шыққан саннан 22-ні азайтамыз. Алынған санның біріншісі карандаш алған адамның реті, екіншісі 1-болса оң қалтада, екі болса сол қалтада.

Жүргізуші: Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)

Ж үргізуші: 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.

Жүргізуші: Кезекті «Математикалық терминдер» ойынына береміз.

Екі оқушы шығып, шарды үрлейді. Үрлеген сайын, бір математикалық терминді айтып отыруы керек. Кім 1 минутта шарды .үлкен етіп үрлейді, сол жеңімпаз болады.

Ж үргізуші: Суретте қандай геометриялық фигуралар бейнеленген.


Жүргізуші: Қанша үшбұрыш бар (8)

Жүргізуші: келесі 7 кезең «Қисынды  ойлар».(Логикалық  есептер).

1) Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн - жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?(6 лақ)
2) Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды? (Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар – 5)
3) Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг? (6 кг)
4) Егер түнгі сағат 12 - де күн жауып тұрса, алда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма?(болады)
5) Алғашқы үш сабақ: қазақ тілі, математика және тарих болды. Математика бірінші емес, тарих бірінші де, үшінші де емес.
Қай пән нешінші болды?
1. Қазақ тілі
2. Тарих
3. Математика

6.Кез –келген арифметикалық амалдармен пайдаланып, бес бірліктен 100 санын шығарып ал (111-11=100)

7.Теңдік тура болатындай етіп арифметикалық амалдар мен жақшаларды қойып шық

9 9 9 = 72 9*9-9=72

  1. 44 = 1 44 / 44 = 1

5 5 5 5 =50 5 *5 + 5 * 5 =50

8. Дүниеде ең жүйрік не? (Ой, қиял)

9. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың (көлеңке)

10. Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (адам орындықта отыр)

11. Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйіткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді. (электр пойызында түтін болмайды)

12. Екі бес санның арасына қандай таңба қою керек, шығатын сан 5 –тен үлкен 6-дан кіші болу керек ( үтір, 5,5)

Жүргізуші

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды
Ал, қазір әділ қазылар сөз алады
Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Қорытынды
Жүргізуші

Егеменді қазақтың біз ұраны,
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі