400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

іс- әрекет «Қуыршақтың бас киімі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту Құрылымдалған іс-әрекет: «Қуыршақтың бас киімі»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты

№ 97»Ақмарал» бөбекжай-бақшасы



Ұйымдастырылған іс- әрекет

«Қуыршақтың бас киімі»


«Таңшолпан» Ортаңғы тобы



Picture 3






Тәрбиеші: Кеутаева Ж.А




2022 оқу жылы



Өткізген күні: 22.11.2022ж

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Құрылымдалған іс-әрекет:

«Қуыршақтың бас киімі»

Мақсаты : ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату тәсілдерін пайдалана отырып,

ермексазды қағаз бетіне жапсыруға үйрету. Балалардың жапсыруға қызығушылығын

арттыру. Қағаз бетіне үлгіге қарап, көлемі, төрт түсі, пішіні бойынша әртүрлі

дайын домалақ пішіндегі ермексазды белгілі реттілікпен орналастыра отырып

берілген тапсырма бойынша қағазға жапсыру. Желімдеудің техникасын үйрету:

желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің

қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану. Жапсыруда қағазды түрлендіру әдістерін

( жырту, умаждауды ) қолдану. Мүсіндеу, жапсыру барысында қауіпсіздікті сақтауға,

ұқыпты болуға баулу.

Педагогикалық тәсіл: Нұсқау беру, яғни балаға қалай жасау керектігін түсіндіре отырып,өз бетінше әрекет етуге жетекшілік ету, бір нәрсені жасату арқылы ойын түйіндеуге баулу

(• балаларға үлкен үміт арту және олар үмітті ақтаған кезде мақтап-мадақтау; • балаларға мадақтаудың әртүрлі нысандарын ұсыну, мысалы, сөз арқылы («Сен мұны жасай аласың!»)

Дағдылыр: Когнитивтік дағдылар

Проблемаларды шешуге назарды шоғырландыру және шешу, икемді ойлау, күрделі міндеттерді шешу және шешімді іздеудің тиімді стратегияларын құрылымдауды үйрену.

Заттық дамыту ортасындағы пайдаланатын құралдар:

Түрлі -түсті ермексаз, жұқа қағаз, желім,дайын үлгі, түрлі - түсті шарлар,

Іс-әрекет барысы:

Амандасу:(Жүрекпен,алақанмен ,жұдырықпен)Балалар залға кіріп,бір-біріне қарама-

қарсы орындық тұсына тұрады, қонақтармен амандасады.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!

  • Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келді, қонақтармен амандасайық

Тосын сый : «Сауле есімді қуыршақ» музыка әуенімен қонаққа келеді.

Таңғажайып сәт.  Қуыршақ Сәуле келеді. Балалар Сәулемен амандасады. 
-Балалар, бізге қонақ келіпті. Қане қонақпен амандасайық.

Қонақты жоғары шығарып отырғызайық.

Балалар, бұл қуыршақтың есімі Сәуле екен

Қуыршақ Сәулеге өзіміздің қонақжайлылығымызды көрсетіп, сыйлайық. Дидактикалық ойын: «Кім тез табады?»

Мазмұны: Қуыршақтың киімдерін атап беру.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • ҚЫС

-Иә дұрыс айтасыңдар ,қараңдаршы Сауленің баскиімі жоқ екен, күн суып кетті. Жаурап қалмау үшін, біз бүгін Саулеге баскиім жасап береміз





-Балалар біз бүгін шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту орталығында екіге бөлінеміз.

1. Ермексазды алақан арқылы домалатамыз

2. Дайын болған домалақ ермексазды , жұмсақ қағазды жұлып , дайын үлгі бойынша ,қағаз бетіне ретімен қойып,жапсырамыз

Ойын: «Түстер әлеміндемін»

Мақсаты: Қимыл -қозғалыс ойын арқылы, көрнекі -қимылдық ойлауды дамыту арқылы, заттардың түсінің кеңістікте орналасуын ажыратуға үйрету .

Сергіту сәті: « Шынығамыз бәріміз»

Аяқпенен топ – топ,
Ал қолменен хлоп – хлоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналамыз кел мында.
Қолымызды сермейміз,
Басымызды шайқаймыз.
Бір оңға, бір солға,
Айналамыз кел мында.

- Жарайсыңдар, балалар, сендер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. 
- Балалар қуыршақ Сәуле сендерге риза болды.

- Ал, балалар, үйге келген қонаққа сыйлық беру керек. Біз қуыршаққа баскиімді сыйға береміз, суық күнде киіп алатын . Енді қуыршақ Сәуле жаурамайтын болды.

Рефлекция:

- Балалар , бізге бүгін қонаққа кім келді? 

- Қуыршақ Сәуле келді. 
- Сыйлыққа не бердік? 

- Бүгінгі тапсырма сендерге ұнады ма? 

Күтілетін нәтижелер:

тұтас қағаз бетіне бейнені орналастыра алады;

ермексаздың қасиеттерін біледі

мүсіндейтін затты зерттейді;

мүсіндеуге қажетті негізгі техникалық дағдыларды игерген;

мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтайды;

жұмысты ұқыпты жасауға тырысады;

жапсыру бойынша: желімдеу техникасының бастапқы дағдыларын игерген; ересектер даярлаған ірі және ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді;

желім қалдықтарын сүрту үшін майлықты пайдаланады;




WhatsApp Image 2022-12-04 at 22.53.54.jpeg Picture 7 WhatsApp Image 2022-12-04 at 22.50.51.jpeg Picture 5




Picture 11




























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі