400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ІС -шара "Тәуелсіздік бесігінде тербелем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы қысқаша түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТЕКСЕРІЛДІ

«Әйгерім» бөбекжай бақшасының

әдіскері

______________ Н.Е.Омарова

«___» «___________» 2020 жыл

Мерекелік іс – шара

Тақырыбы: «Тәуелсіздік бесігінде тербелем!»

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың құрбан болғандарын балаларға жете ұғындыру. Балалардың дүниетанымын кеңейту. Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әдептілікке ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Көрініс: «Тәуелсіздіктің ақ таңы»

Балалар ән залына жалаушалар ұстап кірді.

Құттықтау сөз:

Тәрбиеші: Құрметті әріптестер және кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлердің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік мерекесі де келіп жетті. Бүгінгі біздің Тәуелсіздік күніне арналған ««Тәуелсіздік бесігінде тербелем!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәрбиеші: - Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

  • Біздің елбасымыз кім?

  • Еліміздің бас қаласы қай қала?

  • Рәміздерімізді атап беріңдерші?

  • Қ.Р.Мемлекеттік Гимні орындалсын.

Слайд көрсетіледі.(Экранға назар аударайық)

Тәрбиеші: - Балалар, тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 29 жыл болыпты. Тәуелсіздігімізге көз тастап қарайықшы, сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, қасық қаны қалғанша елі мен жері үшін айқасқан, бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.

Тегеурінді соққыларды жайратқан,

Ақша қарда судай ақты қайнап қан.

Қайдан білсін қызбаланған ерлерім,

Айрыларын Ләззат, Ербол, Қайраттан.

-Балалар, мұндағы суретте желтоқсан оқиғасының құрбандары. Осы аға ,апларымыздың арқасында егеменді ел болып, көк туымыздың байрағы биікте желбіреді. Ендеше осы аға, апаларымызды бір минут еске алайық. (бір минут үнсіздік)

Тәрбиеші :Балаларымыздың қазақ, орыс тілдерінде Тәуелсіздік туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Ақбаян: Тәуелсіздік еліміз,

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған,

Аға , апкелеріміз.

Бабаның да арманы,

Осы едіғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолыма,

Менің Қазақстаным!


Дияр:Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған

Тәуелсіздік туыңды

Биік көтер жас ұлан!


Кәусар:Мы живем в стране особой,

Самой дружной,самой доброй.

Мы гордимся ею,

Родиной своею.

.

Бексултан:Мой Казакстан,ты независим,

И над страною вьется флаг.

Орел парит свободно в высь,

Знак мира,дружбы и добра.


Хор:«Тәуелсіз ел ұланы»


Тәрбиеші: Тәуелсіздік 29 жыл ! Туыңды биік ұстадың,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасайбер, жаса тәуелсіз Қазақстаным! – балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Айбөпе: Кеңейген туған жердің керегесі,

Жыл сайын арта берсін берекесі.

Қазағым,Құтты болсын қуанышың,

29жыл Тәуелсіздік мерекесі!

Айдарбек: Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік куні бұл!

Ең биікке достарым,

Жеңісіңнің туын іл!

Бақтыгүл: Тәуелсіздік мақтанышым,

Бизге бақыт сыйлаған.

Бейбіт күнде мен тынышпын,

Әр бір таңым нұр маған

Айзере: Қуат алған өзінен,

Туған елдің қызымын

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін.

Д/О: «Туған жерге ақ тілек»

Тәрбиеші: Балалардың Рәміздеріміз туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Айару: Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігіміз қолымда,

Еркіндігім Елтаңбам.

Айсұлтан:Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Асель: Қазақстан көгінде,

Көк ту тұрғой желбіреп.

Қазағым тұр бүгінде,

Көк аспаны мөлдіреп


Тәрбиеші: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Тәуелсіздікті біз тойлап,

Би билейік бәріміз.

Би: «Флешмоб»

Тәрбиеші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты өнегесі ерлігі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ олар елдің ертеңі - деп Тәуелсіздік күніне арналған

«Тәуелсіздік бесігінде тербелем!»!»-атты ертеңгілігіміз аяқталды.Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп,еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі