400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

іс әрекеті : «Түстер әлемі» кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту Сенсорика Ұйымдастырылғын іс-әрекет Ойын тақырыбы : «Түстер әлемі» Педогог жетекшілігімен жүргізілетін қимылды ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты

№ 97 «Ақмарал» бөбекжай- бақшасы



Ұйымдастырылған іс әрекеті : «Түстер әлемі»

«Таңшолпан» Ортаңғы топ



Picture 1


Тәрбиеші: Кеутаева Ж А








Шымкент қаласы 2022ж


Күні: 7.12.2022ж

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Сенсорика

Ұйымдастырылғын іс-әрекет

Ойын тақырыбы : «Түстер әлемі» Педогог жетекшілігімен жүргізілетін қимылды ойын

Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді түсіне қарай орналастыруды үйрету

Күтілетін нәтиже :

  1. түстердің атауларын дұрыс айта алады

  2. Түсіне қарай орналастырады

  3. Жылдам түсіті табуды игерген

Педагогикалық тәсіл: Сауалнама

Сіз өзіңіздің іс-әрекетке қызығушылығыңыз бен ықыласыңызды көрсете отырып, балалардың қызығушылығы мен ынтасын сұрақ-жауап арқылы арттырып, бірлескен іс-әрекетке тарту

Саралау стратегиясы: Іс-әрекет барысында баланың қызығушылығын негізге алу.

Бақылау әдісі мен түрі: Жазбалар жүргізу

Белгілі бір уақыт кезеңінде бала туралы барлық байқағандары жөнінде жазбаша есеп.Мұнда баланың не айтқаны, оған қатысты басқалардың әрекеттері мен кері байланысы қамтылады

Бақылау критерийлері:

1 Төрт түсті ажырата алады

2 Сәйкес түстерді орналастыра алады

3 Түстерді атай алады

Дағдылар: Когнитивтік дағдылар

Проблемаларды шешуге назарды шоғырландыру және шешу, икемді ойлау, күрделі міндеттерді шешу және шешімді іздеудің тиімді стратегияларын құрылымдауды үйрену.

Ойын барысы: Берілген әр түрлі ойындағы түстерді сәйкес түсі бойынша арнайы орындарға орналастырады

Нұсқау: Түстеріне қарай орналастырамыз

Заттық дамыту ортасы: 

қыстырғыштар, түрлі - түсті қақпақтар, дидактикалық материалдар.
Мотивациялық қозғаушылық:




Ойын барысы

Шаттық шеңбері
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.

Ұйымдастырушылық - ізденістік:
- Балалар, мұнда бір қорапша тұр екен, оның ішінде не бар екен, қанекей ашып көрейікші. (қорапшаны ашу, ішінен түрлі - түсті шарлар шығады)
- Ой балалар, мұнда түрлі - түсті шарлар бар екен, қанекей шарлардың түстерін атап жіберейікші. (балалар шарардың түстерін атайды)
- Жарайсыңдар, балалар бізді бүгін осы түстер әлемі қонаққа шақырыпты, түстер әлеміне барғыларың келеді ме?
- Иә.
- Олай болса, көзімізді жұмып, сиқырлы сөздерімізді айтайық:
Бір, екі, үш,
Түстер әлеміне түс!
Музыка әуенімен Еркетай қыз кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, түстер әлеміне қош келдіңдер. Мен түстер әлемінің Еркетайымын. Мен сендерге әр түске байланысты тапсырмалар дайындадым. Егер сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сендерге сыйлық дайындап қойдым.
- Балалар, Еркетайдың тапсырмаларын орындаймыз ба?
- Иә.
1 тапсырма. Сары түс.
Жұмбақ
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(Күн)
Ойын тапсырма: «Күннің шуақтары»
Шарты: қыстырғыштармен күнге шуақтарын жасау.
- Жарайсыңдар, балалар сендер сары түстің тапсырмасын орындадыңдар.
2 тапсырма Қызыл түс

Үстел- үсті ойындар

Шарты: қақпақтарды түстеріне қарай орналастырады.
Сергіту жаттығуы
3 тапсырма. Жасыл түс
Ойын тапсырма: «Ойлан да, тап»
тауып орналастыру.

«пішіндер»

Шарты: қақпақтарды түстеріне қарай орналастырады.
4 тапсырма «доптарды жина»
Рефлекция:
- Жарайсыңдар балалар, сендер менің тапсырмаларымның барлығын дұрыс орындадыңдар. Енді мен өзімнің сендерге дайындаған сыйлығымды берейін, алдымен сендер көздеріңді жұмып үшке дейін санаңдар.
Балалар 1ден 3ке дейін санайды.
Еркетай сыйлығын береді.
- Балалар, біздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз болды. Еркетай қызбен қоштасайық.
Сиқырлы сөздерді айтып балабақшаға оралу.
Сұрақ - жауап арқылы іс әрекетті қорытындылау.
Балаларды мақтап, түрлі- түсті шарлар беру , мадақтау.

Күтілетін нәтиже :

1 түстердің атауларын дұрыс айта алады

2 Түсіне қарай орналастырады

3 Жылдам түсіті табуды игерген





WhatsApp Image 2022-05-05 at 11.21.20 (5).jpeg Picture 3










WhatsApp Image 2022-05-05 at 11.21.20 (1).jpeg Picture 7





Picture 4 Picture 9


















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
1014
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі