400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Іс әрекеттегі зерттеу» арқылы сабақты зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы жалпы орта білім беру саласының ең өзекті және ең кешеуілдеп жатқан проблемалардың бірі – сабақты зерттеу. Біз “бұған дейін сабақты зерттеу, сабақты талдау болмады” деуден аулақпыз. Біз, өз мақаламызда сабақты зерттеуді қалай қалыптастыруға, қалай жетілдіруге болатыны жайлы өз пікірімізді білдіргіміз келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Іс әрекеттегі зерттеу» арқылы сабақты зерттеу

Кез келген қиындықтар мен жетістіктер

адамдармен қарым-қатынас жасау

барысында туындайды. В. Зеланд.



Қазақстандағы жалпы орта білім беру саласының ең өзекті және ең кешеуілдеп жатқан проблемалардың бірі – сабақты зерттеу. Біз “бұған дейін сабақты зерттеу, сабақты талдау болмады” деуден аулақпыз. Біз, өз мақаламызда сабақты зерттеуді қалай қалыптастыруға, қалай жетілдіруге болатыны жайлы өз пікірімізді білдіргіміз келеді.

Сабақты зерттеу барлық уақыта сыныпта жүреді және бұл процесс тек мұғалімнің қатысуымен жүруі тиісті. Сыныптағы процесс – өте күрделі процесс! Ол қаншалықты күрделі болса да, іс әрекетті сыныптан бастау керек. Сыныпта (қажет кезінде сыныптан тыс жерде) болып жатқан өте күрделі құбылысты зерттемей, сол зерттеуден, талдаудан дұрыс жоспар, дұрыс шешім шығармай оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мүмкін емес. Әрине сыныптағы зерттеуді мұғалімнің әріптестерімен бірлесе жүргізгені дұрыс. Сонымен қатар, оқушылардың табысты оқуы олардың сыныптағы белсенділігіне байланысты. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығынан туындаған белсенділік болған жағдайда ғана табысты оқуға қол жеткізуге болады. Оқушылардың табысты оқуынан мектеп мәртебесі артады және осыдан мектеп ұжымының жұмысының жемістілігі көрінеді, мектеп мәртебесімен қатар ұстаз мәртебесі асқақтайды. Ал енді, оқушылардың қызығушылығынан туындайтын белсенділікке қалай қол жеткізуге болады? Біз енді осы мәселеге тоқталайық. Бізде көпшілік жағдайда “зерттеу жұмыстарын тек қана ғылыми – зерттеу институттары мен ЖОО-ның қызметкерлері жүргізу керек” деген ертеден қалыптасқан ескі стереотип бар. Бұл дұрыс емес. Қазіргі жағдайда тек педагог қана емес, кез келген агрономда, врачта өз жұмыс тәжірибесіне әріптестерімен бірлесе отырып рефлексия жасау арқылы зерттеу жүргізе алады. Әрине, мектептегі практик мұғалімдер, өткізген сабақтарына зерттеу жүргізу арқылы өз тәжірбиелерін жетілдіруге ЖОО – ғы ғалымдарды кеңесші – жетекші ретінде тартса керемет нәтижелерге жетуге болар еді, бірақ бұл әзірге іске асып жатқан жоқ. ЖОО мамандары жүргізетін ғылыми – зерттеу жұмыстары мен мектепте мектеп мұғалімдері жұмыстарынан көрініс табатын тәжірибелік жұмыстар арасындағы байланыстың болмауы, практик – маман мен зерттеуші – ғалымның арасында байланыс жоқ дегенді, яғни тәжірибе мен теория арасында байланыс жоқ дегенді білдіреді.

Осы олқылықтарды жоюдың бірден – бір жолы мектептегі практик мұғалімдерді өз тәжірибесін жетірдіру және сол арқылы оқуды табысты ету жолында оларды өз тәжірибелеріне өздерінің зерттеу жүргізуге шақыру. Қысқаша айтқанда, мектептегі практик – маманнан әрі практик, әрі зерттеуші маман жасау. Бұған қол жеткізу өте қиын әрі күрделі, бірақ бірден – бір дұрыс жол. Бұл қазіргі мектепте қызмет жасап жүрген мұғалімдердің потенциалына, зерттеу жұмысын дараланып емес, бірлесе – пікір алмаса жасау бейімділігіне байланысты. Қазіргі жағдайда мектептерде бұл көрсеткішті біз жоғары деңгейде деп айта алмаймыз, сонымен қатар,“өте төмен” деп айтуға болмайтындығын мектеп мұғалімдерімен өткізілген семинар мен тренингтерден көріп жүрміз.

Өз тәжірибесін зерттеу арқылы практик – зерттеуші маман жасаудың бірден – бір жолы «Іс әрекеттегі зерттеу» үдерісі. Алғашқы зерттеуші – практик педагогқа Кембридж университетінің Білім беру факультетінің профессоры Л. Стенхаузды жатқызса болады. Д. Макентайер және Д. Радек тәжірибені зерттеп қана қоймастан, біз “оқушы үні” деп атайтын оқушыларды тыңдай білу әдістерін жетілдірді.Тәжірибені зерттеуде “оқушы үні” ерекше орын алады. Оқушы үнінен кейінгі мұндағы ерекше орын алатын нәрсе мұғалімдердің өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауы. Мұғалімдер өзара немесе басқа мектептің мұғалімдерімен және әкімшілікпен ынтымақтастықта жұмыс жасай білуі керек. Мұғалімдердің ынтымақтастығы «Іс әрекеттеуді зерттеуді» жүргізуде ерекше орын алады. Сабақты зерттеуде негізгі функцияны өздерінің практикасын зерттеуші мұғалімдердің өздері алады. Сондықтан да, шешуші рөлді бұл процесте мұғалімдер атқарады. Бұл тәсіл білім беру және басқа да алуан түрлі салаларда қолданылатындықтан, «Іс-әрекеттегі зерттеудің» көптеген түсініктемелері бар. Бірақ барлық жағдайларда көңіл түбінде бір ықылас – ниет тұрады, ол – зерттеуші – практиктің ойына алған проблемаға жауап ретінде тәжірибені өзгертуі. «Іс-әрекеттегі зерттеудің» тағы бір маңызды ерекшелігі – мұғалімдерді немесе оқушыларды сырттан зерттейтін сырттан келген зерттеу тобы емес, сол ұйымдағы не қоғамдағы мүше немесе сол ұжымның өзге мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылатынында.

Біз “зерттеуді” сабақ барысында атқарылатын әрекеттердің мақсатқа сай құрастырылуы, қалыптастырылуы деп түсінуіміз керек. Зерттеу жұмыстары практиканы қалыптастыруы, жетілдіруі керек. Бұл, іс-әрекет етуге түрткі болып, мектептің дамуына көмектесуі керек. «Іс әрекеттегі зерттеу» деген аттың шығуы да осыған байланысты. Енді тәжірибені жетілдірудегі қиындықтарға тоқталайық. Сыныптағы практиканы жетілдіру әдістерін мұғалімдердің қатысуынсыз жасау мүмкін емес. Себебі, сыныпта болып жатқан оқиғаларды тек мұғалім ғана толық бақылай алады. Егер сіз сыныптағы практикаңызды өзгерткіңіз келсе, оны сіз мұғалімдермен бірге жасауыңыз керек. Сыныптағы атқарылатын әрекеттерге тек мұғалімдер ғана жауапты. Мұғалім сыныптағы барлық процесті қалыптастырмайды (оқушылардың барлық жағымды, жағымсыз қылақтарын да айтып отырмыз), тек барлық процесті бақылайды. Сондықтан, сіз сабақ өту тәсіліңізді өзгерткіңіз келсе, мектептегі тәжірибесі мол әріптестеріңізбен ой бөлісіп, пікір алмасыңыз. Олармен жағымды қарым – қатынаста болып, жүрегі мен ақылын жаулап алуыңыз керек. Өкінішке қарай мұғалімдердің көпшілігі өзгеріске икемді емес, реформа жүріп жатқан кездің өзінде де мұғалімдер өздерінің сабақ берудегі стилін өзгерткісі келмейді, себебі, өзгеріс – дискомфорт. Олар тәжірибені жетілдірудің жалғыз жолы – өзгеріс екендігіне толық көздері жетпейінше өз сабақ беру стилдерін өзгертпейді. Мұғалім өзгерістің тек оқушылардың үлгерімі үшін ғана емес, мұғалім үшін жақсы екендігін түсінуі керек. Тек осыны түсінгенде ғана мұғалім өз тәжірибесіне өзгеріс жасауға шешім қабылдайды. Көпшілік жағдайда білім беру саласына жауапты адамдар реформа жасауды жоғарыдан, министрліктен жоспарлағанда сыныптағы процестің соншалықты күрделі екендігі өз деңгейінде ескеріле бермейді. Сабақ өтетін сынып күрделілігі соншалықты, мұғалім сыныптағы жағдайларды бақылауда ұстап отыру үшін оқушылармен көптеген түрлі қарым – қатынасты жүзеге асырады. Мұғалім сыныптағы оқушылардың қылықтарына ғана мән беріп қана қоймай, оларға жаңа сабақты түсіндіру керектігін қоссаңыз, осыдан сіз тәжірибеңізді жетілдіру үшін мектептегі тәжірибесі мол мұғалімдердің көмегіне мұқтаж екеніңізді түсінесіз. Тек тәжірибелі кәсіби мұғалімдер ғана сыныптағы жағдайды объективті түрде айқындап, қалай оны жақсартуға болатындығын өздерінің сыни пікірімен көмектесе алады. Мұғалімдердің өз парактикасын жетілдіру мақсатында өз сабақтарын зерттеуі және ол зерттеуге әріптестерін жұмылдыруы тек Қазақстан үшін ғана емес, өркениетті елдер үшін де енді қолға алына бастаған жаңа процесс. Сондықтан да бұл идея соншалықты өзекті болғанымен мұғалімдер арасында бірден қолдау табады деп ойлауға болмайды. Себебі, жас мұғалімдер зерттеумен тек тәжірибесі мол әріптестері айналысуы керек деп ойлайды. Өз тәжірибеңді жетілдіру өте қиын. Енді біз өз тәжірибеңді жетілдіруге неліктен Іс әрекеттегі зерттеу тәсілін пайдалану керектігіне тоқталайық. Бұл жерде Стенхауздың “Тек мұғалімдер ғана мектептегі жағдайды түсінуі арқылы өзгерте алады” деген сөзін еске алуға болады. Міне сондықтанда, білім беру жүйесінің проблемаларын тек қана сыныптағы кәсіби – тәжірибелі мұғалімдер ғана ондағы процестерді тұтас ескере отырып шеше алады. Сыныптағы осы күрделі құбылыстарды түсінудің бірден – бір жолы өз практикаңызға өзгеріс енгізуге әрекет жасауыңыз керек. Міне, осы өзгерісті енгізуге қадам жасағаныңыздан бастап қиындық туа бастайды. Іс әрекеттегі зерттеуді жүргізудің бірінші себебі, практиканы жақсарту. Екінші себебі, практиканы терең түсіну, оны жақсарту жағдайын жасау үшін терең түсіну. Көпшілік жағдайда жүргізілген дәстүрлі зерттеулер сыныптан тыс (жарияланған әдебиеттерді және интернеттердегі материалды зерделеу,талдау арқылы) жерде, университеттерде қызмет істейтін адамдармен жасалынды. Біз университеттегі ғалымдарды бұрын мектепте жұмыс жасамады, сондықтан мектептің жайғдайы оларға беймәлім деуден аулақпыз. Біз сыныптың қазіргі жағдайы туралы айтып отырмыз. Көптеген елдерде университеттегі ғалымдардан сыныптағы проблемаларға зерттеу жүргізуді сұранып та жатады, бұл дұрыс та. Өкінішке орай, біздің елде мектеппен байланысы бар педагог ғалымдар жоқтың қасы. Сондықтан да, «Іс әрекеттегі зерттеудің» негізгі идеясы зерттеу сыныптың ішінде және оны сыныптың ішіндегі адамдармен жүргізілуі тиісті. Кәсіби білімді солар жасауы керек және мұғалімдер мен оқушылардың сыныпта өздерін қалай ұстайтыны туралы білімді содан алып пайдалануымыз керек. Бір ескеретін жағдай, оқушылар – зерттелуші объекті емес, мектеп пен сынып өміріндегі эксперттер болып табылады. Бұндай білім тек мұғалімдердің ғана тәжірибесін жетілдірумен қатар, мектептің де дамуына үлкен үлес қосады.Біз мектептің дамуы деп оқушылардың оқуының жақсаруын айтып отырмыз. Енді «зерттеуші – мұғалім» деген идеяны тереңірек қарастырайық. Ол үшін «зерттеуші» деген терминге тоқталайық. Стехауз «зерттеуді – нәтижесі барлығы үшін қолжетімді жүйелі түрде жүргізілген сауалнама» деп қарастырды. Бұндағы жүйелі деген сөз сауалнаманы қалаған уақытыңда емес, сауалнаманы қандай да бір нәрсеге негіздеп, ынталы түрде жүргізу керек. Егер оқу барысына жүргізген өзгерістерім туралы оқушылардың не ойлайтынын білгім келсе, мен ол туралы өзім қалаған уақытта емес, ол туралы жүйелі түрде сұрауым – кері байланыс жасап отыруым керек. Өзім алдын ала қажеттілігіне қарай дайындаған сұрақтарымды процестің басында немесе аяғында емес, үнемі жүйелі түрде сұрап отыруым қажет. Зерттеуде “оқушы үнінің” ерекше орын алатыны да сондықтан. Сонымен, «зерттеу» жүйелі түрде жүргізілуі керек. Біз жоғарыда қолжетімділік туралы айтқанда қандайда бір мақала немесе кітап жазуды айтып отырғанымыз жоқ. Мұғалім өзі жүргізген зерттеуінің нәтижелерімен қоғамдастықтағы әріптестерімен пікір алмасуын айтып отырмыз. Әріптестері алынған нәтижелерге сыни пікір (сыни пікір – сынау емес) береді, сыни талдайды, соның нәтижесінде мұғалім өз практикасына рефлексия жасайды. Дәл осы жағдай «зерттеуді» жәй пікір айтудан ерекшелендіреді. «Зерттеу» – конструктивті сынға ұшырап отыратын, нақты және жүйелі түрде жүргізілетін процесс. Стенхауз айтқандай мұғалімнің зерттеуі – өзінің педагогикалық қызметіне күмәнмен қараудан басталады. Әрине, өз қызметіңе күмәнмен қарап үйренбегендіктен бұл оңай шаруа емес. Дегенмен, сіз бұны жасай бастағаннан бастап-ақ бұл сізді еліктіре қызықтырып әкететін процесс. Жарайды, сіз өз тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге дайынсыз. “Иә, мен осыны жасағым келеді”, “Мен өзгеріс жасауға дайынмын” деген шешімге келдіңіз. Енді сіздің алдыңыздан “бұл процесті зерттеу дағдысын қаншалықты қалыптастырдыңыз?” деген орынды сұрақ туындайды. Міне мұғалімнің алдына қойылған осындай мақсаттар тәуекелге баруға бастайды және өз тәжірбиесіне өзгеріс жасауға жетелейді.

Сонымен, мектеп базасында жүзеге асырылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» үдерісі арқылы практик – мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Бұл – «мектептегі шара» немесе «мектеп туралы ақпарат» қана емес, ол, ең алдымен, «мектеп үшін» жүргізілетін, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру арқылы оқушылардың үлгерімін жақсарту нысаны. Осыған қарап, оқытушының міндеті өзінің жеке тәжірибесін түсіну және жетілдірумен қатар, өзіндік рефлексивтік зерттеу үдерісіне қызығушылықпен тартылуы, ұмтылуы деп айта аламыз. «Іс-әрекеттегі зерттеуге» қатысушылар мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты пікірлер айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау және әрекет ету жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысуға бағытталады (1сурет), сол арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына ден қояды.


1-сурет


«Іс-әрекеттегі зерттеуді» сыныптағы күнделікті қызметте кездестіретін тәжірибелік проблемаларды анықтап талдаудан, деректер жинаудан және анықталған проблемаларды шешуге нақты жоспар жасаудан бастайды. Зерттелінетін порблема және атқарылатын барлық әрекеттер 1-суреттегі айналымда көрсетілген реттілікпен атқарылады. Зерттеу тақырыптарын практик мұғалімнің өзі таңдайды. Түсінікті болуы үшін ұсынылатын тақырыптар:

1.Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру.

2.Мұғалімнің өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы.

3.Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс.

4.Оқушыларды командалық жұмысқа үйрету.

5.Қиын оқушылармен жұмыс

6.Дарынды балдарды олимпиадаға дайындау

7.Отан сүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбие т.с.с. тақырыптар

болуы мүмкін.

Қорта айтқанда, «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәжірибелік жұмыс арқылы теорияның қаншалықты дұрыс не дұрыс еместігін де көрсете алады, басқаша айтқанда тәжірибе теорияны реттеп дамытады. Сонымен қатар, оқытушылар практикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі болып табылады. Себебі, оқытушы кәсібінің табыстылығының құпиясы – үздіксіз өсу және білім алуда.

Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалім қатысқан кез келген сәттен басталады және зерттеудің қажетті деңгейде алға жылжу жылдамдығы да оқытушының қалауына байланысты.

Сонымен, іс-әрекеттегі зерттеу бұл:

• әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында іс-әрекетті орындау үдерісі;

• зерттеуге жүргізілу мақсатымен жақсы таныс зерттеуші де белсенділікпен қатысатын қолданбалы зерттеудің түрі.

Іс-әрекеттегі зерттеуді:

• негізінен өз тәжірибесін жетілдіру үшін өзінің жұмыс орнындағы деректерді талдайтын практик-мамандар әзірлеп жүргізеді;

• ол антропология, әлеуметтану және этнография саласында қалыптасқан сапалы зерттеулердің бай дәстүрлері тұрғысынан қарастырылады.













Практик-маманның зерттеулерінің барлық түрлері практик (оқытушы, машықтанушы дәрігер) бір мезгілде өзіне зерттеушінің де рөлін алатынын білдіреді. Сонымен қатар ерекше күн тәртібі мен жұмысістейтін осындай практик-зерттеушілердің терең білімі және мәселені шешуде өзіндік көзқарасы болатындығы да маңызды фактор болып табылады.

Сондай-ақ, практик-маманның зерттеуі білім мен тәжірибе арасындағы күрделі әрі әрқилы өзара қарым-қатынас туралы аргументке және тәжірибені жетілдіру үшін қажетті білім осы күнделікті тәжірибелік жұмысты анықтайтын түрлі факторлардың мәнмәтіні мен өзара қарым-қатынасының әсеріне байланысты деген заңдылыққа негізделеді.

“Білім мен тәжірибе немесе теория мен тәжірибе арасындағы байланыс өзіндік қиындығы мен ерекшелігі бар үдеріс(процесс). Себебі, жоғарыда көрсетілгендей білім күнделікті болатын тәжірибелік жұмысты жетілдіретін және анықтайтын фактор ғана емес, керісінше де болуы мүмкін. Яғни тәжірибелік жұмыс теорияның қаншалықты дұрыс не дұрыс еместігін де көрсете алады, басқаша айтқанда тәжірибе теорияны реттеп дамыта алады.”

этикалық ақпаратқа негізделген қоғамдық тәжірибелер. төменді қара

Ақпарат пен теория екеуі бір ме? Әрине, бөлек. Ақпарат тек тәжірибеден, өмірден және қандайда бір ақпарат көздерінен алынады. Ал, теория қандайда бір құбылысқа не тәжірибеге негізделіп құрылуы мүмкін немесе адамның жоғарғы ойлау жұмысының (болжау) жетістігінің нәтижесінде пайда болуы мүмкін.Теория қалай құрылсада оның дұрыстығын бір-ақ нәрсе дәлелдей алады. Ол – практика. Біз бөлекше айтамыз: Ақпарат пен теория тәжірибеге сүйенгені дұрыс. Бірақ, тәжірибеге сүйенген ақпарат пен теория аз емес. Мектептегі мұғалімнің барлығында тәжірибе бар. Енді олар сол тәжірибе арқылы теория (ақпарат, жоспар, өзгеріс, проблема)тұрғызуы керек. Міне, мәселе қайда жатыр. Міне, қызық! Тура коуч пен ментор!

Бұл жерде де праксис пен фронезисті біріктіру керек!






Ғылым саласына «Іс-әрекеттегі зерттеу» деген санаттың енгізілуі әдетте Курт Левиннің (1946) атымен байланыстырылады және бұл терминді пайдалана отырып еңбек шығарған бірінші адам болса да, ол бұл идеямен ертеректе 1913 жылы Вена қаласында басылып шыққан жұмыс арқылы Германияда танысты деген болжам бар (Altrichter H. & Gstettner P.,1992). Шындығында, 1926 жылы жарияланған Букингемнің «Оқытушыларға арналған зерттеулер» атты кітабында бізге таныс іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі қолданылады. Оның үстіне, Роджерс (2002) сипаттаған Джон Дьюидің (1930) рефлексия туралы түсінігі олардың пікірлері өте ұқсас екенін көрсетеді. Тіпті ежелгі грек эмпириктері іс-әрекеттегі зерттеу циклін пайдаланған деп болжауға болады. Соған қарамастан бұл зерттеулерді «спираль бойынша адымдап дамитын үдеріс ретінде, бұл ретте әр адым жоспарлаудан, әрекеттен және әрекет нәтижесін бағалаудан тұратынын» бірінші сипаттаған Левин болды (Kemmis & McTaggart, 1990). Левин «белгілі қоғамдық тәжірибелерді түсіну және өзгерту үшін социологтар зерттеудің барлық кезеңдерінде нақты, шынайы жағдайларда жұмыс істейтін практик-мамандарды тартулары керек» деген болатын (McKernan, 1991). Төменде 1-суретте мектеп тәжірибе жағдайындағы іс-әрекеттегі зерттеу айналымының үлгісі көрсетілген

Ғылым саласына «іс-әрекеттегі зерттеу» деген санаттың енгізілуі әдетте Курт Левиннің (1946) атымен байланыстырылады және бұл терминді пайдалана отырып еңбек шығарған бірінші адам болса да, ол бұл идеямен ертеректе 1913 жылы Вена қаласында басылып шыққан жұмыс арқылы Германияда танысты деген болжам бар (Altrichter H. & Gstettner P.,1992). Шындығында, 1926 жылы жарияланған Букингемнің «Оқытушыларға арналған зерттеулер» атты кітабында бізге таныс іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі қолданылады. Оның үстіне, Роджерс (2002) сипаттаған Джон Дьюидің (1930) рефлексия туралы түсінігі олардың пікірлері өте ұқсас екенін көрсетеді. Тіпті ежелгі грек эмпириктері іс-әрекеттегі зерттеу циклін пайдаланған деп болжауға болады. Соған қарамастан бұл зерттеулерді «спираль бойынша адымдап дамитын үдеріс ретінде, бұл ретте әр адым жоспарлаудан, әрекеттен және әрекет нәтижесін бағалаудан тұратынын» бірінші сипаттаған Левин болды (Kemmis & McTaggart, 1990). Левин «белгілі қоғамдық тәжірибелерді түсіну және өзгерту үшін социологтар зерттеудің барлық кезеңдерінде нақты, шынайы жағдайларда жұмыс істейтін практик-мамандарды тартулары керек» деген болатын (McKernan, 1991). Төменде 1-суретте мектеп тәжірибе жағдайындағы іс-әрекеттегі зерттеу айналымының үлгісі көрсетілген



"Lesson study" әдісі арқылы мұғалімдердің тәжірибесінзерттеу.



Lesson study-оқыту сапасын арттыру және өз тәжірибесін жетілдіру мақсатында басқа мектептерден/ немесе мектеп ішінде әріптестерді тарта отырып, мұғалімдер тобының сабақ зерттеуі.



Өзінің оқытушылық қызметін сабақтан сабаққа зерттей отырып, әрбір мұғалім оның сабақтары бірінші кезекте оқушылар үшін қандай дәрежеде тиімді екенін ойлауы тиіс. "Lesson study" әдісі бойынша әріптестермен жұмыс жасай отырып, оқу мен оқытудың өзіндік тәжірибесін талдау мен бақылау мектептің жалпы мәдениетін жақсарту және оқыту дағдыларын дамыту үшін қаншалықты тиімді екені түсінікті болды.









Lessonstudyәдісібойыншажұмысістейотырып, төртадамнантұратынмұғалімдертобыБір-бірініңсабақтарынақатысуы, сабақәзірлеуі, бақылаужүргізуі, мектеппрактикасындақолданылатынәдістердіңтиімділігібойыншаұсыныстаржазылуытиіс. Бір топ мұғалімдерәріптестерініңсабақтарынақатысты, сабақберудіңөзіндікдағдыларынжақсартудаүлкеноңсәткеие.



LessonstudyЖапонияда, Канадада, Қытайда, АҚШ-та, Англиядажәнеәлемніңбасқа да елдеріндекеңінентаралғанжәнеқазірРесей мен Қазақстандатанымал.

Оқыту әдістемесін жақсарту бойынша бұл әдіс әрбір мұғалімге қолайлы және күшпен, өйткені ол мектеп базасында және практикалық оқыту тәжірибесінде жүргізіледі.

Өз әріптестерімізбен осы әдіспен жұмыс істей отырып, біз әрбір мұғалімнің кәсіби тұрғыда қаншалықты өсіп, білім беруде қандай ілгерілеушілік көрсетіп отырғанын байқай бастадық. Қазіргі заманғы балалар үшін жеке қабілеттерге сәйкес оқыта алатын, сондай-ақ кез келген өмірлік жағдайларда жақсы бағдарлану үшін өз бетінше білім ала алатын заманауи мұғалімдер қажет. Оқушылар сын тұрғысынан ойлауды үйренеді, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі оқыту дағдыларын дамытады, білімді практикада тек мұғалім осындай дағдыларды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қажетті ақпаратты дұрыс таңдай білуді, сондай-ақ сыныптағы коллаборативті орта мен корпоративтік рухты құра білуді меңгерген жағдайда ғана қолданады.

Сабақ беру мен оқытудың өзіндік тәжірибесін талдау нәтижесінде әрбір мұғалім өзінің оң жақтарын көреді және оған әлі де жұмыс істеу керек. Мен өз тәжірибемнен сабақтарды жоспарлау үдерісі мен оларды талдау қаншалықты маңызды екенін, әріптестерімнің пікірлеріне құлақ түру, Lesson study зерттеу нәтижесінде тәжірибе бөлісу, оқушыларды Lesson study-ға қатыстыруды түсіндім. Мұғалімдер қандай да бір тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың реакциясын, қандай жұмыс түрлерін қалайтынын, командада жұмыс істей алатындығын, жеке жұмыс істей алатындығын, сондай-ақ сабақ соңында білім алғандығын және т.б. байқауларға көп көңіл бөледі.

Мұғалім Lesson study үстінде жұмыс істеп алған білім жеке тәртіппен қалады. Сондықтан Lesson study-те өзін Үздік мұғалім деп санағысы келетін әрбір мұғалім қатысуы керек,өйткені бұл білім басқа бірде-бір мұғалім бере алмайтын өте терең. Lessonstudyбастауышжәнетәжірибелімұғалімдердіжетілдіругекөмектеседі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
1619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі