Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу туралы есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіннің негізгі идеясын анықтаудағы кері байланыстың тиімділігі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-бөлім: Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп.

Зерттеу тақырыбым менің сабақ берудегі тәжірибеме өзгеріс енгізді. Өткізген сабақтарымда және тәліптің өткізген сабақтарында, коучингтерде кері байланысты жүргізе отырып, өз жұмысыма басқаның берген бағасын аңғарып отырдым. Бетпе-бет кезеңінде кері байланысты ұйымдастыру арқылы өзіме, мұғалімге бағытталған ұсыныстарды байқадым және осы ұсыныстар бойынша әрекет етіп отырдым. Кері байланыс арқылы сыныптың, ұжымның психологиялық ахуалын анық байқауға болады. Бұл алдағы кезеңдерге жоспарланған жұмыстарымның нәтижелі болуына өзіндік ықпал етеді.

Оқыту іс-тәжірибемде оқушылардың кері байланыс жасауда неге назар аудару керек, алдағы уақытқа не қажет соған назар аударта білдім. Сабақ үрдісінде кері байланыс арқылы ата-ананың да пікірін, көзқарасын білдім, балалардың кері байланысты толтыруынан үлкендердің де пікірін аңғарып отырдым.

Кері байланыс орната отырып оқушының сабақ үрдісіне өзіндік көзқарасын білдіруді үйреттім. Кері байланыстағы пікірлерді сабақтарымды жоспарлауда ескеріп отырдым. Сабақтағы әдіс-тәсілдерімді оқушылардың танымдық тұлғасына негіздеп өзгертіп өткіздім. Жұптық, топтық жұмыстар барысында мәтінмен жұмыстың түрлерін көбірек беріп оқушының сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ықпал еттім. Оқушыларды бейнефильмдердің, аудиотаспалардың қызықтыратынын кері байланыстан аңғардым. Сондықтан тапсырмаларды интерактивті тақтаға негіздеп дайындап сабақты өзгертіп өткіздім.

Мәтін бойынша әр оқушыны сөйлетуге, өзін-өзі бағалауға, жұптың бірін-бірі бағалауға, топ мүшелерінің бағалауына мүмкіндік бердім. Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштау мақсатында тапсырма беріліп жоба қорғады. Оқушылардың шапшаңдығын шыңдау мақсатында

Жұптың бағалауы «Өрмекші торы» әдісі пайдаланылып, берілген сұраққа жіптің ұшын ала салып жауап беруге дағдыланды. Сабағымның жүру барысын, сабақтағы әдіс-тәсілдерді деңгейлік курстан алған білімім негізінде өзгерттім. Нәтижесін кері байланыс арқылы байқадым. Бұл үдеріске сыныптағы барлық балалар қатысты. Екінші сыныбымда жеті, сегіз жастағы оқушылар оқиды.

Сабақ үрдісінде А, В, С деңгейлі балаларға назар аудардым. Әр түрлі деңгейдегі оқушыларды зерттей отырып, бүкіл сыныптың оқу деңгейін анықтауға болады. Зерттеу жұмысымның алдында бақылауға алынған оқушыларға тоқталып кетейін:

А деңгейдегі олқушы жаста. Ол мұғалімдердің кез-келген тапсырмаларын жоғары деңгейде орындайды, өз пікірін дәлелді еркін жеткізе біледі. Қызығушылығы алуан түрлі: өлең айтуға, кітап оқуға, би билеуге бейімі бар. Оқушылар арасында жоғары беделге ие. Әлібек сыныптағы зерек, алғыр оқушылардың бірі. Үйінде де үнемі қадағалауда болатын, сабақ қарауға қалыптасқан, үнемі оқып келетін, оқу үздігі.

В деңгейіндегі оқушым 8 жаста. Мнезі ұяң, оқып келсе де өз ойын толық жеткізе алмайды, жалпы оқуға қызығушылық танытады, есте сақтау қабілеті жақсы, дегенмен сабақта өз-өзін жоғары деңгейде көрсете алмайды. Шыңғысхан мейірімді, достарына жақсылық жасауға дайын тұрады, отбасында жалғыз бала, сондықтан еркелігі бар. Сабаққа ынтасы әр түрлі. Кейде сабаққа өте жақсы белсенділік танытып қатысса, кейде белсенділігі төмен екендігін байқауға болады. Мен Шыңғысханның топтық жұмыста көшбасшылық және шапшаң жұмыс істеу қасиеттерін жетілдіру мақсатында зерттеуге алдым.

С деңгейіндегі оқушым 8 жаста. Сабаққа ынтасы және есте сақтау қабілеті төмен, зейіні тұрақталмаған. Ойын жеткізуі баяу, жазба сауаттылығы төмен. Үйге берілген тапсырманы бірде орындап, бірде орындамайды. Сабақта қойылған кейбір сұрақтарға кейде шамасы жетпей жатады, сабақ үлгерімі төмен. Дегенмен де тәртібі жақсы, сыныптастары оны жекелемейді, олармен сыйластық қарым-қатынаста, бірақ бір үйдің кенжесі болғандықтан үйінде де оған отбасы мүшелерінің бәрі көмектеседі. Мектепке келгенде де сынып оқушыларынан да соны күтеді. Достарынан көмекті көп қажет етеді.

Өзімнің осы іс-әрекетті зерттеу бойынша сабақтарымда қадағалауды қажет ететін Тоғжанның қызығушылығын арттыру үшін жағдайлар жасауым қажет деп есептедім. Бақылау нәтижесінде бұл оқушылармен көбірек жұмыс жасалды, оқушының өз білімін көрсетуге мүмкіндіктер берілді.

Балалар сабақ барысында мәтін бойынша өз бетімен іздену, мәтіннен ақпаратты анықтау, ақпаратты ретімен орналастыру, берілген тапсырмалардан сәйкес емес ақпараттарды алып тастау, эссе жазу, постер жасау, рөлдік ойындар, ертегіні жалғастыру, жоба дайындау, «Өрмекші торы», «Ыстық орындық», «Автор орындығы» әдісін пайдаланды. Сабақ кезеңдерінде тест түрлері пайдаланылды, сәйкестендіру тесінде кейіпкерлерді өз іс-әрекетімен, сөзімен сәйкестендірді, ертегі кейіпкері бойынша сипаттама жасады. Ертегілер мазмұны бойынша жабық тест алынды, онда бір сұраққа үш жауап берілген соның ішінен біреуін ғана таңдайды. Көру, есту мүшелеріне байланысты тапсырмалар берілді. Интерактивті тақта арқылы ертегінің сюжеті бойынша үзінді көрсетіліп, ол қай ертегіден екенін анықтады. Бірнеше ертегі кейіпкерлерінің бейнесін 1 минут көре отырып сол көрген кейіпкерлерін тізіп жазу арқылы оқушылардың көру қабілеттері байқалды. Аудиотаспа арқылы ертегіні тыңдай отырып, сюжеттік желістерінен сұрақтар беріліп, жауап алынды. Бұл жаттығулар балалар сыныпта орындайтын әдеттегі жаттығулардан есту, көру, шығармашылық деңгейін анықтау бағытында айырмашылығы бар. Оқушылар бұл тапсырманы топта орындай отырып өздерінің интеллектуалдық деңгейлерін көрсетті. Бұл тапсырмалар дәстүрлі сабақтармен сәйкес келмейді, тапсырманы топ арасында өткізу, командалық жарыстар арқылы ұйымдастыру тиімді болмақ.

Сабақты өткізуде мұғалімге арналған нұсқаулық, таратпа материалдар, деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің желілік қоғамдастығы ресурстар бола білді. Бұл ресурстар деңгейлік курсты оқығаннан кейін пайдалануыма мүмкіндік берді. Іс-әрекеттегі зерттеудегі зерттеу жұмыстарым, өткізетін және тәліпім өткізетін жұмыстардың барлығы менің тақырыбыммен байланысты. Өйткені барлық жұмыстың кері байланыс, рефлексиясы болмай алдаға жұмысты жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан менің жүргізген жұмыстарым бірінші «Бетпе-бет» кезеңіндегі бағдарламаның идеялары мен нұсқаулықта сипатталған идеялармен байланысады.

Оқушылардың білімін бағалауда жеке, жұппен, топ жетекшісінің бағалауын және «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін пайдаландым. Оқушылардың жазу коллеграфиясы мен сауаттылығын бақылау барысында эссе жазылса, ауызша сөйлеуін қадағалауда жоба, постер, суретті әңгіме, ертегілер желісі бойынша ойналған рөлдік ойындар, аяқталмаған ертегі әдістері пайдаланылды. Балалардың бағалау парағы, кері байланыстағы пікірі, сабақтың бейнежазбасы, фотолары дәлелдемелер ретінде жинақталды. Бұл дәлелдемелерді сабақ өткізу барысында, тәліптің сабағына қатысуда, мұғалімдер ұжымымен коучинг өткізу барысында, мектеп әкімшілігімен әңгімелесу кезінде жинақталды.

Орта мерзімге құрылған сабақтардың барлығы бейнежазбаға түсірілді. Бейнежазбада өзімнің және тәліпімнің сабақтары толық түсірілді, орта мерзім жоспарына құрылған төрт сабақ, тәліпім жүргізген төрт сабақтың да барлық кезеңдерінен үзінді түсірілді. Екі коучингтің де бөліктері бейнежазбаға түсірілді.

Сабақ барысында бақылауды жалпы сыныпқа жүргізіп отырдым. Ал А, В, С оқушыларына бастауыш сыныптың үш мұғалімі бақылау жасады. Бақылау нысаны 2 «А» сыныбы және А, В, С оқушылары болды.

Жалпы сынып оқушыларының мәтін бойынша жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесі А, В, С оқушыларын бақылауда мұғалімдердің жинаған материалдарын жинақтадым. Сол арқылы оқушыларымның деңгейін, өз сабағымның өту дәрежесін байқадым.

Сабақта кері байланысты ұйымдастыруда А, В, С оқушыларымен әңгімелестім, бейнежазбаға түсірдім. Балалардың білім деңгейін анықтау үшін тест, эссе, сұрақ-жауап, рөлдік ойындар, постер қорғау, «Өрмекші торы», «Автор орындығы» әдістері қолданылды.

«Өрмекші торы» яғни сұрақ-жауап әдісін таңдау себебім, ертегінің толық мазмұнын баяндату мақсатында пайдаланылды. Мұндай әдістің артықшылықтары оқушы ойнай отырып жеңіл түрде жауап береді. Жауапты шапшаң қайыруға тырысады, білмей қалған жағдайда достарынан көмек алады. Кемшілігі оқушылардың жасы кіші болғандықтан жіпті тосып алуынан қиналды. Оқушылармен әңгімелескенде сұраққа жауап беруден қиналмағандарын, бірақ жіпті тоса аламай қаламын ба деп қобалжығандарын айтты.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
492
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12