400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Іс әрекетті зерттеу жазбалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға коучинг есебін жазуда өте көмектеседі деп ойлаймын. Осы есепті үлгі ретінде ұсынамын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Павлодар облысы Павлодар қаласы №17ЖОББСОБМ

бастауыш сынып мұғалімі: Жазкей Сайрагул

Іс әрекетті зерттеу жазбалары

Мен осы іс-әрекетті зерттеуде жеті модульдің ішінен «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбына сүйене отырып, «4 г сынып оқушыларының ана тілі сабағында шығармашылық дағдыларын қалай дамыту керек?» деген тақырып таңдап алдым. Таңдап алған себебім, сабақ беретін сыныбым шығармашылық жұмыстарға бейімді. Сондықтан осы тақырыпты зерттеуді ұйғардым. Өзімнің және тәлімгердің сабақтарында шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды қолдануды ескере отырып, әр сабақтарда шығармашылыққа көп көңіл бөлдік.Шығармашылықпен жұмыс жасау қандай да бір жұмысты терең ойланып, шешімін тауып, мақсатына қол жеткізу. Жаңа бір жаңалық ашу. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеу мектеп тұрғысынан да, сынып тұрғысынан да өте маңызды. Себебі біз дарынды талантты оқушыларды шығармашылық жұмыстарға дайындай отырып, мектеп атынан немесе сынып атынан түрлі сайыстарға,ғылыми жұмыстар қорғауға, өлеңді мәнерлеп оқу сайыстарына, өлең, шығарма жазу сайыстарына жолдама алып, дайындап жіберіп отырамыз. Сол үшін дарынды, талантты оқушыларды біз мектеп қабырғасына келген күннен бастап, шығармашылық тапсырмалар беріп дайындап отыруымыз керек. Дарынды, талантты оқушылар ізденіс үстінде дамиды. Оқушыларды ізденіс үстінде дамыту үшін жоғары деңгейдегі тапсырмалар беріп отыруды қажет етеді. Осы жағдайларды ескере отырып, таңдап алған тақырыбымды сынып тұрғысынан да, мектеп тұрғысынан да аса маңызды деп алдым.

Іс-әрекетті зерттеуді жасамай тұрған кезде 4 «Г» сыныбындағы өтілген сабақтардың күнделікті сабақ жоспарымен осы сабақтардың жоспарын салыстыра отырып қысқа мерзімді сабақ жоспарлары жасалынды. Салыстыру барысында алдыңғы өткізіп жүрген сабақтарымда оқушыларды Блум таксаномиясының жинақтау, қолдану, бағалау деңгейіне жете алмай қалатындығы байқалды. Тізбектелген сабақ жоспары Блум таксаномиясы және 7 модульді кіріктіре отырып құрылды. Кез келген мұғалім өз сыныптарындағы дарынды және талантты балаларды анықтай алмауы да мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі айқын болмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы объективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі болған жоқ шығар. Ал қалғандары әр түрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедіргі болады. Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды (Нұсқаулық, 51бет).

Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады:

  • қабілеттері ортадан жоғары;

  • тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;

  • жоғары деңгейлі шығармашылық.

Ренцулли мен Райс (1985) дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері, әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім деген пікір білдіреді.

Мұғалімнің ұстанымы - оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекеттің негізі екенін білдім. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой - тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. (Нұсқаулық, 9 бет) Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 1870–ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study–дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр (Нұсқаклық, 96 бет). Мен де Lesson Studyды іс – әрекетті зерттеуде басшылыққа алдым.

«4 г сынып оқушыларының әдебиет сабағында шығармашылық дағдыларын қалай дамыту керек?» деп зерттеу сұрағымды алдым.

Берілген зерттеудің мақсаты:

- Оқушылардың сабақ үстінде ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.

- әдебиет сабағында шығармашылық тапсырмаларды орындауға құлшыныстарын қалыптарсытыру деңгейін анықтау.

Міндеттер:

  • Шығармашылық тапсырмаларды орындау туралы үрдісіті зерттеу;

  • оқушылармен бірге шығармашылық жұмыстарды бағалау туралы критерилерді құрастыру;

  • сабақ барысында А,В,С оқушыларына бақылау жүргізу;

  • топтық жұмыс арқылы шығармашылық жұмысты ұйымдастыра білу.

Күтілетін нәтиже: топтық жұмыс барысында шығармашылық жұмыстарды қолдану оқушылардың сабаққа деген ынтасын, құлшынысын асырады, сабақ тиімді өткізіледі.

Болжам: топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру және топтағы шығармашылық жұмыстарды дұрыс қолдана отыру оқу үрдісінде шығармашылық дағдылары ашылып, білім сапасы көтеріледі, оқу сапасы нәтижелігі арттырылады.

Іс-әрекетті зерттеу барысында төмендегі сұрақтар төңірегінде жұмыс жасалынды:

1. әдебиет сабағында шығармашылық тапсырмаларды қолдану баланың дамуына әсерін тигізе ме?

2. Шығармашылық тапсырмаларды орындаудың сабақта тиімділігі бар ма?

3. Шығармашылық тапсырмаларды ойланып орындау біздің балалардың ой-өрісін дамытады ма?

4. Оқыту мен оқудағы кедергілерді шешуде маңызы бар ма?

5. Шығармашылық тапсырманы сыни тұрғыда ойлау баланы болашақ өмірге дайындауға ықпал ете ме?

6. Оқыту үшін бағалауда әсері бар ма?

7. Әдебиет сабақтарында шығармашылық, ізденуге жетелейтін тапсырмалардың түрін қолдану – оқушылардың тілдік қорын байытуға әсері қаншалықты тиімді болады?

8. Оқушылардың ойлау жүйесін жақсартып, есте сақтау қабілетін арттыруға ықпалы бар ма?

9. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянады ма?

10. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруіне әсері қандай?

Менің іс-тәжірибеме көптеген өзгерістер кірді. Бұрын тек СТО технологиясының кейбір тәсілдерін сабақтарында жиі қолдансам, қазір жеті модульді сабақтарымның өту кезеңіне байланысты қолданудамын. Бірақ осы модульдердің ішінен «Талантты және дарынды балаларды оқыту» үшін оқытуға көп көңіл бөлдімБұрын оқушыларыма шығармашылық жұмыс деп өлең шығартып, сол өлеңдерін оқытып ғана шығармашылыққа жетелеп жүрсем, қазіргі жағдайда өлеңді мәнерлеп оқытып, түсінгендерін постермен қорғаттым. Тақтаға екі оқушы шығардым да, біреуіне өлеңді мәнерлеп оқытсам, екіншісі постер арқылы дәлелдеп беріп отырды.

Жалпы сыныптағы он алты оқушының ішінен (А, В, С) деңгейдегі үш «зерттелетін оқушыны» таңдап алдым.

Таңдап алу мақсатында мен мынандай іс–әрекеттерді басшылыққа алдым. Сыныптан оқу мотивациясын анықтау үшін №1 сауалнама алдым. (сауалнама №1) Сауалнама нәтижесін жүйелеп, талдау барысында, ең жоғары ұпай жинаған 25-30 ұпай аралығындағы Сарбупеев Мансур «А» деңгейінде, 20-24 ұпай аралығында жинаған жақсы оқитын оқушылар қатарына Туғанбай Алихан «В» деңгейінде, ең төмен 10 ұпай жинаған оқушы Абай Алиханды «С» деңгейінде таңдап алдым. Таңдап алған оқушыларым туралы қысқаша тоқталып, айта кетсем: «А» деңгейіндегі оқушым өте салмақты ойлау деңгейі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылардың бірі. Мектептегі толағай сайыстарға, сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысады. Қалалық, облыстық бастауыш сыныптар арасында өтетін ғылыми жоба қорғау сайыстарының бірнеше мәрте жүлдегері. Оқушы әрқашан ізденіс үстінде жүреді. Жаңадан бір жаңалық ашуға жаны құмар. «В» деңгейіндегі оқушым қалалық, облыстық, республикалық шығармашылық сайыстарға белсене қатысады. «С» деңгейіндегі оқушым өте ұяң, ашылып сөйлей қоймайтын оқушы. Бірақ сыныптағы оқушылардың алдында беделді.

«А»-деңгейлі «В»-деңгейлі «С»-деңгейлі

Әрқашан шамасы келгенше үй жұмысын орындап, сабақтарға қатысып отыруға тырысады. Осы «А, В, С » деңгейіндегі оқушыларды педагогикалық білімім мен тәжірибемді дамытуда зерттеуіме байланысты ата–анасының рұқсатын алдым. Тәлімгеріммен бірге «зерттелетін оқушылардың» сабақ үстінде ерекше назарға алынатынын, сабақта өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беретінімізді келісіп алдық. Осы оқушыларға күнделік бастап, сабақ үстіндегі іс-әрекеттерін түртіп алып отырдық. Бұрын топта оқушылар өздерінің қара бастарын ғана ойлап білгенін сабақ үстінде өзі ғана қолданып отырса, қазір бәріміз-біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін, деген ұранды алға тарту барысында, топта жұмыла жұмыс жасауда. Үлгерімі нашар «С» деңгейіндегі Алиханға топтағы зерек, тілге шебер дарынды, талантты «А» деңгейіндегі Мансур қолдау көрсетіп ,топтағы бірлесіп жасаған жұмыстарын қорғауға тақтаға шығарып отырды. Ал «В» деңгейіндегі оқушы өзін әр қырынан көрсетуге тырысып, әрекет жасап, өте белсенді қатысты. Постер қорғауда «В» деңгейлі Т.Алихан жазып отырса, екінші оқушыға суреттерді бояу керек екенін белгілеп, әр оқушыға тапсырмаларды бөліп беріп отырды. Топта қол шапалақтап, бір топ өзге топты демеп отырды. «С» деңгейлі Алихан оқушы сынып тарапынан қолдау көргенін сезінді. Сабаққа деген ынталары артты. Ана тілі пәнінде Тұманбай Молдағалиевтің «Гүлдер» деген тақырыпқа жазылған өлеңін талдау барысында мен тақырыпқа сүйене отырып, гүлдермен топтарға бөлдім. Мұндағы менің мақсатым: топты қалыптастыру барысында гүлдерді қолдану; әр оқушының жақсы көретін гүлдерінің түстерімен топта өз еркімен отыруы; шығармашылық жұмыстарды бірлесе отырып талдауына орындауына мүмкіндік беру.Үйге берілген тапсырманы сұрау барысында мен мынадай жаңа іс-әрекет қолдандым. Оқушылар топтарында отырып, сағаттың тіліндей бір-бірінің алақанын ұстау барысында көктемге байланысты мақал-мәтелдер айтты. Осы тапсырмада «А, В, С» деңгейіндегі оқушылар белсене ат салысты. Үй жұмысын бағалауда мен формативті бағалауды қолданып отырдым. Мен төрт шумақ өлеңді төрт топқа бір-бір шумақтан бөліп бердім. Әр топ өлеңді оқып, мазмұнын постер арқылы қорғады. Постер арқылы қорғауда әр топтан екі оқушы шықты. Бір оқушы постер қорғаса, екінші «В» деңгейіндегі оқушы кітаптан дәлелдеу ретінде өлеңді мәнерлеп оқып берді. Интербелсенді тақтада «көктем» сөзіне ассоциация топтастыру жұмысы берілді. Бұл жұмысқа «С» деңгейіндегі оқушы Алма шығып, сыни тұрғыдан ойлаған сөзін жазды. Бұл тапсырмада «С» деңгейіндегі оқушының сабаққа деген қызығушылығының артқанын байқауға болады. Бұрын «С» деңгейіндегі оқушы қол көтеруге қорғалап отырса, осы сабақ үстінде батыл қадамға барғаны байқалады. Қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлаудың бірнеше стратегиялары қолданылды. Мәселен, «Ғарыш туралы» мәліметті балалар өз беттерімен оқып, ұяшықтарға барып әңгімеледі . «А» деңгейіндегі Мансуржәне «С» деңгейіндегі Алиханға алдымен бір топта болып, әр түрлі ұяшықтарға барып, басқа балалардың әңгімелерін мұқият тыңдап, өз үлестерін қосты. Осыдан кейін олар өз топтарына оралып, тыңдаған мәліметтерін өзге оқушыларға тиянақты түсіндіріп берді. Осы арада «В» деңгейіндегі Т.Алихан топтан әкелген ақпаратын 5-6 сөйлеммен айтып берді. Көктем тақырыбында 7 сөйлемнен тұратын эссе жазу барысында оқушыларға белгілі бір уақыт беріліп, сол жазған жұмыстарын әркім топта талқылады. Ең сәтті шыққан эссені топ өздері таңдап, «автор орындығына» ұсынды. Осы тапсырмаға «А» деңгейлі Мансур шықты. Балалар қол шапалақтап, демеп отырды . Осы «А» деңгейлі оқушы Мансурдың сөзге шеберлігін бірден көруге болады. Сабақтың ортасында Т.Молдағаливетың «Құстар қайтып келеді» әнін тақырыппен байланыстырып, сонымен қатар сергіту сәті мақсатында балалар ән айтты. Осы кезде белсенді тақтада, әннің әуені сөзімен бірге шығып тұрды да, балалар ән айтты. Қазақ тілі сабағында үстеу тақырыбын бекіту барысында балалар интербелсенді тақтада қаламмен сөз тіркесті сәйкестендірді, сөздерді мағыналарына сәйкес үш топқа топтасатырды, Шылау мен үстеу тақырыбын біріктіріп аудиожазба арқылы 20 сөз тыңдалды, балалар тыңдап отырып ол сөздерді 4 бағанға бөліп жазды . Осы тапсырманы жұппен тексерді. Жауап кілті әр балаға таратылды. Сабақты түсіндіру кезеңінде презентация қолданылды . Ережелердің мағынасын мұғалім түсіндіре отырып, балаларға сөйлемдерді көрсетіп, олардың мағынасын жазғызды. Оның жауабын мұғалім айтты. Ғарыш жайлы бейнежазба көрсетілді . Шылаулардың емлесін интербелсенді тақтада орындады. АКТ қолданудың тиімді жақтары: қызықты мәлімет, тапсырмалардың түрленуі, сергіту сәті, пәнге деген қызығушылығының артуы, уақыттың тиімділігі. Қиыншылықтары: көзге зияндығы, күннің сәулесі түсіп тұрған кезде жақсы көрінбеуі, оқушылардың қаламды пайдалана алмауы. Сергіту сәті, презентациялар, бейнежазбалар, аудиожазбалар бәрі оқушының ерекшелігіне сай қолданылды. Тапсырмалар бірнеше деңгейлі болды. Оқушы өз мүмкіндігіне орай тапсырмаларды орындады. Білім беруді басқару және көшбасшылық модулі сабақтың әр түрлі кезеңінде қолданылды. «В» деңгейіндегі Т.Алихан көшбасшылықты бірден өзіне алды. Сонымен қатар топтың жұмысын ұйымдастыра білді. Ол әр балаға тапсырмаларды бөліп, әр оқушының ойын тыңдай білді. «А» және «С» деңгейіндегі балалар топ басшылары бола алмады, алайда олар топтың ішінде белсенділік танытып отырды. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша сабақ құрылымы жақсы өтті Қазақ тілі сабағында үстеу тақырыбын бекіту кезінде кестемен жұмыс тапсырмасы шығармашылық деңгейде болды. «В» деңгейіндегі оқушының тобы жұмысты алғашқы бітірді. Т.Алихан 5 сөзді ойлап тапты. «А» деңгейіндегі оқушы Мансур өзі шығып, 6 сөз тапты . Бұл тапсырманың мақсаты – ойлау деңгейінің жоғары екендігін байқату, үстеу тақырыбын бекіту. «Домино» ойыны кезінде балаларға антонимді үстеулерді табу тапсырылды . Оқушылар бұл тапсырмада біраз қиналды, себебі сөздер кесінділер түрінде берілді. Ғарыш туралы бейнефильм көрсетуден кейін, оқушыларға ғарыш және ғарышкер тақырыбында постер жасату тапсырмасы берілді. Осы тапсырмада оқушылар негізгіні алуды мақсат етіп, постерде сурет салды, оны топ алдында және басқа топтардың өкілдеріне түсіндірді. Осыдан соң өз топтарына тыңдаған мәліметті толық айтып берді. Ұлттық киімдер тақырыбында топ атауларына байланысты презентация қорғау тапсырмасы берілген болатын. Ануардың тобы ерекше қорғады. Т.Алихан әр ұлттық киімнің атауын өзі айтып отырып, басқаларға сөз берді . «В» деңгейіндегі оқушы Алихан ойын жүйелеп айта алмады, мұғалімнің сұрақтарына біраз қиналды. Оған әлі де болса сыни тұрғыдан ойлану керек. Оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлерін жасадық. Әр сабақта бағалау парағының маршруты болды, оны топ басшылары белгілеп отырды. Бағалаудың фармативті түрін мұғалім өткізіп отырды. Тапсырмалардың бағалауын топ көшбасшысы өлшемге сәйкес бағалады. Кейбір тапсырмаларды жұппен тексерілді, сонымен қатар топ бір-бірін бағалады және де мұғалім бағалап отырды . Суммативті бағалауды сабақтың соңында дәлелімен бірге топ басшысы айтып отырды. Ана тілі сабағының соңында кері байланыс орнатылды. Оқушы мен мұғалім арасында диалог өтті. Әрбір ашық сабақтан кейін оқушының алған әсерін бақылау үшін мәдени күнделікті арнадық. Сабақтан соң оқушы бұл күнделікке сабақ туралы өз ойын жазды. Интербелсенді тақтадан Тұманбай Молдағалиевтің өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырдым. «А, В, С» деңгейіндегі оқушылар зейіндерін салып, тыңдап отырды. Өмір жолымен толық танысқаннан кейін мен төрт тапсырма бердім. Ол тапсырмада оқушылар интербелсенді тақтада көрсеткен мәліметтерді естеріне түсіріп, көп нүктелердің орнына жазу керек еді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жұмыстарын топпен ауыстырды.Тақтадағы дұрыс жауаптармен жұбының орындаған жұмысын тексерді.«А» деңгейіндегі оқушы барлық сұраққа толық жауап берсе, «В» деңгейіндегі оқушы үш сұраққа толық жауап беріпті. Ал «С» деңгейіндегі оқушы екі сұраққа толық жауапты жазыпты. Мен мұғалім ретінде оқушыларға бақылау жүргізгенде зерттелген үш оқушымның іс-әрекетін мәдени күнделігіме түртіп жазып алып отырдым. Оқушылардың сабақ үстінде жасаған жұмыстарын жинастырдым. «А, В, С» деңгейіндегі оқушыларға арнайы күнделік ашқыздым. Өз ойын күнделікке жазу барысында оқушының ойлау қабілеті, шығармашылығы дамиды.Сонымен қоса сабақ соңында ашық түрде сұхбат алып отырдым. Бұл тәсіл оқушылардың ауыз екі сөйлеуде, тілінің әдеби тілде жетілуіне көмектеседі. Ал кемшілік тұстары да кездеседі. Күнделікке жазу барысында жазған сөйлемдегі сөздерін байланыстыра алмауы және қателіктердің кету салдары кездеседі. Ауызша бетпе-бет сұхбат алуда, оқушылар айтайын деген ойын а Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады: идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып, талқылайды. Зерттеу барысында оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы тиімді жақтарын бақылап отырдым

Мен сыныптан Н.Лусканованың ұсынған мектеп мотивациясының шығу сатысына арналған он сұрақтан тұратын сауалнамасын алдым. Сауалнамадағы берілген нұсқаларды оқушылар өздерінің еріктерімен белгіледі. Сауалнаманың нәтижесінде мынандай қорытынды шықты: 25 – 30 ұпай (жоғары). Бұл деңгейге Еламан, Мансур, Қуаныш деген үш оқушы анықталды, 20 – 24 ұпай (жақсы) деген деңгейді қарастырғанда Әли, Асанәлі, Серік Ерасыл, Уәли, Нұрай, Әйгерім, Баян, Айнұр, Елнар, Дильназ, Батыр бек, Айдана, Т.Алихан деген оқушылар анықталды.

15-19 ұпай (тұрақты) . Бұл деңгейде төрт оқушы.Олар: Гульдана, Данира , Ділнәз, Оразалы .

10 ұпай (төмен) –Алихан . Бұл оқушы өзінің деңгейін ұстап қалды. Сыныпта ұстамды, момын, сабырлы оқушының бірі. Сабақтарға белсенділік танытып, қатысқысы келеді, бірақ өзіне сенбеушілік басым.

Осы сауалнаманың қорытындысына сүйене отырып мен сыныптағы он алты оқушының арасынан «А» деңгейіндегі оқушыға Сарбупеев Мансурды, «В» деңгейлі оқушыға Туғанбай Алиханды, «С» деңгейіндегі оқушыға Абай алиханды іс-тәжірибеме зерттеуге таңдап алдым. Осы үш оқушыны белгілеп алғаннан кейін оқушылардың ата-анасымен сөйлестім, іс-тәжірибемде зерттеуіме рұқсат сұрадым. «А» және «В» деңгейіндегі оқушылардың ата-анасы маған түсінушілікпен қарап, өздерінің рұқсаттарын берді. Ал «С» деңгейіндегі Алманың анасы неге менің баламды алдыңыз? деген сұрақтар қойып, басында қарсылық білдірді. Мен қайтадан жеке алып қалып сөйлескеннен кейін, кешірім сұрап бірден келісті. Осыдан кейін мен өзімнің таңдап алған тақырыбыммен жұмыс жасай бастадым.

Мен «4 г сынып оқушыларының әдебиет сабағында шығармашылық дағдыларын қалай дамыту керек?» деген тақырып таңдап алдым.

Берілген зерттеудің мақсаты:

- Оқушылардың сабақ үстінде ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.

- ана тілі сабағында шығармашылық тапсырмаларды орындауға құлшыныстарын қалыптарсытыру деңгейін анықтау.

Мен жалпы алдыма қойған мақсаттарыма жеттім. Оқушылардың сабаққа деген ынталары, құлшыныстары артты. Бұл өзгерісті бірінші дәлел ретінде «С» деңгейіндегі оқушы Алиханды көруге болады. Ал екінші дәлел ретінде Алиханның анасының айтқан сөзінен аңғаруға болады: «Менің ұлым өзгерді, сабаққа деген көзқарасы бұрынғыдай емес, мүлдем басқаша, қазір үй тапсырмасына екі сағаттай отырады, бұрын отыз минут қана отырушы еді» деген сөзінен көруге болады. Осыдан кейін мен іс-тәжірибемнің жемісі бар екенін көріп, қуанып қалдым. Сабақтарымда жоспарлағанда 7 модульді кіріктіру, топқа бөлу кезіндегі балалардың келіспеушілігі, балалардың өз ойларын дұрыс жеткізе алмауы, сабақ кезінде балалар тарапынан сұрақтардың болмауы, кері байланысқа түскенде қандай әдістер қолдансам тиімді болатынын анықтау мен үшін көп ізденуді қажет етті. Осындай уақытта бірінші бетпе-бет кезеңіндегі жазған лекцияларымды, нұсқаулықты топқа бөлу стратегияларын пайдалану мен үшін өте пайдалы болды. Сабағымды жоспарлауда Нұсқаулықты ашып, www.cpм.kz ЦПМ ға кіріп, қосымша мәліметтер алдым. Осылай ізденіп, еңбектенудің нәтижесінде өзімнің портфолиома қажетті көптеген деректер: оқушылардың фото суреттері, бейне жазбалар, сауалнамаға жауаптар, топтағы оқушылардың, шығармашылық жұмыс үстінде әрекет етіп жұмыла жұмыс жасап отырған суреттерін және жасаған жұмыстарын фотоға түсіріп, материалдарын жинап алдым. Зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша өзімнің іс-әрекетімнің 3 оқушы зерттеуде қаншалықты пайдаға асқанын көрсететін кестені ұсынып отырмын.

Даму деңгейі

Оқушы А

Оқушы В

Оқушы С


дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

Шығармаылық тапсырмалар орындау

3

4

2

3

1

2

Топта ерекше қатысу,алғырлығы

4

5

2

3

1

2

Өз ойын ашық айту

4

5

3

4

2

3



Оқушының аты-жөні

Үлгерім деңгейі

Күтілетін жетістіктер деңгейі

Жетістіктер жөніндегі деректер

1.

Сарбупеев Мансур

Жоғары, талантты

Шығармашылықпен жұмыс жасайды, белсенді

Ғылыми жобалар сайысы, толоғай жарыстары.

2.

Туғанбай Алихан

Орташа, талантты

Белсенді ұйымдастырушы, көшбасшы.

Әдеби оқулар, жайдарман (ғылыми жоба, олимпиада.

3.

Абай Алихан

Орташа-нашар

Орта қабілеттіліктен жоғары

күрес, толағай жарыстар, би өнері.



Тәлімгерімнің және өзімнің сабақтарымда оқушылардың білімдерін шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында тексердім. Сабақ соңында осы үш «А,В,С» деңгейіндегі оқушылардан жазбаша сұхбат алып отырдым. Сұхбат жазуда оқушыларға өздерінің өтіп жатқан сабақтары туралы көзқарасының қандай екенін жаздыру мақсатында, шығармашылық тапсырмалардың қандай жағдайда оқушыға жеңіл болатынын немесе қаншалықты ауыр болатынын зерттедім. Зерттеу мақсатында «С» деңгейіндегі оқушы Алиханның сабақ үстінде мен үшін тапсырмалар көп болды және топта топ көшбасшысы алған білімімді дұрыс бағаламады деп жазған ойын оқыдым.Ал «В» деңгейіндегі оқушым Т.Алихан керісінше шығармашылық жұмыстарды белсене де, құлшына орындады «А» деңгейіндегі оқушы Мансур еш өзгеріссіз салмақты, тиянақты қалпында жұмысын жасап отыра берді. Келесі жолы «С» деңгейіндегі оқушы отырған топты өзімнің бақылауыма алып отырдым. Осы жағдайды ескере келе, мен оқушылардың оқу сапасын шығармашылық тапсырмалар арқылы көтеру барысында, әр жаттығуды орындауда, формативті бағалауды жиі қолданып отырдым. Топта оқушылар постер қорғау барысында, бір топ өзге топқа қолдау көрсетіп, қол шапалақтап отырды. Сабақ үстінде үш оқушының неше рет сұраққа жауап беріп, сабаққа қатысуларын қадағалап, мәдени күнделігіме түртіп жазып отырдым. Бұл жазбамдағы кеткен қателіктерді келесі сабақтарда ескеріп отырдым. Әр сабағымда «А», «В», «С» деңгейіедегі оқушылардың қаншалықты өзгергенін, қандай көңіл күйде отырғанын назардан тыс қалдырмай бақылап отырдым. Сабақ аяқталғаннан кейін «А, В, С» деңгейіндегі оқушылармен сұхбаттасып өздерінің ойларымен бөлісуіне ұсыныс жасадым. Олар ұсынысыма қуана келісіп, өздерінің ойларын ашық айтты.Сұхбаттасу барысында оқушылар өте көңілді отырды. Әсіресе арамызда жылы қарым-қатынасты бейнелейтін әңгіме болды. Осы үш деңгейдегі оқушылардың арасынан «В» деңгейдегі оқушы Алихан сұрақтарға ұялмай, қысылмай толық жауап берді. Қорыта келгенде «А,В, С» деңгейіндегі оқушыларға сабақтың жүру сатысы өте ұнаған. Алайда «С» деңгейіндегі оқушыға топтың бағалауы ұнамаған, топта аз ұпай жинадым, жоғары ұпай жинай алмадым. Сондықтан мұғалім бағалағаны дұрыс деді. «С» деңгейіндегі оқушы Алихан тапсырмалар маған оңай болды, тапсырмалар күрделі болса деді. «В» деңгейіндегі оқушы Т.Алихан топ басшысы болдым, оқушыларды топта бағалау өте керемет, тиімді деді. Осы сабақтардың өту барысында «А, В, С» деңгейіндегі оқушылардың қаншалықты белсене қатысқандарын кесте

Оқушы

Топ басшысы

Постер қорғауы

Тақтаға шығу

1

«А»

................

5 рет

6 рет

2

«В»

4 рет

4 рет

5 рет

3

«С»

................

2 рет

3 рет

4

Барлығы

4 рет

11 рет

14 рет

арқылы көрсеттім.

«В» деңгейіндегі оқушы топ басшысы болып, топты бағалағаны туралы айтты. Топта оқушыларды бағалауда қиындықтар туындады. Себебі оқушылар қойған ұпайыма, шыққан қорытынды бағама келіспеді. Мен осыны басқара отырып, топтағы әр оқушыға тапсырмалар бөліп беріп отырдым, деді. Әр сабақ өткен сайын мен осы үш оқушының сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын байқадым. Шығармашылық жұмыстарды сыни тұрғыдан ойлау барысында ойлап, жауап беретіндеріне көзім жетті. Зерттеуге алған «А, В, С» деңгейіндегі оқушыларымның шығармашылық тапсырманы орындауға деген көзқарастарының жақсы жақта қалыптасқандары көңіліммнен шықты. Алдағы жоспарымда үш оқушыны іс-әрекетімде зерттесем, келесі жолы 5-6 оқушыны зерттеймін деген үміттемін.



3


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
2048
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі