400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс жүргізу құжаттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал арыз, қолхат, баяндама, т.б құжаттардың дұрыс толтырылуы бойынша берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қарағанды облысы, Теміртау қаласының

«№11 қазақ орта мектебінің директоры»

А.Д. Елмұратоваға

Теміртау қаласының тұрғыны

М.Е. Ибрагимнен




АРЫЗ


Мен, Ибрагим Мерей Есенбекқызы, сізге арыз жазу себебім, менің ұлым 3 «А» – сынып оқушысы Шыңбаев Абдірахымға 4-сынып оқшылары күш көрсеткен. Сондықтан осы мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймын.





жыл қолы





























СЕНІМХАТ


2016 жыл 01 ақпан

Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы


Мен, Ибрагим Мерей Есенбекқызы, куәлік: № 980907400446, мекенжайым: Теміртау қаласы, 8 – ықшамауданы 11 үй, 9 пәтер, Шымкент қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 33 үйде тұратын азамат, Ибрагим Саят Есенбекұлына жеке куәлігі: № 991124888990. Жеке меншік Azia Avto 2009 жылғы көлігімді 2016 жылдың 02-ші ақпанынан 2017 жылдың 01 –ші тамызына дейін табыстаймын. Бұл азаматтан көлігімді мұқият жүргізуін сұраймын. Егер қандай да бір оқыс оқиға болған жағдайда Ибрагим Саят Есенбекұлы көлігімді жөндеп беруге немесе ақшасын төлеуге міндетті емес.


Сенімхат 2016 жылдың 01 ақпанында берілген және 1 жыл 7 ай өз күшінде.


___________ жыл қолы ___________





























ҚОЛХАТ



Мен, Ибрагим Мерей Есенбекқызы, жеке куәлік: № 980907400446, мекенжайым: Теміртау қаласы, 8 – ықшамауданы 11 үй, 9 пәтер, Шымкент қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 33 үйде тұратын азамат, Ибрагим Медет Есенбекұлына жеке куәлігі: № 000428941980. жеке меншік «Керемет» атты дүкенімді пайдалануға, бұл дүкенде жеміс-жидек, көкөністер сатып, жұмыс жасауға рұқсат беремін. Бұл үшін азамат: Ибрагим Медет Есенбекұлы

-емін – еркін дүкенді пайдалануға;

-коммуналдық төлемдерді төлеуге;

-дүкеннің ішкі, сыртқы жөндеуін өзгертуге құқылы.





Азамат Ибрагим Медет Есенбекұлына міндетін орындауына басқа талабым жоқ.



___________ жыл қолы ___________




























ТҮЙІНДЕМЕ


1. Аты-жөні: Ибрагим Мерей Есенбекқызы

2. Туған күні: 07.09.1998 жыл

3. Туған жері: ОҚО Шымкент қаласы

4. Ұлты: қазақ

5. Мекенжайы:Теміртау қаласы, 11 үй 9 пәтер

6. Телефоны: 87021699498

7. Мамандығы:Бастауыш Білім беру мұғалімі

8. Мақсаты: Бастауыш Білім беру мұғалімі лауазымын алу

9. Білімі: Кәсіптік орта білім, Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі ЖММ, 2017 жыл

10. Еңбек жолы:

11. Отбасылық жағдайы: тұрмыста емеспін

12. Тілдерді меңгеруі:

-қазақ тілі;

-орыс тілі.

13. Қосымша ақпарат:

- «Мәдени іс – шара ұйымдастыру» куәлігім;

-Компьтердің «Excel», «PowerPoint», «Word» бағдарламары бойынша тәжірибем бар.

14. Жеке қасиеттері: Көбіне сол қолыммен жұмыс жасаймын

15. Қызығушылығы: кітап оқу, өлең шығару, ән , би, актриса, велосипед, т.б.

16. Мінездеме: Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі ЖММ







___________ жыл қолы ___________



















Теміртау қаласы әкімдігінің

«Теміртау қаласының

№ 4ЖББОМ » КММ

директоры Ш.А.Мыңғышеваға

М.Е.Ибрагимнен




ӨТІНІШ


Мені, Ибрагим Мерей Есенбекқызын, бастауыш білім беру лауазымы бойынша «Бастауыш сыныпқа» жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын.






___________ жыл қолы ___________






























Теміртау қаласы әкімдігінің

«Теміртау қаласының

№ 20 қазақ орта мектебі» КММ

директоры М.М.Мұратоваға

Бастауыш Білім беру

лауазымының мұғалім

М.Е.Ибрагимнен




ӨТІНІШ


Мені, Ибрагим Мерей Есенбекқызын, бастауыш білім беру лауазымынан, басқа қалаға көшуіме байланысты жұмыстан босатуыңызды сұраймын.






___________ жыл қолы ___________




























Теміртау қаласының сотына

Талапкер:Ибрагим М.Е.

8-ықшамауданы,

11 үй, 9 пәтер,

Жеке куәлік: №980907400446

ұялы телефон: 87021699498

Жауапкер:Дулат О.Е.

бастап  №177 Сырдария қазақ

орта мектебінің директоры,

жеке куәлік: № 010807540400

ұялы телефон:87472684798



ТАЛАП АРЫЗ

/жұмысқа қайта орналасу және бос жүрген

 уақыты үшін жалақысын өндіру туралы/

 

Мен  Ибрагим Мерей Есенбекқызы 12 тамыз 2000 жылдан бастап  №177 Сырдария қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті  пәнінің мұғалімі болып  жұмыс істедім. №27 санды 17 шілде 2008 жылғы бұйрығымен жұмыс уақыты кезінде жұмыс орнында болмау себепті  жұмыстан босатылдым.

Жұмыстан босатуды заңсыз деп санаймын. Себебі, менің міндетімде қосымша мәдени іс-шара жүргізу бекітілген болатын. Сондықтан ауылдық клуб меңгерушісімен мәдени шара жоспарын бекіту жөнінде ауылдық клубқа барғанмын.Ол жөнінде оқу ісі жөніндегі меңгерушісіне ескерткенмін. 17.07.2008 жылдан бастап  жұмыс істемеймін.

Қазақстан Республикасындағы еңбек Кодексінің  баптарына сәйкес іс қаралып, мені жұмысқа қайта қабылдауын талап етемін.








___________ жыл қолы ___________










Теміртау қаласының «Теміртау көпсалалы

«Мирас» колледжі» ЖММ студенті

Мархабаева Ұлжалғас Анарбайқызына


МІНЕЗДЕМЕ


Мархабаева Ұлжалғас Анарбайқызы, Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында 20.05.1997 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – кәсіптік орта білім. «Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖММ ІV студенті, мамандығы – бастауыш білім беру.

Өзіндік ерекшеліктері – сырт келбеті тартымды, өзге адамдарды өзіне баурай біледі, топта, ұжымда белсенді, адамдармен тез тіл табысып кете алады. Әрбір ісін мұқият орындап, сақ жүреді. Қарапайым, айналасына мейрімділікпен қарай біледі. Ән айтқанды, билегенді, өз өнерін өзгемен бөліскенді ұнатады, актрисалық қабілеті жоғары. Өз өнерін көрсету барысында ұялып, қысылмайды. Өнерден тыс жеке өмірінде велосипед, коньки, ролик тепкенді ұнатады.







___________ жыл қолы ___________





























Өмірбаян

Мен, Ибрагим Мерей Есенбекқызы ОҚ Шымкент облысы Жетісай қаласында 07.09. 1998 жылы дүниеге келгенмін. Отбасымызда Әжем, анам, әкем, ағам, сіңлім, 3 інім және мен өмір сүреміз.

Мен 2003 – 2004 оқу жылында Жетісай қаласы Мақтарал ауданындағы №20 Сырдария орта мектебіне 1 сыныпқа қабылдандым. Бастауыш сыныпты аяқтап. Отбасылық жағдаймен Теміртау қаласындағы №2 ЖББОМ-ке ауыстым. Бұл мектепте 5-сыныпты оқыдым. 2009 жылы ОҚО Сайрам ауданындағы №49 Ш.Уәлиханов атындағы мектепте білім алып, 9-сыныпты жақысы бағамен аяқтап куәлігімді алдым.

Кәсіптік білім алу мақсатында СҚ Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖММ-ге оқуға түсуге құжаттарымды тапсырдым. Қазіргі таңда осы мекемеде «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 4-курс студентімін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі