400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

іс-қағаз

Материал туралы қысқаша түсінік
түсінікерін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ. Қазақ тілі пәні 10 «А» сыныбы


І.Сабақтың тақырыбы: Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі – әр алуан көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін шеберлікпен жұмсай алу; теориялық білімдерін тұрақтандыру. Стиль түрлеріне ерекшелік беретін лексика-грамматикалық тұлғаларды ажырата алу.

ә) дамытушылығы – ойды жүйелі жеткізе білуге жетелеу, қорытынды шығаруға төселдіру.

б) тәрбиелік – әдеби тіл нормасын орынды қолдануға, сауатты жазу мен сөйлеуге үйрету, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.

IV.Сабақтың типі: Іздену сабағы, пысықтау сабағы.

V.Сабақтың әдісі:Бақылау – бағалау, деңгейлі оқыту, ұжымдық оқыту, қозғау салу, сұрақ-жауап әдісі.

VI.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, М.Мақатаевтың портреті, схема-плакаттар.

VII. Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, информатика

VIII.Пайдаланаған әдебиеттер: оқулық, дидактикалық материалдар, М.Мақатаев шығармалары. Синтаксисті оқыту әдістемесі.

ІХ. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4. «Қайталау – білім анасы»

5. «Ойлан, тап!» (М.Мақатаевтың 85 жылд. орай мәтін)

6. «Талдау – практикалық жұмыс»

Деңгейлік тапсырмалар

1 деңг. Жай сөйлем. Грам. талдау

2 деңг. Құрмалас сөйлем. Грам. Талдау

3 деңг. «Даналық ойлдан дән ізде!»

7. «Ойлан, ізден, тап!»

8. Сабақты бекіту (тест)

9. Бағалау, қорытындылау.

1.Оқушы назарын сабаққа аудару үшін ұйымдастыру кезеңін «Анамның тілі» әнінің әуенімен және М.Мақатаевтың тіл туралы бір шумақ өлеңі арқылы бастаймын. (Сабақ басталмас бұрын үнтаспадан ән орындалып тұрады). (1 – слайд. М.Мақатаев портреті)

... Ал екінші бақытым-Тілім менің!

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын ауызша тексеру арқылы оқушының жылдамдығы, дайындығы бақыланады және білімдері бақыланады. «Тіл тазалығы» тақырыбына жазылған мәтіндерін оқытып, тілді көркем де таза жеткізу үшін қандай тілдік айшықтау түрлерін қолдануға болатынын сұрау. (Слайд көрсету)

Қосымша сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы пысықталады. Қазақ тілі туралы бір-екі оқушыға өлең оқытып, талдату.

3. Жаңа сабақ.

Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздары, оның түрлері туралы қайталау үшін сұрақтар қойлады.

1. Ресми ісқағаздарының жасалуы;

2. Ресми ісқағаздарының түрлері;

3. Ресми ісқағаздарының міндеттері.


4. (2-слайд) «Қайталау - білім анасы» . Сабақты бекіту үшін өткенді еске түсіру мақсатында стильдің 5 түріне байланысты тапсырма орындатып, ерекшеліктерін айқындаймын.



5. «Ойлан, ізден, тап!» Алдымен, оқушыларға карточка арқылы мәтін таратылады. Сөйлеу әрекеті мен мәнерлеп оқуын бақылау барысында мәтінді оқушының өзі мәнерлеп оқып, мазмұнын талдап береді. Мәтіндегі сөйлемдер арқылы деңгейлі тапсырмалараға көшемін.

(Ажырату белгілер: дыбыстар, сөз таптары, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, сөйлем мүшелері, грамматикалық формалар)


1 – деңг. Мұқағали поэзиясы – азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы.

2 – деңг. Ақынның өрнекті өлеңдері өртене жанып өмір сүріп, жастардың жүрегіне жарқырап жетіп, өзінің жарығы мен жылуын таратып келеді.

3-деңг. А) Оқыған сайын жаңа сырларын аңғартады әрі тың толқындарын тулатады. Грамматикалық талдау.

Ә) «Ақиық ақын» фонет. Талдау

Б) «Көр. Біл . Таны . » қосымшаларады ұящыққа жинастыру.

(Етіс, көсемше, есімше, рай жұрнақтарын ұяшыққа жинайды)


6. «Даналық ойдан дән ізде!» даналық сөздердің авторларын табу.


7. Сабақты қорыту. (тест)

8. Бағалау.

9. Үй тапсырмасы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі